Нар идірген осылай туған ашық сабақ — Ашық сабақтар

0

Ашық сабақ әзірлемесі

А.Ж Бисембаева, №8 жалпы орта білім
беретін мектептің  қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі. Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

Сабақ тақырыбы: «Нар идірген осылай туған»
Сабақ мақсаты: а) білімділік оқушыларға шығарманың композициясына, мәтініне, кейіпкерлеріне талдау жасата отырып, автор идеясын ұғындыру, жазушы шеберлігін аңғарту;
ә) Дамытушылық: оқушылардың өзіңдік таным-түсінігін кеңейте отырып, ғылыми тілде ұтымды сөйлей алатын, мәнді сұрақ қойып, мағыналы жауап алуға бейімдеу үшін ой-өрісін шыңдау.
Б) Тәрбиелік: Оқушыларды өнердің, күйдің құдіреттілігін түйсіне отырып, бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі. Баспасөз-конференция
Оқыту формасы: топтық.
Типі: іскерлік пен біліктілік дағдысын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: Ән-музыка, психология
Техникалық құралдар:компьютер, үнтаспа.
Сабақ барысы.
І.  Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Т:Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасының мазмұны композициясының талдауы арқылы сұралады.
І. Оқиға басталуы.Қос салт атты
ІІ. Байланысуы. Жырада кездескен жалғыз нар.
ІІІ.Дамуы. Өрге шыға алмай тайғанақтаған күй.
ІV. Шиеленісуі.Әлденеге талпынған көңілі құрғыр …
Шырақтау шегі. «Екі күйші өнерлеріңді бірге салыңдар …»
Шешімі. «Заманым өткен екен ғой ..» 

 

 «Т.Ахтанов –қазақ   прозасының 
  алыстан көрінер айтулы биік 
  асуларының бірі екеніне дау жоқ»
                     Қ. Мұханбетқалиұлы

Мұғалім сөзі.
Баспасөз-конференциянық басталуы
І.топ «Әдебиетші-ғалымдар» тобы
ІІ.топ- «Өнертанушы -ғалымдар» тобы
ІІІ.топ-«Психолог-ғалымдар» тобы
IV.топ- «Тілшілер » тобы
Сұрақ-жауап кезеңі
1-тілші сұрағы: Әдебиетшілерге –Жазушы Т.Ахтанов қаламынан туған шығармалар туралы ой айта кетсеңіздер.Шығарма тақырыбы не? Идеясы туралы .
2-тілші сұрағы: Өнертанушыларға –Аңызға айналған қандай күйлерді білесіңдер? Күйлердің шығу тарихына тоқтаңыздар.
3-тілші сұрағы:Психологтарға – Ботасы өлген аруана Естемес күйшіге қалай әсер етті? Әсер етсе, жолда күй неліктен толық шықпады.
4-тілші сұрағы: Өнертанушыларға – Естемес күйшінің күй өнері туралы пікірі қандай?
5-тілші сұрағы: Психологтарға- Оразымбетке қандай мінездеме берген  болар едіңіздер?
6-тілші сұрағы: Әдебиетшілерге- Шығармада қандай мақал-мәтелдер, әдеби –көркемдегіш сөздерге мысал айта аласыздар?
7-тілші сұрағы: Осы шығармасы арқылы жазушыға қандай баға беруге болады?
8-тілші сұрағы: Психологтарға – Қарт күйшінің жүрегін бүлк еткізер,көңілі құрғыр әлденеге талпынтқан не? Бұл туралы күйшінің көңіл-күй,толғанысын айтып бере аласындар ма?
Көрермен сұрағы:-«Екі күйші,өнерлеріңді бірге салыңдар» деген қыз сөзінің астарында не бар еді? Немесе қарт күйші Естеместің «Заманым өткен екен ғой» деп аһ ұруы нені білдіреді?  
Мұғалім сөзі.
Сармалайдың күйі «Нар идірген» .(тыңдау) Нардың суреттелуін кітаптан тауып оқыңдар.Бұл күй қалай әсер етті?
Мұғалім сөзі.
Ойын «Портрет»
Шығармашылық жұмыс: 
Күй тілі- көп заманның алуан ісі.
Күйлердің әлемге аян бар мәнісі
Өмірді күймен бірге қоса алмайтын
Нар құлақ, көрсоқырлар алданысы
Жансүгіров.
Үйге тапсырма «Күй -қазақтың төл өнері»  ( суреттер көрсету)
Бағалау: Тілшілер қонақтар әділ бағасын берсе ….   

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!