Негізгі құралдарды есептен шығару есебі

0
760

Негізгі құралдар есебі

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен шаруашылық қызметіндегі орны
1.2 Негізгі құралдардың ХҚЕС-на сәйкес тану критеориялары мен бағалауы
1.3 Негізгі құралдар есебінің нормативтік реттеу механизмі

2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі мен құжаттарда рәсімдеу
2.2 Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу
2.3 Негізгі құралдарды есептен шығару есебі
2.4 Негізгі құралдарды түгендеу
2.5 Негізгі құралдардың есебін жетілдіру

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

3

5

5

7
10

13

13

16
19
23
24

27
30

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылғы жолдауында Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму, Қазақстанның индустриалды-инновациялық стратегиясында атап көрсетілгендей Қазақстанның болашақта экономикасын мықты дамыту жоспарлары жасалуда, ал бұл жоспарлар нақты істерсіз жылжуы мүмкін емес [1].
Қазақстан қарапайым технологияларды қолданатын ел қатарынан шығып, дамыған прогрессивті технология қолданатын елге айналуы үшін экономикалық қуатын арттыруы керек. Осы және көптеген басқа реттеуге келетін факторларды қолдану (сыртқы байланыстарда белгілі мемлекеттерге ерекше назар аудару, құрылымдық саясат, интеграциялық процестерді күшейту арқылы сыртқы күштерге қосылу) экономиканы тұрақтандыруға, Қазақстанның дамуына және өркендеуіне жеткілікті шарт болуы мүмкін.
Отандық өнеркәсіпте өңдеуші салаларды дамытудың маңызы зор. Олардың тұрақты дамуына әсер ететін кедергілердің біріне өнеркәсіптегі техника сапасының төмен деңгейі болып отыр. Негізгі құралдардың сапалық және табиғи тозуға ұшырауы, кәсіпорындардағы өндірістің ескі құрал-жабдықтармен жұмыс істеуі импорттың аналогтармен бәсекеге түсе алмайтын сапасы төмен өнім өндіруге әкеп соқтырады. Өнімге сұраныстың аздығынан өндірістік қуат та толық пайдаланылмайды.
Өндірісті дамытудың негізі – кәсіпорынның техникалық жарақтануы мен технологиялық деңгейінің жоғарылығымен сипаталады. Кәсіпорында үнемі негізгі құралдарды жетілдіріп отыру, оларды тиімді пайдалануды ұтымды ұйымдастыру, жаңарту, кеңейту, техникалық қайта жарақтандыру шараларын ұдайы жүргізу арқылы сапалы, бәсекеге қабілетті экономикаға қол жеткізіледі.
Қазақстан Республикасының индустриалды инновациялық даму үлгісін қалыптастыру экономика дамуындағы басты бағыт болып отыр. Өнім сапасының халықаралық сандарттарға сәйкестендіру, техникалық, амортизациялық саясатты жетілдіру және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамсыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру қазіргі заман талабы. Экономиканы диверсификациялауға бағытталған индустриалды-инновациялық стратегияны іске асыру үшін алдағы міндет – бәсеке қабілетті экономика үлгісін таңдап, экономиканың негізі – өндірісті дамыта отырып, шикізат өндіруде қоршаған ортаны ластамай бірте-бірте таза өндіріске көшу, яғни қалдықсыз өндіріс деңгейіне жету жолында нарықтық тетіктерді қолдануымыз керек [2].
Нарықтық қатынастарға өтумен байланысты әр бір қоғам даму жолдарын таңдау алдында тұрады. Нарықтық экономикада шынайы экономикалық процестердің қиындығы, олардың қайшылығы және біртекті еместігі қоғамның прогрессивті тенденциялардың дамуына жауап беретін экономикалық саясаттың бағыттарын таңдау үшін айтарлықтай қиындықтар туғызады.
Қазіргі экономика – бұл бір-біріне қайшы келетін топтар қатынасы: нарықтық қатынастар жүйесі және барлық экономиканың саналы реттелуі.
Бұл мәселелерді шешу үшін кәсіпорынды тек қана техникалық потенциалмен қамтамасыз етіп қоймай сонымен қатар оларды пайдаланудың тиімділігін көтеру қажет.
Негізгі құралдар өндіріс сферасында қызмет етеді және кәсіпорынның байлығының басты бөлігін құрайды. Олар республиканың, кәсіпорынның техникалық потенциалын анықтайды, олардың құрамының сапалығынан және жағдайынан өндірістің өсу қарқынымен өсуі байланысты. Республика экономикасының басты орнықтырушысы – өнеркәсіпті тұрақтандыру тенденциясының қалыптасуы. Өнеркәсіпте жеделдете кері холдингтеу және технологиялық өзара байланысты және бәсекелік қабілеті бар өнеркәсіптік топтар құруға кірісу керек, мұнсыз дүниежүзілік нарықта бізде болашақ жоқ. Өнеркәсіпті басқарудың қазіргі баспалдақты құрылымдары мен жүйесі нарық талабына сай келмейді. Сондықтан да оны өндірістің өнімділігін, тиімділігін қамтамасыз етуге тұтынушылардың, өнім берушілердің, өнер тапқыштардың және тағы басқалардың әр алуан талаптарын қанағаттандыратындай етіп қайта құру қажет.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын меншік формасына байланыссыз өзінің меншілігінің, амортизациясының, пайдасының, кредиттерінің есебінен құрал-жабдықтарды алады, цехтер салады. Өндіріс тиімді болу үшін, ол негізгі өндірістік қорларды құруға және сатып алуға жұмсалған қаражаттар бекерге жоғалтылмауы үшін негізгі құралдар толық және тиімді пайдалануы қажет. Кәсіпорын негізгі құралдарын қалай пайдалануына қарай олардың пайдасы байланысты болады, демек кәсіпорынның ары қарай дамуы да осыған байланысты.
Зерттеу жұмысының мақсаты – кәсіпорынның негізгі құралдарының есебінің жүргізілуін қарастырып, ұсыныстар жасау. Қойылған мақсатқа қарай зерттеу жұмысының келесідей міндеттері қойылып, шешілді:
oo негізгі құралдардың түсінігі, жіктелуі және бағалануы нақты көрсетілді;
oo негізгі құралдар есебінің нормативті – құқықтық реттелуі анықталды;
oo негізгі құралдардың пайдалану тиімділігіне талдау жасалды;
oo негізгі құралдардың қозғалысы есебінің, амортизация есебінің мәнін нақтылау және жетілдіру жолдары бойынша ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің ақпараттық базасы болып кәсіпорынның негізгі құралдарының қозғалысы туралы есеп, кәсіпорынның жарғысы мен есеп саясаты табылады. Негізгі құралдар есебіне, аудитіне және пайдалану тиімділігін талдау мәселелеріне Қазақстанның В.Л. Назарова, Қ.К. Кеулімжаев, А.Қ. Байдақов, А.С. Исмаилова, Д.О. Абленов және тағы басқа экономист ғалымдардың жұмыстары қарастырылған, олардың еңбектері осы жұмыста тақырыпты ашу үшін пайдаланылған.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып кәсіпорында негізгі қорлардың есебі, талдауы сұрақтарын қамтитын нормативтік, заң актілері, арнаулы, кезеңдік әдебиеттер табылады.
Зерттеу жұмысының құрамы мен құрылымы кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан құрылған.
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Негізгі құралдардың экономикалық мәні мен шаруашылық қызметіндегі орны

Кәсіпорынның негізгі белгісі – оның меншігінде, шаруа жүргізуінде немесе жедел басқаруында жекешеленген мүлкінің бар болуы. Ол кәсіпорынның қызмет етуінің материалды-техникалық мүмкіндігін, оның экономикалық сенімділігін және дербестігін қамтамасыз етеді. Белгілі бір мүліксіз ірі, кіші кәсіпорындар немесе жеке кәсіпкерлер өзінің қызметін жүзеге асыра алмайды.
Негізгі құралдар – өндіріс процесінде ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдары, яғни материалдық активтер [3, 42].
Негізгі құралдар – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы [4, 16].
Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар жоспарының екінші бөліміндегі 2400 Негізгі құралдар бөлімшесінің активті 2410 Негізгі құралдар шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.
Өндіріске қатысуына байланысты негізгі құралдар мыналарға жіктеледі:
oo өндірістік – негізгі құраларға жарғылық қызметті іске асыруға байланысты, яғни өнеркісіп өндірісі, құрылыс, ауыл шаруашылық, сауда;
oo өндірістік емес – жалпы ішкі өнімді шығармайтын, бірақ оны тұтынатын объект, яғни тұтынушылыққа бағытталған негізгі құралдар.
Иелігіне қарай:
oo меншікті – кәсіпорынға тиісті, өз иелігіндегі болған құралдар;
oo жалгерлік – жал келісімі бойынша онда көрсетілген уақытқа басқа субъектіден алыннған объект;
oo уақытша кіргізілген – бұл негізгі қорлар өзгертілмеген күйінде қайтаруға жатқызылады, табиғи тозу салдарынан өзгеруден басқа.
Пайдалануына қарай:
oo пайдаланудағы – кәсіпорынның өндірістік және шаруашылық қызметте пайдаланылып жатқан негізгі құрал;
oo запастағы – жұмыс істеп тұрған құралдарды жөндеу, авария немесе жою кезінде пайда болатын запастар;
oo консервациядағы – уақытша қолданылмайтын құралдар.
Заттық құрамы бойынша:
oo инвентарлы – объект, заттық құрамы бар және жоюлуға және есептіліккке алынатын негізгі құрал (ғимарат, жабдықтар, машиналар);
oo инвентарлы емес – жер, орман және су алабына капитал салымы.
Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді. Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар, әрекет етіп тұрғандар болып саналады. Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі қүрал-жабдықтар. Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп түрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың запас бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.
Өндірістің әрбір процесі өндіріс қорларының қатысуымен жүзеге асырылады, олар келесідей болып бөлінеді:
1) еңбек заттары (материалдар, шикізаттар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар);
2) еңбек құралдары (станоктар, машиналар және т.б.).
Еңбек құралдарын басқару нәтижесінде адам еңбек затына тікелей әсер етеді және өндіріс үрдісінде еңбек өнімін шығарады.
Еңбек үрдісінде ресурстарға және оларды тұтыну қатынасынан көпшілігінде шығарылатын өнім көлемі, олардың сапалылығы, жұмысшының оның жанұясының пайдасы және өмір сүру деңгейі, ал ақырғысында ел халқының терең экономикалық дағдарысын анықтайтын бірден-бір себеп болып адам өмірінде бағаның көтерілуі ресурстардың тиімсіз пайдалануы табылады.
Ресурстар болып жоғарыда айтылғандай мемлекет оның әкімшілік орталықтары, кәсіпорындар, қоғамдық ұйымдар, мекемелер, жанұя, жай адам иемденетін өндіріс құралдары, барлық мүмкін байлық қорлары, құндылықтар табылады. Ресурстар материалдық, адамдық, қаржылық және табиғи болып бөлінеді. Осы жұмыста олардың ішінен біріншісі қарастырылған.
Негізгі қорлар – бұл еңбек құралдарына заттай айналған өндірістік қорлардың бөлігі, ұзақ кезең бойы өзінің натуралды формасын сақтайды, өнімге өз құнын бөлектеп ауыстырады және тек қана бірнеше өндірістік циклдарды жүргізгеннен кейін өтеледі.
Ресурстарды негізгі және айналымға бөлудің негізіне өндірісте жүргізетін, және өз құнын шығарылатын өнімге, қызметке ауыстырудың әр түрлі сипатына әр мәнді принцип қойылған. Негізгі құралдар өзінің әлеуметтік мәніне қарай меншік объектісі болып табылады және тұтынушылық құн, пайдалы заттар, сонымен қатар еңбекте тұрып қалған құн секілді натуралды түрде көрінеді.
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі құралдардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау, пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау, негізгі құралдардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы, жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару, тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану, негізгі құралдардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару, кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету.
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.
Нарықтық экономикаға өту шарттары еңбек коллективін өндірістің барлық материалды-құндық факторларын соның ішінде негізгі құралдарды тиімді пайдалануды көтеру. Бұл қорларды мұқият экономикалық талдау жүргізудің арқасында тауып және іс жүзінде қолдануға болады.
Негізгі құралдардың жағдайы және оларды пайдалану – талдамалық жұмыстың негізгі бір аспектісі болып табылады, себебі дәл осылар әр бір өндірісті тиімді пайдаланудың негізгі факторы – ғылыми-техникалық прогрестің материалды айналуы болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі қорларын және өндірістік қуаттылықтарын толық және тиімді пайдалану оның баруына әсерін тигізеді: оның еңбек өнімділігінің өсуіне, қор қайтарымның, өнім шығарудың көбеюіне, оның өзіндік құнының төмендеуіне, капитал салымдарын үнемдеуге.
Өнеркәсіпті-өндірістік негізгі құралдарды тиімді пайдалануды және жағдайын талдау мақсаты болып: кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшілерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау, оларға деген қажеттілігін анықтау, олардың өсу жоспарының орындалуын, жаңаруын және шығуын анықтау, негізгі құралдардың техникалық жағдайын әсіресе активті бөлігін зерттеу, негізгі құралдардың пайдалану дәрежесін және оған әсер еткен факторларды анықтау, құрал-жабдықтар паркінің толықтай қолданылуын және комплекттігін анықтау, қор қайтарым өсімінің резервтерін шығару, негізгі құралдардың тиімді пайдалану есебінен өнім көлемін және пайданы көтеру.
Негізгі құралдар қандай да болмасын өндірістің маңызды факторы болып табылады. Олардың жағдайы және тиімді пайдаланылуы кәсіпорынның шаурашылық қызметінің ақырғы нәтижесінде тікелей әсерін тигізеді.

1.2 Негізгі құралдардың ХҚЕС-на сәйкес тану критериялары мен бағалауы

Есеп саясатының бұл бөлімінде шаруашылық субъектісін материалдық активтерді негізгі құралдарға апаруға критерилерін анықтап алу керек. Негізгі құралдардың есебі, бухгалтерлік есептің маңызды да күрделі бөлімдерінің бірі болып табылады және ол халықаралық қаржылық есептіліктің 16 Негізгі құралдар стандартымен реттеледі. 16 ХҚЕС қолданылатын келесідей негізгі құралдар өндірістік қызметте қолданылса да 16 ХҚЕС бойынша есебі жүргізілмейді: орманды жерлер және басқа табиғатты пайдалануды қалпына келтіруші басқа да объектілері, минералды қазбалар мен басқа да осыған ұқсас орны толтырылмайтын табиғи ресурстар, оларды іздеу және өндіру (16 ХҚЕС 2.б).
16 Негізгі құралдар ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдарға, бір мерзімнен артық уақыт ішінде компания өндіріс немесе тауарлармен қызметтерді жеткізу үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта қолданатын активтер жатады. Ол үшін активтерді негізгі құрал ретінде бухгалтердің тануы жеткіліксіз.
Негізгі құрал тану дегеніміз, оларды бухгалтерлік баланс қосу үшін есепке қабылдауды білдіреді.
Негізгі құралдардың объект актив ретінде тану бір мезгілде екі шартты орындауды білдіреді (16 ХҚЕС 7.б).
Негізгі құралдар – материалдық активтер олар:
А) компания немесе тауарлы – материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
Ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
А) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
Ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
А) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
Ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс – әрекет ететін материалдық активтер ұлттық комиссиясы.
2-ҰҚЕС-ның 16 – Негізгі құралдар бөлімінде негізгі құралдарға келесідей анықтама беріледі:
Негізгі құралдар – бұл:
1) өндірісте қолдануға немесе әкімшілік мақсаттар үшін немесе басқа тұлғаларға жалға өткізу үшін тауарларды және қызмет көрсетулерді жеткізуге арналған;
2) күтілетіндей, бір жылдан артық қолданылатын материалдық активтер.
Ұсынылған анықтамалардан үш негізгі белгі айырықшаланады:
1) материалдық нысанының болуы;
2) кәсіпорынның қалыпты қызмет процесінде мақсатты сипатының қолданылуы (сату үшін арналмаған);
3) қолданылуының ұзақ мерзімі (кем дегенде бір айналымнан артық).
2-ҰҚЕС – ның 1 – параграфы 3 – тармағы 1 – тармақшасына сәйкес актив – бұл өткен оқиғалар нәтижесінде болашақ пайда алу күтілетін ұйымдармен немесе жеке кәсіпкерлермен бақыланатын ресурс.
Осылайша, ұлттық стандарттар принциптеріне сәйкес кәсіпорын активтермен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын жоғары деңгейдегі ықтималдылығын бекітуге болатын жағдайда негізгі құралдардың объектісі актив ретінде танылады.
Халықаралық стандарттарға ұқсастық бойынша, болашақ экономикалық пайда алу ұйымның:
1) активке байланысты игілік алатынына;
2) өз мойнына сәйкесінше тәуекелдерді алатынына қатысты анықтылығын білдіреді.
Егер актив экономикалық пайда әкелмейтін болса, онда оны сатып алуға кеткен шығындар есепті кезең шығыстарына есептен шығарылады.
Халықаралық стандарттарда және 2-ҰҚЕС – нда активті қолданудан болашақ экономикалық пайда алу міндеттеленеді, сондықтан 6 – Негізгі құралдардың есебі ҚБЕС бойынша негізгі құралдар объектілерін тану принциптері бойынша негізгі айырмашылық болып осы жағдай табылады.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 6 Негізгі құралдар есебі БЕС мен 16 Негізгі құралдар ҚЕБХС – на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
* Бастапқы құн немесе өзіндік құнмен – активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай қаражаттың немесе оның баламасының сомасы;
* Ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;
* Өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
* Жойылу құны – шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
* Амортизациялық құнмен – жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
* Баланстық құнмен – жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал – активтің баланстық құны оның орнын толтыратын құннан артқан сома.
Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Бухгалтерлік есепте қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың 2- ҰҚЕС-ның 16 – Негізгі құралдар бөлімшесінің тиісті баланстық шоты бойынша тікелей бастапқы құнын арттырады және қатар бір мезгілде 5320 Негізгі құралдарды қайта бағалаудан болатын қосымша төленбеген капитал 54 бөлікшенің баланстық шоты бойынша
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ – 1 нысанындағы Негізгі құралдарды қабылдау – тапсыру актісін толтыру арқылы алынады. Қабылданған объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
Негізгі құралды қарызға алу: ХҚЕС16 сәйкес негізгі құрал қарызға алған кезде, оның бастапқы құны сатып алу кезіндегі құнмен танылады. Ал кейіннен сол құнмен және төленген соманың арасындағы айырмашылық несиенің пайыздақ төлеу бойынша шығын ретінде есепке алынады. Қарыз бойынша пайыздың капитализациялануы активті құру кезінде болады.
Активтермен алмасу: ХҚЕС 16 активтермен алмасу кезінде олар әділ құнымен бағаланады. Егер әділ құны болмаған немесе сенімді болмағанда оны өзіндік құны (баланстық құны) арқылы бағаланады.
Негізгі құралдарды сый ретінде алу: ХҚЕС 20 Мемлекеттік субсидияларды есепке алу және мемлекеттік көмек туралы ақпаратты ашып көрсету стандартына сәйкес мемлекеттік грантты есептеудің 2 тәсілі бар [5, 25]:
oo капитал әдісі;
oo табыс әдісі.
Капитал әдісі бойынша мемлекеттік грантты есепте меншікті капитал түрінде көрсету.
Табыс әдісі бойынша грантты табыс ретінде тану жыл ішінде немесе бірнеше есеп мерзімінде тану.
Жерді сатып алу егер жер реконструкциялау немесе ғимарат үшін сатып алынған болса, ондағы ескі құрылыстарды бұзу бойынша шығындар жер құнына капитализацияланады.

1.3 Негізгі құралдар есебінің нормативтік реттеу механизмі

Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті [6, 85].
Нарықтық экономикаға өту жағдайында бухгалтерлік есептің мақсаты негізгі қорлардың қозғалысын, шығуын, түсімін дұрыс және уақытылы қадағалау; пайдалану жерлерінде олардың бар болуын және сақталуын бақылау; негізгі қорлардың тозуын уақытылы және дәл есептеу, сонымен қатар оның есепте дұрыс айқындалуы; жөндеуге кеткен шығындарды анықтау және осы мақсатқа бөлінген қаржыларды тиімді пайдалануды басқару; тиімді пайдалануды басқару, машиналардың, құрал-жабдықтардың, көлік құралдарының және басқа да объектілердің жұмысының тиімділігін көтеру үшін қорларды табу, сонымен қатар өнім шығаруын көтеру үшін өндірістік алаңдарды қолдану; негізгі қорлардың пайдаланбайтын, артық объектілерін шығару; кәіспорын басшысын есептеу техника құралдары базасында есептеп шығару жұмыстарын автоматтандыру жолымен негізгі қорлардың жағдайы туралы қажетті ақпаратпен жедел қамтамасыз ету. Негізгі құралдар есебі, олардың жіктелуі және бағалануы, құжаттық рәсімделуі және негізгі құралдардың түсуінің есебі, негізгі құралдардың тозуы мен амортизация есебі, олардың ремонттарына шығындардың есебі және құжаттық рәсімдеуі, негізгі құралдарды қаржыландыру және қайта бағалау тәртібі 16 Негізгі құралдар Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандартына сәйкес жүргізіледі.
Осы Cтандарттың мақсаты қаржы есептілігін пайдаланушылар ұйымның негізгі құралдарға инвестициялары және ондай инвестициялардағы өзгерістер туралы ақпарат алуы үшін негізгі құралдар есебінің тәртібін анықтау болып табылады. Негізгі құралдар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану, олардың баланстық құнын және осыларға байланысты танылуға тиісті амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған шығындарды анықтау болып табылады.
ХҚЕС 16 басқа Халықаралық қаржы есептілігі стандарты басқа есепке алу тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін реттерді қоспағанда, негізгі құралдарды есепке алу үшін қолданылады.
Басқа Стандарттар осы 16 ХҚЕС-да көзделгеннен өзгеше тәсілдеме негізінде негізгі құралдардың сол немесе басқа баптарын тануды талап етуі мүмкін. Мысалы, 17 Жалдау Халықаралық стандарты ұйымнан тәуекелдер мен пайдалардың негізгі құралдардың жалданатын объектісін тану белгісі ретінде берілуін қолдануды талап етеді. Алайда, мұндай жағдайларда, амортизацияны қоса, осы активтер үшін есепке алу тәртібінің қалған аспектілерінің барлығы осы Стандарттың талаптарымен анықталады.
Осы Стандарт тану бірлігін, яғни негізгі құралдар объектісі нені құрайтынына ұйғарым жасамайды. Осыған байланысты ұйымдағы нақты міндеттемелерді тану өлшемдерін қолдану білікті пайымдауды талап етеді. Кейбір жағдайларда жекелеген шағын объектілерді, мысалы, үлгілерді, құралдарды және мөртаңбаларды біріктіріп, осы өлшемдерді олардың жалпы құнына қолдануға болады. Негізгі құралдар объектісі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін немесе қоршаған ортаны қорғау мақсаттарында сатып алынуы мүмкін. Осындай негізгі құралдарды сатып алу қолда бар нақты негізгі құралдар объектісін пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдалардың ұлғаюына тікелей байланысты болмаса да, ұйымға тиесілі басқа активтерді пайдаланудан алынатын болашақ экономикалық пайдаларды ұйымның алуы үшін қажет болуы мүмкін. Негізгі құралдардың осындай активтері активтер ретінде танылуы мүмкін, өйткені, егер осы объектілер сатып алынбаған болса, алынуы мүмкін болатындардан тыс тиісті активтерден ұйымның болашақ экономикалық пайдалар алуын қамтамасыз етеді [9].
Негізгі құралдарды есепке алудың түгендеу карточкасы бухгалтерлік қызметте негізгі құралдардың әрбір объектісіне жүргізіледі. Нысан бір данада негізгі құралдардың объектісін есептеуге, оны көшіруге, жете жабдықтауға, жаңартуға, жаңғыртуға, күрделі жөндеу және есептен шығару бойынша құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкасында негізгі құралдар объектісінің, сондай-ақ оған қатысты маңызды жапсырламалардың, ығайламалардың негізгі сапалық және сандық көрсеткіштері болады.
Түгендеу нөмірлері реттік-сериялық жүйе бойынша олардың түсу шамасына қарай негізгі құралдардың объектілеріне беріледі.

Объектілерді қолданысқа енгізу қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерекше тәртіппен ресімдеулі қажет болатын сол жағдайларды қоспағанда, пайдалануға негізгі құралдардың объектілерін енгізуді есепке алу үшін, сондай-ақ басқа ұйымға беру, сату кезінде негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін негізгі құралдарды қабылдау-беру актісі қолданылады. Акті екі данада әрбір бөлек объектіге немесе объектінің компонентіне жасалады. Техникалық құжаттамасы қоса берілген ресімделген акті бухгалтерлік қызметке беріледі, оған бас бухгалтер қол қойып, дара кәсіпкер немесе ұйымның басшысы немесе осыған уәкілетті адамдар бекітеді.
Объектілерді қолданысқа енгізу қолданыстағы заңнамаға сәйкес ерекше тәртіппен ресімдеулі қажет болатын сол жағдайларды қоспағанда, пайдалануға негізгі құралдардың объектілер топтарын (құрауыштарын) енгізуді есепке алу үшін, сондай-ақ басқа ұйымға беру, сату кезінде негізгі құралдардың құрамынан шығару үшін негізгі құралдардың объектілері топтарын қабылдау-беру актісі қолданылады. Құжатты ресімдеу тәртібі осы Ереженің 71-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Объектінің немесе негізгі құралдардың объектілері топтарын ұйымның бір құрылымдық бөлімшесінен басқасына ішкі орнын ауыстыруды ресімдеу үшін, объектінің немесе негізгі құралдардың объектілері топтарын қоймадан (қордан) пайдалануға беруді ресімдеу үшін негізгі құралдардың ішкі орнын ауыстыруға жүкқұжат қолданылады. Жүкқұжатты екі данада тапсырушы ұйымның құралымдық бөлімшесінің жұмысшысы жазады. Алушының және тапсырушының қолхаты бар бірінші дана бухгалтерлік қызметке, екіншісі тапсырушы ұйымның құрылымдық бөлімшесіне беріледі.
Негізгі құралдарды (негізгі құралдардың құрауыштарын) жөндеуге, жаңартуға (жаңғыртуға) қабылдау-беруді ресімдеу үшін жөнделген, жаңартылған (жаңғыртылған) негізгі құралдарды қабылдау-беру актісі қолданылады. Дара кәсіпкердің немесе негізгі құралдарды қабылдауға тапсырысшы ұйымның материалдық-жауапты қызметкері және жөндеу, жаңарту (жаңғырту) жүргізген орындаушы ұйым өкілі қол қойған акті екі данада жасалады. Тиісті негізгі құралдың техникалық паспортына күрделі жөндеуге, жаңартуға (жаңғыртуға) байланысты объектінің сипаттамасына қажетті өзгерістер енгізілуі қажет. Актіге бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойып, дара кәсіпкер немесе тапсырысшы ұйымның басшысы бекітеді.
Негізгі құралдардың объектілерін (актокөлік құралдарынан басқа) толық немесе ішінара (істен шығаруды) есептен шығаруды ресімдеу үшін негізгі құралдардың істен шығаруға (есептен шығаруға) акті қолданылады. Акті екі данада жасалып, комиссияның мүшелері қол қояды және дара кәсіпкер немесе ұйымның басшысы не осыған уәкілетті адам бекітеді. Актінің бірінші данасы негізгі құралдарды есептен алу үшін бухгалтерлік қызметке беріледі, екіншісі – осы объектінің сақталуына жауапты адамда қалады және қоймаға тапсыруға және есептен шығару нәтижесінде қалған босалқы бөлшектерді, материалдарды, металлоломды және т.б. өткізу үшін негіздеме болып табылады.

2 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Негізгі құралдардың келіп түсуінің есебі мен құжаттарда рәсімдеу

Негізгі құралдар негізінен өндірістік ғимараттарды және тұрғын үйлерді, құрылғыларды салудан; машиналар, жабдықтар, көлік құралдарын сатып алудан; өз күшімен құрал-саймандар дайындаудан; малдардың төлдерін негізгі табына ауыстырудан; жас өсімдіктер көп жылдық өсімдіктерге өткеннен; басқа субъектілер мен жеке тұлғалардан ақысыз алынған негізгі құралдардың келіп түсуінен; объектілерді ұзақ мерзімге жалға алудан; жарғылық қорға қосқан үлес нәтижесінде келіп түскендерден қалыптасады.
Негізгі құралдарды қабылдауды рәсімдеу кезінде субъект жетекшісінің өкімімен тағайындалған қабылдау комиссиясы әрбір жекелеген объектіге бір данадан акт жасайды. Негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және тағы басқа объектілердің есебін жүргізген кезде, егер бұл объектілер бір типті болса, құңдары бірдей болып, бір календарлық ай ішінде қабылданса ғана жол беріледі. Рәсімделгеннен кейін осы объектіге қатысты техникалық құжаттама қоса тіркеліп акт бухгалтерияға беріледі, бас бухгалтер қол қойып, субъект жетекші немесе соған өкілетті адамдар бекітеді.
Алыс-беріс актісінде, міндетті реквизиттермен қоса, комиссия қызмет ету мерзімі және болжамдық жою құнын көрсетеді. Қызмет ету мерзімін шаруашылық жүргізуші субъект дербес анықтай алады, яғни ол негізгі құралдың техникалық жағдайынан, нормасынан және басқа да көрсеткіштерінен шығады.
Ал болжамдық жою құны негізінен кәсіпорынның есептік саясатында көрініс табуы керек, болмаса оны қабылдау комиссиясы көп жағдайда көзбен анықтайды, не болмаса бастапқы құнының 0,01-ден 2.0% дейінгі сомасы алынады. Негізгі құралдардың кәсіпорын ішіндегі орын ауыстыруын рәсімдеу үшін актіні екі дана етіп тапсырушы цех қызметкері толтырады. Алушының және тапсырушының қолдары қойылған бірінші данасы бухгалтерияға тапсырылады, ал екшшісі тапсырушы цехта қалады.
Негізгі құралдарды ақысыз беру кезінде акт екі дана етіп жасалады.
Негізгі құралдарды басқа субъектіге сату кезінде актінің үш данасы жазылады: алғашқы екеуі өткізуші субъектіде қалады, үшінші дана негізгі құралдарды қабылдаушы адамға беріледі.
Негізгі құралдар бірдей өндірістік немесе шаруашылық жұмыстарға арналған, техникалық сипаттамасы және құны бірдей шаруашылық мүліктің бір типті заттарымен, құрал-сайманнан тұрса, олар бухгалтерияда бір мүліктік карточкада жүргізіледі [10, 112].
Бухгалтерия келіп түскен объектіні материалдық жауапты тұлғаға бекітіп мүліктік карточка ашады, объектіге мүліктік тізімдеу номерін беріп, мүлікті Мүліктік тізімге алады, негізгі құралдарды алу туралы жазбасы жасалады. Негізгі құралдар келіп түскен кезде, мына төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады (1 кесте):
Кесте 1
Негізгі құралдарды кіріске алу операциялары бойынша шоттар корреспонденциясы


рн
Шаруашылық операцияның
мазмұны
Сома, мың
теңге
Шоттар
корреспонденциясы

Дебет
Кредит
1.
Негізгі құралдарды кәсіпорынның өз
ішінде орын ауыстыру
200000
2410
2410
2.
Негізгі құралдар басқа заңды немесе
жеке тұлғалардан алынды:
келісім шарттық құнына
ҚҚС сомасына

150000
24000

2410
1420

3310
3310
3.
Құрылтайшылардың жарғылық
капиталына салған негізгі құралдар
600000
2410
5020
4.
Негізгі құралдар серіктестік, тәуелді және бақыланатын кәсіпорындардан алынды:
1. баланстық құнына
2. ҚҚС сомасына (13%)
3. беруші жақтың есептеген тозу сомасы)

250000
40000
100000

2410 1420 2410

6160
2420
2420

Жиыны (бастапқы құны)
350000
X
X
5.
Тегін алынған негізгі құралдар кірістелді:
1. баланстық құнына
2. берілген күнге дейін есептелген тозу сомасына

132000
28000

2410 2410

6160
2420

Барлығы (бастапқы құны)
160000
X
X
6.
Түгендеу барысында есепке алынбаған негізгі құралдар
анықталды:
1. негізгі құралдардың әксперттік
жолымен анықталған қалдық құнына
2. негізгі құралдардың әксперттік жолымен анықталған, бірақ есепке алынбаған тозу сомасына

64000

18000

2410

2410

6160

2420

Барлығы
82000
X
X
7.
Кәсіпорынның өзі дайындалған негізгі құралдары:
1. негізгі өндіріс цехында
2. көмекші өндіріс цехында

300000
200000

2410 2410

8110
8310

Барлығы
500000
X
X

Бұл карточка бухгалтерияға келіп түскен негізгі құралдың актілері, техникалық төлқұжаттары және басқа құжаттар негізінде толтырылады. Карточкада объектілердің және олардың жекелеген құрылымдық элементтерінің қысқаша техникалық сипаттамасы беріледі, бірақ сол техникалық құжаттамадағы мәліметтері қайталанбайды. Негізгі құралды басқа субъектіге тапсыру кезінде негізгі құралдардың шығуы туралы белгі соғуға, сондай-ақ негізгі құрал объектілерін субъект ішінде орын аустыруы кезінде Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, ескіру және тозу салдарынан негізгі құралдың объектілерін есептен шығаруға Негізгі құралдар объектілерін есептен шығару актісі негіз бола алады. Қүрылысы салынып біткен, жабдықтаулары орнатылған, жөндеу жұмыстары біткен объектілері туралы жазбаларды карточкаға жазу үшін Жөнделген, қайта құрылған және жаңалаған объектілерді қабылдау-тапсыру актілері негізінде жазылады [11, 18].
Халық шаруашылығының қай саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі құралдардың өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектілері әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отырғаны дұрыс.
Кәсіпорындарға негізгі құралдарды сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа ұйымдардың және адамдардың сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғарғы үкімет орындарына беруі, тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен , кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау-тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау-тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:
– объектінің аты;
объект қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
құрылыстың салынып біткен уақыты;
– амортизациялық аударым мөлшері;
– бастапқы құны;
– басқа да шартты белгілері.
Негізгі құралдардың салынып біткен аса ірі объектілеріне ұйымдағы бас механикалық бөлім төлқркат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтырылатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz