Меншік құқығын сот тәртібімен қорғау

0

Жоспар:

KІРІСПЕ

І ТАРАУ. АЗАМАТТАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ
1.1 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ұғымы
1.2 Меншік құқығын қорғаудың жалпы ережелері.

ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың нақты тәсілдері
2.2 Залалдарды өтеу азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ерекше тәсілі ретінде

III ТАРАУ. АЗАМАТТАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ ТАЛАПТЫҚ НЫСАНЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
3.1 Меншік құқығын әкімшілік тәртіппен қорғау
3.2 Меншік құқығын сот тәртібімен қорғау
3.3 Тұтынушылар ұғымы және оны анықтаудың кейбір мәселелері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3

5

5
9

12

12

15

20
20
21

25

30
31

KІРІСПЕ

Азаматтык айналымның тиісті деңгейде қалыптасуы тек субъектілердің азаматтық құқықтарын мойындаумен ғана байланысты емес, сонымен қатар бұл құқықтарды құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен байланысты. Ғылымда қалыптасқан дәстүрлі түсінік азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ұғымы құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шаралардың жиынтығын қамтиды. Бұған тек құқықтық шаралар ғана емес, сонымен қатар экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық сипаттағы субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайларды қалыптастыруға бағытталған басқа да шаралар жатады. [1.-3.б]
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау — бұл азаматтық және азаматтық ic жүргізу құқығы теориясындағы маңызды категориялардың 6ipi болып табылады. Бұл категорияның мәнін ұғынбау азаматтық, құқықтық санкциялардың сипаты мен ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық, құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын өзге де мәселелерді түсінуге қиындьқ туғызады.
Азаматтық айналым субьектілердің нақты азаматтық құқықтарын ғана танып қоймайды, сонымен қатар олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді. Заттық құқықтар мен меншік құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік құқығын қорғау институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке құқық аппараттық түсініктің негізін қалыптастырды.
Бұл зерттеудің маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни меншіктің экономикалық қатынастары әрбір қоғамның негізін құрады, ал құқықтық реттеу осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады. Қазіргі Қазақстан жағдайында меншік айрықша мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар көзі, сонымен қатар құқықтық мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады.Сол себепті меншік қатынастарын қорғау барлық құқықтық жүйенің маңызды мақсаты болып табылады.
Қазақстан Республикасында жеке меншік құқығының әрекет етуінің фундаментальді кепілі Конституцияның 6 — шы бабында бекітілген, яғни Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады.
Бұл норма жоғарғы адамзат құндылығының құқықтары мен бостандықтарын жариялаумен тығыз байланысты, ал оларды тану, сақтау және қорғау мемлекеттің міндеті, және экономикалық жүйеде жеке меншік үшін тиімді жеке қызығушылықты сақтауға тырысады және оған ерекше көңіл бөледі.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты, азаматтық құқықтықтарды қорғаудың ұғымын, азаматтық, құқықтарды қорғаудың нысандарын, меншік құқығын қорғау, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың накты тәсілдері, оның ішінде субъективтік құқықтарды мойындау, құқықтар бұзылғанға дейінгі жағдайды қалпына келтіру, құқықтарды бұзатын немесе бұзу қаупін туғызатын әрекеттердің алдын алу, мәмілені жарамсыз деп тану, мемлекеттік органның немесе жергілікті басқару органының актісін жарамсыз деп тану, заңға қайшы келетін мемлекеттік органның актісін соттың қолданбауы, міндеттерді накты орындату, залалдарды өтеу және айыппұл төлету тәсілдерің мазмұнын ашып, толық қарастыру болып табылады.
Алдымызға қойылған мақсатқа сүйене отырып бiз өзімізге мынандай міндеттерді қоямыз:
:: Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ұғымына тоқталып, оның маңыздылығын ашып көрсету; [2.-9.б]
:: Азаматтьқ құқықтарды қорғау нысандарын талдау;
:: Азаматтьқ құқықтарды қорғаудың нақты тәсілдерін зерттеп, мәнін ашып көрсету;
:: Азаматтық, құқықтарды қорғаудың ерекше тәсілі ретінде залалдарды өтеудің ерекшелігіне тоқталу.
Курстық жұмысты жазу барысында қазақстандық және ресейлік заңгерлердің, соның ішінде Г.Төлеуғалиев, М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин, А.П. Сергеев, Ю.К. Толстой, және т.б. еңбектеріне сүйендім.
Курстық жумыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. АЗАМАТТАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ
1.1 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ұғымы

Сөздің кең мағынасында алғанда құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жол бермейтіндей жағдай жасайтын қоғамдьқ қатынастар тәртібін мемлекеттің қолдауын айтамыз.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету принціпі, оларды сот арқылы қорғау азаматтьқ заңның негізгі бастауы ретңде айтылады (АК-тің 2-бабы).
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар тек қана нақты жүзеге асырылуға тиic емес, сонымен 6ipre олар субъективтік құқықтық бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіруді, бұзылған құқықтарды түзеуге мүмкіндіктер береді. Бұл тұрғыда профессор. В.П.Грибановтың мынадай niкipi көңілге қонады: құқық қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмұнының өзімен белгіленеді.
Демек кез келген субъективті азаматтық құқық қорғауға жатады, сонымен бipгe осы құқықтың жүзеге асырушысы заңда қаралған құралдардың көмегімен оны қорғауға тиісті құқықты еншілейді.
Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау тәсілдері. Азаматтық кодекстің 15-тарауының шеңберінде азаматтық құқықтағы қорғануды кең мағынадағы
меншік иесінің мүддесін қорғаудан айыра білу қажет. Кең мағынада мeншiк мүддесін қорғау екі негізгі нысанға бөлінеді: юрисдикциялық және юрисдикциялық емес [3.-10.б].
Қорғаудың юрисдикциялық түpi субъективті құқықтар бұзылғанда немесе дауға түскенде өкілетті мемлекеттік органдардың оны қорғауға араласуы болып табылады. Құқығы немесе заңдық мүддесі бұзылған тұлға мемлекеттік немесе басқа да құзіретті органдарға (сот, аралық сот, жоғары инстанция және т.б.) шағынды, әлгі аталған органдар өз кезегінде бұзылған
құқықты қалпына келтіру және бұзушылықты жою үшін өкілеттігіне сай қажетті шараларды қолданады.
Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенде тіреледі. Меншік, бұл зат та емес, мүлік те емес. Бұл — белгілі бір экономикалық қатынас.
Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлуметтік — экономикалық мәнін білдіреді.Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді-алғашқы қоғомдық және ғылыми жобалаған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.
Меншік қатынастарының өзгеруі — қоғамның негізгі қозғаушы күші және барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін.Өзгерістердің тиімділігін анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемлекет пен азаматтардың экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса жеткілікті.
Профессор Ә.Ералидың айтуы бойынша Меншік ұғымының пайда болу жолдарына ерекше мән бердім. Осыдан кейін қазақтың әдеттік құқығындағы ен, енші, еншік, меншік ұғымдарының пайда болуы на ден қойдым. Мұндағы қазақтың жайлау, күздеу, қыстау, көктеу деп жыл мезгілдерінің аталған жеріне билік құруға себепші болған төрт түлік малына салынған таңба түріндегі меншік ұғымы екендігіне көз жеткіздім -дейді.
Меншік термині әртүрлі мағанада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңдестіріледі. Бірінші жағдайда мынау менің (оның) меншігім (меншігі) деуде болады .Екінші жағдайда- меншік иемдендім (бердім) дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік-экономикалық, ал меншік құқығы — заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншіктің экономикалық санат арқылы дұрыс білдірмейді.Сонымен, қатар меншік нысанмен (мысал, орындықпен,мәшинемен) теңестірілуге тиіс емес. Мына зат маған меншік құқығы бойынша тиесілі немесе Ол сатып алу — сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді. Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады. [4.-2.б]
Ресейдің заң әдебиеттерінде меншік, адамдар арасындағы мемлекеттік қатынастардан гөрі, адамның заттарға өзінікі, өз меншігі ретіндегі қатынасы болып табылады деген пікір айтылған. Бұл қағида қате.Ешқандай құбылыс тек өзі арқылы түсіндірілмейді. Адам өзіне ұнаған басқаның мүлкіне өз меншігіндей қарағанмен, егер заңды титулы болмаса ол оның меншік иесі бола алмайды ,яғни оны иемдене алмайды. Олай болған жағдайда қолына зат ұстағанның бәрі меншік иесі болар еді.
Енді меншік құқығы ұғымына тоқталсақ, М.К.Сүлейменов пен Ю.Г.Басинның көз-қарасы бойынша Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиісілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. -деп түсіндіреді.
Ал, Ресей ғалымдары М.Б. Смоленский мен А.А. Новикованың пікірі бойынша Меншік- бұл, не зат, мүлік емес. Бұл — құқықпен реттеліп, рәсімделетін және нақты анықталған экономикалық қатынас -деп көрсетеді.
Меншіктің экономикалық қатынас.
Біріншіден, белгілі мүлік үшін туындайтын азаматтар арасындағы қатынас. Бұл қатынастың негізі, мүлік нақты тұлғаға беріледі және өз мүддесі үшін қолданыла алады. Ал, басқа тұлғалар бұған кедіргі келтірмеуге тиіс.
Екіншіден, иемденген мүлікке тұлғаның меншік ретіндегі қатынасы деп түсіндіреді.
Ғ.Төлеуғалиевтің көз-қарасы бойынша Меншік қай қоғамның да сан қырлы өзекті мәселесі болып келді. Сондықтан да меншік құқығын құқық институты ретінде қараған кезде оны меншіктен шығатын экономикалық категория деп түсіну керек -деген.
Меншік дегеніміздің өзі материалдық игіліктерді — табиғаттың өнімдері мен еңбекті — меншіктену әрі иеленуді білдіреді. Ол тарихи қоғамның ішкі айқындауы арқылы пайда болады.
Сонымен, меншік затты иелену, меншіктену екен, оның өзі заттың пайдалы қасиеттеріне орай жүзеге асады, демек, оны меншіктенген соң өндіріс барысында пайдаланып, оған билік етіледі. Меншіктің экономикалық қатынасы құқық нормаларымен реттеліп, меншік құқығына айналады.
Әлемдік құқықтану доктринасы мен отандық заң ғылымы меншік құқығын объективті жағдайдағы меншік құқығы және субъективті жағдайдағы меншік құқығы деп бөледі.
Англияның атақты ойшылы И.Бентрам былайша тұжырымдаған. Оның айтуы бойынша Меншік құқығы мен заң бірге туып, бірге құриды. Заң шықпайынша, меншік құқығы да болмақ емес -деген.
Ал,егер жалпы құқық немесе англо-саксондық құқық меншік құқығы заттардың жиынтығын сипаттайды, айналадағылар бір заттың белгілі бір тұлғаның меншігі екендігін сол арқылы біледі, құқық институт жүйесінде ол қозғалмайтын мүлікке қатысты болған. Сондықтан оны сөзсіз және шектеусіз меншікке құқық — деп түсіндірген. [5.-12.б]
Материалдық игіліктерді иелену, пайдалану және билік етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін азаматтық құқық нормалары жөнінде (кодекс,заңдар мен басқа да нормативтік құжаттар) әңгіме болғанда — шын мәнінде объективтік мағынадағы меншік құқығы, яғни меншіктің құқық институтын құрайтын нормалардың жиынтығы екенін көреміз.
АК-тің 188-бабыныда меншік құқығына мынадай анықтама берілген: Меншік құқығы дегеніміз — субъектінің заң құжаттары танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Бұл анықтама мейлінше дәл әрі ғылыми жағынан толық берілген. Өйткені, субъектіге тиесілі деген сөзбен шектеліп қалмай, мүліктеріне өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығын береді. Меншік құқығына анықтаманы субъектінің мүлікке заңға сәйкес билік етуі, оны өзнің қалауынша пайдалануы деп түсіну керек.Осы жөнінде М.К Сүлейменов былай өте дұрыс айтқан: меншік құқығының анықтамасындағы ең бір түйінді сөз тіркесі өз қалауынша деген. Яғни, субъектінің затқа үстемдік етуі заңдастырылған және оған толық құқылы.Германия азаматтық заңының 903-тарауында меншік иесі … өзнің затына өз қалауы бойынша билік етеді делінген. Швейцарияның Азаматтық кодексінде заттың меншік иесі болып табылатын тұлға… затқа өз қалауы бойынша билік ете алады деп көрсетілген. Осындай үстемдікке қол жеткізу арқылы меншік иесі заттың табиғат берген қасиеттерінің бәрін пайдаланып, оны өзгертуге, өңдеуге,билік етуге, тіпті бөтен біреуге беруге, жойып жіберуіне толық құқығы бар. Затқа заң арқылы үстемдікті тану заң құжаттарында көрсетілген шекте жүзеге асады, өйткені затқа үстемдікті шектеу меншік иесінің еркіндігіне белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізеді, демек, затқа меншік иесінің билігі шексіз болуы мүмкін емес.Сондықтан да Азаматтық кодекстің 188-бабындағы меншік құқығын шектеу мұндай құқықтың шексіз еместігін көрсетеді, сол себепті де тұлғаның өз иелігіндегі затты иелену, пайдалану және билік ету құқығы заң арқылы айқындалады. Меншік иесінің еркіндігін шектеу меншік иесінің өз өкілеттігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауға тиіс міндеттен туындайды. Мындай құқықты немесе заңды мүддені бұзу басқа түрлерде де кездесуі мүмкін, айталық, меншік иесі өзінің монополиялық немесе басым жағдайларын пайдаланып, нарықта көрер көзге қиянатқа жол беруі мүмкін (ҚР АК-тің 188-бабының 4-тармағы). [6.-3.б]
Азаматтық кодекстің 188-бабында қаралған меншік құқығының иелену, пайдалану және билік ету тәрізді құрамдас бөліктерінен басқа оны заңмен қорғау да ескерілген. Мұндай құқық өзгенің құқығына тәуелді емес, меншік иесі өзінің мүлкін сақтауға, қорғауға, өзге адамдардың сырттан әрекет етпеуіне тыйым салуына құқығы бар. Егер осындай құқықтары бұзылып жатса, онда ол затты қайтарып алуға, қалпына келтіруге, келген залалдың орнын толтыруға құқылы.
Азаматтық кодекстің 188-бабы 5-тармағына сәйкес меншік құқығының мерзімі шексіз болады. Мүлікке меншік құқығы Азаматтық кодексінің көзделген негіздер бойынша ғана ықтиярсыз тоқтатылуы мүмкін.
Меншік құқығының мазмұнын меншік иесіне тиесілі иелену, пайдалану және билік ету тәрізді өкілеттіктер құрайды. Осы жайлы ғалымдар А.Б. Ерсұлтанұлы мен Хусайнова А. М. пікірінше Меншік құқығы субъектінің заң арқылы танылатын және қозғалмайтын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы -дейді.
Иелену құқығы — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзүге асыруды заң қамтамасыз етеді. Иелену — мүліктің нақтылы иесінде болуы. Адам өз мүлкіне ие деп саналады. Басқалар мүлікті иесінен келесім бойынша алып, пайдалануы керек. Бұл сәтте оларда иеленуші болады, бірақ негізгі иеленуші емес. Титулдық иеленуші мүлікті жалдау, сауда, аманат,тасымал келісімдер арқылы иеленуі мүмкін. Егер мүлік меншік иесінен оның өз еркімен шықты, мүлікті алған заңды иеленуші болады, ал егер мүлік басқаға ұрлау, жоғалту арқылы көшсе, иелену заңсыз болып табылады.
Пайдалану құқығы — мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайда- кіріс, өсім және өзге де түрде болуы мүмкін.
Билік ету — мүліктің тағдырын шешу болып табылады және меншік құқығының мерзімі шексіз.- деп талқылаған.
Жалпы бұл рим құқығында триада деп қарастырған. Толығырақ тоқталатын болсақ,триада (jus utendi, jus fruendi, jus abutendi), меншік иесінің өкілеттіктерінің сипаттамасы болып табылады, рим құқығының ортағасырлық заңгерлері еңбектерінде оны кездестіре аласыз, ал шын мәнінде римдік жеке құқық меншік иесі өкілеттіктерінің тұтастай тізімін бере алған жоқ. Қазіргі ағылшын-саксон құқығы меншік иесінің 11 өкілеттігін қарастырады.
Бұл өкілеттіктер меншік құқығының қажетті элеметтері болып табылады. Меншік иесі аталғандардың қайсысын да үшінші бір тұлғаға бере алады, тіпті үш өкіліттіктің бәрін де беріп жіберіп, өзі меншік иесі болып қала береді. Мысалы, ол заттарын теміржол, әуежай және қонақ үйдің зат сақтайтын жеріне тапсырып, өз қарауындағы затты күзетшінің игілігіне береді. [7.-8.б]
Кейде заң талаптарына сәйкес меншік иесінен несие берушінің талабын қанағаттандыру үшін мүлкі ықтиярсыз алынуы мүмкін, онда меншік иесі әлгі үш өкілеттіктен де айырлады. Бірақ ол мұндай жағдайда меншік иесі болып қала береді. Қарызын өтегеннен кейін мүлкін сатқаннан қалған қаржы алуға құқылы, сөйтіп, заттарын кері қайтарғаннан соң оның пайдалану және билік ету өкілеттігі қалпына келтірледі.
Иелену құқығы мүлікті нақты иелену мүмкіндігі заң жағынан толықтай қамтамасыз етуді жүзеге асырады. Ол меншік иесіне затқа іс жүзінде үстемдік етуге мүмкіндік беріп, затты пайдалану үшін маңызды алғашарт жасайды. Заң иеленуді заңды, заңсыз, адал ниетті және арам ниетті деп бөлінеді. Егер мүлікті иелену заңды негізгде жасалса, онда мол заңды иелену болып табылады. Яғни құқық негізінде меншік құқығы жүзеге асырылуы тиіс. Затты немесе заңсыз иелену, егер оны зорлықпен немесе заңнан жасырын жасалса, немесе заңсыз иеленуші затты кездейсоқ иеленіп,оны қайтару жөніндегі талапты құлағына ілмесе, бұл да құқық бұзу деп есептеледі. Сондай-ақ иеленуші иеленген затының заңсыз екендігін білсе, білуге тиісті болса,онда ол арам ниетті иеленуші делінген. Қарсы жақ өзінің талабын дәлел де мейінше, зат иеленуші адал алушы қатарына жатады (АК-тің 261-бабы). Ал, керісінше, егер де мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынатып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса, мүлікті мешшік иесі немесе мешнік иесі мүлікті иеленуге берген адам жоғатқан не мұның екуінен де ұрланған, не олардың иеленуінен бұрын бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иесі бұл мүлікті алушыдан талап етіп алдыруға құқылы.

1.2 Меншік құқығын қорғаудың жалпы ережелері

Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы барлық салалармен тығыз байланысты.
Жалпы дәстүр бойынша қорғаудың құқығы күші кез келген субъективтік азаматтық құқық құрамына кіреді, ал, егер оны қорғауды осылайша қамтамасыз етпесе, онда құқық өзінің бар болуы шартты түрде айтылады.
Уго Маттей деген шетел ғалымының айтуы бойынша меншік құқығына мен өзге де заттық құқықтарды, азаматтық және жалпы құқық елдерінде бар қорғау құралдарының ерекшеліктерін атай отырып, азаматтық дәстүр сот жүйесінің: әкімшілік соттар және жалпы заңдық соттар деп аталатын дуализміне негізделетінін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі үшін сот жүйесінің бөлінуіне дәлдік қажет. Бүгінгі таңда, 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот органдарының қылмыстық, азаматтық істер бойынша нысандары Жоғарғы сот пен областық соттардың шаруашылық дауы бойынша алқалары бар бірыңғай жүйесі қызмет жасайды. Әйтсе де, азаматтық іс жүргізуде азаматтық немесе әкімшілік заңға жататындығы айқын ажыратылмаған. Ал, материалдық құқық нормалары (азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және басқа салалар) меншік иелері мен өзге де заттық құқық иелеріне өздеріне тиесілі құқықтарын қорғаудың әртүрлі әдістерін қарастырады. Осында жалпы меншік құқығын қорғаудың азаматтық заңнамада қарастырған әдістеріне ғана тоқталайық.
Жалпы меншік құқығын қорғау ісінде азаматтық құқық нормалары бірдей рөл атқармайды. Себебі, олардың бірі материалдық игілікті қайсыбір құқық субъектісіне белгілейді немесе тиянақтайды деп айтуға болады. Бұған бірінші кезекте меншік құқығына және өзге де заттық құқықтарға ие болады және игілікті тоқтату туралы ережелер жатады. Олар егер шартта немесе заңда өзгеше көзделмесе, жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиесілі.
Мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерге, өнімге, табысқа, меншік құқығы АК- нің 123- бабына сәйкес алады. Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу — сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікті иеліктен айыру туралы өзге мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Егер азамат қайтыс болған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы өсиетке немсе заңға сәйкес мұрагерлік бойынша басқа адамдарға көшеді.
Заңды тұлға қайта ұйымдастырылған ретте оған тиесілі мүлікке меншік құқығы қайта құрылған заңды тұлғаның құқықтары мирасқорларына-заңды тұлғаларына көшеді -деп.
Меншік иесінің мүлкін меншік иесінің еркінен тыс басқа тұлғаға беруге АК- те көзделгеннен, басқа реттерде жол берілмейді. АК- те көзделген реттер мен тәртіп бойынша тұлға меншік иесі жоқ мүлікке, меншік иесі белгісіз мүлікке, не меншік иесі бас тартқан немесе өзге негіздер бойынша ол меншік құқығын жоғалтқан мүлікке меншік құқығын алу мүмкін.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру туралы Қазақстан Республикасының Заң қабылданған ретте ұлт меншігіне алу АК-тің 266-бабында белгіленген тәртіп бойынша оларға шығындар өтеледі. [12.-26.б]
Ережелердің енді біреулері меншік иесі өзіне тиесілі құқықты, мысалы, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу қажеттігін иеліктен мүмкіндігін жүзеге асыру үшін жағдайды қамтамасыз етеді. Үшіншілері, меншік құқығын затты барлық үшінші тұлғалардың ықпалынан тікелей қадағалайды және қорғайды. Осыған меншік иелеріне келтірілген материалдық шығындарға жауапкершілікті тағайындайтын нормаларды жатқызуға болады. Оған қоса, азаматтық құқықта меншік құқығын тікелей қорғау туралы арнайы нормалар да бар. Осыған байланысты О.И.Иоффе азаматтық құқықта қалыпты экономикалық қатынастардың дамуын кең мағынада қамтамасыз ететін азаматтық құқықтардың барлық нормаларының жәрдемімен меншік құқықтарын сақтау мен құқық қатынасына қарсы құқық бұзуға байланысты пайдаланылатын азаматтық- құқықтық тетіктердің жиынтығы — меншік құқығын қорғауды ажыратуды ұсынады.
Қорғау мен сақтау түсініктерін ажырату қажет. Меншік құқығын сақтау осы құқықтың бұзылу фактісіне дейін жүзеге асып, алдын ала сақтандыру,ескерту сипатында болады. Меншік құқығын қорғау азаматтық-құқықтық қорғаудың нақты әдістері мен тәсілдерін пайдалану қажет болғанда және бір нәрседе меншік құқығының бұзылуы немесе сондай бұзылу айқын төніп тұрғанда қолданылады. Сол себепті меншік құқығын қорғау және сақтау түсініктерін теңбе- тең деуге болмайды.
Профессор Ғ.Төлеуғалиевтің құқықты қорғау түсінігіне тоқталсақ. Ол сөздің кең мағанасында алғандаға құқықты қорғау деп құқықтың бұзылуына жай берілмейтіндей жағдай жасайтын қоғамдық, қатнастар тәртібін мемлекеттің қолданылуын айтамыз- деген.
Қорғау құқығы бұзылған азаматтық құқықтары қалпына келтіруді қамтамасыз ету принцепі, оларды сот арқылы қорғау азаматтық заңның негізгі бастауы ретінде айтылады (АК- тың 2-бабында көрсетілген).
Қатысушылардың қарауындағы субъективті азаматтық құқықтар, тек қана, нақты жүзеге асырылуға тиіс емес, сонымен бірге олар субъективтік құқықтың бұзылуымен пайда болған барлық жоғалтуларды өтеп, қалпына келтіреді, бұзылған құқықтарды түзетуге мүмкіндіктер береді.
Бұл тұрғыдан профессор В.П.Грибановтың мынадай пікірі көңілге қонады. Құқықты қорғау сипатының мүмкіндігі оның құқық өкілеттігі ретінде субъективтік материалдық талаптар мазмүнының өзімен белгіленеді. Заң ғылымдарының докторы, профессор М.К.Сүлейменов пен заң ғылымдардың доктары Ю.Г.Басин меншік құқығын қорғауға байланысты пікірлеріне тоқталсақ. Меншік құқығын және өзгедей заттық құқықтарды меншік иесінің заттық құқық иесінің құқықтары деп қорғауды кең мағанада алсақ ол азаматтық құқықтардың, барлық субъектілерін қорғаудағы барлық тәсілдермен жүзеге асырлады. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтар субъективтік азаматтық құқықтарға жатқандықтан, олар субъективтік азаматтың құқықтарымен бірдей қорғалады, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың шегі мен шекарасын анықтайтын, дербес субъективті азаматтық құқық ретінде қорғану құқығын жүзеге асыратын ережелерге бағынады деп көрсетеді.

ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МҮДДЕЛЕРІН ҚОРҒАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
2.1 Азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың нақты тәсілдері

Азаматтық-құқықтың қорғаудың көздейтін мақсаты меншік иесінің заңсыз айрылған нәрсесін өзіне қайтару немесе өзінің затын пайдаланудағы кeдepгiлepдi жою болып табылады. Затын қайтару туралы азаматтық талапты виндикациялық талап, ал затын пайдаланудағы кедергілерді жою талабын негаторлы талап деп атайды.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік құқығы, оның ішінде меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтары әртүрлі құқықтық салаларды қорғайды. Мүліктік құқықтарды қорғау жүйесінде азаматтық құқық маңызды рөл атқарады, себебі мүліктік құқық құқықтың бұл саласының тікелей объектісі болып табылады. Сонымен қатар азаматтық құқықтың өзі меншік құқығы мен өзгедей заттық құқықтарды әртүрлі тәсілдермен қорғайды.
Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғаудың АК-ның 15-тарауында көзделген тәсілдерінің жүйесі. Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтарды қорғау тәсілдері, өздерінің құқықты қорғау сипатына қарай, заттық-құқықтық және міндеттемелік болып топтасады.
Бірақ, Қазақстан Республикасының азаматтық заңдары меншік құқығын қорғаудың негізгі 3 түрін көрсетеді: 1) меншік құқығын тану туралы талап; 2) Виндикациялық талап; 3) негаторлық талап;
Қорғаудың заттық әдістері жайлы шетел ғалымы У.Маттей дәл байқағандай, меншік құқығынан абстрактілі және абсолют құқықтық категория ретінде тікелей туындайды. Ол былай деп көрсетеді: абсолют сипот тиісті құқықтың бар екенін дәлелдей отырып, қорғаудыңөзін қамтиды,өз кезенінде қорғау дәстүрлі түрде бір-бірінен бөлек талаптар төңірегінде құрылады. Ол талаптар: меншік иесі өзінің мүліктік құқығын жүзеге асыруды, кім бөгет жасайды, кез келгеніне қарсы тұратын негаторлық және меншік иесінің оның мүлкін иемденген кез келген меншік иесі емеске қарсы тұрып,өз мүлкін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін виндикациялық болып келеді. [3.-33.б]
Меншік құқығын қорғаудың заттық — құқықтық әдістерін затқа меншік құқығын кез келген қол сұғушылықтан абсолют қорғау деп те атайды. Қазір осы қорғау бізде осындай қолсұғушы субъектіге тәуелсіз жүзеге асырылады, ал ертеректе азаматтық заңнамада меншіктің кейбір түрлеріне
Артықшылық қарастырылған болатын. Мысал ретінде Қазақ КСР-і АК 145-бабын айтуға болады, ол мемлекеттік мүлікті кез келген иемденушіден шексіз виндикациялау құқығын белгілейді. Кейінірек, ол 1990 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақ КСР-індегі меншік туралы Заңның 23-бабының 2-тармағының күшіне енуіне байланысты мүлдем алынып тасталды. 1993 жылғы 9 сәуірде қабылданған Қазақ КСР-інің Қазақ КСР-індегі меншік туралы Заңына түзетулер мен толықтырулар енгізу туралы заңның қабылдануына орай, меншік құқығын теңдеу қорғау мәселесі қайтадан өзекті болды. Осы заңның 23-бабының 3-тармағы мемлекеттік қазынаның мүддесін қорғауға басымдық тәртібін жариялады. Ал, басымдық тәртібі атауына заң шығарушы ешбір түсінік бермей, барлығы заңдық нормативтік актілерге немесе соттардың түсіндірмесіне артылды. Осы баптың 1-тармағында мемлекеттік берген түсінік барынша кең мағынада болып, басқасын былай қойғанның өзінде, мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп бермеген кез келген мүлікті өзіне қосып алды.Бұл заң шығарушы заңның 26-бабының 1-тармағында меншік құқығының барлық субъектілеріне теңдік бергеннің өзінде байқалып отыр. Осы қарама-қайшылық 1994 жылы Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық кодексінің жалпы бөлімі қабылданғаннан кейін жойылды.
Азаматтық құқықта меншік құқығын қорғаудың шарттан тыс әдістері сонау ежелгі Рим дәуірінен мәлім. Дәл сол жерде меншік иесі мүлікті бөтен заңсыз иемденуден талап етуі, қысқаша айтсақ, виндикациялық талап және меншік иесінің құқығын, иемденуден айыруға байланысты болмайтын, бұзылудан қорғау туралы талап — негаторлық талап болып қабылбанып, одан ары дамыды. [4.-6.б]
Қазіргі кезде цивилист — ғалымдардың бірқатары осы екі талапқа тағы біреуін — кез келген мүлікке меншік құқығын мойындау туралы талапты қосып отыр. Заттық-құқықтық талаптардың осылайша жіктелуімен келісе, осы топтың, меншік құқығын заттық — құқықтық қорғаудың үш әдісіне тоқтала отырып, тікелей сипаттамасына көшеміз: 1) меншік иесінің мүлікті бөтен заңсыз иемденуден талап етуі; 2) меншік иесінің құқығын, иемденуден айыруға байланысты болмайтын, бұзылудан қорғау туралы талабы; 3) меншік құқығын мойындау туралы талап. Осы топтың барлық талабы үшін мына кездер тән: а) олар шарттан тыс сипатта болады; ә) меншік иесі мен зат қатынасының аясына заңсыз қол сұғатын кез келген тұлғаға қоя алады; б) тікелей заңнан туындап, сол субъективтік құқықты абсолют қорғауды білдіреді.
Виндикация қағидасы АК-тің 260-бабында төмендегі түрде айтылған: меншік иeci өзеден заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы, яғни меншік иeci өз атын оны ешқандай заңсыз иемденіп отырған жақтан талап ете алады.
Затты иелену оның заңды иесімен жасалған келісімге негізделмесе, заңсыз иемдену деп аталады. Ал меншік иесінің затты заңды иесінен виндикация жолымен қайтарып ала алмайтын жағдай да бар, өйткені заттың заңды иeci оны игілігіне жаратып отырғандықтан дәлелді себеппен қайтара алмайды. Айталық, 6ip азамат екінші бipeyгe бip жылға өзінің теледидарын
жалдады делік, ал үш айдан кейін виндикация жолымен оны қайтаруды талап етеді. Мұндай реттерде теледидарды жалдап алушы мүлік жалдау мәмілeci бойынша иемденіп отырғандығын айтып, жалға алу мерзімі біткенше затты қайтармаймын деуіне құқылы. Сондықтан біздің азаматтық, кодекс заңды иеленуші, заңсыз иеленуші, адал ниетті алушы, арам ниетті алушы деген терминдерді қолданады.
Затты адал ниетпен иемденген адам деп өзіне зат сатқан адамның ол затты сатуға құқығы жоқтығын, яғни оның өзі сатып отырған заттың иeci емес екендігін немесе меншік иесінің өкілі емес екендігін немесе менппк иесінің өкілі емес екендігін білмеген және білуге тиicтi емес адамды айтамыз. Зат иeci затын виндикация жолымен қайтарып алғанда адал алушының өзінің адалдығын өзін қорғап қалады. Айталық, меншік иeci шарт бойынша өз затын бipeyгe қарызға берді делік, ал алған адам ол затты үшінші бip адамға сатып жіберді, ол үшінші адам затты сатқан адамды оның иeci деп ойлап, адал қателесті. Мұндай жағдайда меншік иeci затты оны сатып алған адамнан қайтарып беруді талап етуге құқысы жоқ, бipaқ, ол затты қарызға алған адамнан шығынын өтеуді (заттың ақшалай құнын) талап ете алады.
Егер мүлік оны иеліктен айыруға құқығы болмаған адамнан тегін алынып, алушы мұны білмесе және білуге тиіс болмаса (адал алушы), мүлікті меншік иeci немесе мүлікті иеленуші берген адам жоғалтқан не мұның екеуінен де ұрланған, не олардыц иеленуінен бұлардың еркінен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншік иeci бұл мүлікті алушыдан талап етуге құқылы.
Егер мулік оны иеліктен айыруға құқығы жоқ адамнан тегін алынса, меншік иeci барлық ретте мүлікті талап етіп, алдыруға құқылы (АК-тің 261-бабының 1,2 тармақтары).
Егер мүлік сот шешімдерін атқару үшiн белгіленген тәртіп бойынша сатылған болса, АК-тің 261-бабының 1-тармағында керсетілген негіздер бойынша мулікті талап етіп алдыруға жол берілмейді.
Меншік құқығын қорғаудың негізгі заттық — құқықтық тәсілдерінің бірі-меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап етуі болып табылады. Меншік құқығын қорғаудың бұл тәсілі заң әдебиетінде виндикациялық талап деген атпен кең таралған латын тілінен аударғанда — vei vindicatio. [5.-3.б]
Виндикдикациялық талап дегеніміз иеленбеуші меншік иесінің жеке-белгілі бір мүлікті заңсыз иеліктен осы мүлікті іс жүзінде еиленуші адамға қайтару жөніндегі шарттан тыс талабы. Виндикациялық талаптың негізіне алынатын жағдай сол, мүліктің меншік иесінің иелігінен заңсыз алынуы, жалпы ереже бойынша меншік құқығын тоқтатпайды, сондықтан меншік иесі ол мүлікті өзінің иелігіне қайтаруды талап етуге құқылы. Меншік құқығының сақталуы туралы ережеге жатпайтын бір жағдай, ол — бұл мүлікті адалиеленушінің иеленуі, одан мүлік белгісі бір мән — жайларда ғана талап етіледі.
Сонымен, мүлікті талап етуге мүліктің меншік иесінің ғана құқы бар, ол виндикациялық талап қойғанда сол мүліктің өзіне меншік құқығында тиесілі екендігін дәлелдеуі тиіс, сонымен қатар меншік иесі даулы мүлікті иеленушінің іс жүзіндегі иелігінің заңсыз екендігін дәлелдеуге міндетті.
Виндикациялық талап қоюдың қажетті шарттарының бірі, ол — меншік иесінің сол талап қойылған мүлікті іс жүзінде иеленуден айырылуы. Егер, меншік иесінің қарамағындағы мүлікке меншік құқығын иеленуге үшінші бір адам таласса, не үшінші адам меншік иесінің өз мүлкін пайдалануына не оған билік етуіне кедергі келтірсе, ал мүлік бәрі бір меншік иесінің иелігінде болса, онда меншік құқығын қорғау үшін басқа тәсілдер қолданылады.
Қорғаудың осы әдісіне меншік иесі қайсыбір себептермен қорғаудың өзге әдістері түгесілгенде жүгінеді.Ол осы талапқа теориялық ынта оның тәжірибиелік пайдасынан гөрі, меншіктің абсолют құқығы болып табылатын және меншік иесінің келісімінсіз сол мүлікке меншік иесі еместердің иелік етуден бас тартуының жалпы міндеттерін қамтитын табиғатына, парадигмасына сүйенедідеп атап өтеді. У.Маттеи құрлықтық жүйесінің әр еліндегі виндикация туралы жалпы ережелерін зерттеді.Оның пікірінше, осы категориыдағы талаптарды қолдану кезіндегі негізгі ерекшелік пен меншік иесінің туындайтын мәселе меншік құқығына ие болудың бастапқылығын дәлелдейтін фактілерді тізу қажеттігі болып табылады. Мүлікке меншік құқығын дәлелдеуге ниет білдіретін кез келген тұлға меншік құқығының бастапқы пайда болуынан бастап, оны берудің бүкіл жолын қадағалап отыруға міндетті.Одан ары кез келген талапкер осы соңғы нәтижеге ұмтылады, меншік құқығын заң жүзінде мойындаудың жанама салдары ғана деп көрсетеді. [6.-22.б]
Қазақстан Рестубликасының азаматтық заңнамасы бойынша, виндикациялық талаптың қазіргі түсініктемесі У.Маттеи ұсынған біршама бөлектеу. Виндикациялық талаптың тетігін өрнектегенде ерекшеліктерді, сондай-ақ үйлесуді анықтау үшін зерттеу қажет.

2.2 Залалдарды өтеу азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың ерекше тәсілі ретінде

Меншік иeci болғанымен, шаруашылық жүрізу, оралымды басқару, тұракты жер пайдалану құқығымен не заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негізбен мүлікті иеленушінің де АК-тің 259 — 264 баптарында көзделген құықтары болады. Бұл адамның өз иелігін меншік иесінен де қорғауға құқығы бар (АК-тің 265-бабы).
Ақшаны немесе бағалы қағаздарды, айтальқ, мемлекеттік ұтыс заемының облигацияларын, ақшалай-заттай лотерея билеттерін адал ниетпен алған адамдар әлдеқайда кең көлемде қорғалады. Оларды адал ниетпен алған адамнан меншік иeci ұрлатқан немесе ол жоғалтып алған жағдайда да қайтарып беруді талап етуге болмайды. Оның, ce6e6i мынада, ұсынушы арқылы ақша мен бағалы кағаздар қолдан қолға тез ауысып кете алады, ал мұның өзі оларды басқа бip адамның меншігіне берген адамның оған құқылы екендігін және достығын тексеруге мүмкіндік бермейді.
Виндикация әдетте тараптардың өзара септесуімен қатар жүреді. Меншік иeci виндикация негізінде өз мүлігін талап ете отырып, арам ниетті иеленушіден бүкіл иеленген кезінде өзі алған немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін қайтаруды немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін қайтаруды немесе өтеуді талап етуге құқылы. Ол адал иеленушіден оның заңсыз иеленуді туралы білген немесе білуге тиіс болған, сондай-ақ, мүлікті қайтару туралы талап қою хабарламасын алған кезінен бастап алынған немесе алуға тиіс болған табыстардың бәрін талап етуге де құқылы. Адал иеленуші өз кезегінде меншік иесінен мүліктен табыс есептелетін уақыттан бастап ол мүлікке жұмсалған кажетті шығындарды меншік иесінің өтеуін талап етуге құқылы. Арам ниетті иеленуші мұндай өтемді иеленушінің талабын сот негізді деп тапқан реттерде толық немесе iшінapa алуға құқылы.
Заңсыз иеленуші өзi жасаған жақсартуларды, егер олар затқа зақым келтірмей бөлуге келсе, өзінде қалдыруға құқылы. Егер жақсартуларды бұлайша бөлу мумкін болмаса, адал иеленуші жақсартуға жұмсалған шығындарын өтеуді талап етуге құқылы, бipaқ бұл зат құқығының ұлғайтылған мөлшерден аспауы керек. Ал арам ниетті иеленушінің мұндай құқығы жок. [4.-78.б]
Виндикацияның объектісі барльқ жағдайда бәз қалпында сақталган тек дербес күйіндегі белгілі 6ip затқа қана бола алады. Мұндай талап қоюды тек 6ip мәрте болатын белгілері бар заттарға (мысалы, бipтeктi тауарларды белгілі бip мөлшерде талап ету туралы) немесе бәз қалпында сақталмағанға (құрылыстың нақты иеленушісі жай ғана жөндеп қоймай, сонымен қатар түбірімен қайта салуға қатысты) байланысты виндикациялауға болмайды. Өйткені, оның мазмұны оны басқа мүлікпен ауыстыру немесе сондай ақ, тектeri әрі сападағы затпен ауыстыру жөнінде емес, нақты мүлікті иеленуді қалпына келтіру туралы талаптан туындайды.
Егер меншік иeci өзінің затын иелену құқығын бұзушыньң тікелей иелігінде екендігін көрсе, ол жоғарыда аталған талаптарды қоюға құқылы. Бipaқ мұндай жағдайда меншік иесінен немесе уәкілетті тұлғаның иелігінен шығып кеткен зат тек бұзушының ғана емес, затты заңсыз иеленген бұзушыньң, басқа тұлғаның қарауында болғанда ic күрделене түседі. Бұл арада меншік иeci немесе иеленушінің мүдделеріне сәйкес eкi жағдай есепке алынады: біріншіден, аталған талап қою бойынша мүлікті иелену сипаты; екіншіден, меншік иeciнiң иеленуінен мүлікті шығару әдісі.
Мұндай жағдайлар меншік иесінің талап қоюын қанағаттандарудағы негізгі тартты болады. Виндикациялық талап қою бойынша затты талап етуге меншік құқығы айтарлықтай дәрежеде заңсыз иеленушіні адал ниетті немесе адал ниетті емес деп тануға байланысты болады.
Жоғарыда айтылғандай, адал иеленушіден мүлік екі жағдайда талап етіледі: біріншіден, ол аталған мүлікті ақысыз иеленсе (затты кepi алу оған мүліктік залал келтірмейді); екіншіден, ақысыз затты иелену жағдайында меншік иeciнeн немесе басқа да заңды иеленушіден шығару тәсілі қолданылса.
Егер бастапқы мүлік меншік иесінен … жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz