Несеп шығару өзегінің аномалиялары | туралы қазақша

0

Уретраның туа біткен кеңеюлері

Бұл орайда несеп шығару өзегі қабырғаларының қап тәрізді бұлтиып шығуы айтылып отыр; несеп шығару өзегімен тар өзек арқылы катынасатын бұлайша бұлтию дивертикул деп аталады. Дивертикул әрқашан уретраныңтөменгі бетінде болады. Көбіне бірден мүшенің басынан басталып ол уретраның бульбоздық бөлігіне дейін ең артқа қарай тарайды.

Дивертикулдың үлкендігі волох жаңғағынан бастап тауық жұмыртқасындай аралықта болады. Дивертикулдар негізінен баланың іште жүрген кезінде несептің іркілуінің әсерінен құралады деген болжам бар.

Балаларда жүре біткен дивертикулдар да байқалады. Бұлардың этиологиялық сәті уретра қабырғасының жарақаттануы болып табылады, бұдан шектеулі аралықтағы бұлшық ет қабаты өлуі мүмкін; осының салдарынан бұл жерде уретра кабырғасының несептің оған жасалатын қысымына қарсылығы шектеледі; бұл қысым несеп шығару кезінде оның ағысына төменде орналасқан кедергі (тас, стриктура) болған кез­де шығады. Уретраның тұтастығының бұзылу себебі оның тікелей зақымдалуы ғана емес, оның қалың қабатына өзінде бар абцестің не кистаның әсері болуы да мүмкін.

Туа біткен дивертикулдер бірқатар жағдайларда нәресте кезде, атап айтқанда алты жұмалық нәресте кезде болғаны сипаттап жазылған.

Уретра дивертикулының симптоматологиясы бірнеше жағдайдан қалыптасады; бұл кіші дәрет сындырудың көрінеу қиындауы; диверти­кулдыңкөлемі едәуір үлкен болып және ол созылған болса, несепмүлдем жүрмей калуы мүмкін; несеп ағыс болып шыққаннан кейін дивертикулден сыртқа тамшылап аға бастайды. Дивертикулды қолмен басса, несеп ағыс болып шығады. Кейде дивертикулдың қабынып, онда қайталама тастардың түзілуі келіп қосылады. Ондайда несеп шығару өзегі мен шат аралығы өңірінің ауырғаны, сондай-ақ несеп шығару өзегінен ірің шығуы байқалады. Дивертикул артқы уретрада болған кезде қуықтың екікезеңдік босатылуы болады; несептің екінші үлесінде тұнба көбірек болып, көбіне шірік иісі білініп тұрады.

Дивертикулдың бар екені әдетте карау негізінде-ақ білінуі мүмкін: кіші дәрет сындыру кезінде ісіктік байқалуы және сыртқы қысым ыкпалымен оныңғайып болуы. Несеп шығару өзегі металл катетер сұғып, оның тұмсығынтөмен қарай бұрғанда, дивертикулға енгізіп каптыңнесеп шығару өзегімен қатынасы тым тар болмаса қармап көруге болады. Диагностикалықтұрғыдан дивертикулды контраст затпен толтырып зерттеу бағалы әдіс болыптабылады. Уретра дивертикуласы опе­рация жасаумен ғана емделеді. Тері мен дивертнкулдың қабырғасын тілгеннен кейін оның өне бойында бар клапандарды кесіп тастайды, дивертикулдың терісі мен қабырғасын уретраның саңлауы қалыпты мөлшерге келгенше кесіп алып тастайды. Қыз балаларда кездесетін дивертикулда трансуретралық жолмен дивертнкулдың кіреберіс саңлауын кеңіту арқылы дивертикулды уретраның бір бөлегіне айналдырады.

Уретраның қосарлануы жыныс мүшесі қосарланған кейбір жағдайларда байқалады. Екі несеп шығару өзегінің не екеуі де қуықта бөлек ашылады, не уретраның простатикалық бөлімі өңірінде екеуі біреу бо­лыпқосылады. Уретраның косарлануы ішінара болатын жағдайлар анағұрлым жиі кездеседі; қосымша уретралық каналдар жыныс мүшесінің тыл немесе төмен бетімен өтеді; олардың шығар тесігі кенерелік жүлге­де ашылады, не несеп шығару өзегінің сыртқы тесігінің орнында ашылады; соңғы жағдайда нағыз уретра төменірек, жүгенше өңірінде ашылады. Бұл өзектердің ұзындығы 1,5 нан 14,5 см-ге дейін, ені 1 мм-ден 1 см-ге дейін. Көпшілік жағдайда олар тұйықталып аяқталады; едәуір ұзақ болғанда симфиозға дейін немесе одан да артқа қарай созылады. Артқы шеттің уретрамен қатынасы болатын жағдайларда оның зәр сындырғанда несеп екі ағыспен шығатындай соншалық кең болуы өте сирек кездеседі; көбіне несеп сағак өзекке мүлдем түспейді немесе аздап сулап қана қояды. Уретралық өзек қуыққа дейін жалғасып оның толық мәнді сфинктері болмайтын сирек кездесетін жағдайларда несептің ұсталмауы байқалады.

Қосымша уретрадан өзгеше, бөлек кеуекті денесі болмайтын парауретралық жолдар да бар делінеді.

Парауретралық жолдар өте тар; олардан кейде ең жіңішке, домалақ зондтың өзін зорға өткізеді, олар тұйықталып аяқталады, сыртқы тесіктері уретраның сыртқы тесігінің шетінде, кенерелік жүлгеде не күпеттің шетінде орналасады; олардың табаны көпқабатты жазықэпи­телий болып келеді.

Егер қосымша уретра немесе парауретралық өзек инфекцияланбаған болса арнайы емдеудің қажеті болмайды, өйткені несепті екі ағыспен шығаратын шын мәнінде қосарланған уретра болғандай жағдайларда болмаса, әлгіндей жағдайлардың бәрінде науқас ешқандай ыңғайсыздықсезінбейді.

Қосымша өзек өте кең болғанда ғана қабыну процесін белгілі бір дәрілк затты бүркіп емдеуге күш салуға болады. Қалған жағдайлардың бәрінде кілегей қабығын күйдіру не өзекті түгел түлету жолымен өзекті түгел жойып кетіруге ұмтылу керек. Өзекті оның бүкіл ұзына бойында ыдыратып, кейін кілегей қабатын гальвано — немесе термокаутермен бұзуға да барады; кейде жолдар тар, ирек болса, тек бірнеше мәрте амал қолданып қана кетіруге болады.

Қуықка дейін созылатын уретра болып, бұл орайда несептің ұсталмауы байқалатын болса, қосымша өзекті кесіп алып тастайды. Мұныперифериялық өзектен бастайды; ол жеткілікті мобилизацияланғаннан кейін қарынның ішперде қабырғасын қосымша тілу арқылы қасаға арты кеңістігін ашады; симфиздің астынан мобилизацияланған уретраны алып оның қуыққа өтетін жерінде кесіп алып тастайды.

Гипоспадия— даму кемістігі, ол дисталдық бөлімдерде уретраның артқы қабырғасының болмауымен сипатталады. Бұл орайда несеп шығаратын өзектің сырткы тесігі әдеттегіден проксималдырақ, жүгеншеашылады. Осыған сәйкес гипоспадияның 1) пенистің басындағы, 2) діңіндегі, 3) ұмға-дағы, 4) шат аралығындағы формалары (дәрежелері) сараланады (6.7-сурет).

Гипоспадия уретраның ең жиі кездесетін аномалиясы болып табылады және жаңа туған 150 баланың 11-інде кездеседі.

Аномалияиың пайда бо­луына эмбриогенездің жүктіліктің 7-14 апталығындағы кінәраттары себепші болып, уретралық жүлгенің жабылуының тоқтауына апарып соғады. Мұнымен бір мезгілде ішкі жыныс органдарының дамуы бұзылуы мүмкін, мұның өзі кейіннен еркек не әйел псевдогермафродитизмінің белгілері болып көрінеді. Эмбриогенезге ықпал етіп гипоспадияның дамуына бастайтын факторлар — ана организміндегі эндокриндік-гормондық өзгерістер, токсоплазмоз және   т.б.   Осыдан   келіпқазіргі заманғы антенаталдық шараларды жүргізудің қажеттілігі туындайды.

Клиника. Пенис басы гипоспадиясы -гипоспадияның жеңіл форма­сы, оның кезінде несеп шығару өзегінің тесігі кенере жүлгесі түбінде ашылады. Сыртқы тесіктің орнында кішкене шұңқырша ойыс болады. Күпет вентралдық беттен болмайды, ол дорсалдық беттен жыныс мүшесінің ашық басына алжапқыш түрінде салбырап тұрады. Жыныс мүшесі түзу, несеп шығару еркектік нышан бойынша. Алайда кейбір балаларда уретраның сыртқы тесігінің тарылуы немесе перденің оны түгел жауып зәр сындыруды қиындататыны, сөйтіп несеп жолының жоғары жатқан бөлімдерінің ұлғаюы мен атониясына апарып соғатыны байқалады. Сондықтан мұндай жағдайларда неғұрлым ерте операциялықараласу — метеатотомия немесе пердені кесіп алып тастау -жүргізіледі.

Гипоспадияның діндік формасы кезінде жыныс мүшесінің жете дамымауы мен төмен және артқа қарай қисаюы байқалады; бұған жыныс мүшесінің басынан уретраның дистопияланған сыртқы тесігіне дейін келетін талшық бумалар себепші болады. Талшық бумалар жетіспейтін уретра бөлімінің бойымен орналасады да, эрекция кезінде ерекше байқалады. Зәр иілме ағыс болып, баяу шығады. Мұндай баланың ата-анасы косметикалық ақаудың үстіне, науқастың болашақ жыныстық функциясына алаңдап мазасызданады. Балаларда каверноздық денелердің есуі жыныс мүшесінің аномалиялық жай-күйі салдарынан қиындайды; жыныс мүшесінің деформациясы жас өсе келе арта түседі, эрекция кезінде ауырады, жыныстық кәмелетке жеткен кезде мүшенің деформациясы салдарынан жыныстықакт көбіне мүмкін болмайды, ал сперма уретраның эктопиясы салдарынан қынапқа түспейді.

Гипоспадияның ұмалық формасы жыныс мүшесінің одан да бетер айқын жете дамымауымен және деформациясымен сипатталады. Мүше ілмек түрінде ұмаға тартылған, ал ұма бөлшектелуі себепті үлкен жы­ныс жиектеріне ұқсас болады. Жыныс мүшесінің артқы беті бойымен басынан үрпінің эктопияланған тесігіне дейін рудиментарлық уретраның кілегей қабығының жолақшасы өтеді. Зәр шығару әйелдер типі бойынша, несеп шашырай шығып сан терісінің матерациясына себепші болады.

Гипоспадияның шат аралық формасы сыртқы жыныс ағзаларының күрт өзгерістерімен көрінетіні сондай, бірқатар жағдайларда баланың ұл не қыз екенін ажыратуда күмән туады: жыныс мүшесі көлемі мен формасы жағынан әйелдердің клиторына ұқсас, ұма жыныс ернеулері сияқты бөлінген болады. Мұндай форма тұсында ұштасқан кемістіктер басқа формалар кезіндегіден жиі кездеседі; бұлардың арасында бірінші орында крипторхизм тұрады.

Уретраның сыртқы тесігі эктопиясымен қабаттасатын қарастырылған формалардан басқа, жетекші нышаны уретраның ұзындығы мен ка-верноздық дененің ұзындыңының сәйкессіздігі болатын гипоспадия ксздеседі. Бұл — хорда типіндегі немесе «гипоспадиясыз гипоспадия» дсп аталатын гипоспадия. Бұл кемістік тұсында несеп шығару өзегінің тесігі мүшенің басында ашылады, бірақ жыныс мүшесі ілмек түрінде деформацияланған, кейде уретраның қысқаруы есебінен ротацийланған. Кемістіктің қалыптасуы уретралық жүлге тұйықталғаннан кейін уретраның дамуы тоқтағанымен байланысты екені дәлелденген. Бұл орайда уретраның каверноздық денесі дистальдық бөлімде дамымайды да, жыныс мүшесінің уретрасы мен каверноздық денелері арасында

тыртықтар түзіледі. Penis-тің қисаю шамасы уретраның дамуы қай кезенде тоқтап қалғанына байланысты болады.

Мына бір жайды атап айту керек: балаларда гипоспадияның ең ауыр  деген дәрежелерінің-өзінде, әдетте, несептің, ұсталмауы болмайды, өйткені қуықтың сфинктері интактылы болып қала береді; несептің ұсталмауы тән сипат болып келетін тотальдық эписподия кезіндегі жағдай басқаша.

Әсіресе гермафродитизм жағдайындағы гипоспадия бала мен ата-анасын психикалық тұрғыдан үнемі күйзелтеді. Балалар өздерінің кемістігін өте ерте (2—3 жаста) ұғынады да, өте-мөте шамшыл, тұйық болып өседі. Сондықтан да ақиқат жынысты анықтап, ақауды ерте кезінде түзеу өте-мөте маңызды.

Жыныс диагностикасы мұқият қараудың, лабораториялық және рентгенологиялық тексерулердің деректеріне негізделеді. Жынысын анықтауда күпеттің орналасқаны көмек бере алады: ер балада гипоспадия болғанда ол түгелдей жыныс мүшесінің дорсальдық бетінде орналасады; жалған әйел гермафродитизмінде күпет кіші жыныстық ернеулермен тұтасып, волярлық бетке өтеді. Бірқатар жағдайларда гипоспадия кезінде қынап болғанымен, ол рудиментарлық сипатта болып келеді.

Лабораториялық зерттеулер несептегі 17-кетостероидтерді, эпите­лий клеткалары мен сегментоядролық нейтрофилдердің ядроларындағы жыныстық хроматинді анықтауды камтиды.

17-кетороидтер андрогендердің метаболиттері болып табылатындықтан, гиперплазия немесе бүйрек бездерінің ісуі кезінде олардың болу шамасының деңгейі едәуір артады (тәуліктік несепте нормадағыдай 0,5—8,1 мг болудың орнына бірқатар жағдайларда 60 мг-ге дейін).

Жыныс хроматині еркектерде тері қырындысы клеткаларының 5—10 процентінде байқалады, әйелдерде бұл көрсеткіш 70—90%. Нейтрофилдердің ядроларында жыныстық хроматиннің анықталуы бұл тұрғыда көрсеткіш емес.

Қаңқа сүйектерінің рентенографиясы адрено — гениталдық синд­ром кезінде сүйек қату ядроларының мезгілінен бұрын пайда болуын анықтауға мүмкіндік береді.

Гинекография кезінде (пневмоперитонеум салынғаннан кейінгі рентгенологиялық зерттеу) жатыр мен сағақтарды байқауға болады.

Несеп-жыныстық синус уретерографияның көмегімен анықталады. Ішперде арты кеңістігіне оттегін енгізіп барып (ретропневмоперитонеум) томографиялау гиперплазияны немесе бүйрек безінің ісуін диагноздауға көмектеседі.

Жынысты анықтау ерекше қиын болған жағдайларда әйелдің ішкі жыныс ағзаларын анықтауға мүмкіндік беретін лапороскопияны немесе диагностикалық лапоротомияны қолданады

Гипоспадия тек хирургия әдіспен ғана емделеді. Операциялық коррекцияның ең басты міндеттері жыныс мүшесін түзейту және уретраның жетіспейтін бөлімін жасау болып табылады.

Емдеудің бірінші кезеңі — жыныс мүшесін түзейту — әдетте баланың 1—2 жастағы кезінде жүзеге асырылады. Операцияның ерте жаста жүргізілуі каверноздық денелердің дамуы мен өсуі үшін қалыпты жағдайлар жасау үшін қажет. Операция жасап араласу негізгі-негізгі екі компоненттен тұрады:

1) жыныс мүшесінің деформациясына себепші талшық тартпаларды қию; 2) жыныстық мүшенің вентралдық бетінің пластикасы.

Операцияның техникасы мынандай: купетті екі тігіспен іштің терісіне бекітіп қояды. Гипоспадиялық тесіктің басынан оны көмкеру-мен ұзына бой тілік тіледі. Жараның тері шеттерін көтере сөгіп мүше басынан уретраның сыртқы саңылауына келетін эмбриональдық тартпалар мұқият қиылады. Егер каверноздық денелер осыдан кейін толық түзелмейтін болса, онда уретраның терминалдық бөлімін ажыратып, оны артқа қарай жылжытады, осы арқылы гипоспадия дәрежесі күшейтіледі. Тіндер тапшы болғандықтан және операциядан кейінгі тыртықтанудан жыныс мушесінің қайталама деформациясына жол бермеу ушін А.А.Лимберг бойынша жараның беті қарсы ушбұрышты қалдықтармен жабылады. Бұл ушін қосымша көлденең тіліктер тіліп, екі не одан көп ушбұрышты қиық бөліп алады да, кейін аларды тігістің Zтәріді сызығын түзіп тігеді. Несепті гипоспадиялық саңлау арқылы қуыққа бұру мақсатында катетер енгізеді де, оны тігіс алынғаннан кейін, шығарып алады.

Уретропластиканың екінші кезеңін мектепке дейінгі жаста жасаған жөн, бірақ оны атқару үшін жыныс мүшесінің жеткілікті дамығаны керек. Сондықтан операция жасап араласу мерзімі жыныс мүшесініц дамығаны және онда тері ресурстарының болуы есепке алынып барып тағайындалады. Жыныс мүшесінің өсу тездігі әрқилы болатындықтан, бұл мерзім 5 тен 13 жасқа дейінгі аралықта болады.

Уретра пластикасының қазіргі уақытта қолданылып жүрген әдістерін негізгі-негізгі екі топқа бөлуге болады: 1) жыныс мүшесінің және ұманың тіндерімен жергілікті пластика; 2) ауыстырылатын қалдықтармен еркін жасалатын тері пластикасы.

«Гипоспадиясыз гипоспадиясы» бар балаларды емдеу уретраны қиюға, эмбрионалдық талшық тартпаларды қию есебінен жыныс мүшесін түзейтуге және мүшенің вентралдық бетін қарсы үшбұрышты қалдықтармен пластикалауға саяды. Екінші кезеңде уретеропластика жүргізеді.

Эписпадия — уретра кабырғасынын бір бөлігінің немесе түгелдей туа біткен ыдырауы. Ауру іште жүргендегі өсудің 9-10-шы аптасында дамиды. Бұл аномалия жаңа туған 50000 баланың біреуінде болады және кыз балалардан гөрі ұл балаларда 5 есе жиі кездеседі.

Уретраның ыдырау формасына сәйкес эписпадияның 3 формасын ажыратады: ер балаларда — 1) жыныс мүшесі басының эписпадиясы; 2) жыныс мүшесінің эписпадиясы; 3) толық эписпадия (6.8 және 6.9 су-рет), қыз балаларда — 1) клиторлық; 2) субсимфизарлық; 3) толық неме­се ретросимфизарлық. Тоталдық эписпадия басқа формалардан гөрі 3 есе жиі кездеседі.

Клиника. Жыныс мүшесі басының эписпадиясы жыныс мүшесінің жоғары карай біраз қисаюымен сипатталады. Мүшенің басы жалпайған, күпет үстіңгі жағынан ыдыраған, уретраның сыртқы саңлауы жыныс мүшесінің дорсальдық бетінде, кенерелік жүлге түбінде ашылады. Кіші дәрет сындыру еркектер типі бойынша, түрегеп тұрып еркін, несеп ағысы болмашы ғана шашырайды. Ақаудың жыныс мүшесінің дамуы мен функциясына ықпалы жоқ, таза косметикалық сипатта болады.

Жыныс мүшесінің эписпадиясы оның білініп тұратын деформациясымен қабаттасуы мүмкін. Мүшенің басы ыдыраған, одан мүшенің дорсалдық беті бойымен уретраның воронка бітімдес, эктопияланған сыртқы саңылауына қарай кілегей қабықтың енсіз жолағы болады. Қуықтың сфинктері сақталған, алайда көп балаларда күлген, айғайлаған, жылаған кезде және физикалық күш түскен кезде несептің ұсталмай шығып кетуі байқалады. Кіші дәрет сындырған кезде несеп шашы­райды, осы себепті науқастар отырып, жыныс мүшесін күпетінен ұстап артқа карай тартып зәр сындыруға мәжбүр болады. Бұл форма тұсында қасаға сүйектерінің жымдасып бітпеуі, іштің тік бұлшық еттерінің ыдырап, жете дамымауы орын алады. Жыныс мүшесінің қасаға сүйектеріне бекитін каверноздық денелері екі жаққа айырылған, осыдан барып жы­ныс мүшесі қысқарып, алдыңғы ішперде қабырғасына жақындаған. Ересек науқастарда жыныс мүшесінің едәуір деформацияланғанына байланысты жыныстық акт едәуір қиындаған немесе мүмкін емес.

Тоталдық эписпадия

— кемтарлықтың ең ауыр және ең жиі кездесетін формасы. Мұндай форма болғанда қуық сфинктері толық ыдыраған болады да, несеп үнемі сыртқа, киімге және дененің жақын өңірлеріне ағып жүреді. Осы себепті мұндай науқастарды бағып-күту өте қиынға соғады, олардың жандарында болуға адам шыдамайды. Жы­ныс мүшесі жете дамымаған, ілмек түрінде жоғары тартылып, терінін қатпарларында көрінбей калады. Оның дорсальдық беті бойымен ыдыраған каверноздық денелердің арасында үнемі ылғал болып тұратын кілегей өзек болады. Қасаға байламының сүйектері көп алшайып кеткендіктен жүрісі «үйрек жүріске» айналған. Ұма жете дамымаған, көбіне гипоплазияланған ендер болады. Аномалия көбіне крипторхизммен, қуық безінің гипоплазиясымен, бүйректер мен несепағарлардың дамуының кемістіктерімен ұштасады. Науқастардың 30 процентіне жуығы пиелонефриттен зардап шегеді.

Қыз балаларда эписпадия анатомиялық өзгерістердің аздығымен си-патталады да, оның ерте жастағы диагностикасы қиынға соғады.

Клиникалық көрініс кемістіктің дәрежесіне байланысты.

Клиторлық форма кезінде клитор ыдырайды, оның үстінде жоғары жылжыған уретра ашылады. Кіші дәрет кезінде кінәрат болмайды. Ақаудың практикалық мәні болмайды.

Субсимфизарлық форма тұсында клитор толық ыдыраған, кіші және үлкен жыныстық ернеулер арасындағы жабыспа болмайды. Уретраның сыртқы саңылауы кең, воронка тәрізді. Қуықтың сфинктері ішінара ыдыраған, несептің ішінара немесе толық ұсталмай жүріп кетуі осыған байланысты. Қасаға сүйектерінің ажырауы байқалмайды.

Толық (ретросимфизарлық) формасы кезінде уретраның жоғарғы қабырғасы мен қуық мойнының жоғарғы сегменті бүкіл ұзына бойда болмайды. Уретра науа түрінде болады. Несеп үнемі ағып кетеді де, оның болмашы мөлшері ғана қуыққа жиналады. Жыныстық ернеулер мен қасағалық түйіспе толық ыдыраған, іштің тік бұлшық еттерінің талшықтарының алшақтануы байқалады. Несептің ұсталмай жүріп кетуіне байланысты сыртқы жыныс ағзалары мен санның ішкі бетініц терісі мацерацияланған. Вульвовагинит құбылыстары жиі болады, мұның өзі өрлеме уриногендік инфекцияның дамуына себептеседі

Емдеу. Эписпадияның жыныс мүшесінің басындағы және клиторлық формалары емделуге жатпайды. Эписпадияның ауыр формалары кезіндегі операция жасап емдеудің қажеттілігі несептің ұсталмауы мен косметикалық ақаулардан туындайды. Операция жасау үшін оңтайлы мерзім балалар жасалып жатқан емдеуді ұғынатындай болған 4-6 жастағы кез.

Бүйректер мен несепағарлардың ілеспе аномалияларын (гидронеф­роз, мегауретер және т.б.) анықтау мақсатында экскреторлық урография қолданылады.

Мұндай аномалиялар бар екені білінген кезде әуелі олардың коррекциясы жүргізіледі, ал одан соң эписпадия жөніндегі пластикалық операциялар жасалады.

Эписпадия кезінде хирургиялық емдеудің негізгі екі әдісі неғүрлым жиі қолданылады: уретраны ғана қалпына келтіру және уретра мен қуық мойнының пластикасы. Операциялардың бірінші тобы несептің ұсталмауы қабаттаспайтын (жыныс мүшесі эписпадиясының сирек болатын жағдайлары) эписпадиялар кезінде жасалады. Уретра пластикасының неғұрлым кең тараған операциялары Кантвелла мен Тирша бойынша операциялар болып табылады.

Кантвелла әдісі гипоспадия кезінде қолданылатын Дюамель операциясының принципіне негізделген. Бұл әдіс кезінде уретра мен тері тігістерінің қабысуы бойында уретралық жыланкөздердің түзілу қаупі болады.

Тиршаның әдісінде бұл кемшілік жоқ, өйткені мұның кезінде ішкі және сыртұы тігістер сызықтары әр түрлі проекцияларда болады. Алайда бұл орайда тері қалдықтарын тіліп сөгуге тура келеді; мұның өзі олардың қоректенуінің бұзылуына және уретра стриктуралары түзілуі мүмкіндігінің үлғаюына әкеліп соғады.

Жергілікті пластика үшін тері қоры жетіспеген жағдайда, жараны жабу мақсатында іштің терісін пайдаланады. Терінің тілігін жоғары қарай ұзартады, ақаудың және қасаға үстіндегі тері тілігінің шеттеріне тігіс салу арқылы жыныс мүшесі алдыңғы ішперде кабырғасына тігіледі. Екінші кезеңде жыныс мүшесінің алдыңғы бетін жабу үшін іштің терісін пайдалана отырып, жыныс мүшесін алшақтату жүргізіледі.

Операция жасап араласудың қуық сфинктерінің пластикасын көздейтін екінші тобы қуықты тіліп ашу әдісін және ашпай-ақ жүргізу әдісін қамтиды.

Қуықты ашу Юнг-Дисса бойынша жүргізіледі. Бүйірлерінен кілегей қабықтың екі үшбұрыш учаскесін пішіп тіліп алады. Ортаңғы кілегей жолдан уретра қалыптастырылады. Демукозицияланған бүйір қиықтар мобилизацияланып «пол палто» типі бойынша тігіледі. Қасаға сүйектері капрон тігістермен жымдастырылады. Каверноздық денелер жасалған уретрадан жоғары белоктық қабықтан аса тігіледі, сөйтіп қалыпты анатомиялық арақатынас жасалады. Операция теріні тартып тігумен аяқталады. Несепті бұрып жүргізу үшін уретралық катетер немесе эпицистостома пайдаланылады.

Қуықтың мойнын пластикалаудың қуық кабырғасын жармай жүргізетін бірнеше әдісі бар. Олардың ішіндегі неғұрлым оңтайлысы В.М.Державиннің әдісі; мұнда қуықтың сфинктері функциясын лиетоидтік үшбұрыш бұлшық еттері атқарады.

Операцияның техникасы біршама қарапайым. Қасаға үсті арқылы ұзына бой тілікпен куықтың алдыңғы кабырғасын жалаңаштап ашады да, оны мойын белімінде дупликатура түрінде катетерде екі қатар батыңкы тігіспен тігеді. Уретра пластикасы препубертаттык кезеңде екінші кезеңде жүзеге асырылады.

Эписпадияны емдеудегі маңызды міндеттер операциядан кейін қуықты жақсылап дренаждау және жасалған сфинктерді жаттықтыру болып табылады.

Катетердің несепқышқылы тұздарымен бітеліп қалмауы үшін 0,3% асперин ертіндісімен мезгіл-мезгіл жуып отырып, су ағысымен сорып алу арқылы активті дренаждауды қолдану ұсынылады.

Қуықсфинктерін жаттықтыру үстеме су беріп одан соң науқастың кіші дәретін ерік күшімен тежету арқылы жүргізіледі.

Қыз балалардың эписпадиясы кезіндегі емдеу осыған ұқсас және әрқашан қуық сфинктерін жасауға уретраны және оның клитормен анатомиялық қарым-қатынасын калпына келтіруге бағытталуы тиіс.

Эписпадияны операция жасап емдеуде неғүрлым жиі болатын асқынулар қуық жыланкөздерінің түзілуі болып табылады және мұның өзі кейде бірнеше дүркін қайталап араласуды талап етеді.

Операциялық құралдар техникасының жетілдірілуі қуық сфинктерінің пластикасы кезіндегі сәтсіздіктер процентін едәуір төмендетуге және несепті ішек жүйесіне бұруға бағытталған мәжбүрлік операциялар санын барынша азайтуға мүмкіндік жасап отыр.

#Несеп #шығару #өзегінің #аномалиялары