Металдарды коррозиядан электрохимиялық қорғау слайд,презентация — Химия
Металдарды коррозиядан электрохимиялық қорғау слайд,презентация
Электрохимиялық қорғау ол – металдарды электрохимиялық коррозиядан қорғаудың ең тиімді тәсілі болып табылады. Кейбір жағдайларда лакты жабындарды немесе қаптамалы материялдады жаңарту мүмкін емес, сондықтан біз электрохимиялық қорғауды қолданамыз.
Катодты қорғау дегеніміз – сыртқы ток көзімен іске асатын катодты поляризация арқылы негізделген электрохимиялық қорғаудың бір түрі. Яғни, катодты қорғау кезінде жер асты және су астындағы металдарды (жабдықтарды) коррозиядын қорғаймыз.
Катодты қорғау мұнай-газ саласындағы ұңғыларды, кұбырларды, резервуарлар мен платформаларды коррозиядан қорғауды қамтамасыз етеді.
Яғни, құбырлар изоляциялау шарттары болған кезде — катодты қорғалынады. Анодты жайтартқыштар әлсіз легірленген шойын мен болаттан, магнетит, теміркремнийлі құймалардан, графитті материялдардан болғанда іске асады.
Болат теңіз суына батырған кезде коррозияға ұшырайды. Сонымен қатар, мырышта тоттанады. Яғни, болат мырышпен электрлі бірлескен болса, мырыш коррозияға ұшырайды.
Болатты теңіз суына батырған кезде оны потенциялы 0.60 — 0.65 В болады. Ол 0.60 -0.85 В болған кезде біртндеп қорғала бастайды. 0.85 В болат толық қорғалады.