«Мұражайға саяхат» Ашық сабақ 7 сынып
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
«Мұражайға саяхат» Ашық сабақ 7 сынып
Автор: Сагатбекова Жайдарлым Маулетказиновна
Бағыты: Қазақстан тарихы Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 7 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-02-10
Материал туралы қысқаша түсінік
«Мұражайға саяхат» атты 7 кластарға арналған мұражайда өткен ашық сабақ. Тарих пәні мұғалімдеріне өлкетануға арналған сабақ. Жоспары жаңартылған білім мазмұны бойынша, қысқа мерзімді жоспар түрінде.
Сабақ жоспары | ||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:XIII – XV ғғ. Қазақстан. | Мектеп: «№10 қазақ мектеп-гимназиясы»КММ | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сагатбекова Ж.М. | |
Сынып: | Қатысқандар саны:Қатыспағандар саны: | |
Сабақ тақырыбы | Мұражайға саяхат | |
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Мұражай туралы толық мағлұмат беру және тарихи дереккөзі ретіндегі маңыздылығын айқындау | |
Сабақ мақсаттары | Барлығы: берілген деректерден қажетті ақпараттарды іріктеп алып, сұрақтарға жауап береді. Көпшілігі: деректерді салыстыра талдап, ұқсастықтары мен ерекшеліктерін түсіндіріп, тақырып бойынша қорытынды жасайды Кейбірі: мұражайдағы дерек көзін қолданып, бірнеше аспектіде қарастырып, өзіндік пайым жасайды. | |
Бағалау критерийлері |
Мұражай, этнография, археология, кесене ұғымдарын түсіндіреді;Мұражайдың дереккөз ретіндегі маңыздылығын анықтайды;Тарихи тұлғалар, тарихи оқиғалар, кесенелерді біледі;Тақырыпқа қатысты мәліметтерді жинақтап өз ойын айтады; Еңбектерді тарихи дерек ретінде талдайды. | |
Тілдік мақсаттар | Қажетті терминдер мен сөз тіркестері: Мұражай, сәулет өнері, батыр, жырау, тарихи шығарма, жылнама сөздерін қолданып сипаттайды. | |
Құндылықтарды дарыту | — патриотизм— батылдылық— көшбасшылық— төзімділік | |
Пәнаралықбайланыстар | тарих, әдебиет. | |
АКТ қолдану дағдылары | АКТ дағдыларын дамыту. (ноутбук, интербелсенді тақта) | |
Бастапқы білім | Мұражайды аралап, мұражай жәдігерлерімен танысып, өлкеміздің тарихын біледі | |
Сабақ барысы | ||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы5 минут
Сабақтыңортасы3 минут 7 минут 15 минут 5 минут |
Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.Дөңгеленіп тұрайық.Шеңберді біз құрайықКереге болып керіліп, Уықтар болып иіліпШаңыраққа киіліпКиіз үй біз құрайық Топқа бөлемін : «Мұражайға билеттер арқылы» топқа бөлінеді. Оқушыларды кассадан билеттер алып, 1,2,3 бөлініп отрады:1.Этнорафиялық 2. Тарихи ескерткіштер 3.Археологиялық
Миға шабуыл 2) Сабақтың тақырыбы және мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстыру. 1. «Мұражай» бізге қандай тарихи мәлімет береді?2. Мұражайдың атқаратын ролі?3. Мұражай экспонаттары?4. Мұражай залдары?Оқушылардың жауаптарын тыңдап, кері байланыс беремін. Мұражай — туған еліміздің асыл қазынасы. Ол оқушыларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып оны қастерлеуге тәрбиелейдіМұражай, музей, (грек тілінде museіon — муза сарайы) — тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді.Тарихы мен дамуыМұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Еуропада тарихи мұражайлар 16 — 18 ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. “Галерея аралау” әдiсi –өзгелердiң қабырғаларға iлген көрнекi материалдарын жеке аралап жүрiп, өз ойын көбiне сол нәрсеге жазуға арналған стратегия. 1 топ.Зерттеу сұрақтары: Этнография дегеніміз не?Мұражайдағы этнорафиялық жәдігерлердің маңыздылығы.2 топ. Зерттеу сұрағы:Археология дегеніміз не?Мұражайдағы археологиялық жәдігерлердің құндылығы неде?3 топ. Зерттеу сұрағы:Кесене дегеніміз не?Өңіріміздегі кесенелердің тарихи дереккөзі ретінде құндылығы?Әр топ берілген критерий бойынша деректерді талдау жұмысын жүргізеді:Постер жасау арқылы .Шағын презентация 1топКритерий: 2- топ Критерий: 3- топКритерий: 4 тапсырма«Шеңбердегі доп» әдісіОқушылар шеңберлене отырып, бір-біріне кішкене допты лақтырады. Доп қолына тиген оқушы жаңа білім туралы бір сөйлем айтады |
1-топ:«Этнографиялық» залы2-топ:«Археологиялық» залы3-топ:«Ескерткіштер» залы Әдеби жәдігерлер. Жиырма томдық. Ұжымдық. Авт. Таймас баспа үйі, 2007 Қазақстың салт – дәстүрлері мен әдет – ғұрыптары. Коллективн. Авт. – А: Атамұра, 2010 Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті. Коллективн. Авт. – А: Алматыкітап, 2010 Қазақстан музейлері. Коллективн. Авт. – А: Алматыкітап баспасы, 2009 А – 3 форматындағы қағаздар, флипчарт, фломастер, түрлі бояулар, түрлі түсті қағаздар |
Сабақтың соңы3 минут
2 минут |
(Б) Қорытынды кезеңі. Бағалау критерийлеріне оралып, тапсырманың қаншалықты дұрыс орындалғандығын талқылау.Мұғалім және оқушылар тарапынан сабақ мақсаттарының орындалуы туралы пікір алмасу. | Стикер |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.