Нарықтың құрылымы | Скачать Реферат

0

Жоспар:

Кіріспе

1 Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1 Нарық түсінігі мен мәні
1.2 Нарықтың құрылымы
1.3 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері

2 НарықтыҚ экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
2.1 Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы
2.2 Қазакстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жалпы нарық, қоғамдық тұтынушылар мен андірушілерді байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік еркениеттің ірі жетістіктерінің бірі деп есептеледі, оны математикамен, ген инженериясымен, электроникамен және адамзаттың басқа ұжымдық даналығының шыңымен теңеуге болады, Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан нарықтық экономиканы реттеу зор роль атқарады. Осы нарықтық экономика туралы Адам Смит былай деген: нарықтық экономика — белгілі бір ұйымдастырылған жоспардың нәтижесі емес, көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі болып табылады.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «нарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Осыған қарамастан бірталай ғалымдар өз пікірлерін, Ілімдерін қалдырып кетті. Мәселен, Австрияның экономисі, Нобель сыйлығының лауреаты Фридрих Фон Хайек Адам Смиттің ілімін дамытқан болатын. Фридрих Фон Хайек ілімі бойынша, нарық — ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы. Хайектің айтуынша, нарық жүйесінің шегінде бағалылықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ, ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады, солар үшін қызмет атқарады, бірақ олардың алдына қойған мақсаттарының қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді. Және де Америка экономистері: Дэвид Уэлд, Эдвард Аткинсон, Генри Эмери, Вальтер Дилл Скотт, Джорджа Фредерика Иаркетинг теориясының негізін салумен, өз заманында нарық жүйесін капиталистік жүйеге орайластыру ісімен айталысқан болатын. Капиталистік қоғамның дамуы диалектикасының өзі нарықтық экономиканы ұйымдастыруға әкелетіні аян. Айырбастау-дейді В.И, Ленин: «адамдарды нарық арқылы біріктіреді». В.И.Лениннің айтуынша, нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек бөлінісінің дамуымен байланысты. Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр. Нарық тауар биржаларының, көтерме және белшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының ерекшелігі мынада: барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің варианттарының ішінен ең ұнамсыз болса да әйтеуір күмәнсіз табысқа жеткізетін нұсқасы таңдап алынады. Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді бар ресурстарды тиімді қолдануға ынталандырады.
Жұмыстың мақсаты — нарықтың түсінігін, мәнін, пайда болуы мен даму кезеңдерін, Қазастан Республикасында нарықтық экономикалық жүйесінің қалыптасуы мен қазіргі жағдайын және Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы реттеу әдістері мен дамуының мәселелерін жетілдіріп, зерттеу.
Жұмыстың міндеттері мыналар:
oo Нарық түсінігі мен мәні;
oo Нарықтық атқаратын қызметтері мен құрылым;
oo Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері;
oo Нарықтық экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі;
oo Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы;
oo Нарықтық экономиканы реттеу әдістері;
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканы қалыптастыру механизмін жетілдіру.
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындау барысында көптеген еліміздің әдебиеттері, газет-журналдары, соңғы статистикалық мәліметтер қолданылды.

1 Нарық түсінігі, мәні, пайда болуы мен даму кезеңі
1.1 Нарық түсінігі мен мәні

Қоғамдық өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің нақтылығы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, салалардың, аймақтық кешендердің (территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық саланың тармағы сияқты, және осы байланыстар арқылы өндірістің «басты мақсаты» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.
Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде инарық» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, ұшуы көп кәдімгі базар мен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазылатын керемет «күш» деп те дәріптеуде.Саяси әкономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды.
Сонымен нарық дегеніміз не? Бұл сауалға бірден жауап берудің өзіндік қиындығы көп. Нарық бұрын — соңды біздің елде терең зерттелмеген, сондықтан оның мәнін қате түсіну қазіргі әдебиеттерде жиі кездеседі. Себебі нұсқау — бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады, ұзақ жылдар бойы әкімшіл — әміршіл жүйенің идеологиялық тұтқынында болып келген экономикалық ғылымдарда нарықтың маңызы мен орны туралы даурықпалық көзқарас басым болды.
Нарық мәселелерінің қоғамдағы қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғылым экономикасының арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық — өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бвлігі немесе жүйесі.
Нарық — бұл сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы тауар және қызмет көрсету процесіне байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастардың жиынтығы.
Нарық — тауарларды сатып алу-сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.
Нарық тауарларды өткізуге байланысты сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қатынастар жүйесі болып табылады.
Келтірілген көзқарастардың қайсысы да жеткілікті түрде дәлелді, бірақ мәселелердің бір жағын ғана қамтиды. Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе — ол нарықты өндірістің емес, айырбастың категориясы, нарықтық қатынастың субъектісі-өндірушілер мен тұтунушылар емес, сатушылар мен сатып алушылар деп көрсетілуі. Шын мәнінде тауар-ақша, нарықтық байланыстар сату-сатып алумен шектелмейді. Бұл жерде басымдылық айырбас пен айналыс саласындағы қатынастарға емес, өндірісте болатын қатынастарға тиісті болуы керек. Себебі тек осы жерде ғана өнім жасалады және оның тауарға айналуын сипаттайтын, тауар-ақша қатынастарын қандай нақты нысындарда болатынын көрсететін экономикалық байланыстар пайда болады. Экономикалық дамудың объективті жағдайы нарықты және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке, және т.б ) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздеғі басқарудың әкімшілдік-әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу салды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне кешу нарықтық айырбасқа жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі батыстық модельдерді қайталау емес. Бұрынғы социалистік нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды керініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтық тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастайды.
Соңғы уақытта теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлыұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, әкономикалық тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамудың басты тұтқасы. Экономиканы нары механизмнің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жвн.

1.2 Нарықтың құрылымы
Нарық — күрделі жүйе, оның құрылымын әртүрлі белгілермен классификациялауға болады. Елдегі барлық нарықты былай жіктейміз: ішкі (ұлттық) нарық, еларалық, аймақтық, біріккен нарық және ішкі (республикалық, облыстық, облысаралық) нарық,әлемдік нарық.
Әлемдік нарық жеке елдің ішкі нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндірістік кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асырып отырады. Қазіргі уақытта нарықтар арасындағы байланыстар ұлғаюда. Шығыс Буропа мен Еуропаның экономикалық қауымдастық (ЕЭҚ) елдері арасында және дүниежүзілік нарық қалыптасуда.
Қазіргі ішкі нарық — түгел алып қарағандағы елдің ұлттық нарығы: өндіріс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал нарығы, ғылыми-техникалық идея нарығы, бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күші нарығы енеді. Ішкі нарықта белгілі түрде экономикалық қатынастар дамып, жағдай мен нәтижелерді сату-сатып алу немесе өндірістік факторы арқылы жүргізіледі. Бұл қатынастар тауар-ақша турінде байқалып, Ішкі нарық қызметінің жағдайын ақша мен тауар айналымының бар болуын көрсетеді.
Экономикалық айырбастаудың ерекше түрі және жағдайымен байланыстырылып, тереңдеген еңбек бөлінісіне қарай топтасқан елден құралған нарығы — еларалық біріккен нарық дейміз. Нарықтық қатынастардың жетілу деңгейі тұрғысынан нарықты былай жіктейміз: дамыған нарық, қалыптасатын нарық және әртүрлі дәрежедегі бәсекені шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық, монополиялық бәсеке).
Бәсекелестік сипат пен деңгейі тұрғысынан былай жіктейміз:
а) мемлекеттік нарық — бір субъектінің бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектілер болуы мүмкін. Олардың өндірістегі үлесі аса кеп емес, сондықтан монополиялық бағаны взгертуге шамасы келмейді;
ә) олигополиялық нарықта ез ғана сатушылар іс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуі мүмкін;
б) монополиялық бәсеке нарығы — еркін нарық (бәсекелестер көп болады) тетігі мен өндіріс облысындағы монополияны кең жіктелген өніммен сабақтастығы. Бұл шағын кәсіпорынның өзінде де бағаны кең өрісте варияциялауға көмектесіп, нарықта өтімдік жағдайда болуға итермелейді.
Сатушы нарығы және сатып алушы нарығы болып та жіктеледі. Сатушы нарығы деп сатушы көп билікке ие болып, субъекті белсенділігін сатып алушы жүзеге асырған нарықты айтамыз. Нарықтың мұндай күйде болуы өндірушілер монополиясының еркін нарықта сипат алуымен түсіндіріледі. Сатып алушылар нарығы деп сатып алушылар квп билікке ие болып, нарықтың субъекті белсенділігін сатушылар жүзеге асырған нарықты айтамыз.
Атқарылап жатқан заңдылықтарға сай көзқараспен нарықты былай жіктейміз: ресми және ресми емес.
Нарықты ірі тауар топтарына қарай — азық-түлік және азық-түліктік емес тауарлар, жекелеген тауарлар нарығы (көкөніс, мата, аяқ киім, телеаппаратура, автомобиль және т.б.) болып жіктеледі. Тауар топтарындағы нарыққа мыналар жатады: нан өндіру нарығы, үй және тары нарығы, макарон өндіру нарығы және т.б. Киім нарығында мынаны жіктеп қараймыз: тігін (өндірісі), тоқыма тауарлар, бас киім мен шелке-нәски өндірісі нарығын қандай жағдай болмасын ішкі нарығы біреу-ақ. Олардың барлық сегменттерінің дамуы мен қызмет жасауы бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Сондай-ақ ол тұйық емес, себебі сыртқы нарықпен тығыз байланысты. Адамзат қызметінің аясына байланысты (өндірістік, өндірістік емес, қаржылық, руханияттық және тауар-ақша айналысының саласы) жалпы ұлттық ішкі нарықты шартты жағдайда бірнеше түрге бөлуге болады. Адамзат қызметінің әрбір аясы ұлттық нарықтық жекелеген элементін қалыптастырып, нақты өмірде біркелкі тұтастықты байқатады. Олар өзара бір-бірімен байланысты және бір-біріне тәуелді. Мысалы, өндірістік сала және материалдық емес игіліктер мен қызмет көрсету салалары — өндіріс құрал-жабдығы, тұтыну тауарлары мен қызмет жасау, жұмыс күші нарықтарын қалыптастырады.

1.3 Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері

Нарықтық экономика — ертеден келе жатқан шаруашылықтың жүргізу құралы, оның дамуының өзіндік бай тарихы бар. Нарықтың қалыптасуы айырбас пен қоғамдық еңбек белінісінің дамуымен байланысты. Нарық қатынастарының дамуын мынадай негізгі кезеңдерге бөлуге болады:
oo нарық элементтерінің пайда болуы;
oo натуралдық айырбас кезеңі нарығы;
oo тауар баламасы кезеңінің нарығы;
oo тауар емес балама кезеңінің нарығы;
Бірінші кезеңінде айырбас операциялары тұрақсыз, кездейсоқ болады, олар өндірістің шарттары болып табылмайды. Құндық қатынастар әрбір жеке сауда саттық керіністерде кездейсоқ болады.
Екінші кезеңдегі тауар қозғалысын мына формула бойынша (Т1-Т2) көрсетуге болады. Балама айырбас көбіне-көп өндірістің шарты бола бастайды. Осының нәтижесінде қоғамдық қажетті шығындар категориясы қалыптасады.
Үшінші кезеңдегі тауар тепе-теңдік мына айырбас формуласы бойынша Т1 -Т2, балама Т2 . Әрбір жергілікті нарыққа балама тауардың бір түрі тән. Ол ерекше тұтыну қасиетіне байланысты әрдайым ортасынан ағысып шығып қалып отырады. Бұл кезеңде таза құн өзінің иленушісінің белгілі бір заттық формасымен біртұтас болып бірігіп кетеді, оған тауар қабығынсыз өмір сүре алмайтын шығындық емес деп бөлінетін құрамалары байланады. Дүниежүзілік нарықтың қалыптасуы мен құнның жеке дара иленушісі қызметін алатын атқара бастайды.
Төртінші кезеңдегі тауар қозғалысының формуласы: Т1-тауар емес балама — Т2. Алтынға тікелей айырбастың тоқталуымен, құнның таза иеленушілері — несие ақшалар өздерінің тауарлық мәнін жоғалтады. Былайша айтқанда, құнның өзінің заттық иленушісінің оқшаулануы — қазіргі замандағы нарықты сипаттайтын құбылыс болып табылады.
Сонымен бірге, нарық стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық, реттелмелі нарық деп бөлінеді. Стихиялы нарық -капитализмнің алғашқы кезеңінде болды, оған еркін тауар өндірушілер мен сатып алушылар, еркін бәсеке мен еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық теорияның негізін қалаушы А. Смит (1723-1790 жж.) өзінің «Халықтар байлығының табиғаты мен себептері түралы зерттеу» (1776 ж.) деген басты еңбегінде-жеке меншік иелерінің байлықты кебейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп жазған болатын. Сонымен бірге А. Смит екі кәсіпкер немесе саудагердің арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны есіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселерерді шешуге араласпауы керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін түнгі күзетшінің ролін атқару қажет. Мемлекет мейлі өзінен өзі жүрсін саясатын жүргізіп, бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың монополиялар мен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын жаман әдеттеріне, мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және өндіріс өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады, нақты реттеу қабілетті болады деп көрсеткен болатын. Сөйтіп А.Смит нарықты экономиканы өзін-өзі реттеу механизмін ашты.
Еркін бәсеке мен нарықтың көрінбейтін қолының пайғамбарының пікірінше, жеке мүддені қоғамдық игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай жағдайда оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден бастап монополиялық нарық қалылтасты.
Монополиялық нарық XIX ғасырдың аяғында XX ғасырлардың алғашқы кезеңінде өмір сүрді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері әсер етеді, өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми техникалық прогрестің баяулануына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның барлық қайшылықтарының меншіктегі ірі кәсіпорындар монополиясына негізделген бұрынғы КСРО-ның экономикасы да жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным сұрақтары әкімшілдік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасты. Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр. Оны тек қана еркін тауар өндірушілер мен тұтынушылар, еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге өнім өндіруге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субъектілеріне қаржы несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоцияцияларын, жарнама ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап көрсету керек.
Біздің жас тәуелсіз Қазақстан мемлекетінде де толыққанды жүйелі, әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың баламасыз құралы деп танылып отыр.

2 НарықтыҚ экономиканы қалыптастырудың Қазақстандық моделі
2.1 Қазіргі кездегі Қазақстандағы нарықтық байланыстардың жағдайы

Жалпы нарықтық экономикалық жүйе — шаруашылық шешімдерді әрбір экономиканың қатысушысы жеке дара қабылдайтын, оларға заңды мәртебе берілу қажеттілігне, жеке меншік құқығының анықталынуына, келісім-шарт кепілдігінің сақталуына орай жеке меншікке, экономикалық және құқықтық еркіндікке, кәсіпкерлікке, бәсекелікке негізделген жүйе. Бұл жүйеде нарықтық қатынасқа қатысушылардың ойын ережесін заңды түрде бекітетін құқықтық негізді қамтамасыз ету мәселесін мемлекет өз мойнына алады. Экономикалық … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz