Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» | туралы қазақша

0

Міржақып əдебиет қызметіне 1906 жылдан бастап кірісті. Оның сол жылдан бастап жазған өлеңі 1909 жылы «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шықты. «Оян, қазақтың!» ішкі мазмұндарын тексермей тұрып, біз оның сыртқы құрылысына қандай көлденең əсер болғанын азын-аулақ сөз қыла кетейік:

Байшыл, ұлтшыл дəуірге сын бергенде, біз XX ғасырдың 5-жылдарынан баса, Қазаққа татар ұлтшылдарының үлкен əсері болғандығын айтқамбыз. Осы əсер, өзге қазақ ақындарынан көрі Міржақыпта, оның бастапкы əдебиетке қатынаса бастаған кезінде молырақ болды. Міржақыптың əдебиет əлеміне ерте араласқан Абай, Ахмет сықылды ақындар қазақтың таза ұлт тілімен жазса, Міржақып татар сөздерін екі сөздің бірінде қыстырып отырды. Оған «Оян, қазақ!» айқын куə. Мысалға «Сөз басы» дегенін алсақ, татарлар қолданып жүрген арабтың «Қумумия, бихабар, ғажайып умлиал, хунар» сықылды көп араласқан. Татардың: «шөнки, йоқлығындан, кілтірмек» деген сөздері араласқан. Өлеңдерде де осылай татарша сөздер көп. Бұл кезде қазақтың емлесі жоқ, тілі өркендемеген кезі. Сондықтан қазақ сөздерінің жазылуы ол кезде, бүгінгі күйіндей болуға мүмкін емес. Бүгінгі күйі салыстырғанда тілі таза деген Абай мен Ахметтің өзінде де емле жағы ол кезде Татарша. Бірақ олар емлені Татарша жазғанмен, сөздерін қазақша бере алды. Ал, Міржақып, жалғыз емлесі емес, тілінің өзін де жарым-жартылап татаршалап отырды. Тіл жағынан қарағанда «Оян, қазақ!» осындай.

«Оян, қазақ!» мазмұнына келгенде, бұл – қазақ ұлтшылдарының сол кездегі пурграмы деуге болады. Қазақ ұлтшылдары ұлт туын қолға алып, патша үкіметіне қарсы шыққанда осы «Оян, қазақты!» өздеріне пурграм ретінде қолданылды. «Оян, қазақ!» жарыққа шыға сала, қазақ зиялыларының жəрдемімен, қазақ елінің түкпір-түкпіріне аз уақытта тарап, тіпті, сол кездегі ұлт туын ұстауға ынталы оқығандар «Оян, қазақты!» ел аралатып сатты. «Оян, қазақ!» көп кешікпей қуғынға ұшырады. Жер-жердегі патша үкіметінің полициялары «Оян, қазақты!» іздеп, оны ұстаушыны қузап, сатушыны абақтыға жаба бастады. «Оян, қазақ!» үшін Міржақып абақтыға түсті. Бұл туралы өмір тарихында толық айтылды. Ахмет Байтұрсынұлының «Масасы» ұлтшылдықты қазақ даласына ызыңдаған маса ғана болса, «Оян, қазақ!» аттан салып, айғайға басқан ащы ұран болды. Бұлай болған себебі, XX ғасырдың басынан бастап қазақ даласы отаршылдық қысымға қатты түсті. Сол қысылған даланың «Оян, қазақ!» қайдағы қышыған жеріне барып тиді. Бұдан былай сөзді «Оян, қазаққа!» берейік.

«Оян, қазақтың!» басында Міржақып өзінің неге қалам ұстағанын айта келе: «Бір кеңес түсті қиял бастарыма: Дəптер қып, ғибрат үшін тастарыма. Хусусан арнап жаздым, халық үшін, ХХ ғасырдың жастарына»,– дейді. Осы өлеңнің өзі-ақ Міржақыптың ескі өмірден қол үзіп, жаңа өмірге аяқ басқанын, қолын ескі ақсүйектерге емес, жаңа оқыған, байшыл зиялыларға тірейтіндігін, сөзін XX ғасырдың жастарына арнайтындығын айқын көрсетеді: XX ғасырдың жастары дегендер, қазақтың байшылдары екені, байшыл, ұлтшыл дəуірдің сынында айтылған.

Міржақып «Оян, қазақтың!» басында ең алдымен, бүгінгі отар боп отырған елдің көзіне кешегі хандық дəуірін, екінші сөзбен айтқанда, өз алдына ел болған дəуірін елестетіп алады: «Ол заман үш жүз бірге араласқан, Бағынып еш патшаға қарамастан. Хан шығып, өз ішінен халықты билеп, Билері хүкім етіп, өнер шашқан. «Көшсе де мың шақырым жері жайлы, Аққан бұлақ, шалғыны көк орайлы. Тоқты қоздап жүріпті, тай құлындап Жер тар болып көрмепті уайымды».

Бұдан əрі қарай, қазақтың орысқа отар болуы, қазақтың ескі кездегі кейбір адамдары қазақты орыска сатуы, бертін келе қазақ халқының елдігі жойылуға айналып, қысым көргендігі айтылады. Одан кейін: «Русияда жиырма миллион бар мұсылман Жері жоқ осылардың бір қосылған»,– деп, татарлардың исламшылдық (панисламизм) пікірін жанап өтеді де, «Мəселен біздің қазақ бұл уақытта, Тысқары рухани идарадан»,– деп, қазақтың билеу ісінен тысқары екенін айта кеп, ақырында: «Қазағым көрмегенің əлі алдыңда, Боларсың көне берсең мұнан жаман. Босында аяқ-қолың қимылдап қал, Бір күнде тыпырлауға келмес шамаң»,– дейді. Бұл қарасөзге айналдырғанда: отаршылдыққа қарсы тұр деген сөзі ғой.

Міржақып Дулатұлы «Оян, қазақ!» өлеңі:

Оянқазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Шын бақытқа жеткізетін жол да ұзақ.
Алашағың аз ба мына дүниеден,
Болашағың емес пе еді зор, ғажап?!

Оянқазақ! Ойлан, қазақ! Бол, қазақ!
Сілкінші бір қанатыңды қомдап ап!
Ауырыңды арқала да, алға бас,
Бауырыңмен не көрінді жорғалап?!

Мен қазақпын, сен қазақсың, ол қазақ,
Ер мінезбен өр рухқа болма жат.
Ортасына жалғыз орыс кіргенде,
Орыс тілде шүлдірлейді он қазақ.

Аталардан қалған асыл мұрамыз –
Туған жердің қақ төрінде тұрамыз.
Азаттығы ұмытылған ұлт болып,
«Қазақ тілі» қоғамдарын құрамыз.

Құрғап кеткен құлдық сіңген санамыз,
Сұмдық сіңген сүйекке де – Қараңыз!
Тойланады мерекеміз жат жұртша,
Ойланады өзге тілде баламыз.

Құранды да, Құдайды да сүймейміз.
Сұлу көрсек ,оңашаға сүйрейміз.
Жыртаң-жыртаң, қалжың айтып күлеміз,
Тыртаң-тыртаң, тойға келсек, билейміз.

Біреу озса – күңкіл-күңкіл күндейміз,
Біреу тозса – дүркін-дүркін жүндейміз.
«Намыс!» деген сөзді жиі айтамыз,
Бірақ оның не екенін білмейміз.

Дүниенің пайдасына пысықпыз.
Жәннат иісін сезе алмайтын пұшықпыз.
Бауырларға арыстанбыз, барыспыз,
Басқаларға бас игенде – мысықпыз.

Мақтаншақпыз, өтірікші, даңғоймыз,
Түтіндейміз, үрлесе де жанбаймыз.
«Жер бетінде бізден ұлы ұлт жоқ!» деп,
Өзімізді-өзіміз көп алдаймыз.

Ісіміз жоқ еске алатын тамсанып,
Селтеңдейміз әуейі боп ән салып.
Тірі ағайын пәтер таппай жүргенде,
Өлгендерге әуреміз там салып.

«Қаным таза, жаным таза» дегенмен,
Көш соңында қалып қойдық неге елден?
Мойындаған күллі адамзат неміз бар?
Не шығардық ел ынтыққан, еленген?

Бүкіл әлем өркендеуде дүрілдеп,
Ғарышты да игеруде бұрын кеп.
Кеме де емес, ұшақ та емес, біздерде
Белесебет жасай алар білім жоқ.

Шіренгенде үзеңгіні үземіз.
Мүйіздіміз мүйізсізді сүземіз.
Оралманға одырая қараймыз,
Келімсектен дірілдейді тіземіз.

Ертегіге есігін кең ашқаның,
Ертеңіне қатырмайды бастарын.
Қонағы би жаман үйдің тұрғыны,
Шеттерінен шел басқан көз, месқарын.
Құдай берген мұнай, көмір, мысың да,
Біздікі емес, билігінде басқаның.

Сырт көзге сыр бермегенмен тайраңдап,
Ақылымыз ашып бітті айран боп.
Қамқор Алла сақтамаса біздерді,
Қайран жұртта өзін қорғар қайран жоқ.
Оянқазақ! Ойлан, қазақ!…

#Міржақып #Дулатұлы #Оян #қазақ