Nash pub кафесінің Веб-сайтын құру
Аңдатпа
Бұл дипломдық жұмыста «Nash pub» кафесінің Веб-сайтын құру жүзеге
асырылды. Осы сайт арқылы пайдаланушы «Nash pub» кафесі жайында толық
ақпаратты алу мүмкіндігі бар. Дипломдық жоба PHP, HTML,СSS және
JavaScript тілдерін қолдана отырып құрылған, ал деректер қоры MуSQL
Server негізінде жүргізілген.
Дипломдық жобада
кафе жұмысын
автоматтандыру, қызметкерлердің жұмысын жеңілдету, клиенттердің
қызығушылығын арттыру, желіде жұмыс жасау принципін кафеге енгізу
мәселелері қарастырылған.
Аннотация
В данном дипломном проекте был разработан Веб-сайт кафе «Nash
pub». С помощю этого сайта пользователь может получить полную
информацию о кафе «Nash pub». Дипломный проект разработан с
использованием языков PHP, CSS, HTML и JavaScript, а база данных
проведена на оснавании MуSQL Server. В дипломном проекте были
рассмотрены вопросы о автоматизировании работы кафе, облегчении работы
служащим, увеличении интереса клиентов, внедрения в кафе принцип
работаты в сети.
Annotation
In the given degree proje ct a website of «Nash pub» café was designed. With
the help of this site the user can get full information on «Nash pub» cafe. The
degree project is designed with the use the languages PHP, CSS, HTML and
JavaScript, and the database is carried out on the basis of MySQL Server.
Problems of automatization of the café functioning, simplification of the
employee’s work, increase the interest of the clients, introduction of the principle
of work in a network were considered in the degree project.
Мазмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … Ошибка! Закладка не определена.
1 Қазіргі замандағы интернеттің маңызы … . Ошибка! Закладка не определена.
1.1 Интернет ұғымы … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. 9
1.2 Интернет жетістігі … … … … … … … … … .. Ошибка! Закладка не определена.
1.3 Интернеттің негізгі принциптері … … … … … … … … … … … … … … … … … … 12
1.4 Қазақстан интернеті … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. 13
1.5 DNS server ұғымы … … … … … … … … … … Ошибка! Закладка не определена.
2 Сайтты құру құралдары … … … … … … … … Ошибка! Закладка не определена.
2.1 Интернеттегі бағдарламалау тілдері … … Ошибка! Закладка не определена.
2.2 РНР бағдарламалау тілі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 20
2.2.1 РНР тілінің артықшылықтары … … … .. Ошибка! Закладка не определена.
2.3 HTML бағдарламалау тілі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 16
2.4 JavaScript бағдарламалау тілі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 30
2.5 CSS бағдарламалау тілі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 43
2.6 MySQL дерек қоры … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … 37
3 Интернет- дүкенді құруды жобалау және оны іске асыру … … … … … … … .. .. 43
3.1 Интернет- дүкенді құру кезеңдері … … … … … … … … … … … … … … … … … .. 44
3.2 Жобаны іске асыру мерзімі … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 44
3.3 Сайт жасау технологиялары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . 45
3.4 Сайтты жылжыту … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. 49
3.5 Бағдарлама скриншоттары … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … .. 54
4 Тіршілік қауіпсіздігі … … … … … … … … … . Ошибка! Закладка не определена.
4.1 Оператордың жұмыс жағдайын талдау .. Ошибка! Закладка не определена.
4.2 Жасанды жарықтандыруды есептеу … . Ошибка! Закладка не определена.
5 Бизнес жоспар … … … … … … … … … … … … Ошибка! Закладка не определена.
5.1 Жоба мақсаты … … … … … … … … … … … Ошибка! Закладка не определена.
5.2 Жобаның іске асырылуы … … … … … … . Ошибка! Закладка не определена.
5.3 Жобалау және өңдеу бойынша жұмыс құнын есептеуОшибка! Закладка не опре
5.4 Еңбекақы қорына кететін шығындарды есептеуОшибка! Закладка не определен
5.5 Амортизациялық төлемдердi есептеу … Ошибка! Закладка не определена.
5.6 Электр энергиясына шығынды есептеу . Ошибка! Закладка не определена.
5.7 Зияткерлiк еңбектiң бағасы … … … … … . Ошибка! Закладка не определена.
Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . … . 87
Әдебиеттер тізімі … … … … … … … … … … … .. Ошибка! Закладка не определена.
Қосымша А … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … … . … .. 89
Кіріспе
Бүгінгі күнде ақпараттық технологиялар өндірісінде ең танымал
қызметтердің бірі сайт құру болып есептеледі. Біздің ғасырымызда интернет
— кез келген компьютерлер мен бүкіл әлем бойынша ақпарат алмасу мен беру
мүмкіндігі бар желілер жүйесі болып табылады. Дүниежүзілік компьютерлік
интернет желісінің дамуына World Wide Web жүйесі үлкен әсерін тигізгені
барлығымызға мәлім. Өзіміз білетіндей Internet желісі түрлі сайттардан
тұрады. Қазіргі таңда сайттарды пайдалана білумен қатар оны жасай білуде
өте маңызды. Жаңа инновациялық — технологиялардың дамуын, олардың
пайдаланылуын ескерсек, Web сайттарды құруда қарапайымдылық пен
әмбебаптық ерекше орын алады.
Электрондық сайт арқылы талапкерлер, студенттер, ата-аналар,
мұғалімдер өздеріне қажетті мәліметтерді алуы өте тимді және осы заманға
сай жетістіктердің бірі болып табылады. Осындай жетістіктер арқылы біз
қоғамның дамып жатқанын байқауымызға болады. Интернет жүйесiн
пайдалана отырып, үйден шықпай-ақ, көптеген елдердi, қалаларды аралап,
музейлердi, кiтапханаларды көрiп, дүниежүзiлiк мәдени және ғылыми
жетiстiктермен танысып, оларға өркениеттi елдiң азаматы ретiнде өз
үлесiңiздi қосып, өзiңiздi дүниенiң бiр кiшкене бөлiгi ретiнде сезiну
мүмкiндiгiне ие боласыз.
Web-беттер мультимедия технологиясын қолдап, өзінде әр түрлі
ақпараттар түрін біріктіреді. Олар: мәтін, графика, дыбыс, анимация және
бейне. Web беттердің файлдарын құру үшін арнайы гипермәтіндік белгілеу
тілі HTML (Hyper Text Markup Language), PHP (Personal Home Page немесе
officially «PHP: Hypertext Preprocessor») — бұл Apache WEB-сервері үшін
арналған WEB-қосымшаларды өндіру жүйесі, клиенттің жағында да,
сервердің жағында да жұмыс жасайтын сценарийлерді жазуға арналған ОБП
(объектілік бағытталған программалау) тілі — JavaScript және мәліметтер
базасын басқару жүйесі MySQL.
Мен PHP, HTML, CSS, MySQL және JavaScript бағдарламалау тілдерін
қолдана отырып, Nash Pub кафесінің сайтын жасадым. Бұл тақырыпты
таңдау себебім, қазіргі танда бірде-бір кафені, ресторанды өзінің сайтысыз
елестету мүмкін емес. Сондықтан кафе жұмыскерлерімен ақылдаса отырып
кафе сайтын жасауды ұйғардым. Мұндағы мақсат клиенттерді қызықтыру,
олардың санын көбейту, кафе жұмысын автоматтандыру болып табылады.
Сайттың көптеген жетістіктері бар. Біріншіден, сайт біздің кафеге желі
арқылы жаңа клиенттер мен серіктестер табуға мүмкіндік береді. Екіншіден,
көптеген жарнамаларға бере беруден үнемдейді. Енді осы сайт арқылы кафе
өзінің өнімін қолданушыларға интернет — ресурсы арқылы көрсете алады,
мұнда қолданушы осы кафе жайлы толық ақпарат алады. Үшіншіден, кафеде
клиенттермен жұмыс істеуде сапалық сервисі қамтамасыз етіледі. Мысалы,
біздің кафе жайлы ақпаратты кафеге келмей-ақ, сайтқа кез келген уақытта
кіріп, толық ақпарат алуға болады.
1 Қазіргі замандағы интернеттің маңызы және технология
мүмкіншіліктері.
1.1 Интернет ұғымы
Интернет (бас әрiппен жазылса) − кез келген компьютердi жер
шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына
қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын желілердің
бірлескен жүйесі. Әдетте Дүниежүзілік желі немесе Глобальдық желі деп
айтылады, немесе жәй ғана желі. Интернет негізінде дүниежүзілік тор (World
Wide Web, WWW) және басқа да көптеген ақпарат жолдау жүйелері жұмыс
жасайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютерлер
бiр-бiрiмен ТСРIР хаттама (протокол) ережелерiмен мәлiмет алмасады,
оларды бiр нұсқада, яғни бiр тiлде сөйлейдi деп айтса да болады.
Дүниежүзiлiк Халықаралық телефон желiсi сияқты оны ешкiм басқармайды,
ол ешкiмнiң жеке меншiгi емес. Мiне, осы Интернет желiсi көмегiмен басқа
компьютерлердегi ақпаратты көрiп, білім беру мекемелері, мемлекеттік
ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар жайлы көптеген
ақпарат
алып (берiп),
қашықтан телеконференцияларға қатынасу
жұмыстарын жүргiзуге болады.
Қарапайым интернет қолданушы көзімен қарасақ интернет — бір-
бірімен өзара ақпарат алмасу құралы. Ал егер техникалық жағынан
қарастырсақ онда ол бір-бірімен өзара байланысқан, бір желіге біріккен
тораптардың жиынтығы.
TCPIP — Интернет желiсiне қосылған компьютерлер арасында ақпарат
алмасуды қамтамасыз ететiн мәлiметтердi бiр жүйеге келтiру ережелерi
немесе оларды құрастыру хаттамасы. IP (Интернет Protocol) − мәлiметтердi
оны алушының адресi көрсетiлген шағын тақырыптары бар бiрнеше
бөлiктерге немесе дестелерге бөлетiн желi аралық хаттама. TCP (Transmisson
Control Protocol) − мәлiметтi жөнелту iсiн баскаратын хаттама, ол желiдегi
ақпарат дестелерiн дұрыс жеткiзу үшiн жауапты болып саналады. Интернет
(кiшi әрiппен жазылса) − TCPIP хаттамалары негiзiнде желi аралық
байланысу технологиясы.
Интернет желiсiнiң құрылымы − әрбiр тұтынушы компьютерi кәдiмгi
телефон арналарымен түйiндi машиналармен байланысады. Ал түйiндi
немесе негiзгi машиналар бiр−бiрiмен қуатты оптикалық талшықты немесе
спутниктi арналармен жалғасады. Түйiндi машиналар кез келген жай
компьютерлер арасында байланыс орнату үшiн қажет, олар: тәулiк бойынша
үзiлiссiз жұмыс iстеп, байланыс сеанстарының арасындағы уақытта жолда
жүрген ақпараттарды уақытша сақтайды, ақпараттық серверлер деп аталатын
мәлiмет жинақтауыш компьютермен жылдам iстейтiн оптикалық түрдегi
байланыстыру iсiн қамтамасыз етедi.Ақпаратты сервер — дегенiмiз қалың
көпшiлiкке арналған, әрбiр тұтынушы пайдалана алатын көптеген ақпараттар
түрлерi жинақталған арнаулы компьютер. Мұнда жаналықтар, мерзiмдi
баспасөз (газет−журналдар), жарнамалар, т.с.с. мәлiметтер
сақталады.Осындай жаңа технологиялар өте жемісті нәтиже беріп, бұл
бастама 1969 жылы АҚШ-тағы бірсыпыра әскери, ғылыми және білім
орталықтарын біріктірген ARPANET желісінің ұйымдастырылуына себепші
болды. Содан көп ұзамай-ақ Internet (желі аралықтары) желілерді біріктіру
термині пайда болды.
Интернетте қызмет көрсету провайдерi — ISP (Интернет Service
Provider), Интернетпен қарапайым тұтынушылардың тiкелей қатынас құруын
жүзеге асыратын заңды тұлға.
Алыстағы компьютермен диалогтық режимде немесе электрондық
почта режимде жұмыс істеуді ұйымдастыруда компьютерлік
телекоммуникацияны пайдалану таптырмас құрал болып табылады. Сондай-
ақ, электрондық почта өте қолайлы және аса қымбат емес болып табылады.
Сонымен, Интернет — барлық жүйелері хаттама деп аталған бірыңғай
стандартпен, яғни ережемен жұмыс істейтін біртұтас ауқымды (глобальды)
компьютерлік желі
1.2 Интернеттің дамуы
Интернеттің дамуы мен таралуы оның құрамының негізгі үш бөлімі
болып табылатын төмендегідей үш бағытта жүргізіліп келеді:
а) техникалық немесе ақпараттық компонент;
ә) программалық компонент;
б) ақпараттық компонент.
Ақпараттық компонент. Интернеттің ақпараттық компоненті
компьютер-дің әртүрлі модельдері мен жүйелерінен, физикадық негізі
әртүрлі болып келген байланыс араларынан, компьютерлермен байланыс
аралары арасындағы механикалық әрі электрлік үйлесімді қамтамасыз ететін
құрылғылардан тұрады. Сондықтан мәлімет тасымалдау ісі байланыстың
кабельдік және спутниктік арналарынан радиореле жүйесіен, теледидарға
арналған кабельдік арналардан тұрады.
Программалық компонент.
Интернеттегі әртүрлі типтегі компьютерлер мен құрылғылардың үйлесімді
жұмыс істеуін олардың программалры қамтамасыз етеді.
Мәліметтерді кез-келген байланыс арналары арқылы
тасымалдайтындай және кез-келген компьютерде оларды қабылдап алуға
болатындай етіп түрлендіре алады:
а) біртектес хаттамалардың қолданылуын қадағалайды;
ә) тасымалдайтын мәліметтердің біртұтастығын қамтамасыз етеді.
Желінің осы сәттегі жұмыстық қалпын бақылап, оның ішінен ақаулы
аймақтар табылса мәлімет көлемі тасымалданатын шамадан тыс асып кеткен
аймақтарды байқаса, мәліметтер ағынын ол маңайларды айналып өтетін
басқа жақтарға қарай бағыттайды.
Сонымен, программалық компоненттің негізгі функциолары:
а) информацияны сақтау, іздеу, жинақтау, көру немесе таңдау;
ә) желідегі мәлімет қауіпсіздігін сақтау.
Аппаратураның функционалдық сәйкестікткрін қамтамасыз ету істері
болып табылады.
Программалық жабдықтар екі топқа бөлінеді:
а) сервер — программалар тұтынушылар компьютеріне қызмет ететін
желі торабында орналасады;
ә) клиент — программалар тұтынушы компьютерлерінде орналасып,
сервердің қызметін пайдаланады.
Информациялық компонент. Желідегі компьютерлерде сақталатын
әртүрлі құжаттар арқылы өрнектеледі. Мәліметтерді желіде орналастырудың
бір ерекшелігі-олар таралған түрде сақталады, мысалы, мәтін бір
компьютерде, дыбыс пен әуен-екіншісінде, ал графика басқа желідегі,
үшінші компьютерден алына береді желідегі құжаттар бір-бірімен сілтеме
адрестермен береді.
Осы құрылымға сәйкес аппараттық, программалық және
информациялық қорлар да біртіндеп дамып келеді, олар құрастырылуына
байланысты әртүрлі меншікте (мемлекеттік, қоғамдық, корпаративті немесе
жеке меншіктерде) бола береді.
Интернетте көптеген қызмет түрлері бар. Олардың ішіндегі ақпаратты
таратуға арналғандары: WWW, FTP, Telnet және тағы басқалар, электрондық
мәлімет алмасу үшін: E-mail, Usenet, ICQ, IRC, IP-телефония және басқалар.
Интернеттің әр қызмет бабы мәлімет таратудың немесе алмасудың
әртүрлі функциоларын атқарады, оның үстіне олардың кейбірі ескіріп
жойылса, кейбірі жаңадан туындап келеді [2].
Интернет желісіндегі ақпараттық ресурстарды іздеуді және қарауды
жеңілдету үшін Internet Explorer броузерімен жұмыс істеудің бірқатар
тәртібін меңгеру қажет. Интернет желісін қарауды үй парағын, яғни Internet
Explorer іске қосылған кезде ашылған алғашқы парақтан бастауға болады.
Басқа параққа ауысу үшін осы парақтағы кез-келген сілтемені таңдау қажет.
Интернет желісінде басқа елде жүрген адамдармен желілік чат арқылы
әңгімелесуге немесе электрондық почта арқылы хат алмасып сөйлесуге,
басқа елдердің жаңалықтарын білуге, жұлдызнама жаңалықтарды қарауға
және өзімізге керекті мәліметтерді іздеуге болады.
1.3 Интернет мүмкіндіктерін талдау
Интернет желісі жекелеген желілерді біріктіретін, ақпараттық жүйенің
барлық маңызды қасиеттерін қамтитын ғаламдық компьютерлік желі болып
табылады. Интернеттің негізгі артықшылығы ретінде интерактивтілігі, яғни
қолданушының сұранысына қысқа уақыт аралығында жауап қайтаруы.
Интернеттің басымдылығы ретінде:
— интернет желіге қосылған барлық компьютерлер арасындағы
байланыстың қамтамасыз етілуі;
— компьютер түріне және операциялық жүйеге байланыссыздығы;
— кез келген уақытта керекті ақпаратқа қол жетімділік;
— қолжеткізу каналдарының анықтылығы;
— бәсекелестерді дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін ашық нарық;
— қолданушы үшін жоғары тиімділігі;
— интернет пайдаланушылар іс — қымылын статистикалық түрде
бақылауға мүмкіндік;
— жүйенің атқаратын қызметтерінің кеңдігі;
— адамдарды, компанияларды, өнімдерді немесе басқа да қызметтерді
қысқа уақыт ішінде алу мүмкіндігі;
— әлемде болып жатқан барлық оқиғаларды әр түрлі көзқараста қарау
мүмкіндігі;
Интернеттің тағы
бір маңызды ерекшелігі оның аймақ
таңдамайтындығы. Интернетте көрсетілетін қызметтердің жиынтығы
дүниежүзінің 90 елінде бар, ал электронды поштамен хабарландырулар
жіберу және алу дүниежүзінің 93 елінде жасауға болады.
Интернет дегеніміз бірнеше мақсаттарға қатар қолданылатын бірден —
бір коммуникациялы жүйе. Ақпараттық жүйе құру кезінде көптеген салалар
үшін әртүрлі мүмкіндіктерді қолдану оның басқа жүйелерден ерекшелігі
болып табылады.
1.4 Интернеттің негізгі принциптері
Интернет мыңдаған корпоративті, үкіметтік, ғылыми және үй
желілерінен құралған. Әртүрлі архитектуралы және топологиялы желілерді
біріктіруге IP (Интернет Protocol) протоколын және мәліметтер пакеттерін
маршрутизациялауды қолдану арқылы қол жеткізілді. IP протоколы әдейі
физикалық байланыс арналарына тәуелсіз етіп жасалды. Яғни цифрлық
мәліметерді тасымалдауға арналған кез-келген жүйе Интернетпен де
байланыса алады. Желілердің байланысқан түйіндерінде арнайы
маршрутизаторлар (бағдарламалық немесе аппараттық) пакеттердің
қабылдаушылардың IP-адрестерін қарай отырып, мәліметтер пакеттерін
сұрыптаумен және бағыттаумен айналысады. IP протоколы бүкіл әлем
көлемінде біртұтас адрес кеңістігін құрады, бірақ әрбір жеке желіде өзіндік
адрес кеңістігі болуы мүмкін. IP-адрестерді осылайша ұйымдастыру
маршрутизаторларға әрбір мәлімет пакетінің бағытын анықтауға мүмкіндік
береді. Осылайша, Интернет құрамындағы жекелеген желілер арасында
конфликттер болмайды, ал мәліметтер бүкіл әлем көлемінде дәл жеткізіледі.
IP протоколын IETF (Интернет Engineering Task Force) ұйымы ойлап
тапқан болатын. IETF және оның жұмыс топтары қазіргі күні де Бүкіләлемдік
желінің протоколдарын дамытумен айналысады. IETF қызметіне қарапайым
пайдаланушылар қатыса алады. Бұл ұйым комитеттері RFC құжаттарын
жариялайды. Бұл құжаттарда
көптеген сұрақтардың
техникалық
спецификациялары және дәл түсініктемелері беріледі.
Қазіргі заманғы кең тараған Интернет қызметтері:
— бүкіләлемдік тор;
— веб-форумдар;
— блогтар;
— вики-проекттер;
— интернет-дүкен;
— электронды почта;
— жаңалықтар топтамасы (негізінен, Usenet);
— файл-алмасу желілері;
— интернет-радио;
— интернет-теледидар;
— IP-телефония;
— мессенджерлер;
— FTP-серверлер;
— IRC (веб-чаттар);
— іздеу жүйелері;
— интернет-жарнама;
— өшірілген терминал;
— төлеу жүйелері.
URL-адрестер Интернетте орналасқан құжаттардың адресiн жазудың
арнайы формасы. Ол желiнiң қай серверiнде орналасса да, керектi мәлiметтi
айнытпай қатесiз табуды қамтамасыз ететiн сөз тiркесi. URL адрестерiнiң
жазылуынан мысал келтiрейiк:
—
—
—
—
—
http: www.soccer.rudinamorusindex.html
мұндағы:
http — протокол, яғни хаттама;
www.soccer.ru — адрестiң домендiк бөлiгi;
soccer.ru — доменнiң аты;
— dinamorus — сервердегi каталог аты;
— index.html — веб парақтың файлының аты.
Домен — бiр компьютермен басқарылатын немесе бiр желiлiк жұмыс
машинасының (желi торабының) басшылық етуiмен iстейтiн информациялық
желi қорлар(ресурстар) тобы.
1.5 Қазақстан интернеті
1998 жылы наурыз айының басында Республика телекоммуникациялық
компанияларының басқаруымен телекомуникация ассоцияциясы деген жаңа
ұйым пайда болды .
Коммерциялық емес құрылымның шығу мақсаты — кәсіпорынның
іскерлігін байланыстыру, желілер телекоммуникациясының дамуын,
ақпараттық технологияны пайдалану және байланыс қызметін ұсынады.
Ассоцияның негізгісан есебінде : отандық және шетелдік операторлар
арасындағы құжат қатынастарын құруға практикалық көмек көрсету
көзделген . Осыған орай — тұтынушылар мен қолданушылар арасындағы
қызметті де қамтиды. Мұнда — электрондық World Wide Web-тің өсуімен
қоса, көптеген қызықты және арнайы сайттар пайда болуда. Соңғы уақытта,
әртүрлі анықтамалар, каталогтар және мәліметтер қоры (солардың ішінде
неше түрлі керекті тақырыптар ақпараты бар ) кіре бастады. Мысалы, сайтта
өзіңізге керекті Голливудта түсірілген фильмді таңдап алып, сол фильм
туралы толық анықтама алуға болады.Оның жанрын,актерлік бөлімін,
режисерлік және де фильмнен бірнеше кадрларын көрсетіп шығарады. Сол
жерден сізді қызықтыратын кино актерлері, режисерлері және де дауыс
операторлары жайында толық мәлімет ала аласыз.
World Wide Web — қазіргі заманғы Интернеттің ең танымал қызметі .
Оны көбіне Интернетпен теңдестіреді, бірақ шын мәнінде бұл оның көптеген
қызметтерінің бірі. Бір Web-серверде бірнеше сайттар болуы мүмкін.
Электронды Wed — құжаттар принтерде басу үшін емес , компьютер
экранында қарап шығуға арналған және сонымен бірге оның қайсысында
екені алдын ала белгісіз .Web — парақтарды қарап шығуға арналған
программалар броузерлер деп аталады .World Wide Web түп- түгел
гипермәтіндерден тұрады .Гипермәтін-мәтінің дара блоктарымен байланысты
ассоциациялық түрде ұсынылған мәтін.
Қазірде әрбір үшінші қазақстандық интернет желісіне қосылған. Зерттеу
деректеріне жүгінсек интернет пайдаланушыларының арасында 39%-ы
ғаламторды әлеуметтік желілерге кіру үшін қостырған, 12%-ы электрондық
поштаны пайдалану үшін. Бұл ретте 60%-дан астамы күнделікті әлеуметтік
желіні және пошталық сервистерді қолданады, 40%-ы іздеу сервистеріне
және жаңалықтар сайттарына кіреді және 20% ғана кинофильмдерды
онлайн кореді.
1.6 Веб-сайтқа қажеттіліктің дәйектемесі
Қазірде әрбір ұйымның жеке веб-сайттары бар. Осы заманғы
ақпараттық технологияларды қолдану шарты — жарнамалық саланы кеңейту
арқылы және осы арқылы қосымша клиенттерді тарту, нарық заманында өмір
сүрудің бірден-бір жолы.
Веб-сайтты құру және өңдеу:
— веб-сайтты өңдеуге алғашқы техникалық тапсырманы қабылдау;
— сайттың құрылымдық сұлбасын
—
деректердің, бөлімдердің,
навигацияның орналасу орны;
— веб-дизайн — сайтты графикалық элементтерін, стильдерін және
навигация элементтерін жасау;
— жоба жасауда керек болатын сайттың деректер қорын,
бағдарламалық кодын, модульдерін және т.б. элементтерін өңдеу;
— сайтты тестілеу және Интернет желісіне орналастырудан тұрады.
1.7 Веб-сайт түсінігі
Қазіргі таңда ғаламторда бар барлық ақпарат Веб-сайт беттерінде
орналасады. Әрбір веб-сайттың өзінің ғаламторда дара аты (мекен-жайы)
болады. сонда Веб-сайт дегеніміз — бір мекенжайдың астында біріккен,
компьютерлік желідегі жеке адамның немесе ұйымның электрондық
құжаттар жиынтығынан тұратын интернет-алаң болып табылады. Барлық
сайттар бірлесіп дүниежүзілік торды құрайды. Ғаламтор пайдаланушыларына
керекті ақпараттар арнайы бағдарламалық қамтамасыздандыру
орналастырылған компьютерлерде (Веб-серверлерде) орналасады.
Веб-сайттарды пайдаланушы өзінің компьютерінде бақылау үшін
браузер деп аталатын арнайы бағдарламалар пайдаланылады. Адрес
бөліміне сайтқа қандай есім (мекен-жай) бергенімізге қарай, браузер соған
байланысты ақпаратты терезеде көрсетеді.
Веб-сайт өзара байланысқан Веб-беттердің жиынтығынан тұрады. Веб-
беттер статикалық немесе динамикалық түрде болады. Яғни статиклық
беттер әрдайым тұрақты болады. Өзгеріске ұшырамайды. Ал керісінше
динамикалық беттер өзгеріп әр кезде әр түрлі ақпарат көрсетіп отырды. Осы
ақпараттар браузерде қандай түрде көрсетілгенін анықтайтын арнайы HTML-
кодтан тұратын *.htm кеңейтілуі қолданылатын мәтіндік файл веб-сайт деп
аталады. Веб-беттердің құрамына барлық видео, аудио және графикалық
ақпараттар тікелей кірмейді және*.gif, *.jpg (графика), *.mid, *.mp3 (дыбыс),
*.avi (видео) кеңейтілуінен тұратын жеке файлдар арқылы орналасады. Біз
HTML-кодта тек нұсқау беру арқылы ғана мұндай файлдарды
орналастырамыз
Веб-сайттың әрбір беті сол бетке қатысы бар файлдың аты мен сайт
адресінің қосындысынан тұратын өзінің жеке интернет адресі болады.
Осылайша, веб-сайт — бір-бірімен гипер мәтіндік құжаттар арқылы
байланысқан, веб-серверде орналасқан және жеке адресі бар ақпараттық
ресурс. Веб-сайтты Интернетке қосылған компьютері бар кез-келген
қолданушы көре алады. Және ол қолданушының компьютеріне, операциялық
жүйесіне байланыссыз болып табылады.
2 Веб — сайт құру тілдерін таңдауды негіздеу
Бұл сайтты құру үшін программалау ортасын таңдаудағы негізгі
критерийді атап өтейік. Ол — жұмыс істеу кезіндегі максимальды
ыңғайлылық. Ол үшін сайттың тұтынушыға ыңғайлы және қазіргі заманға
сай интерфейсі болуы қажет. Осыларды сарапқа сала отырып, сайтты
нақтылау үшін JavaScript тілі таңдалды. Өйткені жасалынатын сайт HTML,
CSS және РНР тілдерінде жазылған және оны көру үшін интернеттің кез
келген стандартты броузері жарайды. Сәйкесінше, сайттың бірінші бетіне
қол жеткізу үшін броузерді шақыра алатын немесе броузермен басқарылатын
болуы керек. Бұндай программа мен броузер арасында өзара
байланыстылықты нақтыламалайтын көптеген нұсқалар бар.
Web-сайтты құрастыруда қолданылатын программалау тілдерін 2 топқа бөліп
қарастыруға болады:
Біріншісіне, сайтқа кірушінің компьютерінде, браузерінде, орындалатын код
жатқызылады. Бұлар бәріне таныс JavaScript, VBScript, Java-апплеттері. Осы
тілдерде жазылған бағдарламалар, web-беттің кодына ендіріледі, немесе
бөлек файлға жазылып web-беттен шақырылады.
Екінші топқа, web-сервер орналасқан компьютерде орындалатын
бағдарламалар жатқызылады. Бұл топқа PHP жатады, және басқа тілдерге
қарағанда өзінің қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Бұл тілде
бағдарламаны құра отырып C++ немесе Perl тілдеріндегі сияқты файл
сценарийлеріне қатынау құқығы туралы, түрлі модульдерге қатынау
жолдарын көрсету және т.б. әрекеттерді ескермеуге болады. PHP
бағдарламасын тестілеу үшін хостинг провайдерде орнатылған
операциондық жүйені орнату қажет емес. Сәйкес web-серверді жүктеп PHP
модулін қосса жеткілікті.
2.1 HTML бағдарламалау тілі
HTML — құжат, бұл — HTML-кодтардан және құжаттың негізгі
мәтінінен тұратын мәтін. HTML-құжаттарда мәтінді форматтау, құжаттың
құрылымын салу, сілтемелерді және мультимедиа-объектілерді енгізу үшін
белгі дескрипторлары немесе тэгтер деп аталатын арнайы кодтық сөздер
қолданылады.
Интернет желісінің қайнар көзін санау 1961 жылдан іздеу керек. Сол
кезде, интернеттің өсіп келе жатқан құрылымының ішінде дамыған көптеген
тілдер мен протоколдар өндірілген. Web, тек Интернеттің бір бөлігі ғана
екенін есте сақтау өте маңызды! Көптеген адамдар Web пен Интернеттің бір
екенін ойлайды, бірақ бұл олай емес. Көптеген Internet протоколдар кеңінен
танымал болған электрондық пошта мен бүгінгі заманға сай жаңалықтар
топтарын қосқанда, сансыз Интернет қосымшаларының жұмыстарын
жеңілдетеді.
World Wide Web бұл протоколдардың бірі ғана болып табылады, ал
гипермәтінді белгілерінің тілі, яғни Hypertext Markup Language (HTML) — тек
Internet арқылы ақпаратты жеткізу үшін қолданылатын тілдердің бірі ғана.
Ал бұл осы тілдің С++ немесе Visual Basic сияқты жоғары дәрежелі
программа тілдеріне жатпайтынын білдіреді. Компиляцияланып
орындалудың орнына, HTML тілі Web-броузер ретінде танылған қолданушы
агент тарапынан интерпретацияланады.
Негізінен, HTML тілі Web-беттерін жасау үшін қолданылады. Ол World
Wide Web түсінігімен оның құрылымынан алыс емес.
HTML дүниеге келуі мен оның пайда болу факторы тарихи тұрғыдан
еуропалық элементарлы бөліктер физикасы орталығының программисті Тим
Бернерс Лимен тығыз байланысты. HTML-ді өндіру кезеңінде, Бернерс Ли
мына жағдайларға бет бұрған еді:
— біріншіден, оқымысты ғалымдарға ақпаратты басып шығару, сақтау
және түзетуге тәулікте 24 сағат бойынша мүмкіндік беретін құрал қажет еді;
— екіншіден, қолданылатын есептеуіш платформаға, желіге және
терминалға қарамастан, ақпаратқа жалпыға бірдей қол жеткізуге берілетін
мүмкіндікті жеңілдететін қандай да бір тіл керек еді.
Ғылыми мақсаттардың қолданбалы шешімі ретінде өндірілген HTML,
алғашқыда тек мәтіндік аяға кіру үшін және зерттеу ақпараттарымен алмасу
үшін қолданылатын еді.
Ең қызығы: графикалық аяны қолданылуы HTML-ң кейбір алғашқы
мақсаттарына әсер етті, нәтижеде шектелген физикалық мүмкіндіктері бар
адамдардың WWW-да жұмыс істеулері үшін және WWW-ң
интернационализациялануы үшін қажет болған арнайы құралдар өндірілді.
HTML-ң қайнар көзі — белгілердің стандарттық жалпыланған тілінің
(Standard Generalized Markup Language — SGML) моделінде негізделген
программалық кодтау тілі болып табылады. SGML, құжаттама мамандары
тарапынан көптеген жылдар бойы техникалық құжаттарды белгілеу
құралдары ретінде қолданылған жүйені береді. Форматтау тілі ретінде,
HTML тілі SGML декларациялары мен құжат түрінің анықтамасын
(Document Type Definition — DTD) қолданылады. Қазіргі кезде универсалдық
құралы болып табылатын HTML гипермәтінді жеткізу протоколымен бірге
(Hypertext Transfer Protocol — HTTP), әр түрлі типтегі компьютерлік
құжаттардың өзара
әрекетін
жүзеге асыруға және ақпарат алмасу
жылдамдығын тездетуге мүмкіншілік береді. Дегенмен, мұндағы болымсыз
жағдай — әр түрлі желілер әр түрлі тілдерде сөйлейді. HTML, құжаттарға
кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, әр түрлі компьютерлердің,
платформалардың және желілердің арасындағы құжаттарды аудару
мәселелерін шешеді [4].
HTML — бұл клиент немесе қолданушы тарапынан осы процесті мүмкін
етіп шығарады. HTML тілі HTTP-протоколы көмегімен жұмыс істейді, бұл
протокол кодты серверден клиентке алып барады. HTML ақпаратқа қол
жеткізудің өте қолайлы жолы болып келеді. Ондай болса, осы барлық түпті
өзгерістер не үшін қажет? Мұның себебі, интернеттегі көптеген басқа
өзгерістер сияқты HTML-дің кеңінен жайылуында. Оның сахнаға шыққаннан
кейін Internet түсінігі өте танымал және жалпыға бірдей ортақ дүниежүзілік
өрмекші ауын (Всемирная паутина) беретін болды. Internet тек академиктер
кеңсесінің үстелінде ғана емес, қарапайым азаматтардың үстелінде де пайда
болды. Ол ақпараттың құрылымын өнімге айналдырып
жіберді.
Гипермәтіннің қолданылуы Internet ландшафтың түпкі тұрғыдан өзгертті.
Біз гипермәтіннің Web-аясы мен гипермедианың сызықты болып
табылмайтынын білеміз. Бұл ақпаратты сызықты, яғни тізбекті (бір беттен
кейін келесі бетті) ретпен қарап шығудың орнына Web қолданушыларға
сілтемеге басып, көмекші ақпарат пен керекті жерлерге көшуге мүмкіндік
жасайды. Бұл сондай-ақ HTML-беттердің авторлары Web-аясымен таныс
болып, оның ішінде әсерлі архитектураны қалай жасау керек екенін білулері
керек екенін білдіреді. Көптеген адамдар тізбекті түрде ойланып, мәтінді бір
беттер кейін келесі бетте басынан аяғына қарай оқып үйреген, осы Web-тің
сызықсыз қасиеті адамды шатастырып жіберуі мүмкін. Қолданушыларға
берілетін ақпараттың бүкіл мағынасы Web-беттерінің құрылымына тәуелді.
Онымен қоса, Web-баулар не тізбекті бетті құрылымға, не болмаса, оларды
қолданушыға таныс болып келетін иерархиялық құрылымдардың негізінде
жасау қажет. Бұл жағдайда қолданушылар, өздерін ыңғайлық пен
қауіпсіздікте сезенетін болады. Сызықсыздықты жақсы түсіну үшін Web-те
көптеген сілтемелері, новигация құралдарымен жарнамалық безендірмелері
бар соңғы Web-бетті ашқан кезіңізді еске түсіруіңіз қажет. Мұндай типтегі
басудың жақсы мысалы ретінде порталдарды атап өтуге болады, олар Web-
тің қалған бөлігіне кіруге мүмкіндік береді. Порталдардың көмегімен,
ақпаратты ұйымдастыруға болады, порталдарды жиі кезеңдерде талап етілген
деректер көрсетіледі.
Бұл — броузерге арналған командалар жиынтығы, бұларсыз бірде-бір
сайт жасалмайды. Командалар тэгтерінің көмегімен орындалады. HTML
кодты блокнотта броузер арқылы көру үшін, тышқанның оң жағын басу және
мәзірден сәйкес мәтін жолын таңдау жеткілікті. Оларға тэгтер мен
атрибуттар көмегімен код жазылады. HTML-дың кез келген бастаушы
программистіне кодты үйреніп кодты алу оңай болады, себебі ол код
бастапқыда көп нәрсені білмейтін және бастаушы программистер үшін
ойластырылған.Ал егер, нақтырақ айтсақ, html — кодпен жасалатын жұмыс
программалау деп аталмайды.
HTML (Hyper Text Markup Language) сөзбе-сөз аударғанда,
гипермәтінді белгілеу тілі болып аударылады. Бұл тіл Web-беттерді
жасаған кездегі программалаудың негізгі тілі болып табылып, белгілі
командалар көмегімен беттің әр түрлі элементтерін (мәтінді, графиканы,
кестені және т.б.) орналастыру үшін қолданылады. Өзінің
қарапайымдылығының арқасында, ол басқа программа тілдерінен бөлек
тұрады. Оны информатика негіздерін білмейтін қарапайым мектеп оқушысы
да түсініп, үйрене алады, себебі алғашқыда ол ПК қолданушыларының кең
ортамы үшін ойластырылған болатын. HTML-дың көмегімен қарапайым
және қиын емес сайттарды жасауға болады. HTML-тілі тек броузерлер және
графикалық HTM-редакторлары (визуалды режимдегі WEB-беттерін құрау
үшін арналған арнайы программалар) тарапынан оқылады [5].
HTML-тілінің командаларын тэгтер деп атайды. Бүкіл беттегі мұндай
командалардың толық жиынын HTML-код деп атайды. Кез келген тэгтің
атауы бұрыштық жақшалардың ( ) ішіндегі бір немесе бірнеше әріптерден
тұрады. Бұл әріптердің жиыны жай алына салмаған, оларға ағылшын тілінен
келген сөздер, қысқартылған сөздер мен сөздер аббревиатурасы сәйкес
келеді. Бұл тэг қызметін оңай анықтау үшін арнайы жасалған. Мысалы,
table тэгіндегі table (кесте) сөзі кестенің құрылымына команда береді, ал
a (ағылшын address — адрес сөзінің бірінші әрпі) сілтеме құрайды, ol
тэгіндегі ol аббревиатурасы (ағылшынша ordered list — реттелген тізім) сәйкес
тізімнің жасалуына сілтейді. Тэгтер беттегі қандай да бір әдістің басталғанын
білдіретін ашышы tag тэгі мен осы tag әрекетінің беттің қай жерінде
бітетінің көрсететін жабушы tag болып бөлінеді. символы жабуды
білдіреді.
HTML-кодта тэг, негізінен, беттің қандай да бір элементінің өзгеру
әдісін ғана көрсетеді. Объектілерді форматтаудың барлық параметрлерінде өз
мәні бар атрибут болады. Атрибут тэгке элементтің форматталу мінездемесін
(бұл ALIGN — түзетуі, COLOR — түс өзгерту немесе басқа толық тізім болуы
мүмкін) көрсетеді, ал оның мәні реттік сипатта немесе нақты және түсінікті
ағылшын сөздерімен (мысалға, left — солға, top — жоғарыға және т.б.) беретін
атрибутқа қажетті параметр. Беттің кодында тэгтің атрибуттары бір орын
қалдыру (пробел) арқылы жазылады, ал атрибут мәні тырнақшалардың
ішіне жазылып, өзара теңдік белгісімен бөлінген. Барлық жоғарыда
айтылғандарға мысал келтірейік:
TABLE width=»800″ height=»100%» border=»1″ align=»left»
bordercolor=»red» кесте элементтеріTABLE — ашушы және жабушы
тэгтер, ал width, height, border, align, bordercolor — оның атрибуттары,
олардың мағынасын ағылшынша-орысша сөздікті алып қарастыратын
болсаңыз, бірден түсініп алуға болады, ал қалғаны атрибуттар мәндері болып
табылады.
Атрибуттардың барлығы көрсетілуі мүмкін, тек қажет болғанша ғана
қолданылады. WEB-бетте элементтердің параметрлері жиі қолданыла беретін
болса, стильдердің каскадтық кестесін қолданған жөн.
Мұнда түс атрибутын айырып көрсету керек. Оның мәнінде әрқашан
дерлік өте түсінікті RGB (қызылжасылкөк) моделі қолданылады. Ондағы
негізгі түрде көрсетілген түстер екі тәсілмен араласады: пайыздық құрамда
олар 00-ден басталып 99-ға дейінгі (кодта бірге жазылады) мәндерге ие
болады. Мысалы: bordercolor=»#003366″, мұнда %-R, 33%-G және 66%-B.
Оналтылық жүйеде, 0-ден 9-ға дейінгі он сан және алты (A,B,C,D,E,F)
әріп (кодта бірге жазылады) жазылатын есептеулер. Мысалы:
bordercolor=»#00C3D6″. Әрбір мәннің алдына # символы қойылатынын
байқаңыз.
align атрибуты HTML-тіліндегі кеңінен жайылған және өте маңызды
атрибуттарының бірі болып табылады. Ол басқа элементке объектінің орналу
жерін немесе өзара түзелу әдісі бойынша бетті толығымен көрсетеді.
Элеметтің ені мен биіктігі мен экран кеңістігіне байланысты пайыздар
арқылы немесе басқа элементке қатынасы бойынша және пиксельдермен
беріледі.
HTML-дің дамуын айта отырып, оның бір орында тұрғанын айтуға
болмайды. WEB-мастерге барлық жаңа мүмкіндіктерді беретін, HTML-дің
(дегенмен соңғы HTML 4.01 спецификациясы санау 1991 ж. шыққан болса
да) көптеген элементтері пайда болып жатыр. Дегенмен, мұнда
өндірушілердің бір сүрінетін жері бар — барлық броузерлер бір элементті
бірден түсінбеуі мүмкін. Бастаушы программистер көптеген HTML-
редакторларда болатын және осы мәселені шешуге көмектесетін арнайы
іштей құрылған құралдарға бет бұрулары керек.
2.2 РНР бағдарламалау тілі
РНР тарихы 1995 жылы тәуелсіз Расмус Лердорф (Rasmus Lerdorf) атты
программист−келісуші оның онлайндық резюмесін оқыған сайтқа кіруші
адамдар санын есептеуге арналған PerlCGI сценариін жазуынан басталады.
Оның сцнариін екі есепті шешуге бағытталған: келушінің деректерін тіркеу
және web−бетіне келушілердің санын шығару. WWW дамуы әзір тек
басталғанда мұндай есептерді шешу үшін арнайы құралдар болған жоқ, сонда
авторды халық сұрақтармен жауып тастады. Лердорф Personal Home Page
(РНР) немесе Hypertext Processor (гипермәтінді үрдіс) атты өзінің аспабын
тегін тарата бастады.
РНР-дің сәтті жарыққа шығуы Лердорфты РНР кеңейтілуін жобалауға
итермеледі. Кеңейтілудің бірі HTML формасында енгізілген мәліметтерді
символдық айнымалыларға түрлендіреді, ол оларды басқа да жүйелерге
экспорттауға мүмкіндік береді. Берілген мақсатқа қол жеткізу үшін Лердорф
келешектегі жобаларда Perl-дан C-ге өтуге шешім қабылдады. РНР-дегі
аспаптар жиынын кеңейтілуі РНР 2.0 — нің тууына себепші болды, немесе
2.0, или PHP-FI (Personal Home Page — Form Interpretator). 2.0 нұсқасын
дамытуда бүкіл дүниежүзінің программисттері ат салысқан.
РНР-дің жаңа нұсқасы танымал атаққа ие болды, және жақын арада
негізгі жобалаушылар командасы құрылды. Олар программалық кодты
HTML-ге ендірудің түпнұсқалық концепсиясын сақтай отырып, лексикалық
анализ механизмін қайта жазды, осыдан келе РНР 3.0 жарыққа шықты. 3.0
нұсқасының шығуына жуыр 1997 жылы 50 000 астам қолданушы РНР-дің
өздерінің web-беттерін жақсатуға қолданылған еді.
1997 жылы PHP-дің қысқартылуы Personal Home page деген
мағынаны емес, РНР Hypertext Processor ұғымын білдіруі керектігі
шешілді.
MySQL — дерекқордың көп ағымды ықшам сервері. MySQL үлкен
жылдамдық, тұрақтылық және қодланыста жеңлдігімен сиптталады.
MySQL кіші және орта қосышаларды ең ықтимал шешуі болып
табылады. Сервердің бастапқы мәтіні платформалардың көбісінде
компиляцияланады.
РНР тілінің негіздері − Кодта барлық командалар үтірлі нүктемен (;)
аяқталуы тиіс. Сіз үтірлі нүктемен аяқтай отырып бірнеше команданы бір
жолда орналоастыра аласыз. Бірақ программа кодының анықтылығы үшін
оны істеу қажет емес. Сонымен қатар РНР-де басқарушы элементтер (шартты
операторлар, циклдер және т.б.) бар, олардан кейін үтірлі нүкте қоюдың
қажеті жоқ.
Программа кодына түсініктемелер енгізуге болады, олар HTML
браузеріндегідей РНР-интерпретатормен сияқты қабылданбайды.
Түсініктемелерді қолдану программистке сол мезетте не ойластырғанын еске
түсіруге көмектеседі. Біржолдық түсініктеме екі тік слэш белгісімен ()
немесе решетка белгісімен (#), ал көпжолды ашылатын және жабылатын
жақшалармен (*және*) жүзеге асырылады.
Айнымалылар — РНР-де айнымалылар доллар белгісінен ($) басталады.
Айнымалылар аты латын әріптерінен, сандардан символдық астыңғы
сызықтардан(_) тұруы мүмкін. Айнымалылар аты әріптер регистріне
сезімтал, демек $a мен $A — бұл әртүрлі айнымалылар. Айнымалыларды
жариялағанда әдетте басқа тілдердегідей белгілі бір тип көрсетілмейді.
Айнымалы типі (демек, ол сақтайтын мәндер типі) қолдану контексті
бойынша анықталады.
РНР−де келесі айнымалылар типі болады:
−integer
−floating point
−string
−object
−array
Бос айнымалы VAR кілттік сөзімен жарияланады:
VAR $some_var;
Сонымен қатар айнымалы бірінші рет қолданғанда жариялануы мүмкін:
$some_var=»value»;
Integer типті айнымалылар құрамында −2 биллионнан +2 биллионға дейінгі
ондық, сегіздік және оналтылық санау жүйесіндегі сандар бола алады.
Мысалы:
$var1=100;
$var2=0144;
$var3=0x64;
* Ондық мән *
* Сегіздік мән *
* Оналтылық мән *
Floating point типті айнымалалар — бұл жылжымалы нүктелі (бөлшек) сан.
Мысалы:
$var1=2.34;
$var2=234е1;
Жол(string типті айнымалы) — бұл әріптер, сандар және арнайы символдар
комбинациясы. Ол бірлік (апострофтар) немесе қос тырнақшамен беріледі.
Егер жол қос тырнақшамен берілсе, онда ол құрамында айнымалылардың
бар−жоқтығына тексеріледі [6].
Жолдық айнымалыларға мысал:
$var=»23″;
$str1=’Айнымалы құрамында $var мәні бар’;
$str2=»Айнымалы құрамында $var мәні бар»;
Мүмкін, сізге жолға арнайы символдар енгізу керек болар. Мысалы, сіз кері
слэшті () қолдана отырып қос тырнақшаны («) шығара аласыз. Егер
$str1=» «Графика» фирмасы «;
деп жазсақ онда қате тудырады, бірақ егер кері слэшті () қолдансақ
$str1=» «Графика» фирмасы «;
онда қате болмайды.
2.1- кестеде жолдық мәндерде қолданылатын Escape−тізбектері (кері слэш
және арнайы симвлдар) сипатталған.
2.1 — кесте.
РНР тілінде қолданылатын Escape−тізбектері
Escape−тізбектері
Мәндері
Әрине, РНР сценарийлерін орындау үшін РНР программалық
қамтамасыздандырмасын серверде жуықтап орнатып, даярлау керек. Бұл
процесс осы тараудың PHP Apache-нің тасымалдануы мен орнатылуы
бөлімінде сипатталған Бірақ орнату процесін бастамастан бұрын, біз РНР-дің
кейбір мінездемелерімен танысамыз
array типті айнымалылар массивтерді жариялағанда қолданылады.
РНР−де массивтің екі түрі болады:
− бүтінсанды индекстері бар массив
− индекстелген жолдары (хэш) бар массив
Мысалы, төрт мәннен тұратын массивті құру үшін келесіні жазу керек:
$myarr=array(«value1», «value2», «value3», «value4»);
Массивке орналастырылған әрбір элементке индекс тіркеледі (0−ден бастап).
Осылайша, $myarr[0] бізге «value1″−ді, ал $myarr[3] «value4″−ті береді,
Әрине, массивке $myarr[]=»value5″; элементін қосуға болады.
Хэшті келесідегідей құруға болады:
$myhash=array(`size’=’large’, `style’=’italic’, `family’=’Arial’);
Операциялар − РНР операцияның бірнеше түрін қолдайды:
− меншіктеу;
− арифметикалық операциялар;
− логикалық операциялар;
− конкатенция; n
Жаңа жол басы
r
Каретка ауыстыру
t
Табуляция символы
\
() символы
«
(«) символы
$
($) символы