Мезгіл үстеу, қазақ тілінен сабақ жоспары

0
296
Қазақ тілі 4 сынып
Абай атындағы мектеп – лицейі
Сабақтың тақырыбы: Мезгіл үстеу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды мезгіл үстеулері, оған қойылатын сұрақтармен таныстыру; үстеулердің мағыналық түрлері туралы алғашқы білімдерін қалыптастыру; мезгіл үстеулерін қатыстырып сөйлем құрастыра білуге және сөйлем ішінен таба алуға үйрету.
Күтілетін нәтиже: Ойын жүйелеп, еркін айтуға, ойын өз сөзімен жеткізуге үйренеді.
Әдіс – тәсілдер: Жеке, жұптық, ой қозғау, сұрақ – жауап.

Кіріспе бөлім
Ұйымдастыру кезеңі
а) оқушылардың назарын сабаққа аударамыз
психологиялық дайындық

б) Өткен сабаққа сканворд шешу
1. Етістіктің алда болатын жағдайды баяндауы
2. Кім? Не? сұрағына жауап беретін септік
3. Қабанбай батырды дарабоз атаған хан
4. Кімге? Неге? сұрағына жауап беретін септік
5. Заттардың санын білдіретін сөз табы
6. Қазақтың ұлы ақыны
7. Кімде? Неде? сұрағына жауап беретін септік
8. Қарама – қарсы мәндес сөздер не деп аталады?
9. Жұмбақ
Асты тау, үсті тау
Ортасында бұжыр тау
10. Кіммен? Немен? сұрағына жауап беретін септік
11. Қашықтықты жылдамдыққа бөлу арқылы не табамыз?
12. Екі немесе үш сөйлемнен тұратын сөйлем
13. Іс – әрекеттің мезгілін, мекенін, сын – қимылын білдіретін сөз табы
– Балалар, біздер сканвордты шештік, ортасындағы қызылмен айқындалған бөлікте қандай сөз шықты?
– Рухани жаңғыру деген сөз шықты.
– Рухани жаңғыру деген не?
– Оны кімнің жолдауы
– Оның мақсаты не?
– Рухани жаңғыру жолдауының негізгі бағыттары мен міндеттерін атаңдар.

Қызығушылығын ояту
– Балалар, біз өткен сабақта үстеу тақырыбында сабақ өткен болатынбыз.
– Сонымен, үстеу дегеніміз не? Үстеудің сұрақтарын ата. Мысал келтір.
Ереже қайталанады.
«Білемін. Білдім. Білгім келеді» стратегиясы
Мезгіл үстеу жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/