Home Білім Несеп-жыныс аппараты | туралы қазақша

Несеп-жыныс аппараты | туралы қазақша

0
146

Несеп шығару ағзалары организмде несеп өндіреді, оны уақытша сақтайды және шығарады.Бұл ағзаларға бүйректер , несеп жолдары , қуық және несеп каналы жатады.

Бүйрек – жұп ағза. Оның ортаңғы жағы ойыс болып , ол бүйрек қақпасы деп аталады. Бүйректің сыртында май капсуласы , оның астында фиброзды капсуласы орналасады.

Бүйректің кесіндісінде қыртыс  және милы заттары байқалады. Олардың арасында шекаралық зонасы болады .  Бүйректің функционалды және өлшем бірлігі  нефрон деп аталады. Ол бүйрек денешігінен, бүйрек түтікшесінен және олардың қан тамырларынан тұрады. Бүйрек денешегі шумағынан және капсуласынан құралады. Бұл шумақ әкелуші артериясының  тарамдарынан түзіледі, шумақ капсуласы екі қабаттан тұрады. Осы екі қабаты арасына біріншілік несеп кіреді.

Шумақ капсуласы ирек түтікшелі нефронның шумағына айналады. Мұнда екіншілік несеп пайда болады. Оның жалғасы нефрон шумағы болып саналады да, төмендеуші және өрлеме бөлімдерінен тұрады. Соңғысы үстіңгі шумағын құрап, жинау түтігіне айналады.

Шошқаның бүйрегі тегіс, көп емізікті. Әрбір емізігі бүйрек тостағаншасымен қоршалып тұрады. Олар бүйрек түбекшесіне ашылады.

Ірі қараның бүйрегі қыртысты, көп емізікті. Бүйрек түбекшесі болмайды, сол жақ бүйрегінде қысқа шажырқайы болады. Сондықтан да мес қарынның толуына байланысты оны жылжымалы бүйрек деп аталады.

Қой мен жылқының бүйректері тегіс, бір емізікті. Жылқының бүйрегінде тостағанша болмайды.

Несеп жолы – жұп түтікті ағза, бүйрек қақпасынан шығып, қуыққа барады. Оның қабырғасы адвентициальды, бұлшық еті және кілегейлі қабықтарынан тұрады. Кілегейлі ығыспалы эпителиймен қапталады.

Қуық қуық ұшынан, денесінен және мойнынан тұрады. Ұшы мен денесінің сыртынан – сір қабығы, ал мойында адвентиция(дәнекер қабық) қаптап тұрады. Бұлшық ет қабығында 3 қабаты бар: сыртқы және ішкі ұзына бойы және ортаңғы – сақиналы. Мойында сфинктері орналасады. Кілегейлі қабығы ығыспалы эпителиймен қапталады. Қуықтың үстіңгі қабырғасынан екі несеп жолы қиғаш түйреп өтіп кіреді. Олар бұлшық ет және кілегейлі қабықтарының арасынан жүріп өтеді. Сондықтан да несеп қуықтан несеп жолына кері шықпайды.

Несеп жолы қуыөтың мойнынан басталып, аталық жануарларда жыныс мүшесінің басында, ал аналықтарда – қынап пен қынап кіреберісінің арасында аяқталады. Оның қабырғасы адвентиция, бұлшық ет және артқы жағын сфинктер құрайды, кілегейлі қабығы ығыспалы эпителиймен қапталып тұрады.

Малдың көбеюі жыныстық жолмен өтеді, яғни аталық және аналық жыныс жасушаларының (гаметалар) қосылып, зигота түзеді, одан ұрық, әрі қарай төл жетіледі. Төлдің дамуы ұрғашы малдың жыныс мүшелерінің бірі — жатырда өтеді.

Еркек малдың көбею мүшелері.  Оларға аталық жыныс бездері( ен), ең қосалқысы, ен бауы, шәует өзегі, несеп-жыныс жолы, ен қабығы, қосымша жыныс бездері, сыртқы жыныстық мүше жатады.

Ен – эллипс немесе сопақ пішінді болып келген жұп жыныс безі. Мұнда аталық жыныс жасушалары – спермийлердің даму кезеңі (сперматогенез) өтіп, шәует түзіледі. Ен сыртынан тығыз дәнекер тін – ақуыз қабығымен қапталады,  оның жалғасы еннің бір шетінде ішке кіріп, ен орталығын түзеді. Ен орталығынан сыртқа көптеген перделер(трабекулалар) таралады, сөйтіп енді көптеген бөліктерге бөледі. Бөліктердің негізін болбыр дәнекер тін қалыптастырады, ал оның ішіндегі паренхиманың негізгі құрылымы – иректелген тұқым түтікшелері. Әр бөлікте 2-3-тен бір ұшы тұйық, ұзындығы он шақты сантиметр құрайтын тұқым түтікшелері құрайды. Осы түтікшелердің қабырғасында сперматогенез кезеңдері өтеді. Иректелген түтікшелері тік тұқым түтікшелеріне айналып, барлығы бірігіп ен торын құрайды.

Ен қосалқысы еннің ен қосалқылық шегіне жарасып орналасады. Ен қосалқысы ен басынан, денесінен және құйрығынан тұрады. Ен қосалқысының басы ен торынан жалғасатын бірнеше түтікшелерден жинақталады. Аталған мүшенің басында да түтікшелері әрі қарай қосылып, имектеліп орналасқан 25 -86 шамасындағы бір өзекке айналады.

Ен қабығы дегеніміз – енді сыртынан қаптап жатқан құрсақ қабырғасының төмен созылған жалғасы. Ішкі серозды қабаттары еннің және ен қосалқысының беткейлеріне жабыса орналасады. Еннің конус пішінді шажырқайы ен қосалқысынан шат каналына дейін таралып, ен бауын құрайды. Оның бойымен тамырлар – нервтер, еннің ішкі көтергіш бұлшық еті және шәует өзег өтеді. Шәует өзегі ен қосалқысының құйрығынан басталып шат өзегінің бойымен өтіп, жамбас қуысында қуық мойнына ашылады, әрі қарай жалғасып несеп-жыныс жолы деп аталады. Осы жолдың бойында бірнеше қосымша жыныс бездері – көпіршік, простата және бадана бездері өзектерін ашады. Сыртқы жыныстық мүше – шағылысу ағзасы. Мүшенің негізін тығыз дәнекер тін, үңгірқуыс дене және шәует өзегі құрайды.

Ұрғашы малдың (аналықтың) көбею мүшелеріне аналық жыныс безі(жұмыртқалық), жатыр түтігі, жатыр, қынап және несеп-жыныс кіреберісі жатады. Жұмыртқалық үй малында әр түрлі пішінді келген жұп жыныс безі бар. Шошқаның жұмыртқалығының ұзындығы 5 см аумағында сыртқы беткейі бұдырлы болады. Сиыр жұмыртқалығының беткейі тегіс, пішіні сопақша келген. Бие безінің пішіні бұршақ тәрізді, сырты тегіс. Жұмыртқалық шажырқай арқылы бел омыртқаларына ілініп тұрады, қарсы бос шетінің ішкі беткейінде жыныстық кезең жетілгенде фолликулалардан жұмыртқа жасушалары – овогенез және қаңқа жыныстық гормондар бөлініп отырады.

Аналық жыныс безінде жетілген жұмыртқа жатыр түтігіне түседі. Жатыр түтігі – ұзын, жіңішке иректелген жұп мүше. Оның жоғарғы үштен бір бөлігінде ұрықтану процесі жүреді. Түтіктің жұмыртқалыққа қараған жағы шанақ тәрізді болып келеді, оның түбінде құрсақ тесігі болады. Ал екінші  ұшы жатыр мүйізіне жатыр тесігі арқылы ашылады.

Малдың жатыры — қос мүйізді болып келген, бұлшық етті қап. Қос мүйізді жатыр мүйізден, денеден және мойын бөлімдерінен тұрады. Шошқа жатыр мүйізі ұзын ( 2 м) , пішіні жіңішке, шек иректеріне ұқсас болады. Сиыр жатырының мүйізі қошқар жатырының мүйізіне ұқсас, ал биеде аталған мүшенің пішіні қысқа, төмен қараған имек. Жатыр мүйіздері мен денесінің қуыстары бірігіп, жатыр қуысын түзеді. Жатыр қуысы жатыр мойнына жалғасады, мойын қынапқа ашылады. Төл жатыр мүйізінде дамиды.

Қынап – кең әрі тақ мүше. Жамбас қуысында жатырдан кейін орналасқан жалғасы несеп-жыныс кіреберісіне өтеді. Аталған барлық іші қуыс мүшелердің қабырғасы кілегей бұлшық ет және серозды қабаттардан тұрады.

#Несепжыныс #аппараты