Мұқағали Мақатаев слайд,презентация — Әдебиет

0

Мұқағали Мақатаев слайд,презентация

 

 

              Мұқағали (Мұқаметқали) Сүлеймен-ұлы  Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Нарынқол ауданы Қарасаз ауылында туған. Балалардың үлкені – Мұқағали еді. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарында өтті. Әкесі Сүлеймен соғыста қаза тауып, анасы Нағиман мен әжесі Тиынның тәрбиесінде өсті. Ол 10-11 жастан бастап өлең шығара бастайды. 
      Әйелі – Лашын Әзімжанова. Тұңғыш қызы – Ләззат 1949 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, сәуірде суық тиіп қайтыс болған. Екінші қызы – Майгүл 1951 жылы мамырда дүниеге келген, 1962 жылы Алматыға көшіп келгеннен кейін машина апатынан қайтыс болады. Бұл қаза ақынға қатты соққы болады. Майгүлге арналған өлеңдер циклі баршылық. Қалған балалары – Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан.  
     Мұқағали орыс, неміс тілдерін жақсы білген.  
 Қайда істедің? — Мынау «Еңбек кітапшамнан» тауып ал. Оқымаған,  дипломсыз демесең, бір басымнан бар мамандық табылар. — Міндеттісің бе әскерге? — Міндеттімін. Міне мұнда көп мағына бар. — Мекен – жайың? — Жерде  жүрген  ақын  деген  пендемін, Қағаз, қалам, уақыт  бер аздаған .                 Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!      1948-1949 жылдары ҚазМУ-дың филология факультетінде оқыған. К.Маркс атындағы кеңшарда (қазіргі «Текес») ауылдық кеңес хатшысы, мектепте мұғалім болды. 
     1952-1962 жылдары Қарасаздағы бастауыш мектепте орыс тілінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1970 жылы Жазушылар одағына мүшелікке қабылданып, 1973-1974 жылы Мәскеудегі әдебиет және өнер институтында оқыды.

 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!