Наурыз – жыл басы тәрбие сағаты — Тәрбие сағаты
Наурыз – жыл басы тәрбие сағаты
Тақырыбы: Наурыз – жыл басы
Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Көрнектілігі: нақыл сөздер, көрме, тірек –сызбалар, суреттер т.б
Әдісі: Сұрақ жауап,әнгімелеу,талқылау әдісі.
Түрі: Топаралық сайыс
Барысы: І Ұйымдастыру
Кіріспе
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесі құтты болсын! Көктем айымен қатар даламызға жаңа жыл келді.Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп,оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады.
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам.Қазақ халқының жаңа жылы. Бұл кез-күн мен түн теңелетін уақыт.Наурыз мерекесі күні адамдар бір-біріне жақсы тілектер айтқан.
Сіздерге сынып оқушыларының әзірлеген мерекелік тақпақтарын тарту етеміз
Уа, жарандар,жарандар!
Бәрің бері қараңдар
Наурыз – думан басталды,
Бері жақын тұрыңдар.
Наурыз тойы тамаша,
Наурыз тойы жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса.
Наурыз парсы тілінде «Жаңа кун » дегеді білдіреді.Бұл күн даланы Қыдыр баба аралайды екен. Сондықтан сол түнді.Қыдыр түні деп атаған.Бұл күні бардық ыдыс атауланы толтырып қояды.Өйткені ырыс мол болсын деген тілек болған екен.
Малдар төлдеп,қой қоздап,
Сүттен бұлақ ағызған.
Жаңа жылдық сипаты,
Басталыпты Наурыздан.
Ақ қар кетіп,қой қоздап,
Шырайлы шуақ жаз жетіп,
Шаруаның ұлы кенелген
Күн мейрамы ежелден.
Наурыз қайтып аралады аты да ауыз,
Сұрамаймыз ақы да,алпыс та біз
Үй дастархан даламыз,сахнамыз
Ұлы мейрам – Наурыз шақырамыз.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып
Тәрбие, тәлім табар ма?
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға – сол алда,дегендей жарыс түрінде өткізілетін сынып сағатымызда озық ойлы топты анақтаймыз
бүгінгі сабақта « » « және » топтары қатысады.Әр топтың өзінің топ басшысы болады.
Әр топ өз тобын таныстырады.
« Ханталапай » Сұрақ-жауап
(Қазақтың салт-дәстүріне байланысты сұрақтар)
3.Ою ою ( қыздар )
4.Арқан өру (Ер балалар )
5.Өнер көрсету
6.Қол күрестіру
Қазағымның салт-дәстүрін құрметтеп,
Оқушылар жауап берсін сұраққа
Бабалардың салған жолын дәріптеп,
Әр қашанда жүрейікші құрметтеп.
Қандай бата білесің?
« Асар » дегеніміз не?
Жылқының сүті қалай аталады? (қымыз)
Төрт түліктің түрлері қалай аталады?
(Шопаната,Қамбар ата , ойсылқара,Зеңгібаба)
Жылқының жасына қалай аталауы.
(Құлын, жабағы,тай,бесті, дөнекі құлын )
Қандай тыйым сөзді білесің?
(Ақты төкпе,Малды теппе, Нанды теріс қаратып қойма )
Қандай ұлттың ойындарын білесің?
(Көкпар,теңне ілу,алтыбақан,асық,тоғыз құмалақ)
8. Жылдан құр қалған жануар (Түйе)
9.Жігіттің неше жұрты бар? Аттарын ата (Үш жұрты бар: Өз жұрты,нағашы жұрты,қайың жұрты )
10. Наурыз көже неше түрлі тағам қосылады? (7 немесе 9)
11 Екі ақының өнер сайысы? (айтыс)
12. Қырық өтірікті айтқан бала? (Тазша бала )
О, заманда ашқан қазақ өмір сырын,
Шақырған сайыстарға брін-бірі
Тыңдайық тамашалап көрермендер,
Көрсетеді сайыскерлер өз өнерін.
« Өнерлі өрге жүзеді» демекші,
Өнер сайысына кезек береміз.
Қорытындылау
Ұстаздарымыз
Күлімдеген көзі қандай
Мәпелеген, білім берген,
Сүп- сүйкімді шәкірттері қандай
Тілек айтып балаларға
Нүкте қойсын сайыстарға.
Топтарды Құттықтау,марапаттау