Несеп шығару өзегінің стриктураларын емдеу туралы қазақша

0

Буждау. Бұл амалды бұждың несеп шығару өзегінің тарылған бөлігі арқылы өтетіндей максимум диаметрін анықтап алудан бастайды. Үрпінің салбыраңқы және ұмалық бөлімдерін буждау үшін тік эластик немесе металл буждарды, ал үрпінің шат аралық және артыңғы бөлімдерін буждау үшін имек металл буждарды қолдануға болады. Бастапқыда буждау аптасына екі рет жүргізіледі. Буждаудың бір сеансының ұзақтығы 10-15 минөттен аспайды.

Өтуі қиын тарылған тұстарды буждаудың өз ерекшеліктері бар. Бұл үшін жіп тәрізді эластик буждар қолданылады (Б.Н.Хольцов, 1928; А.И.Васильев, 1943; Р.М.Фронштейн, 1949; В.И.Русаков, 1962 және т.б.). Үрпіге 10 мл стерильді глицерин не вазелин майы енгізілгеннен кейін тарылған тұсқа дейін жіп тәрізді бір бума буждар енгізіледі. Бұдан соң тарылған тұстан буждардың әрқайсысын кезек-кезек өткізуге әрекет жасайды, мұндайда олардың біреуі тарылған тұстан өтеді деп есеп құрылады. Өткізілген бужды үрпіде 12-48 сағатқа қалдырады да, өзгелерін шығарып алады. Жіп тәріздісін шығарып алғаннан кейін эластик буж енгізіп, оны да үрпіде 12-24 сағатқа қалдырады. Осылайша үрпіні қажетті өлшемге дейін буждауға әрекет жасалады.

Жіп тәріздес буждардың орнына Лефордың бужынан өткізгіштер бумасын қолдануға болады. Кей уақытта олардың біреуін тарылған тұстан өткізіп алып, кейін өткізгішке Лефор бужын бұрап кигізіп, оны тар тұстан несеп шығаратын өзекке өткізуге болады. Стриктураларды дәйекті түрде біртіндеп буждау арқылы біраз уақыттан кейін буждарды енді өткізгішсіз-ақ пайдалануға көшуге мүмкіндік береді.

Қасаға үстіндегі жыланкөзді жабуға қарсы көрсеткіш 100 мл-ден артық калдық несептің болуы, қуықтың тастары, іріңді цистит немесе уретрит, үрпінің жыланкөзі болып табылады.

Несеп шығаратын өзектің саңылауын қажетті шамаға дейін жеткізіп алғаннан кейін, міндетті түрде саңылауды сақтайтын буждарды жүргізіп тұрады; оны тарылудың даму шапшаңдығына және несеп шығарудың пайда болатын кінәраттарына байланысты жүргізеді және шамамен 3 айда бір peтбір не одан көп жыл бойына жүргізіп тұрады.

Буждауды физиотерапевтикалық процедуралармен (И.С.Бейрах, 1935; А.Ф.Файн, 1950 және т.б.), ферменттік терапиямен (М.Н.Жукова, 1959 және т.б.) және гормондық терапиямен ұштастыра жүргізу қанағаттанарлық жәнешалғайдағы тұрақты нәтижелері болатын ойдағы нәтижелерге неғүрлым тез жетуге жәрдемдеседі.

Туннельдеу.Үрпіні туннельдеудің қажеттілігі несеп шығаратын өзектің ұзындығы жөнінен кіші-гірім (1-3 см) облитерациялары (бітеліп қалулары) болған кезде туындайды.

Несеп шығаратын өзектің және қуыктың қабынуы, үрпінің жыланкөздері және ұзындығы жөнінен үлкен стриктуралар күштеп туннельдеуге қарсы көрсеткіштер болып табылады.

Операция былайша орындалады. Қасаға үстіндегі қуықжыланкөзі кеңейтілгеннен кейін қолдың сұқ саусағы қуық арқылы артыңғы үрпіге дейін барынша сұғынылады. Саусаққа қарсы бағытта үрпі бойымен N 18 буж қойылады. Буж күштей отырып үрпінің бітеліп қалған бөлімі арқылы өткізіліп одан соң саусаққа ілесе қуыққа өткізіледі. Бұл манипуляция N 20, 22, 24 буждармен қайталанады. Күштеп туннельдеу үшін тұмсығында тесігі бар немесе тұмсығы бұрап алынатын буждар қолданылады, мұның өзі оларғатүтікті біршама оңай бекітуге мүмкіндік береді, осы түтікте үрпі қалыптастырылатын болады.

Несепті куықтан әкету үшін сол үрпі қалпына келтірілетін түтік пайдаланылады, оған алдын ала 1-2 ойық терезе жасалады. Алайда бақылаулар несепті қасаға үстіндегі бөлек қуық жыланкөзімен әкеткен жақсы екенін көрсетеді.

Күштеп буждағаннан кейін үрпі сонымен қалыптастырылатын түтік онда 4-6 апта тұруға тиіс. Түтікті ауыстыруды қажет ететін көрсеткіштер: түтіктің саңлауына едәуір тұз тұнуы, несеп шығаратын өзектің кабынғанының білінуі, егер түтік несепті бұрып әкету функциясын да орындап келген болса, несептің түтік бойымен ағып кетуіндегі кінәраттар, үрпінің қатты ауыруы болады.

Бұл әдісті жақтаушылар аталмыш операцияның қарапайымдылығын, тез орындалатынын, шалғайдағы қанағаттанарлық нәтижелерін және өздері емдеген науқастарда асқынулардың болмағанын атап көрсетеді.

Подрез-Вишиевкий операциясы. Несеп шығаратын езектің шат аралық бөлімінің тарылуларының созылуы жөніндегі науқастарды емдеу қиын және әзірше нәтижелері әлі аз болып отыр. Мұндай жағдайларда А.Г.Подрез (1884) үрпінің тыртықтанып өзгерген бөлігінқиып, оны несеп шығаратын өзекке енгізілген катетерде қалыптастыруды ұсынды.

Бұдан кейінгі уақыттағы эксперименттік зерттеулер операцияны негіздеп қана қоймай, сонымен катар оны жетілдіруге себепші болды (Albarran, 1892; Ingiani, 1990; А.В.Вишевский, 1911).

Ресей хирургтерінің XV съезінде А.В.Вишневский (1922) 17 науқасқа автордың модификациясында А.Г.Подрездің операциясы жүргізілгені туралы хабарлады: шат аралығы ішек алдындағы доға тәрізді және көлденең тіліктермен жарылғанын, тыртықтарды қиғаннан соң үрпіге катетер енгізілген, ал оның тұмсығына жуан лигатура байланып, ол қасаға үстіндегі жыланкөз арқылы шығарылғанын айтты. Катетер үрпі резекцияланған тұста төңіректегі тіндермен жабылды, осының өзінде жараның терең бөлімдері шағын шығарғыштармен дренаждалды. Бұдан әріде А.В.Вишневский қасаға үстіне жыланкөз жасаудан бас тартып, жараның жазылуын жақсарту үшін майлы-бальзамды таңғыштар қолдана отырып дренаждады.

Идеалдық резекция әдісі (Хольцов-Марион). Несеп шығаратын өзек тарылған кезде оны қалпына келтірудің неғұрлым кемел әдісі сау тіндер шегінде тыртықтық стриктураны резекциялап одан соң уретраның бір шетін бір шетіне біріктіру деп есептеледі -бұл Хольцов-Марион операциясы деп аталатын операция. Дұрыс көрсеткіштер бойынша жүргізілген болса, бұл операция жақсы нәтижелер береді және неғұрлым физиологиялық операция болып табылады. (А.П.Фрумкин, 1955; В.И.Русаков, 1962; В.Т.Карнухин, 1966: М.Н.Жукова, 1969; А.М.Гаспарян 1970 және т.б.). Бұл операцияны қажет ететін көрсеткіштер үрпінің салбыраңқы, ұмалық және шатаралық бөлімдерінде шоғырланған, ұзындығы 2-3 см-ден аспайтын жеке-жеке стриктуралар болып табылады (7.8-сурет).

Мүлтіксіз (түрақты катетер енгізбей) орындалған операция кейін буждау жүргізілуін талап етпейді, алайда кейбір авторлар (В.Т.Карпухин, 1966) үрпіні анда-санда буждап қоюды ұсынады.

ПД.Солововтың әдісі. Стриктура несеп шығаратын өзектің артқы бөлімінде шоғырланып, үрпінің орталық ұшы тыртықтанған өзгерістердің салдарынан мобилизациялауға келмейтіндей болған жағдайда үрпінің перифериялық бөлігін қуыкқа инвагинациялау әдісі -П.Д.Солововтың операциясы — қолданылады. Бұл әдіс қазіргі уақытта үрпінің простатикалық және жарғақты бөлімдерінің кең жайылған стриктуралары кезінде таңдап алынатын әдіс болып табылады.

Үрпінің тамыр тігетін аппаратпен салынған циркулярлық тігісі. Үрпінің оқтан, жарықшақтан жараланулары кезінде циркулярлықтігіс салуға арналған тамыр тігетін аппаратты қолдану жөнінде жануарларға жасалған эксперименттік зерттеулер (Ю.Г.Марченко 1964 ж. жүргізген) бұл әдістің үрпінің бір ұшын екінші ұшына тігу кезінде ең жақсы герметизацияны жасауға мүмкіндік беретінін көрсетті.

Несепшығаратын өзекті Иогансон бойынша пластикалау. Үрпінің салбыраңқы бөлігінің стриктуралары кезінде жыныс мүшесінің терісін, шат аралық бөлімінің стриктуралары кезінде ұманың терісін пластикалықматериал ретінде пайдаланып үрпіні қаппына келтірудің бірегей әдісін Johanson (1953) ұсынып, бұл әдісті Lapidas (1959) жетілдірді.

Автордың пікірінше, үрпінің төменгі қабырғасының ақауын жабу үшін қиықты ойдағыдай кіріктіріп жіберу үшін мына шарттардың орындалуы себепші болады: тіндерге өте ұқыпты қарап, оларды мұқият күту: тігістерді қабат-қабатымен дұрыс салу (эпителийімен үрпі саңылауына бұрылған қиық, буылтық-кеуекті бұлшық ет, тері), тігістер салған кезде тартып-керудің болмауы.

Қазіргі уақытта Академик Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығында еркін реваскуляризацияланған иық алдының сәулелік қиығын микрохирургиялық аутотрансплантация әдісімен үрпіні пластикалау орындалады (М.К.Алшынбаев, Н.О.Миланов, М.А.Макажанов, Р.Т.Адамян, 1997).

#Несеп #шығару #өзегінің #стриктураларын #емдеу