Молярлық масса

0
409

Молярлық масса дегеніміз заттың бір молінің массасы. Бір моль дегеніміз NA Авогадро тұрақтысына (NA = 6,02·1023) тең молекулалар не атомдар саны. Молярлық массаның өлшем бірлігі грамм/моль және осы шаманы М деп белгілейді.


Молярлық массаны есептеу


M молярлық масса заттың Mсалыстырмалы молекулалық массасына тең:


M = Mr


Мысалы судын молярлық массасын есептейік. Судын химиялық формуласы H2O, осыдан Mr = 1*2 + 16 = 18.


Судын молярлық массасы 18 гр/моль.


Масса мен молярлық масса


M молярлық массаның аңықтамасына сәйкес:


M = m/v (ν-моль саны, m-масса),


осыдан заттың m массасы:


m = ν*M.


Есеп:


Оттегінің екі молінің массасы неге тең?


Шешуі:


Mr(O2) = 16*2 = 32


M = Mr = 32 гр/моль


m = 2 * 32 = 64 гр.


Жауабы: Судың екі молінің массасы 64 грамм.


Есептер:


1) Ас тұзының молярлық массасы неге тең?


2) Оттегі газының екі молінің массасы неге тең?

Пән: Химия