Неопозитивизм — Философия — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Неопозитивизм өзінің қалыптасып даму барысында үш кезеңнен өтеді:

1. XIX ғасырдың 30-40-жылдары маркстік философияның қапталында ескі философиямен «ат құйрығын үзісеміз» деп жариялаған тағы бір ағым пайда болды. Позитивизм, яғни «оң» деген атқа ие болған бұл ағымның негізін қалаушысы француз ойшылы Опост Конт еді.

2. Неопозитивизмнің екінші тарихи түрі — махизм немесе эмпириокритицизм болды. Оның негізін қалаушылары — Эрнст Мах, Рихард Авенариус және олардың ресейлік ізбасарлары.

3. XX ғасырдың 20 жылдарында позитивизмнің үшінші сатысы және жаңа тарихи формасы — неопозитивизм пайда болын қалыптасты. Оның негізін қалаушылары — М.Шлик пен Р.Карнан. Барлық позитивтік бағыттарға тән ортақ тұжырым мынаған келіп саяды: ақиқатты танып-білуге ұмтылатын философияның өмір сүруге ешқандай хақысы жоқ, себебі ақиқатты тек шынайы, «онды» (позитив) нақтылы ғылымдар ғана танып біле алады. Демек, философия дербес ғылым бола алмайды.

Бұл орайда позитивизм өзінің бүкіл даму барысында өзіне ғана төн болған негізгі қайшылықты ескермей келді. Оның өкілдері өмір бойы философияны жоққа шығаруға тырысып баққанда, өздерінің сол философиялық шеңберден асып кете алмағандығын, қайта философияның белгілі бір ағымын дүниеге келтіргенімен ісі болмады. О.Конттың позитивтік философиясы француз ағартушылық философиясымен белгілі бір байланыста болды. ғылымның шексіз мүмкіндігіне күмән келтірмесе де О.Конт ұлы француз ағартушыларының дәйекті материалистік сарынын қабылдаған жоқ. Сонда да оның ғылымдарды жүйелеуі француз энциклопедисттерінің өсиетін жүзеге асырумен барабар әрекет болатын. Конттың пікірінше ғылым ешқандай философияға мұқтаж емес. Ғылыми ойлаудағы философиялық сарқыншақтардан арылу қажет. Осындай сарқыншақтардың бірі — ғылымның құбылыстардың мәні мен шығу себептерді ашуға ұмтылатындығы. ғылым «неге?» деген сұраққа емес «қалай?» деген сұраққа жауап беруі тиіс. Оның құбылыстарды суреттеумен және заңдарды тұжырымдаумен шектелуі қажет. Демек, Конт заңдарды тұжырымдау ісі мен себептілікті зерттеудің арасындағы байланысты жоққа шығарғысы келеді. Соңғысы — «метафизикалық» (философиялық) ойлаудың сарқыншағы. Жалпы алғанда, Конттын философиясына дәйектілік тон емес. Өйткені мұнда себептілікті, шынайылықты жоққа шығаратын субъективтілік идеализмнің қағидалары мен жаратылыстанушының көзқарастары бейбіт қатар ұжымдасып жатады. Позитивизм өзінің даму барысында бірте-бірте дүниетанымдық мәселелерден іргесін аулақтатып, тіпті нақтылы ғылымның өзінен де пышақтай бастады. Оның куәсі -XIX ғасырдың көрнекті позитивтері — ағылшын ойшылдары Джон Милль мен Герберт Спенсердің философиялық ілімдері. Олар позитивтік философияның негізгі қағидаларын мойындаумен қатар жалқы мәселелерде өзіндік позиция ұстанды. Атап айтқанда, дүниетанымдық мәселелерден, ғылымнан алшақтау — олардың философиясынан айқын көрінді.

XIX ғасырдың соңғы онжылдығында позитивтік философияның алғашқы түрі дағдарысқа ұшырады. Оның негізгі себептері мынадай жағдаяттармен байланысты еді:

1) позитивизмге негізінен механистицизм төн болғандықтан ол XIX ғасырдың аяғында физика мен биологияда ашылған ғылыми жаңалықтарды түсіндіріп бере алмады. Ол тұрмақ, ескі метафизикалық материализм мен классикалық физиканың дәстүрлі ұғымдары да ештемеге жарамай қалып, керексіз үйіндіге айналған-ды.

2) ғылымның жедел қарқынмен дамуы, атап айтқанда физикада, биологияда ашылып жатқан жаңалықтар, психологиялық зерттеулердің шұғыл жандануы ғылымдар арасындағы жалпы байланыс және олардың адам мүддесіне тигізер пайдасы туралы мәселелерді күн тәртібіне қойды. Бұл мәселелер — позитивизмнің «жалған мәселелер» деп атап келген ғылымның ең жалпы даму заңдылықтарын қамтитын сұрақтар болатын;

3) озитивтер ұсынып келген ахлақтық қағидалар да уақыт сынына төтеп бере алмады. Өйткені, ғылыми ізденістерді тек адамгершілік құндылықтардың аясынан қарастыру жаңсақ көзқарас болып шығады. Бұл сыңаржақты позитивтік әлеуметтанудың тоқырауға ұшырағандығының бір көрінісі еді.

Позитивизмнің екінші тарихи гүрі — махизм, немесе эмпириокритицизм осы дағдарыстан шығу жолдарын іздестірудің негізінде қалыптасты. Оның өкілдері Конт-Спенсердің жіберіп алған жаңсақтықтарынан арылып, сонымен қатар, ғылым мен философиялық салалардың ара жігін алшақтату сарынын сақтап қалуға тырысты. Позитивизм өзінің махистік сатысында бұрын «тым философиялық мәселелер» деп ат-тонын алып қашатын сұрақтармен айналасы уға мәжбүр болған-ды. Атап айтқанда, олар — танымның табиғаты, объект пен субъекттің арақатынасы, зат пен түпнегіз, шындықтың негізгі элементтері, физикалық дене мен психикалық қасиеттердің өзара байланысы және т.б. мәселелер еді. «Ғылымдар философиясы» деген атақтан үміткер болып келген позитивизм өмірдің өзі күн тәртібіне қойып отырған бұл мәселелерден аттап өтіп кете алмады. Алайда бұл сұрақтарға махизм субъективтік идеалистік тұрғыдан жауап беруге тырысты және философияның мақсаты — таным теориясының ғылыми нұсқасын жасауда деп ақталуға бейім болды. Сөйтіп махизмнің өкілдері өздерінің бұрынғы әріптестерінен қаншалықты жаңа терминологиядан бүркеншік жамылғысы келгенімен айтарлықтай қашықтап кете алмады. Махизм де философиялық мәселелердің ғылымға өгей екендігін дәлелдемекші болып, субъективтік идеализмнің шырмауына шырматылғанын байқамай да қашан болса керек. Алайда Мах пен Авенариус Конт пен Спенсерге қарағанда субъективтік идеализмге дәйектілікпен бой ұрған-ды. Осы тұрғыдан материализм мен идеализмнің қайшылықты сипатын «әлем элементтерін інің бейтараптығы» туралы қағиданы жариялау арқылы мүлдем жоққа шығардық деп есептеген еді олар. Ал «әлемнің элементтері» дегендері жаңа ұғым арқылы бүркемеленген түйсіктер болатын.

Позитивизм өзінің махистік даму сатысында бұрынғы қол жеткен табыстарынан да бас тартты. Мысалы, ғылымды философиядан арашалауға үндей отырып, позитивизмнің бұрынғы өкілдері ғылыми зерттеулерді тұжырымдап, жалпы қорытындылар жасан отырушы еді. Ал философияның түпкі мақсаты — таным теориясын жасақтау деп жариялаған механизмнің тұсында бұл артықшылығынан да айырылып қалды, себебі бұл кезеңде тек себептілік қағидасы ғана емес, сонымен қатар материя туралы, оның құрылымы туралы ғылымда қалыптаса бастаған соны түсініктер де зейіннен тыс қалды.

Сонымен қатар тар ауқымды салаларда, әсіресе себептілікті сыңаржақты механикалық тұрғыдан түсінуді, классикалық физиканың ежелгі ұғымдар жүйесін, атап айтқанда кеңістік пен уақыт туралы Ньютондық пайымдауды өткір сынға алу сияқты пайдалы нәтижелер де болмай қалған жоқ. Бірақ та метафизикалық көзқарасты сылтау үстінде ғылымға керекті диалектиканы, материяны жоққа шығарғандары «легендегі жуынды суды ішіндегі баламен бірге төгіп тастағанмен» бірдей болды. Енді осы махизмді дүниеге келтірген негізгі алғышарттардың қатарынан саналатын XIX ғасырдың аяғындағы, XX ғасырдың басындағы жаратылыстану ғылымдарындағы, әсіресе, физикада орын алған төңкеріске қысқаша тоқталайық.

XIX ғасырдың аяғында физика бұрын бөлінбейтін ең ұсақ бөлшек деп келген атомның күрделі құрылымы бар екендігін айтты. Осыған байланысты материяға деген көзқарас түбірімен өзгеруге тиіс болды. XVII-XVIII ғасырларда қалыптасып орныққан материя туралы оның бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден тұратын зат деген түсініктің тар ауқымдылығы әрі жаңсақтығы көзге ұрған-ды. Бұл түсініктің жаңсақ екендігін алғаш рет пайымдаған орыс химигі А.М.Бутлеров болатын. Ол 1886 жылы Банк — Петербургте шыққан «Химияның негізгі ұғымдары» деген кітабында атомдардың бөлінбеуі мүмкін емес, қазір тек біздің ғылыми құралдарымыздың шамасы, өресі жетпегендіктен ғана оның бөлінетіндігіне көз жеткізе алмай отырмыз деген-ді. Алайда, оның пікірі ешкімнің де тарапынан қолдау тапқан жоқ, өйткені ол ешқандай да тәжірибеге сүйенбеген пікір еді. Көп уақыт өтпей-ақ оның дұрыстығы анықталды. Ағылшын физигі Крукс катод сәулелерін зерттей келіп, олардың өте ұсақ бөлшектердің құйыла жүйткіген тасқыны екендігін, олардың электрлік зарядтың ең аз мөлшерін тұтынатындығын ашты. Бұл бөлшектер кейіннен электроңда деп аталған-ды. Ал бастапқы кезде олардың атомның құрамдас бөлшектері екендігі туралы ой ешкімнің де басына келген жоқ. 1896 жылы француз физигі Анри Беккерель уран тұздарының өзінен — өзі сәуле бөліп шығаратынын байқады. Ол сәулелердің өткірлігі сондай, қандай қатты денеден де отіп кететін еді. Беккерельдің тәжірибесін ерлі-зайыпты Мария Склодовская Кюри мен Пъер Кюри ілгері жалғастырып, өзінен өзі энергия бөліп шығара алатын қабілеті бар басқа элементтерді — торий мен радийді («сәулелі» деген мағына береді) ашты.

1901-1903 жылдары бұл мәселелермен тапжылмай шұғылданған таным Резерфорд радий белсенділігінің атомдық өзгерумен тікелей байланысты екендігін дәлелдеді. Бұл теорияға жүгінсек, радийдің атомы гелийдің атомына айналады екен. Бұл жаңалық атомның күрделі құрылым екендігінен хабар берді. Атомның құрылым сыздығы, бөлінбейтіні туралы түсініктің тас-талқаны шықты. Ал, электронның қасиеттерін зерттеу барысында массаның өзгеріп отыратындығы ашылды. 260 мың км /сек жылдамдықпен қозғалатын электронның массасы екі есе үлкейеді екен. Бұл жаңалық ескі классикалық физиканың масса әр уақытта тұрақты күйде сақталады деген тұжырымына мүлдем қайшы келді. Денелер массасының механикалық қозғалыс дәрежесінде өзгеруі туралы ешқандай сөз болуы мүмкін емес. Мұндай өзгеріс тек күн сәулесінің таралу жылдамдығына (300000 км /сек) жақын жылдамдықпен қозғалу үстінде орын алуы мүмкін. Бұл жаңалықтар ескі классикалық физиканың ұғымдар шеңберінен шығып кетті, ескі тұжырымдардың күйреу кезеңі туды.

Аталмыш жаңалықтар атомның өзегіне (ядро) жол ашты. XX ғасырдағы физиканың дамуы осы жаңалықтарды жан-жақты, терең зерттеу ісімен байланысты жүзеге асырылды. Атомның электрондық қабығын зерттеу ісі кванттық механика ғылыми, ал оның өзегін зерттеу ісі ядролық физиканы дүниеге кетірді. «Элементарлық» бөлшектер физикасында бұл екі бағыт бір арнаға тоғысты. Физиканың материяның тылсым құпиясына тереңдеуі — оны жаратылыстану ғылымдарының шешуші саласына айналдырған еді. Егер XVII—XVIII ғасырларда мұндай саланың міндетін механика атқарған болса, ал XIX ғасырда қозғалыстың механикалық формасынан басқа түрлерін зерттейтін физика, химия және биология жолбасшылыққа жегілсе, XX ғасырда қозғалыстың механикалық формасынан басқа түрлерін зерттейтін физиканың элементарлық бөлшектерді зерттейтін, болмыстың негізгі жалпы формаларын (материя және қозғалысқа тәуелді кеңістік пен уақыт туралы) зерттейтін бөлімдері ие болды.

Жаратылыстану ғылымдарындағы революция физиологияны да қамтыды. Бұл орайда жетекші рөл атқарған И.П.Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімі болды. Оның бұл ғылыми тәсілі жануарлар мен адамның жоғарғы жүйкелік іс-әрекетін зерттеуге жағдай туғызды, демек, олардың денелік әрі психикалық ұйымдасу заңдылықтарын зерттеуге қосты. Бұның өзі философияның түбегейлі мәселелеріне соқпай кете алмады, Атап айтқанда, сананың материяға қатынасы туралы философиялық мәселеге байланысты И.П.Павловтың ілімі көптеген жаңа тұжырымдар мен қорытындылар жасау қажеттілігін туғызды.

Жаратылыстану ғылымдарының саласында ашылып жатқан ұлы жаңалықтарды қорытындылап, олардың шынайы табиғатын ашып көрсетуге метафизикалық материализмнің де, классикалық физиканың да, физиологияның да өресі жетпеді. Жаратылыстану ғылымдарында осы жағдайға байланысты үлкен дағдарыс орын алды. Ғылымдағы дағдарыс капиталистік дамудың дағдарысымен сәйкес келді. Қуғын-сүргін күшейіп, бел ала бастады. Жаратылыстану ғылымдарында ашылған улы жаңалықтарда диалектикалық материалистік түсініктеменің берілмегенін пайдаланып қалғысы келген идеалистік бағыттағы неше түрлі философиялық ағымдар жаратылыстану ғылымдарындағы дағдарысты өз қажеттеріне жаратуға тырысты. Атап айтқанда, олар ғылымдағы «ақтаңдақтарды», шешілмеген түйінді мәселелерді метафизикалық материализмнің қағидалары миына мықтап сіңіп қалған ғұламалардың ашылған жаңалықтарды түсіндіруге өресі жетпей жатқандығын, орын алып отырған қиыншылықтар мен қайшылықтарды өз пайдасына жаратпақ болды. Бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі — идеалистік ағындар тұңғыш рет жаратылыстану ғылымдарының революциялық жетістіктерін өз тарапынан сараптауға талаптанды. Олар физиканы өзінің одақтастарына айналдыруға барын салды. Ескі классикалық физика мен метафизикалық материализмнің күйреуін идеализмнің шоқтығын биіктеу мақсатында пайдалану жағы көзделді. Олардың бұл әрекетін жүзеге асыруға ғұламалардың диалектиканы нашар меңгергендігі, тіпті жатсырайтыны, материяны, қозғалысты, кеңістік пен уақытты, атомдар мен электронды да түсіндіре алмаған механикалық материализмнің күйреуін жалпы материализмнің күйреуі деп ұғындыруға барын салды, оны ғылымнан біржола аластап, идеализм және агностицизммен алмастыру керек деп даурықты.

Идеалистер релятивтілікті (салыстырмалылық) әсірелеп, танымның объективтік мәнін жоққа шығарғысы келді. Физикалық құбылыстардың сандық жағын әсірелеп, оны заттардың сапалы жағынан бөліп альт, өз алдына дербес мән ретінде қарастырды. Бұл айтылғандар «физикалық», «физиологиялық» идеализмдердің, «энергетизмнің» танымдық тамырлары, шығу тегі, себебі болып табылады. Ашылып жатқан жаңалықтардың ғұлама оқымыстылардың басым көпшілігіне түсініксіз болғандығына байланысты олардың ойына ғылым өз мүмкіндігін сарқа тауысқан болар, немесе атомдар, зат ретінде қабылданатын атомдар электр қуатына айналып кететін болса, оңда материя да жоғалған болар деген күйрек пайымдаулар келген-ді. Жаратылыстану ғылымдарының алдына мынадай келелі мәселелер көлденең тартылды: физикадағы дағдарыстың мәні неде? Одан шығудың жолы қандай болмақшы? Физикадағы революцияға байланысты қандай танымдық тұжырымдар түйінделуі қажет? Міне, осындай философиялық мәселелерді шешу ісінде диалектикалық материализмнің мерейі үстем болды. ден есептелінді, әрі одақ кезінде бұл мәселе бойынша мыңдаған диссертациялар қорғалды. Алайда позитивизмнің жаңа, үшінші түрінін дүниеге келуі, аталмыш пікірдің дұрыстығына күмән туғызды.

Позитивизмнің үшінші тарихи түрі «неопозитивизм» деген атқа ие болғанмен оған қосымша «ғылымдар философиясы», «логикалық сараптау философиясы» сияқты айдарлар тағылған болатын. Бұл атаулардың мағынасы кейбір елеусіз ерекшеліктерін есепке алмасақ, негізінде үндесіп жататын. Неопозитивизм аталмыш философиялық ағымның жаңа түрі ретінде XX ғасырдың 20-жылдарында қалыптасты. Ол бір мезгілде Австрияда, Англияда және Полада пайда болды. Алғашқы он бес жылдың көлемінде аталмыш философиялық ағым логикалық позитивизм деген атқа ие болған-ды. Оның негізін қалаушылар М.Шлик пен Р.Карнап болып табылады. Логикалық позитивизм о бастан-ақ махизмнен мынадай ерекшеліктермен ажыратылатын еді: 1) объективтік шындық,тың бар, яки жоқ екендігі, оған деген сананың қатынасы туралы мәселенің ешқандай да мағынасы жоқ деп жарияланды; 2) ақиқатты халықаралық келісім (конвенция) ретінде пайымдау; 3) осы тұрғыдан логика мен математиканы дедукциялық қағидаларға құрылатын субъективтік сипаттағы ілімдер ретінде қарастыруды көздеу.

Кезінде Э.Мах пен Р.Авенариус «әлемдік элементтердің бейтараптылығы» деген теориясы арқылы философияның негізгі мәселесін шештік деп ойлаған болатын. Өйткені «әлемдік элементтер» иесіз, енжар түсініктер еді, ал олар сезім мүшелеріне тән қасиеттер болғандықтан танымнан шетқақпай қала алмайтын, яғни оларды танып-білуге болатын еді.

М.Шлик пен Р.Карнап бұл мәселені ғылымнан мүлдем аластап тастадық деп ойлағанымен, танымды түйсінуге әкеліп тели салуды армандағанымен, шын айтуында одан құтыла алған жоқ.

Махистердің «бейтарап элементтері», «сезімдік ақпар», «уақиға», «факті» сиқты жаңа ұғымдармен алмастырылды, бірақ мұнан неопозитивизмнің субъективтік — идеалистік сипаты өзгере қойған жоқ. Өйткені «сезімдік ақпар» да «уақиға» да таным иесінің саналық шеңберіне тән зерттеп — білудің психикалық алғышарттары болып табылады.

Ал осы алғышарттардың шығу тегі сыртқы дүниеде ме, әлде таным иесінің ішкі дүниесінде ме, деген сұрақ мүлдем жауапсыз қалды. Себебі логикалық позитивизмнің өкілдері бұл сұрақтың ешқандай да мәні де, мағынасы жоқ деп есептейді.

Р.Карнап сияқты неопозитивистер философияның пәні нақтылы ғылымдардың тілін сараптаумен шектелуі тиіс деп ұйғарды да, барлық сөйлемдерді негізінен үш топқа бөлді: 1) ғылымға кереғар; 2) ғылымнан тыс; 3) ғылыми. Философиялық сөйлемдерді Карнап екінші топқа, яғни ғылымнан тыс сөйлемдер тобына жатқызады. Өйткені оларды фактілермен тікелей салыстыру мүмкін емес.

Неопозитивизмнің кейінгі өкілдерінің бірі Витгенштейн бұл орайда өзінің бұрынғы әріптестерінен де асып түсті. Ол философияны ғылым тіліндегі түсініксіз сөздерді, көмескі ұғымдарды айқындауға міндеттеу керек деп шешті. Сөйтіп, философия ғылыми тілдің қанжығасына жеңсіз байланып, бұл орайда танымдық мәселелерді сұрыптау ісінде формалдық логиканың рөлін тым әсірелеп жіберілді, екінші жағынан философияның көп міндеттерінің бірі болып табылатын ғылыми ұғымдарды жүйелеп отыру ісін дербестендіріп, ойы философияның ең негізгі төл ісіне айналдырмақшы болды. Алайда, солай болған күнде де, неопозитивизм ғылымдарды, олардың тілін түрлендіру (формализация) ісінде елеулі табыстарға жетті, математикалық логиканың, кибернетиканың дамуына игі әсерін тигізді. Өкінішке орай, кезіңде «буржуазиялық» деп айдар тағылған ағымдардың бәріне де жаудай шүйліккен одақтық философияның «көрнекті өкілдері» неопозитивизмнің аталмыш артықшылық жақтарын көзге ілмеді. Соның салдарынан кибернетика «жалған» буржуазиялық ғылым деп жарияланды да, бұл салады кенже қалып қойғанымыздың зардабын күні бүгінге дейін тартып отырмыз.

Соңғы кезде логикалық позитивизм өзінің даму барысында «лингвистік сараптау» деген атқа ие болған өзімен сарындас болғанымен, кейбір мәселелерде кереғар позиция ұстанған ағыммен тайталасқа түсті. Осыған байланысты кезінде логикалық позитивизмнің көрнекті өкілдері болған У.Куайн, К.Поппер секілді ойшылдар өздерінің бұрынғы тұжырымдарынан бас тартты, ал соңғы жылдары атағы шыққан Т.Кун, П.Фейерабенд сияқты ойшылдардың позициялары, тіпті антипозитивистік философияның дағдарысқа ұшырағанының белгілері еді.

Сөйтіп, позитивистердің ғылым иен философияның ара жігін ажыратып, философияны ғылыми тілді сараптаудың күнделікті мәселелерімен айналысу ісімен ғана шектеу туралы талпынысы жүзеге аспады. Сондықтан да олар сайып келгенде, басқа да философиялық ағымдардың өмір сүру құқын мойындауға мәжбүр болған-ды.

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!