Наурыз мейрамы тәрбие сағаты — Тәрбие сағаты

0

Наурыз мейрамы тәрбие сағаты

 

«Нұр себеле, ұлыстың  ұлы күні Наурыз!» атты мерекелік шараның 
Индира: Наурыз — көктем мерекесі
Мирхан:Наурыз — жыл басы
Индира:Наурыз — жаңа серпін, жаңа леп
Мирхан:Наурыз  — қуаныш мерекесі,
Индира:Наурыз — Бақыт пен шаттық мерекесі
Мирхан:Наурыз — шаруаның мересі
Индира: Наурыз — еңбек мерекесі
Мирхан:  Армысыңдар, халайық! Құрметті жиналған жамағат Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні-Наурыз құтты болсын.
Индира:  Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді. 
Бірге: Той құтты болсын. Ұлыс оң болсын. Ақ мол болсын. Ұлыс мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін. 
    Мирхан:  
 Уа, жараңдар, жараңдар!
Бәрің бері қараңдар,
Наурыз думан басталды,
Бір сәт зейін салайық.
Ұштасқан оймен мәңгілік
Біздерде бар сан ғұрып,
Ғасырлардан ғасырға
Келе жатқан жаңғырып.
Бермен жақын тұрыңдар,
Сөзіме көңіл бұрыңдар.
Жауқазындай Наурыздың
Сіздерге арнар сыйы бар.
Индира:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Елімнің дастарханына
Береке, ырыс сыйлашы.
Ата-бабам тойлаған
Наурызым армысың!

Мирхан: Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. 

Индира: Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз сөзі парсы тілінің «Нау – жаңа», «руз – күн» деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басына байланысты думанды халықтық мейрам, екіншіден Наурыз айы, үшіншіден Наурыз күні жасалатын көжеге қатысты айтылған.
Мирхан: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел басындағы татулықты, бірлестікті ерекше бағалаған. Өткен жылан жылында   еліміз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болды. Жаңа Жылқы жылындада елімізге тыныштық болсын деп тілейік , ағайын!
2-жүргізуші:
Индира: Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қыдыр ата келеді. Кәне, бәрімез бірге қарсы алайық.
Мирхан: Қане бәріміз, Қош келдіңіз, Қыдыр ата! – деп Қыдыр ата!
Қызыр ата: 
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көп болсын.
Қайғы уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың жоқ болсын.
Әумин!

Наурыз қыз:
Сәлем Ата-аналар!
Айналайын Балалар!
Халқым менің аманба?
Жаса жайлы заманда,
Уақыт үдеп келдім мен,
Бақыт тілеп адамға.
Қудым жерден суықты,
Қырдан салқын бу шықты.
Ұлыс күнге бүгін мен,
Жеттім міне асыға.
Келген жылым,
Жақсылыққа басташы.
Қуанышпен әр үйдің,
Босағасын атташы.
Келген жылым,
Болсын дәйім бақытты.
Тыңдаңыздар енді халқым
Жыл иесі жылқыны.
Жылқы:
Мен дағы бір қонақпын 
Он екі жылда оралар
Үлкендерге ақ ниет
Сіздерге де ақ ниет
Құтты болсын Жаңа жыл,
Құтты болсын мереке!

Индира: 
Ал, халайық тұрмайық
Әндетейік шырқайық.
Ортамызды ашайық,
Думандатып би-билеп,
Ән мен күйді төгілтіп 
Інжу-маржан шашайық,
Жиналған жұрт таң қалсын,
Өнерден күмбез шашайық.
Ән: «………………………………………….»
Орындайтындар: 
(Терек егушілердің қасына )
Индира: Мирхан, Наурыз мерекесінде ата-бабаларымыз «бұлақ көрсең көзін аш» деп төңіректегі бастаулардың көзін ашса, «Атанаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Бір тал кессең, он тал ек» деп бұлақ басына тал егу дәстүрін жасаған екен.
Мирхан: Иа, Индира, сол дәстүр біздің бүгінгі наурыз мерекесінде де жалғасын тауып жатқандай. 
Индира: Олай болса, Дәстүрімізді ұлықтаушы аға-әпкелеремізге назар салсақ.

(Наурыз қыз ойыны)

Мирхан: Ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай әжелеріміз бүгінгі наурыз мерекесіне «Наурыз көжелерін» дайындап жатыр екен, наурыз көженің қалай жасалуын сұрап, дәм татсақ қайтеді.
Индира:
 (Арқан тартыс) наурыз батыр

 

 

 

 

 

 

 

Ұлы күні кәрі- жас,
                             Құшақтасып көріскен.
                             Жаңа ағытқан қозыдай,
                             Жамырасып өрістен.
                              Шалдар бата беріскен,
                              Сақтай гөр деп керістен.
                              Кел, таза бақ, кел ! –десіп,
                               Ием тілек бер –десіп, 
Қыдыр баба сізден бата сұраймыз. 
2-жүргізуші:  
Наурыз құтты болсын!!! Барлықтарыңызға жақсы көңіл-күй, ашық аспан тілеймін! Өмірлеріңізде куантатын сәттер көп болсын!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!