«Негізгі топша металдарына» тәжірибелік есептер шығару.

0









«Негізгі топша металдарына» тәжірибелік есептер шығару.

Автор: Орынбаева Асель Кайшибековна

Бағыты: Химия Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: 10 сынып

Жарияланған уақыты: 2019-01-27


Материал туралы қысқаша түсінік

Металдар тақырыбы бойынша металдар түрлері,есептер мен жаттығулар жұмысы жазылған.




Күні: 19. 02.14.Пәні: ХимияСыныбы: 10 «Б» Сабақтың тақырыбы: «Негізгі топша металдарына» тәжірибелік есептер шығару.Cабақтың мақсаты: Негізгі топша металдар мен олардың қосылыстары туралы оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білулерін тексеру. 1.Білімділігі : Негізгі топша металдардың химиялық қасиеттерін, иондық теңдеулерін гидролизге дұрыс жаза білу және білімдерін одан әрі жетілдіру.2.Дамытушылығы: Ион алмасу реакция, иондық теңдеу, гидролиз, электролиз, білім дағдыларын дамыту.3.Тәрбиелігі: Оқушылардың практикалық дағдыларын, пәнге қызығушылықтарын арттыру.Сабақтың түрі: практикалық жұмыс №1.Керекті құрал- жабдықтар: интерактивті тақта, зертханалық құрал- жабдықтар, реактивтер.I.Сабақтың жоспары1.Ұйымдастыру.1 кезең: сәлемдесу2 кезең: оқушыларды журнал бойынша түгендеу.II. Үй тапсырмасын сұрау.1.s- элементтер периодтық жүйеде қалай орналасқан?(s- элементтер негізгі топта орналасқан.)2. Сыртқы электрондық қабаты 3s1,4s1 аяқталатын қандай элементтер?(Na,K) 3.Cыртқы электрондық қабаты 4s2, 3s2 аяқталатын қандай элементтер?(Mg,Ca)4. Күнделікті өмірде негізгі топша металдарының қандай қосылыстары бар?(NaCl- ас тұзы, Na2CO3— ас содасы, KNO3 калий нитраты ( cелитра), K2CO3 сақар (поташ).5. Тұздар гидролизі дегеніміз не?6. Ион алмасу реакциясы дегеніміз не?7. Электролиз дегеніміз не?III. Сабақ барысы. Cабақта №1 практикалық жұмыс орындалады. Берілген :I, II, III нұсқада 3 эксперименттік тапсырмалар беріледі. I-нұсқа1.I-сынауыққа Na2CO3 ерітіндісін құйыңдар. II-сынауыққа NaCl ерітіндісін құйыңдар.Индикатор қолданып ерітінді ортасын анықтап, гидролиз теңдеуін жаз.2. Екі сынауықта тұздың ерітіндісі берілген, соны AgNO3 реактиві арқылы анықта. I cынауықта қандай зат, ал II cынауықта қандай зат түзілді? Реакция теңдеуін толық және иондық түрде жазып көрсет.3.Na,K,Li cумен әрекеттестіру. Активтілігін анықта.Кестені толтыр.

Реакция теңдеуі(қысқартылған, толық) Байқау(түсі, тұнба, ерітінді) Жалпы қорытынды

IIнұсқа1.I сынауыққа КNO3 ерітіндісін, ал II сынауыққа К2CO3 ерітіндісін құйыңдар.Индикатор қолданып ортаны анықта, гидролиз теңдеуін жаз.2.Екі сынауықта тұздың ерітіндісі берілген, соны BaCl2 реактиві арқылы анықтап: I- сынауықта қандай зат?II- сынауықта қандай зат?3.Айналымды жүзеге асыр: KK2OKOHK2CO3Кестені толтыр.

Реакция теңдеуі(қысқартылған, толық) Байқау(түсі, тұнба, ерітінді) Жалпы қорытынды

III-нұсқа1. I — сынауықта LiCl ерітіндісі берілген. II- сынауықта Li2CO3 ерітіндісін индикатор қолданып ортаны анықта, гидролиз теңдеуін жаз.

2. Екі сынауықта тұз ерітінділері берілген. NaOH қосқанда қандай зат тұнбаға түседі? HCl қосқанда қандай зат түзілді? Түсі қандай? Реакция теңдеуін жаз.3. NaCl ортасын электролиздеу. Реакция теңдеуін жаз. Қандай заттар түзіледі?

Кестені толтыр.

Реакция теңдеуі(қысқартылған, толық) Байқау(түсі, тұнба, ерітінді) Жалпы қорытынды

IV.Үй тапсырма беру. Негізгі топша» металдар тақырыбын қайталау.§6.§6.1- 6.6 оқып келу.







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.