Home Білім Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма? (видео)

Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма? (видео)

0
148

Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма? (видео) казакша Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма? (видео) на казахском языке

Қасиетті Рамазан айының басталуына бір ай уақыт қалды. Еліміздің мұсылмандары да осы айда ауыз бекітіп, құдайға құлшылық етеді. Осы ретте «Намаз оқымайтын адамның оразасы қабыл бола ма?» деген оқырмандардың сауалына дінтанушы жауап берді деп жазады baq.kz.

Бұл сұраққа Мысыр елінің әл-Азһар университетінен шақыртылған дінтанушы, шейх Мұхаммед Һашим Жамалуддин жауап берген екен.

«Намаз бен ораза өз алдына бөлек құлшылық-ғибадат болып есептеледі. Кімде-кім намаз оқымайтын болса, бірақ ораза ұстаса, ол намаз оқымағаны үшін күнә табады, ал ораза ұстағаны үшін сауап алады. Екеуі екі бөлек ғибадат. Намаз оқымаса, ораза ұстай алмайды деп бірде-бір ғұлама ғалым айтқан емес. Сондықтан біздің айтарымыз, оразаны ұстап қана қоймай, намазға да көңіл бөлу керек. Оның ешқандай қиындығы жоқ», – дейді Мұхаммед Һашим Жамалуддин.

Естеріңізге сала кетейік, биыл Рамазан айы 27 мамырда басталады. (Ораза кестесі мында)