Мінез жіктелуі слайд,презентация

0

Мінез жіктелуі слайд,презентация

 

 

 

    Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алысын және оның өзіндік әрекетінің 
айырмашылығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол көп қасиеттің бірлігі, түрлі өзгешеліктердің қосындысы, сонымен қатар, адамды әр қырынан көрсететін қасиет. Мінез бітістері көп. Олардың  бәрі де жеке адамның қасиеттері болып табылғанымен, кез-келгені мінез бітістері болып табылмайды. 
    Мінезді даралық өзгешеліктің өзегі, адамның негізгі тіршілік бағытының өрнегі деуге болады. Мінезде адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасының тарихы бейнеленеді. Мінез — кең мағыналы ұғым . Онда түрлі саналар тоғысып жатады. Мінездің моральдық жағынан тәрбиелігі, бірқалыптылығы, толықтылығы, күші мен айқындығы, салмақтылығы  — оның негізгі сапалары болып табылады. 
     Моральдық жағынан тәрбиеленген мінез адамды мінез-құлық тұрғысынан да, оның айналасымен байланысы тұрғысынан да сипаттап отырды. Инабаттылық, гуманизм, адамдарға қамқорлық, жолдастықты қадір тұту, жұртшылық пікірімен санаса білушілік, өз міндетін орындаудағы жауапкершілік пен адалдық – мінездің осы сапасының негізгі компоненттері. 
    Рухани дүниесі бай, қажеттері мен қызығулары, талғамы мен ой-өрісі кең адамдарды толық мінезді адам деп айтуға болады. 

 


    

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!