Ноғай Ордасы туралы мәлімет | туралы қазақша
Ноғай Ордасының жер аумағы Еділ мен Жайық аралығында болды. Орталығы Жайықтың төменгі ағысы бойындағы қазіргі Атырау жанындағы Сарайшық қаласында орналасты. Қаланың негізін XIII ғасырдың екінші жартысында Жошы ұрпақтары қалады. Ноғай Ордасының орталығына айналған Сарайшық әкімшілік пен сауда орталығы ретінде өзінің гүлдену деңгейіне жетті. XVI ғасырдың соңында Дон және Еділ қазақтары қаланы басып алып, тонауға ұшыратты.
Жаңа мемлекеттің атауы Алтын Орданың әскербасы Ноғай есімімен байланысты. Ноғай үлкен ұлысты басқарды, мемлекеттегі маңыздылығы жағынан екінші орындағы беклербек лауазымын иеленді. Жайық пен Еділ аралығындағы тайпалар бірлестігі Ноғай ұлысына енген маңғыт тайпасының атымен Маңғыт жұрты деп аталды. XV ғасырдың бірінші жартысында маңғыт жұртының (Ноғай Ордасының) қалыптасуы аяқталды. Ноғай Ордасының этникалық құрамы Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығындағы сияқты түркі және түркіленген монғол тайпаларынан тұрды. Ноғай Ордасының негізгі тұрғындары маңғыттар тайпасы еді.
Ноғай Ордасының тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы Едіге тұсында басталды. Едіге Алтын Ордада бірнеше жыл бойы беклербек болды. Едіге билік еткен тұста Ноғай Ордасы Алтын Ордадан бөліне бастады.
Ноғай Ордасының саяси тарихы. Ноғай Ордасы XV ғасырдың ортасына қарай Едігенің ұлы Нұраддиннің тұсында түпкілікті түрде оқшауланды. Ноғай Ордасының шегаралары сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырды. XV ғасырдың екінші жартысына қарай ноғайлар «өзбектер» жеріне жылжыды. Сырдария қалалары үшін күрес жүргізіп жатқан Әбілқайыр ноғайларға қарсылық көрсетпеді. Ноғайлар оның бодандары санын толтырады деп үміттенді.
Ноғай Ордасы бірнеше ұлыстан құралды. Ұлыстар басында мырзалар (түрік тайпаларының басшылары) тұрды. Мырзалар өз иеліктерінде шексіз билікке ие болды. Қатардағы көшпелілер — малшылар өздерінің мырзаларына салық төлеуге, әскери жорық кезінде өз қаруымен келуге міндетті еді.
Үлкен кеңес жоғарғы билік болып табылды, оған ақсүйектер мен Едіге ұрпақтары енді. Кеңес соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешті. Едіге ұрпақтарынан төбе биді сайлады. Би бүкіл атқарушы және сот билігіне ие болды. Бұдан басқа ісқағазын жүргізіп, түрғындардан салық жинауды реттейтін арнайы басқару жүйесі жұмыс істеді. Ноғай ақсүйек қауымының малы қисапсыз көп еді. Олар жайылымдар мен аң аулау аймақтарын өз ықпалында ұстады. Мұның бәрі рулық қауымның меншігі саналатын.
XVI ғасырдың басында Ноғай Ордасында құлдырау кезеңі басталды. XVI ғасырдың 50-жылдары (Қазан және Астрахан хандықтары Ресейге қосылғаннан кейін) Ноғай Ордасы бірнеше дербес иеліктерге бөлінді. Маңғыттардың билігінде тек Жайық бойы аймақтары ғана қалды. Ноғай Ордасындағы көшпелі рулардың бір бөлігі Кіші жүз құрамына енді. Енді бір бөлігі ноғай халқының негізін қалады.
Орданы мекендеген тайпалар қазақ халқының этникалық қалыптасуында маңызды рөл атңарды. Шоқан Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атады. Едіге, Қамбар батыр, Ер Тарғын және басқа батырларға арналған көптеген эпостар Ноғай Ордасы өркендеу дәуірінің белгісі болып табылады.
Ноғай Ордасының құрылуы хақында
Шыңғыс хан мен оның мұрагерлері құрған алапат империя Тынық мұхиттан Жерорта теңізіне дейінгі аумақты алып жатты. Мемлекеттің жер аумағы оның негізін калаушының ұлдарына ұлыстар арқылы бөлініп берілді. Кейін осы ұлыстардың негізінде Алтын Орда, Ак Орда, Көк Орда, Ноғай Ордасы, Моғолстан және басқа дербес мемлекеттік бірлестіктер дүниеге келді. Моңғолдардың ата салты бойынша империя түгелдей Шыңғыс ұрпақтарының меншігіне айналды. Олардың үстінен ұлы хан («каан», «каган», «хакан») билік етті, империя астанасы Моңғолиядағы Орхон өзені жағасындағы Қаракорымда орналасты. 1245-1247 және 1253-1255 жылдары миссионерлік және барлау мақсатымен Моңғолияға саяхат жасаған католик сопылары Плано Карпини мен Гильом де Рубрук Дунайдан Еділге дейінгі, Еділден Шығысқа қарайғы жерлерді құмандар (қыпшақтар) мекендейді деп жазады. Рубрук оларға бәз-бір туыс Қаңлылар тайпасын атайды. Олардың мағлұматы Алтын Орданың оңтүстік-шығыс шекарасын айқындауға көмек береді. Мысалы, Карпини Батудың інісі Шайбанның ордасы Сырдарияда, ал ағасы ОрдаЕженнің тұрағы Алакөл аймағында дегенді аузына алады. Рубруктің сөзіне қарағанда, Талас қаласынаи шығысқа қарай алты күндік жол жүрсең, Батудың иелігі бітіп, Ұлы хан Мөңкенің ұлысы басталған.
Араб саяхатшысы әл-Омари (XV ғасырдың алғашқы жартысы) да Алтын Орда аумағының сипаттамасын берген, Жолжазбасында ол Алтын Орданың белгілі қалалары мен уәлаяттарының атын тізіп шығады. Солардың ішінен біз Хорезм, Сығнақ, Жаркент, Жент, Сайрам, Сарай қалаларын, сондай-ақ Сібір мен Ібір, Башқұрт және Шулыман (Сібірдегі өзен) атауларын табамыз. 1331 жылғы Қытай картасында Алтын Орда шекарасы нақпа-нақ көрсетілген. Бұған карап Хорезмнің терістік бөлегі Үргеніш қаласы мен Сырдария сағасынан Сауран қаласына дейінгі жер Алтын Ордаға жататыны анықталады.
Алтын Орданың Батыс шекарасын Дунай өзеніне дейін тіреп, солтүстік шығысын қазіргі Барабы және Құланды далаларына дейін апаратын тарихшылар В.Л. Егоров пен Б. Ермұхановтардың пікірі де қолдауға тұрарлық. Бұлардың айтуынша, Құланды даласынан әрі шекара түстікке ойысып Алтай тау сілемдері аркылы Балқаш көліне бет алады. Ал Балқаштың шығысынан Ұлы ханның (Үгедейдің) атасынан үлеске алған жер аумағы басталатын көрінеді.
Ноғай Ордасы туралы сөз болғанда оның кұрылу кезеңі Алтын Орданын аты әйгілі колбасшысы Едігенің (1419 жылы қаза тапқан) есімімен байланысты екенін есімізде ұстау ләзім. Ноғай батырдың иелігі қайсыбір шығармаларда Едіге ұлысы немесе Маңғыт жұрты деп те аталды. Бұларға келесі тарауларда айрықша тоқталатын болғандықтан, қазір әңгімені көбейтпей-ак қояйық…
Өткен тарауда айтылды, маңғыттар Жайық өзенінің солтүстік жағалауында үстемдік етіп тұрған тайпаның бірі. Едіге опат болғаннан кейін Алтын Орда қайта қалпына келместей боп құлдырап, ұлыстық сипаты бойынша бөлшектеніп кетті. Алдымен ол екі үлкен бөлікке: Батыс және Шығыс болып бөлінді. Араларында Еділ өзені тұрды. Шығыс бөлегіндегі кескілескен ақсүйектер арасындағы өзара қырқыс 1428 жылы токталып, ол көшпелі өзбектердін басында Шайбан әулетінен шыққан Әбу-л-Хайр хаы билік құрған мемлекет құрумен аяқталды. Кейін бұл арадан тәуелеіз үш мемлекет: Сібір және Қазақ хандықтары, сондай-ак Ноғай Ордасы шықты. Орда хандықтарға қарағанда кейінірек, яғни XIV гасырдың аяғына таман құрылады. Батыс бөлегінде XV ғасырда Қырым, Қазан, Қажы Тархан (Астрахань) хандықтары мен Үлкен Орда ірге көтерді.
Ноғай кезеңі (ХV-ХVІІ ғғ.) Солтүстік-Шығыс Каспий өңірінің тарихында елеулі орын алды. Алтын Орда кезеңіндегі саяси-дипломатиялық, тұрмыс-тіршілік кеңістігі, әлеуметтік жағдайлар Дешті Қыпшақтағы тайпалардың әлсіреуіне, екінші жағынан ХШ ғасыр соңында Арал-Каспий өңіріндегі халықтардың күшеюіне әсерін тигізді. Мәселен, Маңғыт тайпасы әуелгіде әскербасы Ноғайдың атымен жеке үстемдік етті. Едіге әмірдің кезінде дербес Ноғай Ордасы бедерленді. Оның негізгі халықтарын маңғыттар құрады. Сонымен бірге Орданың құрамына Коңырат, Қыпшақ, Алшын, Тама, Арғын, Қаңлы, Алаша, Кенгерес, Қарлұк және басқа тайпалар енді. Кейін Орда ыдыраған тұста бұлардың көбі қазақ, қаракалпақ, өзбек халықтарының құрамына сіңіп кетті. Ноғай Ордасының тарихи ерекшелігі — оның ХV-ХVІ ғасырлар тоғысында күшті саяси бірлестік болуында дер едік.
Ноғайлар құрған мемлекет «Ноғай Ордасы» деп аталды, Әлгіде келтірілді, бұл атау этносаяси жағынан «ноғай», көпшілік құрамына байланысты «ноғайлар», ал кейініректегі этникалық құрамына орай «ноғайлықтар» деп аталады. Жалпы, «ноғай» атауы Жошы ханның XIII ғасырда өмір сүрген бесінші ұрпағының атымен байланысты екені, Ноғай билігіне қараған аймақтар Алтын Орданың батысы Днестр мен Днепр өзендерінің аралығын қамтығаны алгіде айтылды. XIII ғасырдың соңында Алтын Орда ұлысында Ноғай хан мен Тоқты ханның арасында әскери шиеленістер орын алып, ақыр соңы 1298-1300 жылдары Ноғай ноянның күйрей жеңіліс табуымен аяқталған-ды. Сол тұста оның белсенді жасактарының бірқатары қарамағындағы жұртымен XIV ғасырдың басында Каспий маңына қарай қоныс аударып, кейін осы жерлерде ұлыстың атауы қайта жаңғырғаны да тарихнамадан мәлім.
#Ноғай #Ордасы #туралы #мәлімет