Мұржадан түтін будақтайды балабақшадағы ашық сабақтар

0

Мұржадан түтін будақтайды

 

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 18
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы 
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Мұржадан түтін будақтайды»
Мақсаты:
а)қыс мезгілі ерекшелігін түсіндіру,қарандашпен үзбей ирек сызықтар салу дағыларын қалыптастыру.
ә)саусақтарының қимыл-қозғалыстарын және икемділігін дамыту.
б)әсемдікті сезіне білуге тәрбиелеу,сурет салуға қызығушылықтарын арттыру.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: қыс мезгіліндегі үйлердің тұрбасынан шыққан түтіндерді бақылату.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті,ойын.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: демонстрациялық материалдар. Әр балаға сүңгінің суреті салынған парақтар,қылқаламдар,көк бояу,су,қол сүрткіш.
Билингвалдық компонент: мұржа-труба,түтін-дым.
Іс -әрекет кезеңдері        Тәрбиешінің іс- әрекеті      Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы     Шаттық шеңбер.
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты бүгін күн,
Қайырлы таң, қайырлы күн!

-Балалар қыс мезгілінде үйде немен жылытамыз?
-Не жағамыз?
-Тұрбадан не шығады?
Балалар қыс мезгілінде үйдегі отты жағамыз. Отымыз үйді жылытады.     Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. 
Қуан, шаттан, алақай!
Қуанатын күн бүгін.
Күліп шықты бүгін күн,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Балалар тәрбиешімен бірге жауап береді.
-отпен жылытамыз.
-От жағамыз.
-Түтін шығады.
Балалар қызығушылықпен тыңдайды. 
Іздену- ұйымдас тырушы     -Балалар,сендердің ойыншықтарың қыс мезгілінде далаға көп шықпайды,сондықтан да мұржадан түтіннің қалай шығатынын білмейді. Осы көріністің қандай болатынын білу үшін сендерден мұржадан шығып тұрған түтіннің суретін салып беруді өтінеді. Балаларға түтінді салу жолдары көрсетіледі де, алдарында тұрған парақтағы суреттегі үйдің мұржасынан шыққан түтінді қарындашпен ирек сызықтар сызу арқылы салу сұралады. 
-Ол үшін алдымен қарындаштарыңды оң қолдарыңа алыңдар. Біз түзу сызықтарды сызуды үйрендік,енді ирек сызықтар салуды үйренеміз.
Ирек сызықты ауада салып көрсетіледі,ал балалар артынан бірнеше рет қайталайды.
-Суреттегі үй төбесіндегі мұржадан түтін шығып тұрған жоқ.  Себебі ол үйде от жанып жатқан жоқ,ал үйдегі пеште от жанғанда ғана түтін будақтап шығады. Қазір түтіннің мұржадан қалай шығатынын көрейік. 
Қағаздағы суретке ирек сызықтарды қалай жүргізуге болатыны көрсетіледі. Балалар алдарындағы суреттегі үйдің мұржасынан шыққан түтінді салады.
жайлы сұрайды.

Билингвалдық компонент: мұржа-труба,түтін-дым.
Сергіту сәті:
Орынымаздан тұрайық
Алақанды ұрайық.
Бір отырып , бір тұрып
Біз тынығып алайық.

Дидактикалық ойын: «Кімге не керек?»
Шарты:Қар күреу үшін не керек? Сырғанақ тебу үшін не керек? т.б. Балалар өздеріне таратылып берілген суреттерді көрсету арқылы сұрақтарға жауап береді.     

Балалар ауада ирек сызықтар салып жаттығады.

Өздеріне ұнаған түсті таңдап,мұржадан шығып тұрған түтіннің суретін салады. 

Қайталайды: мұржа-труба, түтін-дым.

Балалар тәрбиешімен бірге сергіту сәтін жасайды. 

Балалар суреттер арқылы сұраққа жауап береді.
-күрек.
-шана.
Рефлексивті коррекциалаушы     Балаларға ойыншықтар атынан ризашылығын білдіру. Барлығың суретті жақсы салыпсыңдар.    Өз жұмыстарына бағалай қарайды.

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: қыс мезгілінде үй жылы болуы үшін от жағатынын, мұржадан түтін будақтап шығатынын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Мұржадан шыққан түтінді бейнелеу арқылы қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және кеңістікте бағдарлай білуді игереді.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: қарындашпен іс-әрекет жасау арқылы ирек сызықтар сызуды меңгереді.

Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 19
Тобы:«Балапан» I-кіші
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы 
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Мұз айдынындағы іздер»
Мақсаты:
а)қылқаламды дұрыс ұстай отырып,берілген фонның үстінен коньки ізін ирек сызықтар сызу арқылы көрсетуге  үйрету.
ә)ирек сызықтар сызу дағдыларын қалыптастыру.
б)табиғаттың әсемдігін түсіне білуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Балаларға мұз айдынындағы суретті тамашалату. 
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Қажетті көрнекіліктер мен құралдар: демонстрациялық материалдар. Әр балаға араналған көкшіл мұз айдыны бейнеленген үлестірмелі материал,жіңішке қылқалам,көк бояу,қол сүрткіштер,су.
Билингвалдық компонент: мұз айдыны-лёдянное,көкшіл-голубой,мұз-лед,сырғанау-кататься,өрнектер-узоры,іздер-следы.
Іс -әрекет кезеңдері        Тәрбиешінің іс- әрекеті      Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық- қозғаушы     Шаттық шеңбер.
Армысың, Алтын күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыңа жылу қос!
Балаларға мұз айдыны бейнеленген суретті көрсетіп,мұз айдыны не үшін керек екендігі туралы әңгімелейді.
Мұз айдынында конькимен сырғанағанда әртүрлі өрнектер,яғни  іздер қалатыны айтылады.    Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. Армысың, Алтын күн!
Армысың, асыл жыр!
Армысың, көк аспан!
Армысың, жан досым!
Жылуыңа жылу қос!
Балалар суретке қызығушылқпен қарап,тәрбиешінің әңгімесін тыңдайды.
Іздену- ұйымдастырушы     -Сендердің ойыншықтарың мұз айдынына бара алмайды. Бірақ олар мұз айдынына коньки тепкендеріңді көргісі келеді. Ендеше біз ойыншықтарға өзіміздің тепкен конькиіміздің іздерін салып берейік. Сендердің алдарыңда көкшіл қағаз,оны «мұз айдыны» деп ойлайық. Осы мұз айдыны,яғни алдарыңда тұрған көк қағаздың үстіне ақ бояуды пайдаланып жіңішке қылқаламмен конькидің іздерін түсіріп көрейік. Көк қағазда әлі іздер түспеген. Алдымен көк қағаз бетіне қылқаламның көмегімен іздерді түсіріп көрсету. Алдымен балаларға алдын-ала түзу сызықтар салу керектігін ескертеді. Балалардың жіңішке қылқаламды дұрыс пайдалануы қадағаланады.
Осындай іздерді салынған кезде қылқаламды баспай,ұшымен сүйкей жағу керек екенін естеріне түсіреді. Ұқыпты жұмыс істеулері қадағаланады.
Жұмыс соңынан жасауды балалардан конькимен сырғанаған кезде жасайтын қимылдарын жасаулары сұралады. 

Билингвалдық компонент: мұз айдыны-лёдянное,көкшіл-голубой,мұз-лед,сырғанау-кататься,өрнектер-узоры,іздер-следы.

Балалар  тәрбиешінің көмегімен қылқаламды ақ бояуға батырып,көк қағаздың үстіне іздер түсіреді.
Балалар жұмыс соңынан коньки тепкен адамның қимылын келтіреді.

Қайталайды: мұз айдыны-лёдянное,көкшіл-голубой,мұз-лед, сырғанау-кататься, өрнектер-узоры,іздер-следы.
Рефлексивті коррекциалаушы     Балаларға жеке бағыт-бағдар беріледі.
Балалар суретті жақсы салғаны үшін ойыншықтардың атынан алғысын білдіреді.    Балалардың көңіл 
күйлері көтеріледі.                     

Күтілетін нәтиже:
Нені білді: мұз айдынында коньки тепкенде мұз бетінде із қалатынын біледі.
Қандай түсініктерді игерді: қылқаламмен бояуды сүйкей жағуды.
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері: қағазға қылқаламмен іздерді үзбей салуды.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!