Нарықтық экономикадағы мемлекеттік реттеудің субъектілері туралы қазақша

0
44

Экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып мыналар танылады: — мемлекет; — мемлекеттік құрылым (ұлттық құқық нормаларымен бекітілген экономикалық, əлеуметтік жəне саяси-құқықтық қатынастар жүйесі); — конституциялық құрылым (Конституция арқылы қорғалатын экономикалық, əлеуметтік жəне саяси-құқықтық қатынастар жүйесі); — егемендік (биліктің үстемдігі, тəуелсіздігі); — мемлекеттік аппарат (Президент Əкімшілігі, Парламент, Үкімет, Конституциялық Кеңес, Жоғарғы сот, Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық Банк, прокуратура); — өкілетті органдар; — сот жүйесі; — министрлік; — агенттік; — комитет; — мəслихат; — əкімдік; — əкім; — өзін-өзі басқару органы; — мемлекеттік қызметші (саяси, əкімшілік); — мемлекеттік басқару кадрлары; — азамат.

Шаруашылықтың мүддесін білдіретіндер қатарына түрлі бірлестіктер жəне қауымдастықтар жатады. Солардың ішіндегі ең маңыздылары – кəсіподақтар жəне кəсіпкерлер бірлестіктері. Шаруашылық мүдделерін орындаушылар заң, атқарушы жəне сот билігі болып саналады, сонымен қатар Ұлттық Банк та кіреді. Реттеу субъектісін жалпылама əдіс «құрылымдық ұйымдасқан» əлеуметтік жалпылық ретінде түсінуге тура келеді. Ол жаңа жағдайға аудару мақсатында объектіге əсер етуші болып саналады.

Мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде тұтас əлеуметтік ағза – қоғамды құрайтын қоғамдық қарым-қатынастардың барлық жүйесі алынады. Экономиканы мемлекеттік реттеу объектісі – бұл орта, сала, аймақтар, сонымен қатар, автоматты шешім нысанын иеленбейтін, қарама-қайшы-лықтар жəне проблемалар туындайтын елдің əлеуметтік-экономикалық жағдайлары.

Экономиканы мемлекеттік реттеу тетігінің мəнін терең ұғыну үшін қоғамдағы экономикалық мүдделілік жəне мемлекеттік экономикалық саясат арасындағы өзара байланысты қарастырып өту қажет. Экономикалық мүдделер белгілі экономикалық жəне əлеуметтік-саяси мақсаттарға жету үшін жеке тұлға мен ұжымдық қажеттіліктерді анықтап береді. Шаруашылық мүдделердің тасымалдаушылары, жеткізушілері жəне орындаушылары мемлекеттік экономикалық саясаттың субъектілері немесе экономиканы мемлекеттік реттеудің субъектілері болып табылады.

Экономикалық мүдделерді қорғаушылар дегеніміз – бұл өзіндік жеке экономикалық мүддесі қалыптасқан жəне басқа шаруашылық субъектілеріне қарсы өзімшілдік мақсаттарды (өз саласындағы бəсекелесіне, шетелдік бəсекелесіне) алға қойған жеке жəне заңды тұлғалар. Мемлекетке қарсы бағытталған экономикалық мүдделер де болады, өйткені əр шаруашылық субъектісі (фирма немесе отбасы) үкіметтен көп алып, салық жəне басқа да салымдарды аз төлегісі келеді.

Экономиканың мемлекеттік реттеу субъектілері шаруашылық мүддесін ұстанатындар, білдіретіндер жəне жүзеге асыратындар болып саналады. Шаруашылық мүдделерін ұстанатындар қатарына бір-бірінен мүліктік жағдайымен, кірісімен, қызмет түрімен жəне т.б. ерекшеленетін əлеуметтік топтар жатады. Бұл – жалданбалы жұмысшылар жəне қожайындар, фермерлер жəне жер иеленушілер, кəсіпкерлер, еркін мамандық иелері, мемлекеттік қызметкерлер жəне т.б.

Экономикалық мүдделерді қорғаушылар өз талаптары мен наразылықтарын митингтер мен шеру жасау арқылы, ақпараттық құралдар арқылы жергілікті билік мекемелеріне білдіріп отырады. Экономиканы мемлекеттік реттеу мекемелерінің экономикалық мүддеге қатысты үндеулеріне құлақ асуы əрқалай жəне ол сол үндеулердің экономикаға əсер ету күшіне байланысты болады.Мысалы, зейнеткердің Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігіне зейнетақыны ұлғайтуды талап ететін хаты жұмысқа басшылық ретінде емес, тек белгілі əлеуметтік топтың мүддесі жайындағы ақпарат ретінде ғана назарға алынуы мүмкін. Бұл ақпарат елдіңбүгінгі жəне болашақтағы экономикалық жағдайына талдау жасау үшін, əлеуметтік күйзеліс мүмкіндіктерін білу үшін жəне келесі сайлау бағдарларын анықтау үшін маңызды болуы мүмкін.

Ұлттық экономиканың белгілі бір саласында жетекші орын алатын «Қазақмыс» сияқты ірі корпорация мемлекеттік басқару мекемелеріне жолдама жасаса, жағдай басқа тұрғыдан қаралатыны сөзсіз. Экономиканы мемлекеттік реттеу барысында мұндай алып корпорациялардың мүдделерін ескермеуге болмайды, себебі өнеркəсіптің белгілі бір саласына зияны тигізуі мүмкін. Мұндай корпорациялардың іс-əрекеті жұмыс орындары мен экспорт, ішкі инвестиция көлемі, ғылыми-зерттеу жəне тəжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) ауқымы, əлеуметтік саланың демеушілік қаржыландырылуымен тікелей байланысты болып келеді.Демек, экономи-каны мемлекеттік реттеуге ықпал жасаушы шаруашылық субъектінің жалпы экономикалық ахуалға əсері көп болған сайын, сол əсердің оң нəтиже беретіні де сөзсіз. Дегенмен, осы мысалға сəйкес, мемлекеттік билік ірі фирманың қандай да болсын тілегін орындайды деген ой туғызбау керек. Мұндай тілектер елдің экономикалық жəне əлеуметтік тұрақтылығына, бюджет теңдестігіне, қоршаған ортаны сақтауды қамтамасыз етуге жəне үкіметтің қарапайым қаржы мүмкіндіктеріне қайшы келуі мүмкін.Бұлар – экономикалық мүдде тасымалдаушылардың мемлекеттік экономикалық саясатқа əсер етуінің бірінші бағыты.

ХІХ ғасырда дамыған елдерде бəсекелестерімен, əлеуметтік қарсыластарымен күрес тиімділігі үшін жəне мемлекеттік ұйымдар алдында өз мүдделерін нəтижелі қорғап қалу үшін экономикалық мүдделерді тасымалдаушылар топтарға біріге бастады. Бұл топтар өзара бір-бірінен мүлігімен; қаржылық жағдайымен; табыс көздері ұқсас болған жағдайда қызмет көрсету түрлерімен; мамандығымен; аймақтық мүдделерімен ерекшеленіп отырған. Мысалы, кəсіпорын қожайындары мен жалдамалы жұмыскерлер, жер иелері мен фермерлер, ірі жəне ұсақ кəсіпкерлер, фирмалар мен банктер, акционерлер мен басқарушылар, мұғалімдер мен металлургтер. Əрбір топтың əлеуметтік-экономикалық жағдайынан туындайтын немесе олардың белгілі бір аймаққа, қызметіне байланысты өзіндік шаруашылық мүдделері бар.

Нарық жағдайында жəне шешім қабылдаудағы еркіндік нəтижесінде экономикалық мүдделері ортақ топтар келесі қағидалар бойынша құрылады: — олар ерікті болулары керек (іс жүзінде бұл қағида орындалмайды да); — олар мемлекеттік мекемелерге бағынбауы керек; — олардың міндетті түрде ұйымдық құрылымы болуы керек.

Экономикалық мүдделері ортақ топ деп экономиканың белгілі бір саласында ортақ мақсатты көздейтін заңды тұлғалар мен ұжымдардың немесе адамдардың ерікті бірлестігін айтады. Бұл бірлестіктердің саяси париялардан айырмашылығы, олар билікке таласпайды жəне өздеріне саяси жауапкершілікті жүктемейді.

Заманауи нарықтық экономика жағдайында экономикалық мүдделері ортақ одақтар көптеген дамыған жəне дамушы елдердің экономикасында белгілі орын алып келеді. Олар салалық тарифтік келісімдерді, зейнетақымен қамтамасыз ету келісімдерін, медициналық сақтандыру сияқты барлық əлеуметтік қамсыздандыру келісімдерін жасауға жəне оны бекітуге міндетті түрде қатыстырылып отырады. Экономикалық мүдделері ортақ одақтардың өміріндегі өзгерістер бұрынғы социалистік елдерде, əсіресе Польша мен Ресейде анық көрінеді. Көптеген одақтар, қауымдастықтар, қоғамдарға біріккен экономикалық мүдделілер өз талаптарын мақсатты түрде жеткізіп отырады. Бұлар — кəсіподақтар, кəсіпкерлер, фермерлер, студенттер, жеке банктер, адвокаттар одақтары, тұтынушыларды қорғау қоғамы жəне т.б. Бұлардың ішінде кəсіпкерлер одағы мен кəсіподақтардың ықпалы ерекше болып келеді. Олар өздерінің жеке əлеуметтік-экономикалық көзқарастарын құрып, мемлекеттік экономикалық саясатқа əрқалай əсер етуге тырысады.

Экономикалық мүдделері ортақ топтардың ішінде экономикалық мүдделері ұзақ мерзімге бағытталған жəне олар үшін өте қажетті болып саналатын топтар тұрақты болып келеді. Олардың нақты ұйымдық құрылымы, кəсіби кадрлары болады жəне елдің əлеуметтік-экономикалық өміріне əсер етіп отырады.

Экономикалық мүдделердің ірі жеткізушілерінің зерттеу мекемелері, баспа орындары, қомақты қаржы қоры, кадрларды даярлау жəне көпшілікпен байланыс орталықтары болады.

Мемлекеттік басқару органдарына экономикалық мүдделілердің кеңес беру, ұсыныс жасау, нұсқаулар, талаптар арқылы жəне т.б. да əсер ету түрлері – бұл экономикалық мүдделердің мемлекеттік экономикалық саясатпен байланысының екінші бағыты.Сонымен қатар, экономикалық мүдделері ортақ одақтардың өз қарсыластарына жəне мемлекеттік органдарға қысым жасау мүмкіндіктері əрқалай болып келеді. Мұндай қысым жасау күші келесі факторларға тікелей байланысты болып келеді: — одақ мүшелерінің саны; — басшылардың одақ мүшелеріне ықпал етуі; — одақтың қаржылық мүмкіндіктері; — саланың, аймақтың немесе халық шаруашылығының саласын қамту дəрежесі; — мемлекеттік органдарға немесе қарсыластарына тиімді ықпал ету мүмкіндіктері.

Мысалы, кəсіподақтар жұмыскерлердің жалақысын көбейту жəне жұмыс орнындағы жағдайын жақсарту мақсатында ереуіл жариялаулары мүмкін жəне оның əрекеттік ролі бірнеше факторларға байланысты болады. Оларға бұл акциялардың көлемі, жұмыс берушілердің ереуіл нəтижесінде шығынға ұшырауына байланысты қаржылық мүмкіндіктері, ереуілге қатысушылардың жалақысыз өмір сүру шегі жəне ереуілге байланысты қоғамның белгілі бір қызметсіз, тауарсыз өмір сүре алуын жатқызуға болады. Жағдай шиеленіскен кезде мемлекеттік органдар жанжалды реттеу шараларын қолданады.

Дамыған елдерде кəсіподақ өкілдері одағынан, жұмыс берушілер мен үкімет органдарының бірлестіктерінен тұратын жүйе қалыптасқан, оның іс-қызметінің мақсаты пайда болған жанжалдың алғашқы кезеңінде келісім жасау шарттарын ұйымдастыру жəне ереуілге жол бермеу болып табылады.

Мемлекеттің экономикалық саясаты мен əлеуметтік-экономикалық жағдайына ықпал ету күші қаржылық немесе өндірістік мүмкіндіктеріне байланысты емес экономикалық мүдделері ортақ қауымдастықтар əр елде болатыны анық. Бұл қауымдастықтардың күші олардың кəсіби қызметінсіз мемлекеттің қысқа уақыт болса да өмір сүре алмайтындығында. Мұндай қауымдастықтар үкіметті өз шарттарын орындатуға мəжбүр етеді. Оларға, мысалы, дəрігерлер, өрт сөндірушілер, коммуналды шаруашылық қызметкерлері, энергетиктер, теміржол қызметкерлері жəне т.б. қауымдас- тығын жатқызуға болады. Кей елдерде мемлекет мұндай қауымдастықтарға ереуіл жасауға заңды түрде тыйым салады.

Экономикалық мүдделері ортақ кейбір одақтардың өз мақсаттарын жүзеге асыру барысындағы мүмкіндіктері тым шектеулі болып келеді.Мысалы, студенттер, зейнеткерлер жəне мұғалімдер қауымдастықтарының үкіметке ықпал ету үшін ешқандай мүмкіндігі жоқ деуге болады. Олар тек сот жəне ақпарат құралдары арқылы ғана өз мүдделерін жеткізе алады.

Нарықтық экономикасы бар елдерде экономикалық мүдделері ортақ топтардың ықпал ету құралы ретінде лоббизм немесе жеке уния қолданылады (ағылшын тілінен «lobby» — кулуар немесе дəліз дегенді білдіреді).

Алғашқыда «лобби» ұғымы ағылшын тілді елдер парламентінің фойесін атау үшін қолданған болатын, ал лоббишілдер деп мəжіліс үзілістері уақытында өз пайдасы үшін парламент депутатарына ықпал етушілерді айтқан.

Қазірде лоббизм деп жеке немесе топ мүдделерін орындау мақсатында, үкімет өкілдеріне жеке ықпал ету түрлерін айтады. Көп жағдайларда, əсіресе бұқаралық ақпарат құралдары, лоббизмді депутаттар мен мемлекет шенеуніктерін құпия түрде параға сатып алу мағынасымен теңдестіріп қолданады. Шынында, мұндай іс-əрекеттер дамыған елдерде де, дамушы елдерде де кездесіп отырады. Дегенмен, лоббишілдер алғашқы кезеңде ақпараттарын кəсіби саясаткерлер мен шенеуніктерге жеткізуге тырысады жəне олардың ақпараттары дəлелдемелер мен шешім жобаларымен бірге нақтыланып отырады.

Лоббизм қандай да болмасын экономикалық субъектілердің мүдделерін алға итермелеу құралы ретінде үнемі болғандай сипатта. Бірақ көпшілікке танымал институт ретінде ол қазіргі күннің феномені болып саналады.Əсіресе ХХ ғасырда мемлекеттің экномиканы реттеу ролінің артуы нəтижесінде лоббизм кең өріс жая бастады. Индустриалды дамыған елдердің лоббишілдерді мемлекет тарапынан бақылауға алуға барынша күш жұмсауы мен лоббистердің əрекетін заңдастыру талпыныстары лоббизмнің рөлінің артып отырғандығының айғағы.

Жалпы, лоббилендіруді заңды түрде бақылау не реттеу өте қиын болып келеді. Бірақ кейбір елдерде (АҚШ, Канада) лоббизм туралы арнайы заңдар қабылданған. Мысалы, АҚШ-та лоббистер əділет мекемелерінде тіркеліп, қаржы көздері мен қаржы көлемдері туралы жəне іс-əрекеті туралы жыл сайын есеп беріп отыруы қажет. Басқа елдерде (Австралия, Бразилия, Ресей, Қазақстан) мұндай заңдар парламентте дайындық кезеңінде тұр.Германияда заңнамалық іс-қимылға ықпал етуге əрекет жасайтын жеке жəне заңды тұлғаларды тіркеудің арнайы ережелері қабылданған.

Лоббизм шаруашылық субъектілері мен мемлекеттік органдардың өзара іс- қимыл жасау құралы болып келеді.Экономикалық мүдделерді жеткізушілер мен саяси партияларды шатастырмау керек. Саяси партиялар əлеуметтік- экономикалық жəне саяси мүдделермен қатар діни, мəдени, этникалық, экологиялық, аймақтық ерекше мүдделерді де анықтап, жеткізіп отырады. Саяси партиялар жалпыұлттық, идеологиялық немесе діни ұрандармен шығатын болса, шаруашылық мүдделерді жеткізушілер кімнің атынан шығып отырғандарын нақты жеткізіп отырады. Сонда да партиялар экономикалық мүдделері бір одақтармен тығыз байланыс жасап отырады: социал- демократиялық партиялар кəсіподақтармен байланыста болса, либералды партиялар кəсіпкерлер одағын қолдап отырады.

Жеке уния – одақ өкілдерінің өздерінің немесе одақ мүшелерінің мемлекеттік биліктің заңнамалық, атқарушы жəне сот мекемелеріне қатысуы.Одақ өкілі сайлауға қатысу барысында өз одағынан қаржылық жəне ұйымдық қолдау алады. Бұл оның тəуелсіз кандидаттан артықшылығы болып саналады жəне оның мемлекет аппаратында белгілі бір орынға ие болуының кепілі де болуы мүмкін. Сонымен қатар одақ өкілінің өз іс-қызметі саласында жинаған тəжірибесі мен арнайы білімі болады.Əрине, дамыған елдерде лоббистер ықпалына ұшырамаған жəне шаруашылық мүдделері ортақ топтардың өкілі ретінде орын алмаған шенеуніктер мен депутаттар баршылық, бірақ олар экономикалық мүдделері ортақ одақтармен бірге қызмет істеуге мəжбүр болады.Мемлекеттік басқару органдары экономикалық мүдделері ортақ қауымдастықтардың серіктестері болып келеді. Мысалы,Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі кəсіподақтар мен жұмыс берушілермен үнемі байланыс жасап отырады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің фермерлер немесе шаруа қожалықта-рымен байланыс жасамауы мүмкін емес.

Экономикалық мүдделері ортақ одақтар саяси партиялармен тығыз байланыста болады жəне бұл байланыс екіжақты болып келеді.Экономикалық мүдделері ортақ қауымдастықтардың өкілдері саяси өмірге белсене араласады жəне саяси бағдарламасы одақ мүддесіне неғұрлым жақын болып келетін партияда мүшелікте болады. Экономикалық мүдделері ортақ одақ сайлау барысында партияға қосымша дауыстар қосуы мүмкін. Заң тұрғысынан шектеулер болғанымен, экономикалық мүдделері ортақ одақтар партияның сайлау алдындағы күресін қаржыландыруы да мүмкін.

Мемлекеттік экономикалық саясатты болжау жəне құру кезінде келесі сайлауда жеңіске үміткер партиялардың əлеуметтік-экономикалық бағдар- ламаларын зерттеу маңызды болып келеді. Партияның сайлауда жеңіп шығуы нəтижесінде, оның бағдарламасының əлеуметтік-экономикалық бөлімі мемлекеттік экономикалық сасаттың тұжырымдамасы болатыны анық, ал ол тұжырымдамаларды жүзеге асырушылар шаруашылық (экономикалық) мүдделердің орындаушылары болары сөзсіз. Бұл жеке шаруашылық мүдделердің мемлекеттік экономикалық саясатқа ауысуының үшінші жəне басты бағыты.

Иерархиялық қағидаға сəйкес құрылған мемлекет билігінің үш тармағы (заңнамалық, атқарушы, сот) жəне Орталық банк жеке, топтық жəне жалпымемлекеттік мүдделердің, яғни мемлекеттік экономикалық саясаттың субъектілерінің басты орындаушылары болып саналады.

Нарықтық экономикасы бар көптеген елдерде жеке жəне мемлекеттік экономикалық саясат субъектілері бірігіп, соның негізінде не парламенттік, не президенттік республика үлгісіне теориялық тұрғыдан сай келмейтін жаңа реттеуші орган құрылады. Мысалы, экономиканы мемлекеттік реттеу мекемелерінің жанындағы эксперт жəне консультациялық кеңестерді атап өтуге болады. Маңызды экономикалық сұрақтарды шешуге жоғары дəрежелі кəсіби мамандардың қатысуы мен олардың саяси қызметпен айналыспауы -мұндай кеңестер құрудың алғышарты.

Кеңестің тағы бір түріне мүдделі жақтардың, яғни мемлекеттік органдар мен беделді мамандардың, бірігуінен құрылған кеңестерді атап айтуға болады. Мысалы, кəсіпкерлер одағының, кəсіподақтардың жəне атқарушы биліктің өкілдерінен тұратын орган құрылып, ол жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмыскерлер арасындағы тарифтік қатынастарды реттеп отырады деп белгіленеді. Министрліктер мен кəсіпкерлердің салалық одағынан құрылған комитеттер мен кеңестер, аймақтық экономикалық мəселелерді шешу кеңестері жəне т.б. кеңестер құрылады.

Аталған органдар сайланбайды жəне оларды Парламент тағайын-дамайды. Олар орталық жəне жергілікті атқарушы органдар мен мүдделі одақтардың шешімімен құрылады. Ресми түрде олар пікір алмасу үшін, кеңес беру үшін құрылады, іс жүзінде олардың мемлекеттік экономикалық сасатқа ықпалы зор болады.

Экономикалық реттеудің мемлекеттік-жеке органдарына қызмет саласы бойынша кеңестер мен одақтар жатады: ғылыми-техникалық, əскери- техникалық, аймақтық саясат бойынша, кəсіби білім бойынша жəне т.б. Олардың жұмысына мемлекеттік шенеуніктер жəне эксперттермен қатар өнеркəсіп компанияларының, банктер мен одақтардың өкілдері, қорлардың жəне инженерлер бірлестіктерінің, кəсіподақтардың өкілдері де қатысады.

Мұндай кеңестердің ұсыныстары мемлекеттің экономикалық саясатына, бюджеттік жəне бюджеттен тыс қаржыны жұмсау бағыттарына тікелей əсер етеді. Эксперттік жəне консультативтік кеңестің қызметі экономикалық мүдделердің мемлекеттік экономикалық саясатқа ықпал етуінің төртінші бағытын анықтайды: тасушылар (мүдделі фирмалар) – жеткізушілер (кəсіпкерлер одағы) – биліктің мемлекеттік-жеке мекемелері (эксперттік кеңестер) – экономикалық саясатты жүзеге асырушы мемлекеттік мекемелер. Бұл бағыт бойынша жеке шаруашылық мүдделері басқа əлеуметтік, кəсіби, қоғамдық топтар мен қозғалыстардың мүдделерімен келісіліп отырады. Тəжірибе жүзінде шаруашылық мүдделерді тасушылар мен жеткізушілердің мемлекеттік экономикалық саясат субъектілеріне əсер етуінің бірнеше əдістері мен түрлері қолданылады: бұқаралық ақпарат құралдары арқылы; демонстрациялар мен манифестациялар; қол жинау; сотқа жүгіну (жергілікті соттардан бастап халықаралық соттарға дейін) жəне т.б.

#Нарықтық #экономикадағы #мемлекеттік #реттеудің #субъектілері

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз