Нарықтық экономикадағы нəтижеге бағдарланған жоспарлау туралы қазақша
Жоспарлау – бұл дамудың күтілетін жағдайындағы ең қолайлы нұсқасын таңдап алу арқылы жүзеге асыру жолдары мен тəсілдерін анықтайды, сонымен қатар, бастапқы ақпаратты өңдеуге негізделген жəне мақсаттардың таңдалуы мен ғылыми дайындығын кірістіретін басқару шешімін дайындау үдерісі.
Объективті экономикалық заңдар жүйесі негізінде, жинақталған тəжірибе мен шаруашылық тəжірибені дұрыс қолдану негізінде жоспарлы құжаттарды қолдану арқылы ұлттық экономиканы дамытудың ғылыми жолмен басқарылуын қамтамасыз ету жоспарлау мəні болып табылады.
Жоспарлау басқарудың əр түрлі деңгейінде жүзеге асады: -ұлттық экономика деңгейінде макроэкономикалық жоспарлау болады; -аймақ деңгейінде аумақтық (территориялық) жоспарлау болады; -экономиканың алғашқы буыны болып табылатын кəсіпорын мен фирмадамикроэкономикалық жоспарлау болады. Жоспарлау көрінісі мен мазмұнына қарай нұсқаулық, индика- тивтік,стратегиялық болып бөлінеді.
Қызмет мерзіміне қарай: -ұзақ мерзімді жоспарлар – 10 жəне одан да ұзақ жылға жасалады; -қысқа мерзімді – үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге жасалады; -операциялық –бір жылға дейінгі уақытқа жасалады.
Тəжірибеде стратегиялық мақсаттар менуақыт бойынша тактикалық міндеттердің орындалуынқамтамасыз ететін жоспарлау құжаттарының бірнеше түрі қолданылады. Жоспарлау құжаттарын əзірлеу мен негіздеу қамтамасыз етілетін тəсілдермен əдістердің жиынтығы жоспарлау болып табылады. Жоспарлаудың негізгі əдістеріне: — баланстық; — нормативті; — бағдарламалық-мақсатты əдістер жатады.
Жоспарлау құжаттарын негіздеу, əзірлеу жəне жүзеге асыруды бақылау барысында математикалық əдістер қолданылады. Қоғамдық қажеттіліктер мен ресурстарды байланыстыру үшін, əр түрлі өнімдерді, өндірістерді, салаларды, аумақтарды жəне жалпы халық шаруашылығын дамытудағы үйлестірушілік жəне мөлшерлемелілікті қамтамасыз ету үшін баланстық əдіс қажет.
Нормативті əдіс ҒТП жетістіктерін жəне экономика дамуының маңызды мақсаттарын көрсететін мөлшерлер мен нормативтердің (мөлшерлемелердің) алдыңғы қатарлы жүйесін анықтауға жəне қолдануға негізделген. Ұдайы өндірістің барлық деңгейіндегі қарқын мен үйлесімдіктің өзгеруін сандық белгілер арқылы өрнектейтін жəне ресурстар шығыны мен олардың қолдану тиімділігі көрсеткіштерін анықтау əдісі.
Бағдарламалық-мақсаттық əдіс мақсатты кешендік бағдарламаларды əзірлеп, маңызды халық шаруашылығы міндеттері мен макроэкономикалық проблемалардың жоспарлық шешімдерін негіздеуге арналған. Бұл — соңғы нəтижеге жету үшін қажетті мақсаттарды, міндеттерді, қаржы ресурстарын анықтау əдісі.
Математикалық əдістер – жоспарлардың ғылыми негіздемелерін арттыру мақсатында экономика-математикалық үлгілер мен есептеу техникасын пайдалануға мүмкіндік береді. Нұсқаулық жоспарлау заңды күші бар жоспарларды əзірлеу жəне олардың орындалуын қамтамасыз ететін шаралар кешені болып табылады. Нұсқаулық жоспарлар нақты бір объектіге арналып жасалады, барлық орындаушылыр үшін міндетті болып табылады, ал лауазым тұлғалары жоспарлы тапсырмалардың орындалуына жауап береді.
Өткен ғасырдың 80-жылдарының ортасына дейін бұрынғы КСРО-да жəне Шығыс Еуропаның бірқатар елдерінде нұсқаулық жоспарлау дамудың жалпы бағыттарына жету мақсатында орталық биліктің барлық шаруашылық буындарына бірдей қолданылған болатын. Нұсқаулық жоспарлау қиын-қыстау кезеңінде (соғысқа дайындық кезінде, соғыс əрекеттерін жүргізуде, соғыстан уақытында құлдыраған шаруашылықты қалпына келтіру) маңызды стратегиялық бағыттарға ресурстарды барынша жинақтай алуымен ерекшеленеді. Бірақ экономикалық қалыпты жағдайда ол экономиканы тежеп отырады, кəсіпкерлер мен төменгі сатыдағы органдардың өзіндік дербес стратегиясын жасауына, нарықтың тез өзгеріп отыратын талаптарына икемденуіне кедергі болып отырады.
Сонымен қатар, нұсқаулық жоспарлаудың бір элементтері нарықтық жүйенің құрамдас бөлігіне жатады. Оларды мемлекет те, кəсіпкерлер де пайдалана алады. Бірақ əр нақты жағдайда нұсқаулық жоспарлаудың көлемі, объектері, қолдану саласы міндетті түрде айтылып, шектелуі қажет.
Индикативті жоспарлау – мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық саясатының жүзеге асыру құралы. Нарықтық үдеріске ықпал ететін негізгі əдістердің бірі. Ол мемлекет қатысуынсыз, тек нарықтық əдістер арқылы жүзеге асырыла алмайтын əлеуметтік-экономикалық дамудың көптеген мəселерін шешілуін қамтамасыз етеді.
Индикативті жоспарлау елдің əлеуметтік-экономикалық саясатына сəйкес келетін ел экономикасының жағдайы мен дамуын сипаттайтын көрсеткіштер (индикатор) жүйесін құрастыру мен белгіленген көрсеткіш-терге (индикаторларды) жетуге бағытталған əлеуметтік жəне экономикалық үдерістерге мемлекеттің ықпал ету шараларын əзірлеу болып табылады. Əлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері ретінде экономиканың серпінін, құрылымын жəне тиімділігін, қаржы жағдайын, ақша айналымын, тауарлар мен бағалы қағаздар нарығын, баға қозғалысын, жұмыспен қамтылу мен халықтың əл-ауқаты көрсеткіштері, сыртқы экономикалық байланыстар жəне т.б. қолданылады.
Индикативті жоспарлау нарықтық экономика жағдайына ең қолайлысы болып табылады жəне макроэкономикалық дамуды мемлекеттік реттеуде дүние жүзінде кеңінен қолданылады. Индикативті жоспардың нұсқаулық сипаты болмайды. Оған міндетті тапсырмалардың шектеулі саны жатады жəне көп жағдайда бағыттаушы, ұсыныс беру сипатында болады.
Стратегиялық жоспарлау басқару өнері ретінде жəне жұмысты жүргізудің жалпы жоспары ретінде қарастырылады. Ол, əдетте, ұзақ мерзімді келешекке бағытталады жəне мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағдарларын анықтайды.
Стратегиялық жоспарлаудың басты мақсаты – ұлттық экономиканың қарқынды дамуы үшін жеткілікті əлеуетпен қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау жалпымемлекеттік даму тұжырымдамаларында көрсетіледі. Нəтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу тұжырымдамасында келесі міндеттер анықталған: — шешім қабылдау мен орындауда мемлекеттік органдардың дербестігін арттыруға жəне көрсетілген қызметтері үшін жауапкершіліктерін арттыруға, мақсатты көрсеткіштер мен соңғы нəтижеге жетуге бағытталған жоспарлар мен бағдарламалық құжаттар мазмұнына жəне оларды əзірлеу барысында жаңа көзқараспен қарауды талап ететін мемлекеттік жоспарлаудың логикалық сатылау жүйесін құру; — мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарды əзірлеудегі жəне оларды жүзеге асырудағы əрекеттерінің бақылау жағдайында болуын жəне бюджеттік қаражатты пайдалануындағы айқындықты қамтамасыз ету.
Тұжырымдамаға сəйкес бір-бірімен өзара байланысқан келесі деңгейлерден тұратын мемлекеттік жоспар жүйесі құрастырылған: 1) стратегиялық бағдарламалар (Қазақстан – 2030, Қазақстан – 2050), Елбасының жыл сайын Қазақстан халқына жолдайтын Жолдаулары, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық құжаттар; 2) макроэкономикалық болжау мен қазына саясатының негізгі параметрлері (5 жылға); 3) мемлекеттік органның стратегиялық жоспары; 4) үш жылға арналған республикалық (жергілікті) бюджет; 5) мемлекеттік органның 1 жылға арналған операциялық жоспары; 6) мемлекеттік органның есебі – жыл сайын.
Қорыта келгенде, нарықтық жағдайдағы мемлекеттік жоспарлау өндірістің барлық факторларының өзара байланыста болуына, нəтижеге бағытталған стратегиялық жоспарлаудың жаңа тұжырымдамасында белгіленген мақсаттар мен міндеттерге жету үшін ресурстарды тиімді жəне оңтайлы қолдануға бағытталған.
Мысал ретінде Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын алуға болады. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын əзірлеу кезеңі жаhандық қаржылық-экономикалық дағдарыстың басталу уақытына дəл келді. 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын əзірлеу кезінде əлемдік немесе өңірлік дағдарыстың жағымсыз салдарларына ұлттық экономиканың орнықтылығын арттыруға бағытталған шаралардың жүзеге асырылуына баса көңіл бөлінді.
Таяу онжылдықта мемлекет қызметінде бес негізгі бағыт басымдықта болады: дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық; индустрияландыру жəне инфрақұрылымдық даму арқылы əртараптандыруды жеделдету есебінен орнықты экономикалық өсімді қамтамасыз ету; болашаққа инвестиция – орнықты экономикалық өсім, өсіп-өркендеу жəне қазақстандықтардың əлеуметтік əл-ауқатының жетістігі үшін бəсекеге қабілетті адам капиталын арттыру; тұрғындарды сапалы əлеуметтік жəне тұрғын үй-коммуналдық қызметімен қамтамасыз ету; ұлтаралық келісімді, қауіпсіздікті, халықаралық қатынастардың тұрақтылығын нығайту. 2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру нəтижесіндеҚазақстанмынадайнегізгі көрсеткіштерге қол жеткізуі тиіс: Қазақстан 2020 жылға қарай экономикасы əртараптандырылған жəне халқы жаңа экономикаға белсенді тартылған, əлемдік дағдарыстан шыққан анағұрлым күшті жəне бəсекеге қабілетті елге айналады. Қазақстан 2020 жылға қарай қолайлы іскерлік ахуалы бар, елдің шикізат секторында елеулі шетел инвестициясы тартылған, əлемнің ең бəсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіретін болады. 2020 жылға қарай еліміз əртараптандырылған экономиканы дамыту үшін қажетті адам ресурстарына, сондай-ақ отандық кəсіпкерлер мен экспорттаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті инфрақұрылымға ие болады. 2020 жылға қарай Қазақстан экономикасы нақты алғанда 2009 жылғы деңгейге қатысты алғанда үштен бірінен асады. 2020 жылға қарай төменгі күн көріс мөлшерінен аз табыс табатын халықтың үлесі 8 пайызға дейін төмендейді.
2020 – Стратегиялық жоспарын жүзеге асырудағы басты жетістік Қазақстанның экономикалық өсімінің құрылымын сапалық жақсарту жəне дəйектілікпен əртараптандырылуы нəтижесінде ел азаматтарының əл-ауқатын елеулі түрде арттыру болуы керек.
#Нарықтық #экономикадағы #нəтижеге #бағдарланған #жоспарлау
Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз