Мұхтар Әуезов ашық сабақ — Ашық сабақтар

0

№125  С. Сапарбеков атындағы мектеп
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: 
М. Әуезов Жазушының өмірі меншығармашылығы туралы мәлімет
 «Қараш-Қараш оқиғасы» әңгімесі

Сыныбы: 8 «а»
Пәні: Қазақ әдебиеті
Пән мұғалімі: Асанова Жаннат
2011-2012  оқу жылы

Күні: 8.02.2012 ж.
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8 «а»
Сабақтың тақырыбы: М. Әуезов Жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет «Қараш-Қараш оқиғасы»  хикаяты
Сабақтың м ақсаттары: а) Білімділік: М. Әуезовтың жазушы, драмашы, көсемсөз шебері, зерттеуші, қоғам қайраткері, академик екенін таныту, хикаяттың мазмұнын ұғындыру арқылы Бақтығұлдың іс әрекеттеріне екі түрлі көзқараста баға беру;
ә) Дамытушылық: Хикаятты түсініп оқуға, сөз астарына үңіліп, мағынаны түсінуге, сын тұрғысынан ойлап, өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру;
б) Тәрбиелік: ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін беру, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: СТО(болжау, топтастыру, ЖИГСО-2, кейіпкерге хат, түртіп алу, топпен жұмыс, сөздікпен жұмыс, семантикалық карта)
Сабақтың көрнекілігі: М. Әуезовтың портреті, шығармалары, интербелсенді тақта, «Абай жолы» роман-эпопеясы, сызбалар, жазушылардың пікірлері.
Н. Погодин «Қазақстан үшін Әуезов – екінші Абай»
Ғ. Мүсірепов «Абай жолы» романын неше рет қайталап оқысаң, сонша әрдайым жаңа бір ой, жаңа бір көркемдік, бұрын оқығанда байұалмай кеткен тереңдік табам»
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
ә) Зейіндерін сабаққа аудару.
Сынып үш топқа бөлінеді, топ бойынша жұмыс жүргізіледі.
І. Қызығушылықты ояту.
1. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
2. «Қаэақстан үшін екінші Абай кім?
ІІ. Мағынаны тану.

Пьесалары: «Еңлік-Кебек» (1922, Орынбор), «Қаргөз»(1926),
«Октябрь үшін» (1933), «Айман – Шолпан» (1934,1936), Қарқыпшақ Қобыланды», « Бекет», «Түнгі сарын»(1934), «Тартыс»(1934), «Тастүлек»(1935), «Абай»,т.б.
Романы: «Абай жолы»
Аудармалары: Шекспир «Отелло», «Асауға тұсау», Гоголь «Ревизор», Погодин «Ақсүйектер», Тренев «Любов Яровая»,
Тургенев «Дворян ұясы»
Әңгімелері: «Бүркітші», «Қорғансыздың күні», «Қаралы сұлу», «Өскен өркен», «Көксерек»,т.б.
Зерттеуі: Қырғыз эпосы «Манасты» терең зерттеп, монографиялық еңбек жазған.
Мақалалары: «Қазақтың өзгеше мінездері» (Ташкент, «Алаш» газеті), «Адамның негізі – әйел»(Семей, «Сарыарқа» газеті)
                          
Кітаппен жұмыс
    1-топ.
1. 1-бөлімге ат қою, мазмұнын айту.
2. Шығармада қандай көрініс, қандай көңіл күйді суреттеуден басталған?
3. Тектіғұл өліміне қандай жағдай, кімдер себепші деп санайсыңдар?
4. Кестені толтыр.
Білетін ақпарат    Жаңа ақпарат  Сұрақ туса  Келіспеймін

                    2-топ.
1. 2-бөлімге ат қою, мазмұнын айту.
2. Бақтығұлға інісінің өлімі қалай әсер етті? Ол қандай әрекетке бекінді?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Кейіпкерге хат жаз(Сәлмен, Бақтығұл)
              3-топ.
1.    3-бөлімге ат қою, мазмұнын айту.
2.    Әңгіменің тақырыбы не?
3.    Бақтығұл қандай адам? (топтастыру)
                  Сөздікпен жұмыс
Мес – қымыз, т.с.с. басқа да сұйық заттар сақтау үшін, бітеу сойылған ешкі терісінен жасалатын ыдыс.
Малта – құрттың езуден қалған қалдығы.
Кек – жауға деген өшпенділік.
Зорлық – қиянат, зәбір көрсету, жала.
Барымта – кектеніп жауласқан екі рудың бірінің-бірі мал-мүлкін күшпен тартып алуы.
ІІІ. Ойтолғаныс.

Р/с    Шығармадан үзінді    Тектіғұл    Қатша    Бақтығұл    Сәлмен     Сейіт    Сәт
1.     — Қайран Тектім-ай! Алпамсадай арысым едің…                        
2.    «Кескен теректей құлаттың ғой мені. Қу жоқшылық бірқұлатты…»                        
3.    Інің соққыдан өлер болса, осыдан үш ай бұрын соққы тиген күні өлер еді.                        
4.    Қуарғырлар, соққысы мен мазағына ұшыратып, дертке шалдықтырса да, керек десе, қатпа лақ құрым қалжа да бермеді ғой.                        
5.     — Тұр, қораңның ішін көрсет, тінтеміз. Саған осы биенің етінен бір жапырақ бұйыртсам,атым өшсін                        
6.    «Шошқа!»деп  айғайлап,төсек-тен секіре  түсіп,Сәлменнің  үстіне жығыла берді .Мұның  бәрі  бір-ақ сәт ісі еді                        

Үйге тапсырма. Хикаятты оқу.
Бағалау.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!