Мұхтар Әуезов Абай жолы романы ашық сабақ
Жакишева Жанаргүл Кенжегалиевна –Қарағанды қаласындағы №39 мектеп –гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 1І сынып Қазақ әдебиеті Сабақ тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы» роман –эпопеясындағы кейіпкерлер келбеті
Сабақтың мақсаты: Білімділік- М.Әуезов шшығармашылығының идеялық-эстетикалық мұраты мен табысына тоқталу.Эпопеяның негізгі оқиғаларын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау; Дамытушылық – жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;Тәрбиелік-адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу. Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақ типі: іздендіру сабағы Әдіс-тәсілі: түсіндіру, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, ой қорыту. Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясы, топтау стратегиясы. Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, тарих, сурет
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, on –Iine жүйесі бойынша сабақ өткізу, ақын портреті, шығармалар жинағы, жазылған рефераттар, слайдтар. Пайдаланылған әдебиеттер: Қ.Бітібаева «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары», Рауан-1990ж. 2. М.Қаратаев «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» А., 1980ж.3.Қазақ әдебиеті журналы, №12. 2000ж.4. «Біздің Мұхтар» (М.Әуезов туралы естеліктер) Абайды Абай еткен Мұхтар ғана,
Мұхтарды Мұхтар еткен Абай дана.
Қалайша бас имессің оған, сірә.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: а) сынып даярлығын тексеру;ә) кезекші арқылы түгендеу. Жаңа сабақты түсіндіру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:Әр елде, әр кезде халық анадан халық ұлы болар ұрпақ туады, ол сол халық –анасының есімін, өзінің үздік таланты, өнері не батырлығымен мәңгілікке танытып кетеді. Қазақ халқының сондай ұлдарының бірі-Мұхаң. Бүгінгі таңда өзінің саф алтындай жарқыраған, інжу-маржандай жалтылдаған сұлулық жағынан Микелонджеланың мүсіндеріне пара-пар, биіктігі жағынан Египет пирамидаларындай аспанмен таласқан, халық өмірін жырлауда гректің «Илиадасымен» тең түсетін «Абаймен» әлем халқын шарлауда. Сұрақ: Қазақ сахарасында дүниеге келіп, сол сахарасын оның талантты әдебиетін дүниеге паш етіп отырған жазушы табысының сыры неде? Жауап:оның сыры-жазушының халық өмірін, оның рухани жан-дүниесін, оның бақытқа, болашаққа ұмтылған, адал махаббатқа талпынған қасиетті сапаларын ұлттық бояумен, ғажайып сырлы сөзбен жеткізе білуінде. Әуезов эпопеясынан ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ғана үнін емес, бостандықты, азаттықты, теңдікті аңсаушы бүкіл әлем халқының асқақ даусын естиміз. Сол себептен де ол әлемнің түпкір-түпкіріне тоқтаусыз сапар шекті ақ па, қара ма, сары ма, мұсылман ба, христиан ба- барлық адамзат баласының жүрегіне жол тапты.
І. Даңқы өлмес, даусы сөнбес (Шетел жазушыларының ортақ лебізі) Л.Арагон (француз жазушысы) Мен оның (М.Әуезовтің) шығармаларын туған еліме таныстырушы болуды өзіме үлкен абырой санаймын. Эпикалық роман-«Абай» менің ойымша, ХХ ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі. Бұл роман оқушыға қызықты қиялы мен өрен ой өлкесіне кездіріп талай терең толғаныстар тудырады.
Комерундық Бенжамен Матип: Шынында, бұл қазақтар-неткен ғажайып халық! Осы кереметтік «Абай» романында қандай тамаша суреттелген! Сіздің бақытты халыққа мен шынайы көңіліммен қызығамын…
1. Эпопея дегеніміз не?
2. М.Әуезов романындағы кейіпкерлер жайында бір сөзбен дәлме-дәл сипаттама береді.
Мінездемелерге тоқталу. Тараулар арқылы санамалап Абай жолын, Құнанбай жолын көрсету.
«Қайтқанда»
«Шытырманда»
«Бел-белесте»
«Өрде»
«Қияда»
«Биікте»
Қат-қабат шытырмандар арқылы өрге, қияға, биікке шығып келе жатқан Абайды көреміз.
«Қияда»
«Өрде»
«Бел-белесте»
«Шытырманда» «Қайтқанда»
Жоғарыдан ылдилап төмендеп келе жатқан Құнанбайды көреміз.
ІІ. Атаның ұлы емес, адамның ұлымын (Абай бейнесі)
№1 Кесте бойынша жұмыс
1. Абай неге халық жағына шықты?
Жауап:
Абай оқудан келгеннен кейін Құнанбайдың қасында жүріп, ел есіне араласа бастайды. Ел ішінде болып жатқан зомбылықты, қараңғылықты, теңсіздікті өз көзімен көреді. Әрі сол қарапайым халық ішінен өзіне дос таба біледі. Жуан бел надан, содыр ру басшыларынан бөліне кеткен бетінде, біреуден халықты, халықтың мұңын таба білді. Сол халықтың жоғын берер жаңалығын іздеді. Оған: «Әкесінің баласы-адамның дұшпаны, адамның баласы-бауырың» деген ойы дәлел. «Алда өмір, тартыс.Сол тартыста бұл жалғыз. Қуаты –ақылдық, үміті-халық. Өмірдің беліне шығыпты. Сол өткен жолында жоғалтқаны көп пе, тапқаны көп пе? Рас, жоғалтқанының көбіне өкінбейді.
Жақында әке-Құнанбай кетті жат болып. Туысқаннан-Тәкежан… Тәкежандар кетті жауығып. Келер, кете берсін.Бірақ халық қалса, халыққа жалынды
2. Абайдың өнер-білім жолына бет бұруының себептері неде?
3. Құнанбай мен Абай арасындағы келіспеушілік, қайшылық тек әке мен бала арасындағы өкпе, наразылық па?
4. Абай бейнесін жасаудағы жазушы жеткен биіктікті немен түсіндірер едің?
Топтау
Абай жолы
ІІІ. Адамның емес, ата ұлдары (Құнанбай бейнесі) №2 Кесте бойынша жұмыс
1. Құнанбай бейнесін қатыгез, кері кеткен кер заманның жанкешті жоқтаушысы ретінде суреттеуінің себебі неде?
2. Құнанбайдың дәуренінің өтіп, заманының кетіп бара жатқанын романнан үзінді келтіре отырып дәлелде.
3. Қодар мен Қамқа өлімінің басты себаптері неде?
Топтау стратегиясы бойынша жұмыс
Құнанбайлар жолы
ІҮ Атаның ұраны емес, аталының қорлығы қосқандар
(Эпопеядағы халық өкілдерінің образы) Эпопеядағы басты кейіпкерлер келбетінің бір жүйесі – Дәркембай мен кедей жатақтар. Дәркембайлар арқылы автор XIX ғасырдың II жартысында қазақ даласында оянып келе жатқан таптық жіктеуді, кедейлердің ауыр өмірін суреттейді. Олар арқылы қаналушы халықтың ең дана, ең жақсы қасиеттерін жинақтай білген.1. Дәркембайдың халық даналығын бойына жинаған, жиынтық, типтік бейне. Дәркембай қандай типтік бейнедегі кейіпкер екеніне тоқтал?
1. Базаралы арқылы таптық санасы ояна бастаған күрескер қазақ кедейінің жиынтық бейнесі екенін дәлелде.
Дәркембай
Базаралы
V. … Қарашығым қоңыр қозым… (Абайдың сүйікті аналары – Зере, Ұлжан)
Романға үңілсек, біздің көз алдымыздан біріне-бірі ұқсамайтын, бірін-бірі қайталамайтын әрқайсысы өз қалпымен, кескін-келбетімен, ерекше ішкі сырымен соны, тың туынды болып көрінетін, көптеген әйелдер бейнесі бар.
1. «Ел анасы » атанған Зере баласы Құнанбай алдында неге әлсіз?
Жауап:
1.Зере Құнанбай алдында ешқандай да әлсіздік көрсетпейді. Қайта оны ықтырып отырады. Мысалмен дәлелдесек:
-Қорқытпа келіндерімді!… О, несі?-деп қатты зекіп қап. Ілгері жылжып кеп екі қолымен жер тіреп отырып, баласының жүзіне суық қарайды. Құнанбай шешесінің ажарын сезді де, жуаси түсті. Заман басқа, әйел сөйлеп, әйел ел басқаратын, билік айтатын заман емес еді. Әдет-ғұрып, ескі салттың заманы болатын. Ол сол феодалдық замандағы әйелдер теңсіздігі тудырған әлсіздік, замана әлсіздігі. Туған анасы туған баласына үкім айта алмайды. Себебі: әйел қоғамдық іске араласпауы керек. Өйткені ол қандай ақылды болса да «төмен етекті», отбасының ғана адамы.
2. Ұлжан бақытты әйел ме?
VI. Тест жұмысы
VII. Маған ұнаған кейіпкер. (Оқушылар пікірі, ойтолғау)
VIII. Сұрақтар топтамасына жауап беру.
1. АБАЙ ЖОЛЫ ӨМІР ЖОЛЫ. ӨМІР ДЕГЕН ТУЛАП АҚҚАН ТЕҢІЗДЕН ӨЗ ОРНЫМЫЗДЫ ТАБУ. Абайша айтсақ, «Атаның ұлы болмай, адамның ұлы болу» біздің мақсатымыз. Біз қандай мамандық таңдасақ та, қандай өмір жолында жүрсек те, біз Абай атамыздың әділдігін, оқу-білімге ұмтылуын ту етіп биік ұстауымыз парыз!
IX. Қорытынды.
Туған әдебиеттері үшін Сервантес, Шекспир, Бальзак, Диккенс, Тиккери, Толстой, Достоевский, Тагор мен Кавабата не бітірсе, Әуезов те қазақ әдебиетінде дәл соны бітірді. Өз ұлтын адамзатқа тегіс танымал, рухани туысқан етсе, ұлттық әдеби дамуымызды әлемдік биікке алып шығып, қазақ сөзі мен қазақ пікірін жалпы адамзаттық мәшурада алғаш рет паш етті.
Туған елімізді, жерімізді, тілімізді өліп-өшіп сүйіп өтуде Абай жолынан, Әуезов жолынан айнымайық..
Бағалау. Сабаққа қатысуларын айта отырып бағалау.
Үйге тапсырма. М.Әуезов өмірі мен шығармашылығын оқу. Кейіпкерлер галереясына сипаттама жазу.