Міржақып Дулатов Бақытсыз Жамал романы ашық сабақ — Ашық сабақтар — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

5.11.2013ж 
Пәні: Қазақ  әдебиеті
Тобы: МК-13
Сабақтың  тақырыбы: МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ. Өлеңдері. «Бақытсыз Жамал» романы. 
Сабақтың  мақсаты:
1.    Білімділік: XX ғасырдың басында  қазақ халқының  отаршылдық  езгіден құтылып, рухани  оянуына  үлес  қосқан тұлғалардың  бірі – саяси-қоғам  қайраткері, ақын, жазушы,  публицист,  ағартушы, ұстаз Міржақып Дулатовтың өмірі  мен  қызметі  туралы білімдерін  кеңейту, тұңғыш роман «Бақытсыз Жамал» туындысының тақырыбын,мәнін түсіндіру. 
2.    Дамытушылық.: білімгерлердің ойлау,  сөйлеу  қабілеттерін байыту.
3.    Тәрбиелік: Шығарманы талдау  арқылы білімгерлердің бойында  танымдық  тәрбиені  қалыптастыру. 
Сабақтың  түрі: аралас  сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, жинақтау
Сабақтың  құрал-жабдықтары: М.Дулатов  портреті, тақырыпқа  қажетті  кітаптар, бүктемелер, интерактивті  тақта.
Күтілетін  нәтиже: сабақты  толық  меңгерту.
        Сабақ тың  барысы: 
1.    Ұйымдастыру  кезеңі: Білімгерлермен  сәлемдесу, кезекші  мәлімдемесі. 
2.    Үй  тапсырмасын  сұрау: Алдыңғы  өтілген тақырып  бойынша  алған  білімдерін  еске  түсіру. Эпикалық жанрдың  роман деп  аталатын түрін  еске  түсіреміз. 
3.    Жаңа  сабақты  түсіндіру:
А) Міржақып Дулатовтың өмір жолы,  қоғамдық қызметі: Ұлтына  «Оян қазақ!» деп  ұран  салған қайраткер қазіргі  Қостанай облысы, Жанкелдин  ауданында дүниеге  келген. 1897ж екі  сыныптқ  орыс-қазақ  мектебіне  оқуға  түседі. 1905ж Қарқаралыда патшаның  ортарлау  саясатына  қарсы  ереуілді  көреді. «Серке» газетінің бірінші  санына  «Жастарға» деген  өлеңін жариялайды. Екінші  санында  басылған «Біздің  мақсатымыз» мақаласы «Қазақ халқын жергілікті  және  отарлық  өкіметке  қарсы  қою» рухында  жазылған деп  бағаланады. Қазақ халқының  жаңа  өмір құруы ісіне  араласып жүрген  кезінде елімізде  демократиялық   принциптердің бұзылуы  тұсында жазықсыз жазаға  тартылады. 1928ж қазақстанда  ірі байларды  тәркілеу  тұсында «соларға  іш тартты,  саясатты  қолдамады» деген  айып  тағылып түрмеге жабылады. Балтық теңізіндегі Соловки тұтқын лагеріне  жер  аударылып, сол жерде  1935ж қайтыс  болады. 
Ә)Шығармалары:  «Қазақ жерлері», «Шәкірт», «Таза бұлақ» өлеңдерінде ақын өзінің  азаттық,  еркіндік идеяларын дамыта  түскен.  М.  Дулатовтың даңқын  қазақ даласына ғана  емес, Ресейдегі  түрік  әлеміне тұтас жайған «Оян, қазақ!» кітабы. Бұл шығармасы 1909ж Уфа қаласында  шығып, 1911ж  Орынборда екінші  рет  басылды. Бұл- қазақ  әдебиеті  тарихындағы  көп  қудаланған шығармалардың бірі. 
Б) «Бақытсыз Жамал» романы – қазақ  әдебиеті  тарихындағы  тұңғыш роман. Бұл – ұлттық  әдебиетте роман деген  атпен  басылған тұңғыш  кітап. «Бақытсыз Жамал» романының оқиғасына арқау болған мәселе де ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. … Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз.

4.Сабақты  бекіту: 
1- топқа.  Шығармадан автордың  Жамал  мен Ғаниға  берген мінездемелері  мен  портреттерін  тауып  жазыңыз (тақтамен жұмыс).

Жамал бейнесі                                                                                     Ғани бейнесі

Кестені  толтыру 

Тақырыбы    «Бақытсыз Жамал» романы
Идеясы    
Кейіпкерлері    
Кейіпкерге мінездеме    
Кейіпкерлердің іс-әрекеті    

Шығармаға  талдау  жасау: (дәптермен жұмыс)
Романдағы  оқиға құрылысын табыңыз.
    оқиғаның басталуы;
    дамуы;
    шарықтау шегі;
    шиеленісуі;
    шешімі.

5.Сабақты  қорытындылау: 
 Сұрақтар: 
1.    «Бақытсыз Жамал» неліктен  қазақтың  тұңғыш романы  саналады?
2.    Жамал бейнесі  арқылы  жазушы  нені  көрсетуді көздейді?

6.Үйге  тапсырма: «Міржақып – азаттық жолындағы  күрескер» деген тақырыпта  шығарма жазу. 
7.Білімгерлерді  бағалау. 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!