Мыс слайд,презентация — Химия

0

Мыс слайд,презентация

 

 

Табиғатта таралуы: Жер қыртысында мыстың мөлшері          0,01% массаны құрайды.Ол саф күйінде  және көбінесе,қосылыстар түрінде кездеседі.
 Алынуы: Мысты алу процесі едәуір күрделі.Сульфидтік   мыс кендерінен пирометаллургиялық,ал оттекті құрамды кендерінен-гидрометаллургиялық жолмен өндіріледі
Физикалық қасиеттері:Мыс-ашық қызғылт түсті жылтыр металл,тұтқыр,жеңіл созылады.Балқу температурасы-1083ос.Тығыздығы-8,9г/см3.Электр тогын жақсы  өткізеді.

Химиялық қасиеттері:Құрғақ ауада және кәдімгі температурада мыс өзгермейді.Өйткені қосылыстың қорғаныш қабықшасымен қапталады,оның құрамы ауадағы қоспа заттарға тәуелді.Жоғарғы температурада мыс жай және күрделі заттармен де реакцияға түседі
Мыс қосылыстары.
Мыстың тотығу дәрежесі +2 болатын қосылыстары едәуір көп таралған,тотығу дәрежесі +1 қосылыстары сирек кездеседі.
Мыс оттекпен екі оксид түзеді.Ауада қыздырғанда мыс жеңіл тотығып,алдымен қызыл оксидке Cu2O,содан кейін қара оксидке Cu айналады.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!