Модулді оригами. Қағазды бүктеу арқылы бұйым жасау
Шеберлік сағатының мақсаты:
Оригамиің шығу тарихын, дамуын зерттеп білу;
“оригами” сөзінің мағынасын ашу;
Ноталық әліппесімен танысу;
Оригамидің әр — түрлі бағыттарын зерттеу;
Шеберлік сағатының жоспары:
Оригамиің шығу тарихын, дамуын зерттеп білу;
“оригами” сөзінің мағынасын ашу;
Ноталық әліппесімен танысу;
Оригамидің әр — түрлі бағыттарын зерттеу;
Оригамидің Отаны — Жапония;
Қағаздың алғаш пайда болуы;
Оригамидің әліппесі;
Оригамидің түрлері мен техникасы;
Квилинтің шығу тарихы;
Оқушыларға үйрету;
Шеберлік сағаттың барысы:
(оқушылар өздерінің слайдтарын көрсете отырып, оригами, квилинг туралы мәліметтерін айтады)
Маған айт – мен естимін, маған көрсет – мен есімде сақтаймын, маған істеуге бер – мен түсінемін. (Жапон мақалы)
Оригамидің Отаны – Жапония.
Жапонияда оригами Хэйан заманынан (794 — 1185ж. ж.) бастап келеді. Бұл заманда қағаз қолдан істеу әдісімен өндірілген, құнды және әсем материал болды, негізінен діни рәсімдерде қолданылды. «Ори» – «қағаз» және «ками» – «құдай» сөздерінің дыбысталуындағы ұқсастық маңызды роль атқаруы мүмкін.
Діни рәсімдердің бірі Санбо шағын қорапшаларына балықтың бөлшектерін, көкіністерді салып, құрбаныққа шалу ретінде храмдарға әкелу болды.
Камакура (1185 – 1333 ж. ж.) және Мурамати (1333 – 1573 ж. ж.) замандарында оригами храмдар аясынан шығып, император ауласына жетеді. Ақсүйектер, аула қарамағындағылар, монахтар қағаз бүктеу өнерінің кейбір дағдыларын білу қажет етеді. Бүктей білу бұл жақсы білім мен тамаша мәндердің белгілері болды. Әртүрлі танымал отбасылар оригами фигураларын елтаңба және мөр ретінде қолданды.
Адзути — Момояма (1573 — 1603ж. ж.) және Эдо (1603 — 1876ж. ж.) замандарында оригами рәсімдік өнерден әйгілі уақыт өткізудің әдісіне айналды. Көп модельдер ойластырылып істелді, оның ішінде жапондық тырна (цуру) – бақыт пен ұзақ өмірдің дәстүрлі нышаны.
Қағаздың алғаш пайда болуы
Қағаздың Қытайда пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады., Цай Лунь шенеулігі императорға осындай технологияның бар екендігі туралы ресми мәлімдеді. Қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашының қабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды.
VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп қағаз жасау құпиясын ашады.
Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алды. Бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырды – бамбук сабақтарымен, ағаш қабығымен, кендірмен, шүберекпен.
Ал жүз жыл өткесін жапондықтар өздерінің қағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан асып түседі.
Жапонияда қағаз шығарудың ежелгі технологиясы осы күнге дейін сақталған. Шеберлерге, көне қолөнердің құпияларын білетіндерге “тірі қазына” атағы беріледі және біршама шәкіртақы бөлінеді.
Күн сайын километр орама қағаздар шығаратын ірі фабрикалармен қатар, қолдан жасалған қымбат “Ваши” қағаз парақтарын шығаратын шағын шеберханалар да жұмыс істейді. Бұл қағаз өте берік – бірнеше мың бүктелуге төзеді.
“Ваши” қағазына бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін бейбітшілік туралы Версаль келісіміне қол қойылды.
Оригамидің әліппесі
Авторлық жұмыстың көпшілігі танымал жапон шебері Акира Иошизаваның есімімен байланысты. Оригамидің өзіндік «ноталық әліппесін» ойлап тапты, ол фигураларды бүктеу процесін жазуға және таратуға ықпал етті.
Оригамидің әліппесін сызықтар, бағыттауыш сызықтар және белгілерге бөледі
Оригамидің түрлері мен техникасы
(Оқушыларға модулдік оригамидан модульдерді жасап үйрете отырып, оригами техникасымен қағаздан бұйым жасап үйретілді)
Қағазды бүктеу тәсілі.
«Модельді оригами»
«Қағазды бүктеп бұйым жасау»
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.