Несеп-жыныс мүшелерінің шистозоматозы (бильгарциоз) | туралы қазақша
Шистозоматоз бірқатар ыстық елдердің халықтары арасында несеп-жыныс мүшелерінің барынша кең таралған паразиттік ауруы болып табылады.
Этиологиясы. Несеп-жыныс мүшелері шистозоматозының қоздырғышы Shistjsoma Haematobium болып табылады. Шистозоматоздың даму циклі иесінің ауысуына байланысты. Жыныстық жағынан жетілген формасы ақырғы иесі-адамның кішкене жамбасының вена шоғырларында тіршілік етеді. Гельминтоз Африкада кең таралып, онда халықтың25 процентін зақымдаған. Ауру суға шомылғанда немесе суда жұмыс істегенде жұгады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде ауру Африка елдерінен келген адамдарда кездеседі.
Патогенезі. Шистозоматоздың жалпы көрінісінің негізінде токсикалық-аллергиялық реакциялар жатады, мұндай реакциялар организмге алмасу өнімдерінің түсуі және кешіп жүретін личинка формалардың, жыныстықжетілген гельминттер мен олардың жұмыртқаларының ыдырауы нәтижесінде пайда болады.
Жиі және ең алдымен қуықта шоғырланатын жергілікті өзгерістер аурудың патогенезіндегі басты құбылыстар болып табылады. Оларды ересек гельминттер мен гельминттердің жұмыртқалары туғызады. Ұрғашы гельминт жұмыртқасын кілегей астындағы қабатқа, кейде қуықтың кілегейлі қабықшасы мен бұлшық ет қабатына салады. Жұмыртқалар айналасындағы тканьдерге механикалық әсерден басқа, химиялык әсер етеді. Бұдан соң шистозомозинфильтраты -бильгарциома түзіледі. Кілегей астындағы немесе бұлшық ет қабатының ішінде жатқан жұмыртқалар тіршілігін жойып, кальцийленеді. Бұл процестің жаппай сипатталуы қуық қабырғасының фиброзына және ондағы қан айналымының бұзылуына әкеп соқтырады. Кілегей асты және бұлшык ет қабаттарының көлемді зақымдануы қуықты тырыстырады. Несепағардағы патологиялық өзгерістер оны тарылтады. Несепағарды бойлай бүйрек астаушасына жылжыған сайын зақымдану сирек байқалады, кейде инвазия, көріністері тіпті бүйректен де табылуы мүмкін. Несепағардың екі жақты зақымдануы барынша жиі кездеседі. Бұл жағдайда пиелонефрит жиі асқындырған гидронефроз трансформациясыпайда болып, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігін күшейтеді. Науқастардың жартысында осымен бір мезгілде екпенің де зақымданатыны байқалады. Зәрдің тоқтап қалуы себепші болатын несеп-тас ауруы несеп-жыныс мүшелері шистозоматозының жиі асқынуына себеп болады. Қуықтың шистозоматоз процесімен зақымданған кілегейлі қабықшасы рактың дамуына қолайлы деген пікір бар.
Көшіп жүрген паразиттер несеп жүйссінен басқа, вена торларының анастомозы бойымен сирек болса да, жыныс мүшелеріне (қуық безі, ұрық көпіршігі, ен қосалқысы, ұрық шығаратын өзек) өтіп, осы мүшелерді шистозоматозбен зақымдайды.
Белгілері менклиникалық барысы. Бұл ауру балалықшақта жұқса да, ол әдетте 10-20 жаста байқалады. Клиникалық барысына қарай шұғыл және созылмалы шистозоматозды ажыратады. Шұғыл шистозоматоз бірнеше сатыдан өтеді. I саты — инкубациялық кезең, яғни ауру жұққаннан оның алғашқы белгілері пайда болғанға дейінгі уақыт. II саты — терінің ерте зақымдану кезеңі — церкарий енгізумен, олардың-протеолиттік ферменттерінің әсерімен және шистозомулдардың одан әрікөшуімен байланысты. Алғашқы инвазияда кейде аса байқалмай өтетін қышу процесі қалыптасады. Қайталап зақымдануда терідегі көріністер жиі әрі айқын байқалады, бұл науқас организмінің сезімталдығының артуына байланысты. IІІ саты — ақырғы инкубациялықкезең 3-12 аптаға созылатын тыныштық кезеңі. IҮ саты — жалпы шұғыл шистозоматоз. Бұл саты шистозоматоздың порталдық және ме-зентралдық жүйелерде дамуына және олардың жамбастың вена тамырларымен қозғалуына байланысты. Ол аллергия белгілерінің біртіндеп өсуінен немесе кенеттен пайда болуынан және жалпы күйдің нашарлауынан басталады. Жалпы дімкәстік, әлсіздік, бастың ауруы, тәбеттің болмауы жағдайында буындар мен жотадан әртүрлі ауру сезімі байқалады, аяқта немесе бүкіл дененің терісінде уртикарлы бөртпе, қалтырау, терлеу сезіледі. Аурудың бұл кезеңдегі клиникалық көрінісі айқын емес, ол бруцеллез, безгек, сүзек секілді басқа инфекцияларды еске түсіреді.
Созылмалы шистозоматоз да өзінің дамуында бірқатар сатыдан өтеді. Олардың біріншісі — ерте созылмалы шистозоматоз: инвазиядан 2-6 ай өткен соң куық жағынан аурудың көріністері байқалады. Бұл саты жылдарға созылуы мүмкін және келесі сатыға -кейінгі созылмалы шистозоматозға байқаусыз өтеді. Ол ауруды, ең алдымен жоғарғы несеп жолдары жағындағы ауруларды асқындыруға әкеп соқтыратын тканьдердегі пролиферативті және қалпына келтіретін процестермен сипатталады. Көшіп жүретін паразиттер несеп жүйесінен басқа вена торларының анастомозы арқылы өтіп, жыныс мүшелерін де зақымдайды. Гематурия, дизурия, іштің ауруы, әлсіздік осы сатыдағы аурулардың ең жиі кездесетін белгілері болып табылады. Гематурия көбіне ауыртпайды әрітерминалды болады. Патологиялық процестен өзгеріске ұшыраған қуықтың кілегейлі қабықшасы оның көзі болып са-налады. Өте сирек жағдайларда қан кету жоғарғы несеп жолдарынан басталуы мүмкін.
Диагностика. Шистоматоздың диагностикасында анамнез мағлұматтары маңызды рөл атқарады. Көзбен және қолмен сипап көру коп мағлұмат бере алмайды. Несептің анализіне көп көңіл бөлінуі тиіс. Несеп овоскопиясының — одан паразиттің жұмыртқасын іздеудің негізгі маңызы бар. Оларды табу аурудың ең сенімді белгісі болып саналады. Науқастардың көпшілігінен байқалатын гематурия протеинурия да аурудың мүмкіндігін дәлелдейді. Аурудың диагностикасында цистоскопияның зор құндылығы бар. Қуықтың кілегейлі қабықшасының ошақты гиперемиясы ең ерте белгі болып табылады, алайда бұл белгі ақырғы инфекциямен де байланысты болуы мүмкін. Шистозоматоз төмпешігі немесе бильгарциома -активті инвазияның ең тұрақты белгісі. Төмпешіктер дегеніміз кілегейлі қабықшадан сәл шығып тұратын, сары түсті, жартылай сфералы, мөлдіртүзінді.
Шистозоматоздың цистоскопия кезінде анықталатын келесі сипатты белгісі -полипоидты түзінділер, олар қуыктың кілегейлі қабықшасын гельминттердің тіршілік әрекеті өнімдерінің тітіркендіру салдары болып табылады. Бұл түзінділер папилломаны еске түсіреді, бірақ олардың барқыттай әсем қызыл беті аз козғалатын қысқа тармақтардан түзілген, олардың бластоматозды сипаттағы папилломадан айырмашылығы осында. Қуықтағы өте асқынған процеске шистозоматоз инфильтраты мен жаратән болады.
Шистозоматоз инфильтраты дегеніміз -бұл қуықтың кілегейлі қабықшасындағы бұрыс пішінді, қан тамырларына қан толған түзінді. Ол төмпешіктерден, фануляциялардан және кристалл тәрізді бөлшектерден тұрады.
Шистозоматоз жарасы бұрыс пішінді, жиектері кратерге ұксайды. Жараның төңірегін ісік қоршаған, қан тамырларына қан толған, түбін борпылдақгрануляция, фибрин немесе қан түйіртпегі басқан. Қуық зақымданғанда және созылғанда жара қанайтындықтан, цистоскопияны ол жартылай толып тұрғанда жүргізу ұсынылады.
Гельминттер жұмыртқаларының, сондай-ақ жетіліп келе жатқан тромбангиниттердің токсикалық-аллергиялық әсер етуінен қуық қабырғасының васкуляризациясы бұзылады. Кілегейлі қабықшаның анемиясынан құнды таңбалар деп аталатын дақтар — жұқа кілегейлі қабықша арқылы байқалатын тіршілігі жойылған кальцийленген жұмыртқалар көрінеді. Олар қуықтың созылмалы шистозоматозының тұрақты патогномониялық белгісі болып табылады. Цистоскопия арқылы несепағар сағаларының өзгеретінін де табуға болады, бұл белгілі дәрежеде жоғарғынесеп жолдарының күйін көрсетеді.
Рентгенологиялық зерттеулер несеп жолдарының күйі жөнінде маңызды мағлұматтар алуға мүмкіндік береді. Жалпы рентгенограммада көбіне ізбес басқан учаскелердің сұлбасы анықталады. Экскреторлық урограммалар мен кері пиелограмма арқылы жоғарғы несеп жолдары мен бүйректің зақымдану белгілері, несепағар өткізгіштігінің, гидронефроз трансформациясының бұзылуы анықталады.
Дифференциалдық диагностика. Қуыктың шистосомозы (әсіресе полипоидты түзінділері) цистоскопия кезінде осы мүшенің туберкулезбен және ісікпен зақымдануымен ұқсастығын көрсете алады. Дифференциалдық диагностикада анамнез (шистозоматоздың эндемикалық ошағында болу), овоскопия және эндовезикальды биопсия жетекші рөл атқарады.
Емдеу. Шистозоматозды негізінен үш валентті сынап пен тиоксант қосылыстарының препараттарымен емдейді. Классикалық емдеу курсы антимонил-натрий тартраттың 1проценттік ерітіндісін 4 апта бойы күн аралатып венаға 12 рет жіберуден тұрады. Бұл препараттың синонимі: шарап-сурьма-калий тұзы, «құстыратын» тас. Бастапқы 3 мл мөлшерін (дозасын) біртіндеп 13 мл-ге дейін арттырады. Ересектер үшін бір курстықдозасы — 150 мл (1,5 г). Қарқынды терапияда емдеу курсы 2-3 күнге созылады да, тиісінше антимонил-натрий тартраттың 1 проценттік ерітіндісінен венаға тәулігіне аралығына 3 сағат салып, 2-3 рет құяды. Бір курстың дозасын науқас денесінің1 кг массасына 12 мг препарат есебінен анықтайды, бірақ бұл шама 0,7 г абсолюттік дозадан жоғары болмауы тиіс. Амбильгарды (нитротиазолил-имидазолидинон) 25 мг/кг есебінен пероральді белгілейді. 5-7 күн 24 сағат, этренолды — 1 рет2 г.
Негізгі ауру асқынғанда негізінен операциялық емдеу қажет, мұнда оған дейін дәрі-дәрмек терапиясы жүргізілуі тиіс.
Аурудың профилактикасы паразиттің тіршілік циклін үзуге бағытталған. Ол мынадай шараларды қамтиды: акырғы иесі -адам организміндегі ересек особьтарды жою, паразит жұмыртқаларының су қоймаларына түсуін тоқтату, аралық иесі — моллюсканы жою, тоқтау су мен баяу ағатын судағы шистосомоз суын қайнатып, немесе сүзіп пайдалану.
Болжам. Дер кезінде арнайы химиотерапия жүргізілетін жағдайларда және несеп жолдарында реконструкциялық-пластикалық операциялар орындалғанда болжам негізінен қолайлы.
#Несепжыныс #мүшелерінің #шистозоматозы #бильгарциоз