Мұхтар Әуезов және қазақ әдебиеті 

0

Мұхтар Әуезов және қазақ әдебиеті 

Әзімханова Ж.Б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты

Жанатаев Д.Ж.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

Аннотация: Мақалада сөз саптауы керемет Мұхтар Әуезовтің әдебиеттегі жолы мен оның әдебиеттануға қосқан үлесі туралы, абайтану мен драматургияның бастауының биігінде тұрған тұлғаның жетістіктері сөз етіледі.

Аннотация: В статье речь пойдет о пути великого Мухтара Ауэзова в литературе и его вкладе в литературоведение, о достижениях личности, стоящей на вершине истоков абаеведения и драматургии.

Annotation: The article tells about the great path of Mukhtar Auezov in literature and his contribution to literary criticism, about the achievements of a person who was at the height of the origins of Abay studies and drama.

Кілт сөздер: феномен, әдебиеттану, абайтану, драматургия.

Сөз саптау мен өлең жазу оңай іс емес. Қисынын келтіріп, өмірмен байланыстырып, адамның таңдауына, тыңдауына әсерлі болатын дүниені жарату әрбір адамның қолынан келе бермейді. Сол себепті жазушылар мен ақындардың туындыларын орынды талдау керек.

Қазақ әдебиетінде көптеген ақын-жазушылардың өлең және прозалық туындылар жазу қабілеті бар. Алайда барлық жазушылардың тілін мадақтап, ерекшелігін көрсете алмаймыз. Себебі ақындар бұрыннан келе жатқан форматты алға қойып, соның негізінде жазады. Нәтижесінде көп ақындардың өлеңдерін ұқсатып отыратын да жайттар болады. Бқл ақынның өзінің индивидуалды күші мен ерекшелігін көрсетпейді.

Бірақ қазақ әдебиетінде ондай тума жоқ деп айтуға да болмайды. Абай сынды, Мұхтар Әуезов сынды көрнекті ақын-жазушылар әдебиетке индивидуалды ерекшеліктерін алып келді. Өзгеге ұқсамай, өзінің мықты жақтарын дамыта білген осы сияқты тұлғалар әдебиеттің дамуына өзінің үлесін қосумен болады.

Әуезов феномені – көшпенділердің еркіндікті сүйетін рухы.

ХХ ғасырдың басты оқиғасы, әрине, біртұтас адамзат өркениетінің қалыптасуындағы жаңа сатыға көшу болып табылады. Жиырмасыншы ғасырда отырықшы және көшпелі өмір салтына көпғасырлық қарсылық аяқталып, отырықшылық жеңіске жетіп, көшпелілік тарихтың шетіне кетті. Олардың дәуірі өткен және дамудың жаңа жолы басталған еді.

Көшпенділер адамды қоршаған әлемнің басты тірегі деп санаған, бәрінен бұрын адами қасиеттерді қойған. Ар-намысты сақтау және ұяттан аулақ болу үшін өмірін құрбан ету дәстүрге айналды. Дегенмен, көшпелі әлем отырықшы өркениетпен экономикалық қарама-қайшылыққа төтеп бере алмады.

Осылайша, көшпелі “бостандықтың” орнына бағыну уақыты келді.

Еркін халықтың қандай қиын жағдайға тап болғаны, жамандықты қалай жұқтыра бастағаны туралы Мұхтар бала кезінен Абайдың шығармаларынан білді, ал есейгеннен кейін мұның бәрін өз көзімен көрді. Әуезов феномені ата-бабаларымыздың ұлы еңбектерінен, ең алдымен көшпенділердің қан мен тәнге сіңген еркіндікті сүйетін рухынан басталады.

Әуезов жиырмасыншы ғасырдың басында қазақ мемлекетінің тәуелсіздігіне қол жеткізуді мақсат етіп қойған көрнекті қайраткерлердің бірі болып табылады. «Алаштың» Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов және Міржақып Дулатов сияқты ардақты көшбасшылары Жас Мұхтарға үлкен үміт артты. Олардың не дегенмен де өмірлерінің сол жерде қиылатынын білген Ахмет Байтұрсынұлы “Мұхтарды сақтаңдар!” деп өткен еді. Мұхтар Әуезов аға буынның үлкен үмітін ақтады деп айта аламыз.

Бүгін біз Әуезовты дала тағдырының әлеуметтік аспектілерін бейнелеген алғашқы ойшылдардың бірі деп атай аламыз. Осы ұстанымдардан «Абай жолы» эпопеясын жасау туралы түпкілікті ой жазушыға отызыншы жылдары, ол Алматы түрмесінде қамауда болған кезде келгені кездейсоқ емес. Санаулы күндер мен айларда ғасырлар бойы қалыптасқан сана жойылып, ұлттық дәстүрлер арамдалады. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан даланың өмір салты құлдыраукезеңі еді… Міне, осындай қиын-қыстау кезеңде Мұхтар Әуезов өзінің ұлы кітабын жазуды бастады. Әуезов бұл дүниені енді жүректің санасы мен жадында ғана сақтауға болатынын түсінді. Сондықтан ол өткен дәуірдің тынысын қағазға көркем түсіруге және уақытты кем дегенде сөзбен тоқтатуға асықты.

Әуезов та көшпенділердің өшіп бара жатқан әлемінің қайталанбас суреттерін қағазға салып, ерекше шеберлікпен көрсете білді. Оның романы арқылы адамзат ХХ ғасырдағы қазақтар әлемін, осы халықтың өмір салтын және оның ерекше дүниетанымымен танысты. Кеңес дәуіріндегі «Абай жолы» эпопеясы әдебиеттің жоғары интеллектуалды шығармаларының ішінде ең лайықты орынға ие болды. Жалпы алғанда, бір ғана Ресейде бұл роман 1 миллион 967 мың данамен жарық көрді, бұл төрт томдық кітап үшін үлкен көрсеткіш болып табылады.

Әуезовтің талантының арқасында қазақтар әлемі, ал егер кеңірек алатын болсақ – дала көшпенділері әлемі алғаш рет әлемдік жалпыадамзаттық мәдениеттің арсеналына теңдей енгізілді.

Әуезовтің адамзат алдындағы басты еңбегі – ол өшпес сөздегі жоғары көркемдік шеберлікпен бейнеленген жоғалып бара жатқан көшпелі әлемнің суреттерін мәңгілік сақтау. Оның туған халқының алдындағы басты еңбегі – адамзаттың қалған бөлігіне сүйіспеншілікпен көрсетілген ұлттық мінездің керемет ішкі қасиеттерін ашу. Әуезов бүкіл әлемге қазақтарды көрсетіп қана қоймай, ең алдымен қазақтардың өздеріне деген көзін ашты. Осындай жағдайда жазылған «Абай жолы» ұлттық сананың оянуына және орнығуына аз ықпал етпегені түсінікті.

“Бұл ұлы кітап өзінің өткенін мұқият әрі ұқыпты қарауға, өз іс-әрекеттерін ұлы бабалардың іс-әрекеттерімен салыстыруға, өз халқының табиғаты мен терең мәнін тереңірек ойлауға мәжбүр етеді” дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Шынында да, ұлы жазушы өз өмірін туған халқының ұлттық рухын оятуға арнады және өзінің өлмес жаратылысымен оған жаңа дем берді.

Осы тұста Мұхтар Әуезов өмірі мен шығармашылық жолын зерттеген З.Қабдоловтың еңбегіне тоқталып өтсек. З.Қабдолов М.Әуезовті зерттеп қана қоймай, “Менің Әуезовым” романын да жазған еді.

Жоғарыда біз “Абай жолы” туралы бірер ой айтып өттік. Ал З.Қабдоловтың роман-эпопеяға байланысты ойларына келетін болсақ.

Ғалымның пайымдауындағы эпопеядағы табиғат суреттері – пейзаж арқалар жүк, шеберлікке бастайтын жол – шығарма тілімен жұмыс баяндаманың өне бойында жан-жақты талданып, теориялық тұжырымдармен тиянақталған. Төрт кітапты қайта-қайта қайыра оқып, шеберлік сырларына мейлінше қаныққан Зекең сұңғыла суреткердің жетістіктерін санамалап береді: «…біріншіден, Әуезов құрғақ, сылдыр сөйлем құрмайды, ең әуелі өзі тебірене толқып алады да, сол тілсіз сезім тілімен сөйлейді; екіншіден, Абай емес-ау, алдымен Мұхтар Әуезовтің өзі анық ақын, тұтанбай, ұшқындамай, лапылдамай, өртенбей жаза алмайтын нәзік діріл, сыршыл ақын; үшіншіден, Әуезов – суретші, нағыз художник – қағазды, кітап парақтарын аспанға, жерге, құбылысқа, дүние-тіршілікке айналдырып жіберетін шебер; төртіншіден, Әуезов – терең психолог. Оқушының жан дүниесін сілкіп-сілкіп жіберетін күш!». Ғалым бағамдаған нағыз шеберге тиесілі өрнектер алғаш рет әдеби ортаның сынына түсті. Әлемдік мәдениетке қосылған сүбелі сыбаға, әдеби дамуды соны көркемдік сапаға жетелеген, өмір құбылыстарын жан-жақты бейнелеген қастерлі қазына десті дуалы ауыздар [1].

З.Қабдолов өзінің көптомдық шығармалар жинағында М.Әуезов туралы жазып өтеді. Оның өмір жолын жазып, сондай-ақ шығармашылығына да тоқталып өтеді. Бірнеше еңбегіне талдау жасап, олардың ерекшеліктерін көтермелеп береді. М.Әуезов – қазақ драматургиясының дамуына елеулі үлес қосып, оның қазақ әдебиетіндегі қабырғасын нық орнатқан тұлға. Осы жайлы З.Қабдолов “М.Әуезов мұрасы – асыл қазына” деп жазып өткен.

М.Әуезовтың “Түнгі сарыны” мен “Қорғансыздың күні” туындылары сол тұстағы әрбір қазақ баласының тағдырын сипаттайтын туындылар болып келеді. З.Қабдолов бұл шығармалардың ерекшеліктерін оқырманға өте керемет жеткізеді. Зерттеушінің пікірін оқып, тыңдай келе әрбір оқырманның айтылған туындыларды оқуға ынтасы ашылар деп ойлаймын.

Әуезов десе ойымызға бірден Абай түсіп, Абай десек Әуезовтың келуі жай емес. Бұл екі алып тұлға – бір-бірін толықтырып тұратын өнегелі, өнерлі  тұлғалар. Оларды бөліп қарау да мүмкін емес тәрізді. Алайда, Абайды барша қазақ жұртына, әлемге таныта білген Мұхтар Омарханұлы Әуезовке барлығымыз бас иіп өтеміз.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Еспебетов А. Зейнолла Қабдолов және Әуезов әлемі
  2. Қабдолов З. Шығармалары. – Алматы: “Қазақ энциклопедиясы”, 2013