Мұхтар Әуезов «Қаракөз» драмасы туралы туралы қазақша

0

Адам баласы тұрмыс үшін күреседі. Жер үстінде қалай өмір сүруге шаралар іздейді. Жер жүзінде көп жылдар өмір сүрген адам балаларының көрген тəжірибесінен өмір сүрудің неше түрлі əдістері табылады. Өнімді қалай қолға алып, оған қожа болу, кожа болу үшін саяси билікті қолға алу, бұларға коса салт-сана, əдебиет бетін де өздеріне аударып, тұрмысқа құрал қылу қамын іздейді. Осы əдістерді тапқан адам екі тапқа бөлінеді. Бір жағында жұмысшы, еңбек етушілер болса, екінші жағында жатыпішер еңбек етуші капиталшылар болып бөлінді. Тұрмысқа таласушы жұмыскерлер ертеден қара кешке дейін еңбек етіп жаратылыстың жасырын жатқан кендерінің бэрін тауып, кімді асырап, кімге құл болып келді. Жоғарыда айтылған əдістердің билігі қолдарында отырған жатып-ішерлерге құл болып келді.

Осыдан келіп тап күресі туып, жер үстінде бір жағы тегістікке таласушылар, екінші жағында тегістікті болдырмай, адамды айуан орнына жегіп, пайдаланушылар отырды. Осы күрестің нəтижесінде Кеңестер одағында пролетариат үстемдігі орнады. Бірақ жалғыз кеңестер одағында пролетариат үстемдігі орнауымен айтылған тап күресі аяқталып біткен жоқ. Олай болса бізде əзірге тегістік те (социализм де) орнап болған жоқ. Ол əбден орнап болғанша тап күресі де құрымақшы емес. Тап күресі дүние жүзінде қызу үстінде тұрғанда біздегі пролетариат үстемдігі үнемі саясат, салт-сананы өзінің тап жауы капиталшыларға қарсы салып отырады. Социалшыл тұрмысқа жету үшін осы əдістердің бəрін соның негізіне бейімдей береді. Мəселе осылай қойылса, біздің қазіргі сын жазбақшы «Қаракөзімізге» келейік.

«Қаракөз» үш перделі алты суретті драма, Мұхтар Əуезұлы жазған. Қазақстан халық ағарту комиссары пьесалар бəйгесін жариялағанда бірінші бəйгені алған пьеса. Бірақ анығында бəйге аларлық, пролетарриат үстемдігіне, оның еңбекшілеріне келтіретін пайдасы, зияны қандай, оны соңынан көреміз. Салт-сана майданы – қай таптың болса да үстемдігіне күшті құралдың бірі. Мына «Қаракөз» де сол құрал болушы əдебиеттің бірі болуы керек. Құрал болғанда мақтаулы бəйге алып отырған нəрсе əдебиетіміздің алдыңғы қатарынан құрал боларлық орын алуы керек.

Біреулер: Қаракөз көркем жазылған, сыршыл, сұлу, əдемі дейтін көрінеді. Қандай əдебиет пролетариат үстемдігінде жазылса да, соның бэрі еңбекшілерге тəрбие беру, өнеге корсету, үлгі болу жағынан саяси бағыты түзу, тап тілегіне қайшы келмейтін болсын. Сол əкімшілік, көркемдік жағымен салт-сана майданында пролетариат тілегін орындаса дейміз, міне біз Қаракөзге сын бергенімізде көбінесе осы жағынан қараймыз. Егер Қаракөздің пролетариат тілегіне қайшы келетін, салтына сиымсыз жері болса, онда Қаракөз біздің əдебиетімізден орын да, бəйге де ала алмайды.

Осы тілекті орындау үшін жалғыз Қаракөз емес, пролетариат үстемдігіне жазылатын барлық əдебиет кітаптарының тілегі осы болу керек. Осыны орындау үшін əдебиетшілер болған оқиғаны қалай жазды, болмаған оқиғаны жалай жазады деген мəселе келіп туады. Болған оқиға болса: болғанынша өзгертілмей жазылады. Жалғыз-ақ, сол болғанды əдемілеп, сөзбен өндеу, тəртіпке салу – жазушының міндеті. Сонымен катар, ол тақырып қандай, мазмұны негізінен дұрыс па? Пролетариат бағытына қайшылығы жоқ па? Болғанымен жазушы оны өндегенінде сол бағытқа боямалап, қайшы келтіріп жібермей ме? Осы жағы бағаланып отырады.

Болмаған оқиға болса, үгіт-насихат жөнінде көркем шебер тілмен емін-еркін отырып, əдебиет жүзінде пролетариат бағытымен болашақ социалшыл тұрмысқа əдебиетті құрал қылу, оған жолшыбай болатын кедергілерді еңбекшілерге масқаралап көрсету.

«Қаракөз» осы тақырыптардың қайсысымен жазылған? Қаракөзде болған да, болмаған да тақырып бар. Анығында болған оқиға болса керек. Бұлардан басқа жазушы асырып жіберемін деп, Қаракөздің бүтін маңызын пролетариат салтына қайшы келтіріп қойған. Қаракөздің түрмыста болған-болмағаны, теріс бағытпен жазылғандары төмендегі кемшіліктердің ішінде көрсетілген. Біз тарихи нəрсенің шын, өтірік, болған-болмағанын тексеру үшін сол оқиға болған замандағы елдің дəстүрін алып, салыстырып көруіміз керек. Осы «Қаракөзді» жазған Əуезұлы «Еңлік- Кебекті» де жазды.

«Еңлік-Кебек» пен «Қаракөздің» оқиғасы болған дəуір бір дəуір, барлығы орта жүз арғын, найманның ортасында болған оқиға. «Еңлік-Кебек» Қаракөз оқиғаларын бір жылда болды десек те өтірікші бола қоймаймыз. «Еңлік» – сол дəуірдегі əйелден шыққан бір рудың аруы. «Кебек» – екінші рудың ардагері, азулы батыры, қазаққа нағыз батыр керек кезінде туған теңдесі жоқ батыр.

Бұл екеуінің сол кездегі елге істеген жалғыз-ақ айыбы бірін-бірі сүйіп қашты. Сүйісіп қашуында екеуі де өздерінің руларынан рұқсатсыз қашты. Екеуін екі рулы ел айыпты санап, сол күндегі елге екеуі қаншама қымбатты болса да, оққа байлап ит жемеде өлтіреді. Еркін жасай алмай шіркін ерлер жауыздықтың тырнағында өлді дедік. Бұлардың өлімдері – аянышты болған оқиға. Ол замандағы қазақ салты осы. Тап сол заманда арғын ортасында болған Қаракөзге келсек, бір рудың еркесі, өзінің ағасы Сырымға ғашық болады. Сырым – сол рудың салы да, тентегі де, екеуі кəдімгідей қосылады. Қашпақшы да болады. Бірақ Қаракөздің əкесінің беріп отырған жері жуан рудың тұқымы.

Қаракөздің күйеуі Нарша өзіндей біреудің ай мен күні, жалғыз баласы. Қаракөзбен ол да теңмін дейтін жігіт. Қаракөздің осы күйеуі келіп жатқанда Сырым жолығысып отырған жерінде Қаракөздің ауылы, келіп жатқан қайны олардың үстінен шығады. Сырым қүтылып кетіп, Қаракөзді ұстап қалады.

Қаракөз бен Сырымның руына, онымен катар, Қаракөздің кайнының руына мұнан артық қандай масқарашылык бар. «Еңлік пен Кебектен» артықшылығы болмаған Қаракөз бен Сырымды екі ру бірігіп, неге ат құйрығына тақпайды. Оның үстіне, Сырым мен Қаракөз казақ елінің тарихында болған істерді істеп, бір əкенің балалары бір-біріне ғашық болып, жікшілік жөнінде масқара болып отыр. Ол күндегі рулы елге мұнан артық өлім бар ма? Бұл екеуін ат құйрығына тағуға ол күндегі қандай ру қарсы болады. Қайта айызы қанбай ма?

Бұл билікке қарсы болған ру мен ол күндегі қазак дəстүрі бойынша екі елдің арасында шабыншылық тумай ма: ол күн түгіл қазіргі заманда қазақ елі мұндай оғаш істерге жол бере ме. Тіпті қазіргі заң да жол бермейді ғой. Тіпті ерте мезгілде қазақта мұндай оқиға болғанына кім сенеді. Жазушы оны немен сендіреді. Кітаптың негізгі оқиғасы осы болса, қазақ еңбекшілерінің жаңа жұртшылығына мүнан қандай пайда, үлгі алатын жеміс күтуге болады.

Өзінің ағасына ғашық болып көріне көзге екі рудың намысын аяққа басқан Қаракөзді Нарша неге тып-тыныш алып жүре береді. Жазушы Жабайға (Сырымның əкесі) Сырымды қудырып, сонымен тындырмақшы болады. Оған Нарша неге көнеді. Жауымызды үстап əкеліп бер деп қоршап жатып алмай ма? Олай болғаннан кейін, Қаракөзді оң жағына таетап кетіп, екі ел болып неге сөзге келмейді? Екі елдің күшімен Сырымды ұстап, Қаракөз бен Сырымға Еңлік пен Кебектің керін неге келтірмейді. Бүлай болмаған. Сырым екі елді бүлдіріп, өзі жайына кете берген. Қаракөздің қайны болған оқиғаны ескермей, Қаракөзді алған да жүре берген.

Мұндай оқиға ол күндегі қазақ дэстүрінде ешбір уақытта болған емес. Болмағандығына Еңлік пен Кебек, Қалқаман мен Мамыр дəлел бола алады. Қаракөз болған да шығар, бірақ басқаша болар. Ол күндегі қазақтың ру заңынан сырт болуы мүмкін емес.

Қарақөз ұзатылып барған қайынның оң жағында дүние қырсықтың бəрін істеп, аруақ сағын сындырып барған келін енді осы Қаракөз оң жақта қандай күн көреді. Ол кездегі əйелдің құны бес байтал емес пе? Қаракөз сияқты бұзылып барған əйелді «ит көзі түтін танымайды» қылып, ит қорлықпен жер ошақ басында өлтірмей ме? Жазушы Қаракөзді бұлай етіп көрсетпейді. Қайта Қаракөз барған жеріне айыбының үстіне үстем болады. Үйді үй демей, Сырым деп дала кезіп қаңғырып жүреді. Қазақтың ол күнгі дəстүрі Қаракөздің ол қылжағына көнеді. Қаракөзбен есептеспейді. Қаракөз ғашықтықтың салдарынан жынды болады. Ғашық болған кісі жынды бола ма екен. Қазақ баласында біріне-бірі ғашық болып жынды болғандар бар ма? Болса кімдер? Бұл естімеген жаңалық. Қаракөз өзінің күйеуін (Наршаны) сүймеймін демейді. Бірақ анығында ағасы Сырымды сүйеді. Сол үшін Нарша сал ауру болып, төсек тартып жатып алады. Қаракөз Сырымның себебінен жынды болды ғой деп, ата- енесі Сырымды іздетеді. Ол күнгі қазақ Сырымды бұзылғанның ең үлкені қылып санайды. Сырымға Қаракөздің елі, Наршаның елі бірдей қас. Жалғыз жынды Қаракөз үшін екі ру елдің аруағының сағын сындырып, ай мен күні Қаракөз бен Наршаның өлуіне себеп болып отырған Сырымды неге шақырды. Сырым баяғы салдармен келеді. Наршаның əке-шешесі өлейін деп жатқан Наршаның айналасынан кетіп, бəрі Сырым мен Қаракөздің маңайына жиналады. Сырымға Қаракөзді жұбатып өлең айт дейді. Сырым өлең айтқанда Қаракөз Сырымды танып, сол жерде шалқасынан түсіп өледі. Оның өлгенін көріп, сол жерде ол да өледі. Сырымға Наршаның ауылы бұрын тимесе тимей- ақ қойсын. Екі баласы бірдей Сырымның кесірінен өліп отырғанда қайғы үстінде неге жабыла түспейді. Неге жүндей түтіп үшеуінің өлігі үйден бірдей шықпайды. Міне, осылай десе көп қисынды болар еді.

Енді Нарша мен Қаракөздің өлуі қалай? Себепсіз ағаштың бұтағы да сынбайды. Базарда адамның қүнынан артық бүйымдар бар. Бірақ елдің бэрінің күші жетіп сатып ала бермейді. Күші қаншама қызықса да қолы жетпей жүре береді. Адам адамға қызығу деген де осындай. Көшеде Париждің бір асқан сұлуы кетіп бара жатыр, оған Мұхтарлардың бірі ғашық болады. Ол сүймейді. Қолы жетпеді, етер айласы жоқ. Жүре береді, бірақ ол əйел сүймеді деп Мұхтарлар да өлмейді. Олай болса, ауырмай, сырқамай, ұрмай, соқпай, асылып, болмаса атылмай, толық себепсіз адам өлмейді. Бұлай болғанда Сырымга ғашық болып Қаракөз де өлмейді. Сырымға Қаракөз қызықты, қолы жетпеді, жүре беруі керек. Онан кейін Қаракөзді Сырым сүйді, Сырымды Қаракөз сүйді, енді Наршаға не жоқ. Нарша неге ауру болады. Нарша Қаракөздің өлімін көріп неге өледі. Наршанікі де Қаракөзге қызығу, бір нəрсеге біреу қызықса, оған қолы жетпесе өле бере ме? Өлгенде жай да өлмей, екеуі бірдей тап Сырым келісімен бірінің өлімін бірі көріп өледі. Бұл не?.. Əлде уəделескен өлім бе? Əлде өлім деген əркімнің тілеген уақытында келе беретін нəрсе ме?..

Мұның бірі де емес, адам тұрмысында болмайтынды жазатын қияли жазушы деп осыны айтамыз. Неше түрлі ғашықтар туралы біреуді тірілтіп, біреуді өлтіріп жазатын батыс пен шығыстың қияли (идеалист) жазушыларына еліктеп, болған оқиганы жазушының ажарлаймын, суреттеймін, мəденилестіремін деп былықтырып алғаны. Жазушымыз қияли болғанда Шекспирді көп оқыған болар. Көбінде Қаракөзді Шекспирдікіндей қылмақшы болыпты. Бірақ екі кісіні өлтіргенмен, жазу білгеннің бəрі Шекспир бола алмайды ғой. Бұрын түйе көрмеген іштен келген бір татар бір ауылдан үлкен түйені көріп, онан кейін екінші ауылға келгенде түйенің ботасын көріп «жануар түйе болам деп бола алмай қалыпты» депті.

#Мұхтар #Әуезов #Қаракөз #драмасы #туралы