Мешітке барғанда орындалатын 10 ереже
Осылайша, Жаратушымыз бізге мешітке баруды бұйырады. Алайда Алла үйіне кірудің, онда отырудың, шығудың өзіндік тәртіптері мен әдептері бар.
1. Мешітке барарда үстіңізден мейлінше жағымды иіс шығып тұруы тиіс: дәрет алып, таза киімдеріңізді киіп, тісіңізді мисуакпен тазалаңыз (кетер алдында пияз немесе сарымсақ жемеңіз), иіссу себініңіз.
2. Кірер алдында ұялы телефоныңызды сөндіріп қойыңыз.
3. Оң аяқпен кіріп, иғтикаф жағдайында қалуға ниет ету (иғтикаф дегеніміз –мешітте ниет етіп, белгілі бір уақыт құлшылық жасауға қалу).
4. Мүмкіндігінше алдыңғы қатардағы орындарға жайғасу (алдыңғы қатарларда орын бола тұрып, артқы орындарға отырып кейін келген адамдарға кедергі келтірмеу керек).
5. Мешітке кірген соң онда зікір етіп немесе Құран оқып жатқан адамдармен сәлемдесуге болмайды.
6. Құлшылық етіп жатқан адамның алдынан өтуге болмайды.
7. Қатты дауыстамаңыз (тіпті Құран мен намаз оқығанда да).
8. Егер уақытыңыз болса, мешітке кіре сала отырмай тұрып 2 рәкәт мешітке сәлем беру сүннет намазын оқыңыз.
9. Имам мінберге шыққан соң сөйлесуге, сәлемдесуге, біреуге ескерту жасауға тыйым салынады.
10. Мешіттен сол аяқпен шығу керек.
Бұл аталғандар жалпы қағидалар. Ал мешітке кіргенде және шыққанда оқылатын дұғаларды бөлек беруді жөн көрдік.