Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер

0
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тригонометрия Мектеп: №44 «Жаңа дала» ЖОМ Күні: Мұғалімнің атыжөні: Байбосынов Кажымухан Абдихалыкович Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: Сабақ тақырыбы Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 8.2.4.2 Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығару және қолдану Сабақ мақсаттары Оқушылар негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығарадыНегізгі тригонометриялық тепе-теңдік формулаларын есептер шығаруда қолданады Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді және одан шығатын салдарларды дәлелдейді. Бағалау критерийі Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді танып біледі Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді есептер шығаруда қолданадыНегізгі тепе-теңдіктерді қолдана отырып, тригонометриялық өрнектерді ықшамдайды Тілдік мақсаттар Оқушылар негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді қорытып шығарады және меңгередіПәнге қатысты лексика мен терминология:

үшбұрыш, төртбұрыш /шаршы, тік төртбұрыш, параллелограмм, трапеция, қабырға, катет, гипотенуза, диагональ өлшемдері, аудан, ұзындық, биіктік, ені, арақашықтық (арасындағы), қарама-қарсы, … перпендикуляр, … параллель өлшеу, қосу, бөлу/көбейту формула, формулаларды қорытып шығарады/ қолданадыДиалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:Үшбұрыш/шаршы/тіктөртбұрыш ауданын табу формуласы қандай? Пифагор теоремасы дегеніміз не? x арқылы не өлшенеді?

Мен қалай x есептеймін/қорытып шығарамын? x арқылы не өлшенеді?

Құндылықтардыдарыту Оқушылардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру,еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу, құрмет, ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Пәнаралық байланыстар информатика Бастапқы білім Тікбұрышты үшбұрыш, катет, гипотенуза, Пифагор теоремасы Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар Сабақтың басы(10минут) Сәлемдесемін. Оқушыларды түгелдеймін. Сынып бөлмесінің тазалығына назар аударамын. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру үшін шаттық шеңберін құрып, «Сәлемдесу» тәсілі бойынша сергіту сәтін жасатамын. Сынып оқушыларын стикерлер арқылы Пифагор, катет, гипотенуза деп топқа бөлемін.Ширату жаттығуын үй тапсырмасын тексеру мақсатында «Сұраққа жетіп ал» тәсілін қолданамын. Бұл тәсіл тілдік мақсаттың орындалуына көмек береді. Қалыптастырушы бағалауды түзету жүргізе отырып, смайликтермен жүргіземін. Жаңа сабаққа бағыттау мақсатында ширату сұрақтарын «Кубизм» әдісі арқылы жасаймын. Осы әдіс арқылы оқушылар кубтың алты жағындағы сұрақтарға жауап береді. Қалыптастырушы бағалауды түзету жүргізе отырып, смайликтермен жүргіземін.

Стикер, допсмайликтер

Сабақтың ортасы(25минут) Жаңа сабақты меңгерту мақсатында бірінші топқа «Кластерлер» («жүзімнің шоқтары» деген мағынада) әдісін беремін. Бұл әдісті таңдағандар негізгі тақырып дәптердің ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстары туралы әңгімелейді.Ал екінші топқа «Борт журналы» әдісін тапсырамын. Осы әдісті таңдағандар қарапайым түрде мәтінді оқу алдында және оқу материалымен танысқан соң қолданылады. Оқушылар келесі сұрақтарға жауап жазады:

Оқушылар тақырыпты өз ойларымен, тәжірибелерімен байланыстырып, «Борт журналының» бағандарын толтырады. оқушылардың кейін жазбаларын пайдалана білулеріне мүмкіндік туғызады. Үшінші топқа «Кемпірқосақ» әдісін қолданамын. Бұл әдіс бойынша топ құрамындағы оқушылар жаңа мәтін бөліктерін өз топтарында түсініп оқып, талдайды. Кемпірқосақ түстеріне тақырыпқа сай жаңа тепе-теңдіктерді, формулаларды жазып шығады. Осы әдіс арқылы сыныптағы барлық оқушыны жұмыстандыруға, сөйлетуге, өз ойын толық, көркем жеткізе алуға дағдыландыруға болады. Осы әдістерге сәйкес оқушылар тақырыпқа сай тапсырмаларды оқып үйренеді, өзара пікір алмасады. Аталған әдістерді қолдану аясында мен саралаудың дереккөздер тәсілін көрсетемін. Топтарды жұмыстарына сәйкес «Бас бармақ әдісі» арқылы бірін-бірі бағалауға нұсқау беремін.Саралау жұмысының Тапсырма тәсілі бойынша оқушыларға «Семантикалық карта» ұсынамын. Оқушылардың қажеттілігіне қарай негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктерді меңгертуге , қолдануға байланысты ресурстар таратамын.

Түзету жұмыстарын жүргізе отырып, қалыптастырушы бағалауды бағдаршам арқылы жүргіземін.

Оқушылардың қорытынды білімдерін анықтау үшін Тарсия бағдарламасын қолданамын. Тарсия – математикада жұптық жұмыстарда қолданылады. Тарсия бағдарламасы көмегімен тіктөртбұрышты және үшбұрышты кеспе қағаздардан тұратын әртүрлі пазлды құрастырады. қалыптастырушы бағалауды смайликтер арқылы жүргіземін.

А4 қағаздар,маркер

Семантикалық карталар

Кеспе қағаздар

Сабақтың соңы

(5минут)

«Тазалық ойыны» әдісіарқылы рефлексия жасай отырып, оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы жазады.Үйге тапсырма: Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер тақырыбына тест тапсырмасын құрастыру Кеспе қағаздар Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы Оқушыларға «Сұраққа жетіп ал » тәсілін қолдану арқылы диалог және қолдау көрсету тәсілін қолданамын. «Кластерлер», «Борт журналы», «Кемпірқосақ» әдістерін пайдалану аясында дереккөздер тәсілін басшылыққа алдым. Семантикалық карта тарату арқылы қажеттіліктеріне қарай ілгерілету тапсырмаларын орындатамын . Тарсия бағдарламасын қолдану аясында тақырыпты қалай меңгергенін анықтаймын. Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін әр тәсілдің соңында қалыптастырушы бағалау,өзара бағалау,қошеметтеу,мадақтау, «смайликтер», «басбармақ», «бағдаршам» тәсілдері қолдап, мадақтап отырып, бағалаймын. Сынып бөлмесіндегі техника қауіпсіздігін сақтауды ескертемін. Партада түзу отыруын қадағалап,қалам,сызғыш ұштарын көзге жақындатпауды қадағалаймын. Сабақ бойынша рефлексия