Мұғалімге дайын мінездеме

0

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Атығаева Бахытгульге

Мінездеме

Атығаева Бахытгуль 15 тамыз 1989 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарып келеді.Білімі жоғары, жоғары санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Тіл достық пен келісімнің тірегі» атты тілдер апталығында «Жасай бер ана тілім-қазақ тілі» тақырыбында сыныптан тыс шарасы , «М.Мағауин. Бір атаның балалары» тақырыбындағы ашық сабағы «өте жақсы» деп бағаланды. «Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар.
Атығаева Бахытгуль заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

****

Бастауыш сынып мұғалімі Мұратова Санияға

Қызметтік мінездеме
Мұратова Сания Құрақбайқызы Тараз педагогикалық институтының түлегі, бастауыш сынып мұғалімі. Ол еңбек еткен 12 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Аудандық «Үздік әдіскер — 2018» байқауына қатысып «Жаңашыл әдіскер» номинациясына, «Үздік сынып жетекшісі — 2019» байқауында да «Жаңашыл тәрбиеші» номинациясына ие болды.
Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.

Сабақ беретін 2 «А» сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс — жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш — жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Санияның еңбегі ерекше.
2018 жылы «Бастауыш сынып» журналының №8 санында «Шаршы салу және оның периметрін табу» тақырыбындағы мақаласы жарияланды. Аудандық тамыз кеңесінде «Ойлау қабілетін дамытуға арналған ойындарды тиімді пайдалану» тақырыбында баяндама оқып, өз тәжірибесін мұғалімдермен бөлісті. 2018 — 2019 оқу жылында әдебиеттік оқу пәнінен «Ақша қар» тақырыбында ашық сабағы, «Ойнайық та, ойлайық!» атты интеллектуалды ойын мен «Ардақты ұстазым» сыныптан тыс шарасы «өте жақсы» деп бағаланды.

«Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар Сания бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі. Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар.
Мұратова Сания заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Мектеп директоры: Ж. Маратов

Директордың оқу ісі
жөніндегі меңгерушісі: А. Маханбаева

****

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Суранчиева Улжан Алтынбековнаға

Мінездеме

Суранчиева Улжан Алтынбековна 1999 жылдан бастап М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде қызмет етіп келеді. 2005 жылдан бастап ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді.Білімі жоғары, бірінші санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Оқушылары бірнеше рет аудандық олимпиядалардан жүлделі орындар мен алғыс хаттар иеленген. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.  Білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Тіл достық пен келісімнің тірегі» атты тілдер апталығында «English speaking country» тақырыбында сыныптан тыс шарасы , «Do you know?» тақырыбындағы ашық сабағы «өте жақсы» деп бағаланды. «Ағылшын тілі сабағында қазақ мақал-мәтелдерін қолдана отырып, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда. 2015-2016 оқу жылында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды.
Сонымен қатар Улжан мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол үш баланың анасы, аяулы жар.
Ұжымда Суранчиева Улжан заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сұраншы Ақсулу Алтынбекқызына

Мінездеме

     Сұраншы Ақсулу Алтынбекқызы 31 мамыр 1979 жылы дүниеге келген. 8 сыныптан бастап Шымкент қаласындағы «Қазақ-түрік қыздар лицейінде» оқып 11 сыныпты аяқтаған. 2002 жылы М.Әуезов атындағы ОҚМУ-тің ағылшын тілі мамандығы бойынша бітіріп шықты. 2010 жылы Шымкент университетін орыс тілі мен әдебиеті пәні мамандығы бойынша аяқтап шыққан. Еңбек жолын ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болып бастаған ізденімпаз ұстаз М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 2007 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметін атқарады.

Жоғары білімді, І санатты ұстазымыз 2009 жылы аудандық білім бөлімінің ұйымдастырған «Ағылшын тілі мұғалімдер олимпиядасына» қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп келді. Ол ана тілімен қоса орыс, ағылшын және түрік тілдерін меңгерген ұлағатты ұстаз. 2015-2016 оқу жылынан бастап қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдері бірлестігінің жетекшісі қызметін қоса атқаруда. 2015-2016 оқу жылында ұйымдастырушылық қабілетінің арқасында тілдер апталықтарын тиісті деңгейде ұйымдастырып, өткізе білді. 4 сыныпта «Главный праздник» тақырыбындағы ашық сабағы, «Үш тілді қатар үйренейік» сыныптан тыс шарасы «өте жақсы» деп бағаланды. 2015-2016 оқу жылында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Орыс тілі» және «Ағылшын тілі» пәндері бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды. 2016-2017 оқу жылының басында І деңгей бағдарламасы бойынша ПҚМК тақырыбында курсты аяқтап сертификатталған ұлағатты ұстаз.

2016-2017 оқу жылында орыс тілі пәні бойынша аудандық семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылып өтілуіне атсалысып, белсенділік танытты. Семинарда жаңартылған білім мазмұны бойынша 1 сынып оқушыларымен «Транспортные средства» тақырыбында өткен ашық сабағы жоғары бағаланып, аудандық мақтау қағазымен марапатталды.

«Жыл мұғалімі-2017» мұғалімдер арасында өткізілген орыс тілі пәні бойынша аудандық олимпиадаға қатысып, ІІІ-орын жүлдегері атанып, АББ-нің Дипломымен марапатталды. 2017 жылы білім беру ұйымындағы жетістіктері үшін мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.

     Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдаланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Білім көрсеткіштері пәні бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады. 2017-2018 оқу жылында «Бастауыш» қоғамдастығын құрып, сабақты зерттеу тобына жетекшілік ететін көшбасшы мұғалім.

      Сұраншы Ақсулу Алтынбекқызын білім беру жүйесіндегі болашағы мол ұстаздар қатарына жатқызамыз.

Мектеп директоры:       Г.Байзаков

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Алмасбекова Шолпан Мейрамхановнаға

Мінездеме

Алмасбекова Шолпан Мейрамхановна еңбек жолын 2002 жылы бастаған. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді.Білімі жоғары, бірінші санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Еңбек жолында облыстық, аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, жаңаша білім беру. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Тіл достық пен келісімнің тірегі» атты тілдер апталығында «Love learning English» тақырыбында сыныптан тыс шарасы , «Revision of grammar» тақырыбындағы ашық сабағы « жақсы» деп бағаланды. «Жас ерекшеліктеріне сай оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда. 2015-2016 оқу жылында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды.
Сонымен қатар Шолпан мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 4 баланың анасы, аяулы жар.
Алмасбекова Шолпанның білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сәрсепбаева Шолпан Махатаевнаға

Мінездеме

Сәрсепбаева Шолпан Махатаевна еңбек жолын 1992 жылы бастаған. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде неміс тілі пәнінің мұғалімі ретінде қызметін бастап, кейін 2007 жылы ағылшын тілі мамандығын Шымкент әлеуметтік- педагогикалық университетінен алып қазіргі таңда ағылшын тілінен сабақ беруде. Білімі жоғары, бірінші санатты ұстаз. Еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып жүрген ұстаздардың бірі. Еңбек жолында аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, жаңаша білім беруді көздейді. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Много языков на свете разных» атты апталықта 6 сыныппен өткізген ашық сабағы жақсы деңгейде бағаланды. «Халық педагогикасын сабақтарда қолдану» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасап, оны үнемі сабақта қолдануда. 2015-2016 оқу жылында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Ағылшын тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды.
Сонымен қатар Шолпан мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Ол адамгершілігі мол, үлгілі ұстаздардың бірі. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол отбасының анасы, аяулы жар.
Сәрсепбаева Шолпанның оқушының білімін жетілдіруге үлес қосатын ұстаз екеніне сенімдіміз.

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов



Орыс тілі пәнінің мұғалімі Курмангалиева Умит Тезекбаевнаға

Мінездеме

Курмангалиева Умит Тезекбаевна еңбек жолын 1994 жылы бастаған. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді. Ол 2005 жылы ШӘПУ-ін орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған.Білімі жоғары, екінші санатты ұстаз. Еңбек жолында мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып жүрген ұстаздардың бірі. Еңбек жолында аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, оқушының жан дүниесін түсіне білетін ибалы ұстаздардың бірі.. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Много языков на свете разных» атты апталықта 9 сыныппен өткізген «Обобщающий урок по теме БСП» тақырыбындағы ашық сабағы жақсы деңгейде бағаланды. «Использование игровых элементов на уроках русского языка» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасап, оны үнемі сабақта қолдануда. Шәкірттері сыйлайтын, ұжым арасында сыйлы, адамгершілігі мол ұстаздардың қатарынан.
Сонымен қатар Умит Тезекбаевна мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Ол жасының келгеніне қарамастан өзінен кейінгі ұстаздарға да қол ұшын созуға дайын, үлгілі ұстаздардың бірі. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 4 баланың аяулы анасы, 2 немеренің сүйікті әжесі.
Курмангалиева Умит оқушының білімін жетілдіруде талмай еңбек етуде деп сенім білдіреміз.

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Калыбекова Жумакыз Аскаровнаға

Мінездеме

Калыбекова Жумакыз Аскаровна еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған ізденімпаз ұстаз. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде 1993 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызмет етеді.

Жоғары білімді, І санатты ұстазымыз мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің меңгерушісі қызметін қоса атқаруда. 2015-2016 оқу жылында 6 сыныпта «Второстепенные члены предложения» тақырыбындағы ашық сабағы, «Лидер ХХІ века» сыныптан тыс шарасы «өте жақсы» деп бағаланды. 2015-2016 оқу жылының басында І деңгей бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру курсын аяқтап сертификатталған үлгілі ұстаз.

     Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген ынтасыменен ерекшеленетін ұстаздардың бірі. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кең пайдалана біледі. Бос уақытын біріншіден өз пәні бойынша білімі төмен оқушылармен жұмысына арнайды. Білім көрсеткіштері пән бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады.

      Калыбекова Жумакыз Аскаровна білім беру жүйесіндегі өзгерістерді қабылдап, мектеп ұжымын да өзгертуге үлесін қосады деп сенеміз.

Мектеп директоры:       Ғ.Байзахов

Орыс тілі пәнінің мұғалімі Давлетова Лаззат Узакбаевнаға

Мінездеме

Давлетова Лаззат Узакбаевна еңбек жолын 1996 жылы бастаған. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде қызметін атқарып келеді. Ол 2004 жылы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетін орыс тілі және әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған.Білімі жоғары, екінші санатты ұстаз. Еңбек жолында аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, оқушының жан дүниесін түсіне білетін кішіпейіл,инабатты ұстаздардың бірі. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 2015-2016 оқу жылында «Много языков на свете разных» атты апталықта 5 сыныппен өткізген «Язык мой-друг мой» тақырыбындағы сыныптан тыс сайыс сабағы жоғары деңгейде бағаланды. «Применение игровых элементов на уроках русского языка» тақырыбында шығармашылықпен жұмыс жасап, оны үнемі сабақта қолдануда. Шәкірттері сыйлайтын, ұжым арасында сыйлы, адамгершілігі мол ұстаздардың бірі.
Сонымен қатар Лаззат мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Ол өзінен кейінгі ұстаздарға да қол ұшын созуға дайын, үлгілі, жанашыр ұстаздардың бірі. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 4 баланың аяулы анасы, сүйікті жар.
Давлетова Лаззат 2015-2016 оқу жылының аяғында
 ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Орыс тілі» пәні бойынша біліктілігін арттырып, сертификатталды. Алған білімін оқушының бойына сіңіруде талмай еңбек етеді деп сенім білдіреміз.

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ибрагимова Пакизат Сатынбековнаға

Мінездеме
Ибрагимова Пакизат Сатынбековна 2003 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді.Білімі жоғары, екінші санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің ретінде мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда. 2015-2016 оқу жылында «Тіл достық пен келісімнің тірегі» атты тілдер апталығында «Тіл ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі» тақырыбындағы ашық тәрбие сағаты «өте жақсы» деп бағаланды. « «Мақал сөздің мәйегі» қазақ тілі сабағында мақал-мәтелді пайдалану» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас маман. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол бес баланың анасы, аяулы жар.
Пакизат заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бурбекова Роза Ермановнаға

Мінездеме


Бурбекова Роза Ермановна еңбек жолын 1984 жылы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде тәлімгер болып бастаған. 1996 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді. 2008 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халық-аралық қазақ-түрік университетін аяқтаған.Білімі жоғары, бірінші санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің ретінде мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. 2008 жылдан директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда. «Сын тұрғысынан ойлау әдістері арқылы оқушыларды шығармашылыққа баулу» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда. 2016 жылы Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығында «Тәжірибедегі рефлексия» мектеп тренерлерін оқыту курсын оқыған. ПҚМК тақырыбында І деңгей курсынан өтіп сертификатталған.
Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжымда сыйлы, кішіпейіл ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол бес баланың анасы, аяулы жар.
Бурбекова Розаның білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.


Мектеп директоры: Ғ.Байзахов

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бейсебаева Фарида Аралбаевнаға

Мінездеме


Бейсебаева Фарида Аралбаевна 1997 жылы 29 маусымда ОҚГУ-ін «басқа ұлт мектептеріндегі Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтаған. Еңбек жолын 1994 жылы тәлімгер болып бастаған. 1999 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді.Білімі жоғары, жоғары санатты мұғалім. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жеткен, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Сабақ беретін сыныптарында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс-жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білімін беріп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда. 2015-2016 оқу жылында «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» білім беру бағдарламасы бойынша білімін жетілдіріп, сертификатталған.ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілін оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсынан өткен. «Жаңа білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру. Сабақта 7 модульді пайдалану тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақтарында қолдануда.
Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол маман ретінде білеміз. Ол бес баланың анасы, аяулы жар.
Фарида білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов

Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Абдрахманова Канткуль Мыктыбековнаға

Мінездеме


Абдрахманова Канткуль Мыктыбековна 2006 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтын қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша аяқтаған. М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебіне 2005 жылы хатшы болып орналасқан. Осы жылдың 10 қазанынан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі қызметін атқарып келеді.Білімі жоғары, екінші санатты мұғалім. Ол мектептегі ізденімпаз ұстаздардың бірі. Мұғалімнің ретінде мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.
Сабақ беретін сыныптарында, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда. «Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл» деп сабақта үштілділікке баулу» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Канкуль білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 4 баланы өсіріп отырған аяулы жар.
Болашақта мектептің мерейін көтеріп, шәкірттерін үлкен жетістіктерге жеткізеді деген сенімдеміз.

Мектеп директоры: Ғ.Байзахов