Наурыз (Наурыз жыл басы) туралы балабақшадағы ашық сабақтар

0

Күні:               Пәні:Айналаны қоршаған орта.Экология
Тақырыбы:Наурыз жыл басы
Мақсаты:      1.Наурыз шығыс күнтізбесіндегі жыл басы екендігін түсіндіру..
2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып ,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою
-Балалар жылдың қай мезгілі келді?
-Көктемнің бірінші айын ата.
-Жыл мезгілін жақсы қарсы алып,бір-бірімізге деген жылы лебіздерімізді білдірейік.

V Жаңа сабақ
 «Наурыз баталары» өлеңін оқып беру
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Наурыз күні не пісіріледі?
-Наурыз көжеге қандай дән салынады?
       Наурыз- жыл басы,Ұлыстың ұлы күні.Адамдар  бір-біріне табыс,бақытты өмір тілейді.Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады.21-22-сі күн мен түн теңеледі.Наурыз деген сөздің өзі «нау»-жаңа, «руз»-күн деген ұғымды білдіреді.
Наурыз айының сегізінші жұлдызында ең қымбат,асыл жан аналарымыздың мерекесі.Оны-халықаралық әйелдер мерекесі деп атайды.

Сергіту сәті: Ұзын мұртты құмырсқа
                       Келе жатты жұмысқа
                       Алды допты қолына
                       Қойды допты орнына
                       Оңға қарады,солға қарады
                       Үлкен тау деп ойлады

«Наурыз» әнін орындату.
VI Бекіту
-Наурыз мерекесі туралы кім қандай тақпақ біледі?
-Аналарымызға арналған ше?

VII Қорыту
-Балалар қандай тақырып өттік?
-Өлеңде не туралы айтылған?
-Батаны  кім береді?
-Бата білетіңдерің бар ма?
VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мақтау

 

 

 

 

 

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!