Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

0









Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?

Автор: Айдынгалиева Акмарал Рыскалиевна

Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 8 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-02-04


Материал туралы қысқаша түсінік

тарих пәнінің мұғалімі




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6-бөлім XІX ғасырдағы Қытай мен Еуропа елдері Мектеп: Егіндібұлақ ЖОББМБК
Күні: 01.02.2019 Мұғалімнің аты-жөні: Айдынгалиева А.Р
Сынып: 8 Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Неліктен апиын соғыстары осы күнге дейін қытай халқының есінде?
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.1.1.3 — еуропалық державалардың отаршылдық экспансиясы кезеңіндегі Азия мемлекеттерінің (Қытай, Үндістан, Жапония) әлеуметтік құрылымындағы ерекшеліктерді анықтау;7.2.1.2 — миссионерліктің міндеттерін анықтау;7.3.2.6 — еуропалық отаршылдық экспансияның Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын сипаттау;7.4.1.4 — «экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, тауар-ақша қатынастарының дамуын түсіндіру
Сабақ мақсаттары Қытай мемлекетінің Англия империясының отарлау саясатына жүргізген апиын соғыстарының маңыздылығын анықтау.
Бағалау критерийлері
  • Мәтінді қолданып концептуалды сұраққа жұппен жауап береді;
  • Терминдерді қолданып, Қытай елінде орын алған тауар – ақша қатынастарының дамуын сипаттайды;
  • Екі апиын соғысын Венн диаграммасында салыстырады;
  • Уақыт сызығында 1793 жылдан 1900 жылға дейінгі аралықтағы Қытай елінің басты оқиғаларын белгілейді;
  • Тарихи концепт Маңыздылық
    Тілдік мақсаттар Пәнге қатысты лексика мен терминология Министрлер, көкнәр, апиын , тәуелділік, контрабанда, дін таратушылар, варварлар, тайпиндер, сыртқы сауда келісімшарт бойынша құрылған порттарДиалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер Мен императорға … кеңес берер едім Екінші апиын соғысы британдықтар мен француздықтардың кесірінен болды/болмады, себебі …Императордың ескі жазғы сарайды қасақана өртеу дұрыс/дұрыс емес, себебі …Ескі жазғы сарайдың мүлкін қайтару/қайтармау керек еді, себебі …
    Құндылықтарды дарыту — патриотизм; өз еліне және өзге мемлекттердің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрмет таныту;-тұлғааралық қарым-қатынасты дамытуға және бағалауға мүмкіндік беретін жұптық және топтық жұмыстарды қолдану;— жеке тұлғаның пікірін ескеру және әрбір ойдың құндылығын құрметтеу;
    Пәнаралық байланыстар География (Англия, Қытай мемлекеттері тақырыптары бойынша)
    АКТ қолдану дағдылары Осы сабақта интербелсенді тақта және сабақ тақырыбы бойынша презентация пайдаланылады.
    Бастапқы білім Оқушылар Үндістан мен Қытайдың Ұлыбританияменалғашқы индустриялық елменқарым-қатынастарын алдыңғы бөлімдердегі және география пәнінде қарастырған білімдерін қолдана алады.
    Сабақ барысы
    Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
    Сабақтың басы Ұйымдастыру кезеңі (БЫМ) Берілген суреттер топтамасының негізінде төмендегі сұрақтар төңірегінде талқылау ұйымдастырып, сабақ тақырыбын анықтайды.

  • Мен не көріп тұрмын?
  • Мен қандай қорытынды жасаймын?
  • Тақырып туралы менде қандай сұрақ туындауы мүмкін?
  • Сабақтың мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыру.

    Презентация
    Сабақтың ортасы Ж. №1 тапсырма Мәтінмен жұмыс

  • Неліктен британдықтар шәй және басқа да белігілі қытай азық-түліктерін күміске емес, апиынға айырбастауды шешті?
  • Неліктен апиын Британияның қол астындағы Үндістанда өндірілді және өңделді?
  • Дескрипторлар:

  • Британдықтардың қытай азық-түліктерін күміске емес, апиынға айырбастау себептерін анықтайды;
  • Апиынның Англия отары Үндістанда өндірілу себебін түсіндіреді;
  • Ж. №2 тапсырма Терминмен жұмыс«экспорт», «импорт», «экспансия», «отарлау», «фактория» ұғымдарын қолдану арқылы, Қытай елінде орын алған тауар – ақша қатынастарының дамуын сипаттандар.Дескрипторлар:

  • Терминдерді қолданып, Қытай елінде орын алған тауар – ақша қатынастарының дамуын сипаттайды;
  • Т. №3 тапсырма. Екі апиын соғысын Венн диаграммасында салыстырыңдар.Салыстыру критерийлері:

  • себептері;
  • қатысушылары;
  • нәтижесі
  • Дескрипторлар:

  • Екі апиын соғысының себептерін, қатысушыларын, нәтижесін Венн диаграммасында салыстырады;
  • ПрезентацияҚосымша 1

    Қосымша 3

    Сабақтың соңы Рефлексия: «Борт журналы» Презентация







    Материалды сайттан тегін жүктеу

    Жүктеу

    Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


    Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.