Міржақып Дулатұлының Шешенің балаларын сүюі өлеңі слайд,презентация — Әдебиет

0

Міржақып Дулатұлының Шешенің балаларын сүюі өлеңі слайд,презентация

 

 

“Ана  деген — ардақты есім, ұлы есім”  
тақырыбына   ойтолғау  жазу немесе өлең шумақтарын құрастыру.
Айғаным Сарғалдаққызы  Шоқан Уәлихановтың әжесі, Уәли сұлтанның кіші әйелі. 
Уәлихан қаза болғанда Шоқанның әкесі Шыңғыс 10 жаста болған. Ал Ғұбайдолла ұзақ жылдар бойы айдауда жүріп қайтыс болады. Соның салдарынан Уәли әулетінде ел басқару ісі оның жесірі Айғанымның қолына тиді. Айғаным өз заманының алдыңғы қатарлы адамы болды, бірнеше шығыс тілдерін меңгерген. 
Александр І патша арнайы бұйрықпен Айғанымның өтініші бойынша Сырымбетте қыстау салдырып беруген. Айғаным әжесі Шоқан Уәлихановтың ұлы ғалым, қоғам қайраткері болып қалыптасуына тікелей ықпал еткен адам.
             Нұрпейіс келіні Дина (1861-1955)
Қазақтың «Күй Анасы» атанған әйгілі күйші-сазгері. Бала кезінде-ақ Құрманғазының өзі сүйсініп тыңдаған талантты шәкірті болған. Туып өскен жері Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданына қарасты Бекетай құмы деген жер. Топырақ Алматы қаласынан бұйырған. Қазақстанның халық әртісі (1944). Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып, 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Москвада өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде-ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. 

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!