Намазда оқылатын дұғалар

0
132

Ифтитах (бастау) тәкбірінен кейін құпия оқылатын «сәна» (мадақ) дұғасы: «Субханака Аллаһумма уә би-хамдика уә тәбәракас-мука уа та’ала жәддука уә ләә-иләһә ғайрук». Я, Алла! Сені тәсбих етіп (күллі жаратылыс пен нұқсан атаулыдан) пәктеймін. Саған «хамд» айтып, мадақтаймын. Сенің қасиетті есімің аса мүбәрак және сенің ұлылығың аса жоғары. Сенен басқа ешбір құдай жоқ.

Рүкүғтан тұрар кезде: «Сәми’ Аллаһу лимән хамидаһ».

Ал ла өзін мадақтаған жанның мадағын естиді.

Рүкүғтан тұрғаннан кейін құпия айтылатын дұға: «Аллаһумма Раббәнәә уә ләкәл-хамд». Уа, Раббымыз Алла! Хамд пен мадақ саған ғана лайық.

Рүкүғта және сәждеде оқылатын тәсбих: «Субхана раббиял-а’лаа». Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк.

Алғашқы және ақырғы отырыстаоқылатын «әт-тахият» дұғасы: «Әт-тахияту лиллаһи уас-салауаату уа-таййбаат, әс-сәләәму ‘аләйка әйюһән-нәбию уә рахмәтуллооһи уә бәрәкаатуһ, әс-сәламу ‘аләйна уә ‘ала ‘ибәдиллаһис-саалихиин, әшһаду әл-ләә иләһә ил-лАллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән ‘абдуһу уә расуулуһ». Барлық дұғалар, мадақтар, тәндік, дүниелік ғибадаттар Аллаға лайық. Ей, Пайғамбар! Саған сәлем. Әрі саған Алланың рақымы мен берекеті жаусын! (Ей, Раббымыз!) Сәлем бізге және Алланың салиқалы құлдарына болсын. Мен Алладан өзге ешқандай құдай жоқ екеніне және Хазіреті Мұхаммедтің Алланың құлы әрі пайғамбары екеніне куәлік етемін.

«Әт-тахият» дұғасынан кейін оқылатын салауат дұғасы: «Аллаһумма салли ‘ала Мухаммәдин уә ‘ала әли Мухаммәд. Кәмәә саллайта ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид. Уә бәәрик ‘ала Мухаммадин уә ‘ала әли Мухаммад. Кәмәә бәәрәктә ‘ала Ибраһимә уә ‘ала әли Ибраһим. Иннәкә хамидун мәжиид». Я, Аллам! Пайғамбарымыз (с.а.у.) Мұхаммедке және Оның отбасы мен ұрпағына, мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем ет. Тура хазіреті Ибраһим және оның отбасы мен ұрпағына мейіріміңді төгіп, олардың мерейін үстем еткеніңдей. Және Хазіреті Мұхаммед пен оның отбасын, ұрпағын мүбәрак ет. Олардың ырыс-берекетін ұдайы арттыр. Тура Хазіреті Ибраһим оның отбасын, ұрпағын мүбәрак еткенің секілді. Күмәнсіз Сен – Хамидсің, мәжидсің. Яғни, барлық мадақ пен ұлылық, асқақтық саған ғана тән.

Салауат дұғасынан кейін оқылатын дұға: «Раббәнәә әәтинә фид-дүниә хасанатән. Уә фил-әәхирати хасанатән. Уә қинәә ‘азаабән-наар». Я, Раббымыз! Бізге бұл дүниеде де, ақыретте де жақсылық бер. Және бізді жәһаннам азабынан сақта.

Үтір намазында оқылатын құныт дұғасы: «Аллаһумма инәә наста’иинукә уә настағфирукә уә нәстаһдик. Уә ну-мину бикә уә нәтуубу иләйкә уә нәтәуәккәлу ‘аләйкә уә нусни ‘аләйкәл-хайрә күлләһу нәшкурукә уә ләә нәкфурук. Уә нахла’у уә нәтруку мән иәфжурук. Аллаһумма ииәәкә на’буду уә ләкә нусал- ли уә нәсжуду уә иләйкә нас’а. Уә нахфиду наржу рахмәтәкә уә нахшәә ‘азабәкә иннә ‘азабәкә бил куф-фари мулхиқ». «Алла, біз күмәнсіз сенен жәрдем, кешірім тілеп, сенен тура жол, һидаят сұраймыз. Саған иман етіп, күнәларымыз үшін саған тәубе етіп, саған арқа сүйейміз. Сені барлық жақсылықтармен мадақтап, зікір етеміз. Бізге берген ырыс-берекеңе шүкір етеміз. Сені теріске шығармаймыз. Саған қарсы келгендерді теріске шығарып, олардан мүлдем байланысымызды үземіз. Алла! Біз тек саған ғана құлшылық етіп, сен үшін намаз оқып, саған сәжде етеміз. Саған лайық құл болып, сенің ризалығыңды алу үшін жігерленіп, қайраттанып алға ұмтыламыз. Сенің рақымдылығыңнан үміттеніп, азабыңнан қорқамыз. Күмәнсіз, сенің азабың кәпірлерді қамтиды.

Сәлем бергеннен кейін оқылатын дұға: «Аллаһумма әнтәс-сәләәм уә минкәс-сәләәм тәбәәрактә иәә зәл-жәләәли уәл-икрәәм». «Алла! Сен–сәлемсің. Сәлем сенен. Сен күллі нұқсандық атаулыдан пәксің. Дүние мен ақырет сәлеметі мен бейбітшілігі сенің көмегіңмен ғана болады. Нағыз қасиетті – Сенсің. Құдірет пен жомарт иесі, Раббым!

Азан дұғасы: «Аллаһумма рәббә һәзиһид-да’уатит-тәәммә уәс- салаатил-қааймә, әәти Мухаммәдәнил-уәсиләтә уәл- фадиләтә, уәд-дәрәжәтәр-рафии’а. Уәб’асһу мақамәм махмуудәниллази уа’аттәһ. Иннәкә ләә тухлифул- ми’ад». Мына толық азан мен оқылатын намаздың Раббы! Хазіреті Мұхаммедке арқау болуды, ерен ерекшелікті және жоғары дәрежені бер! Және де оны өзің уәде еткен «Махмуд шыңына» жеткіз. Сенің өз берген уәдеңді орындайтыныңа ешқандай күмән жоқ.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!