Менің сүйікті ойыншығым балабақшадағы ашық сабақтар
МЕНІҢ СҮЙІКТІ ОЙЫНШЫҒЫМ
Білім беру саласы: Қатынас.
Білім бөлімі: Тіл дамыту
Білімділігі: Өздеріне ұнаған ойыншыққа зеріттеу жүргізіп ( түсі, көлемі, материалы, жасалуына қарай алуан түрлі болатыны ) , әңгімелеп айтып беруге , ойыншықтардың жекеше , көпше атауларын айтуға үйрету .
Дамытушылық :Балаларды сөзді анық айтып , дұрыс сөйлей білуге баулу , сөздік қорларын дамыту .
Тәрбиелік : Олармен қалай ойнау керектігін түсіндіріп , ұқыптылыққа , эстетикалық талғамдарын кеңейту , ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен , жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу .
Әдіс тәсілі : ойын ,сұрақ – жауап , жұмбақ .
Пән аралық байланыс : Қоршаған орта , көркем әдебиет .
Көрнекіліктер : Ойыншықтардың суреттері , машина,доп,бүктеме, қуыршақ ,слайт.
Ұйымдастыру кезеңі
1 . Шаттық шеңбері.
2 . Қонақтармен амандасу.
3 . Көтеріңкі көңіл күй.
4 . Ертеңгілік жылы лебіздер
5 . Өткен іс – әрекетті еске түсіру
6 . Жаңа оқу іс – әректімен танысу
7.Жыл мезгілдерін сұрау.
8 . Сурет бойынша жұмыс
9. Сұрақ — жауап
10. Жұмбақтар
11 . Дидактикалық ойын « Жалғасын тап »
12 . Р . Тышқанбаевтың « Қуыршақ » өлеңін оқып беру
13. ойын : « Ғажайып қорапша! »
14. Сергіту жаттығуы .
15 . Мазмұнды – рольді ойын : « Ойыншықтар дүкені »
16 . Шығармашылық жұмыс
17 . Қорытынды
18 . Қонақтармен қоштасу .
Балаларды ұйымдастыру .
Тәрбиеші; Қайырлы таң балалар !
-Балалар , бүгін ерекше күн .
-Балалар бүгін бізге қонақтар келіп отыр,қонақтармен амандасайық .
Балалар; Үлкенгеде сіз,
Кішіге де сіз.
Үлкендерді құрметтеп ,
Бас иеміз біз!
Тәрбиеші; Балалар , қане , бәріміз шеңбер құрып, қол ұстасып тұрайықшы.
Балалар; шаттық шеңберге тұрады .
Бәрі бірге қосылып айтады .
Шаттық шеңбері;
Біз ұқыпты баламыз ,
Айтқан тілді аламыз.
Ойыншықтарды жинаймыз,
Үлкендерді сыйлаймыз.
Тәрбиеші; — Балалар өткен оқу іс- әрекетті еске түсірейікші .
Өткен оқу іс- әрекетте біз « Қысқы киімдер » тақырыбын өткенбіз.
Қысқы киімдерге тоқталып ,балалардан сұрау .
Балалар бүгінгі жаңа оқу іс- әрекетіміз «Қатынас» білім саласы , тіл
дамытудан «Менің сүйікті ойыншығым » тақырыбын өтеміз.
-Балалар қазір қандай мезгіл ?
Балалар; көктем мезгілі.
Тәрбиеші ; дұрыс айтасыңдар !
-Көктем мезгілінде неше ай бар?
Балалар : үш ай бар . Наурыз ,сәуір , мамыр .
Тәрбиеші ; жарайсыңдар балалар !
Сұрақ — жауап ; Сүйікті ойыншықтарың бар ма ?
-Қандай ойыншықтарың бар ? —Қандай ойыншықты жақсы көресіңдер ?
— Ойыншықтарды қалай ұстау керек?
Балалар; жауап береді.
Тәрбиеші ; Балалар , мына үстел үстінде жатқан заттар не?
Балалар ; Олар — ойыншықтар .
Тәрбиеші ; Ойыншықтармен не істейді?
Балалар ; Ойыншықтармен ойнайды .
Тәрбиеші ; Балалар қараңдаршы біздің тобымызда ойыншықтар өте көп,олар қандай әсем , әдемі ойыншықтар . Балалар мынау қандай ойыншық?
Балалар; доп. Тәрбиеші; доптың пішіні , түсі қандай ?
Балалар ; жауап береді .
Тәрбиеші ; Доптың қимылы қандай ? -Қане бәріміз допша секірейікші ? Кім доп туралы тақпақ біледі ? Балалар; Топ –топ добым домалақ ,
Қайда кеттің домалап .
Бір ,екі деп екі ұрдым , Шатырға сен секірдің .
Тәрбиеші; Қыз балалар көбіне қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар ; қуыршақпен .
Тәрбиеші ; -Дұрыс айтасыңдар . Қуыршақпен . Балалар қуыршақтың әдемі шашы , әдемі көйлегі бар екен . Қуыршақтың көйлегінің түсі қандай ?
-Кім қуыршақты қалай ұйықтататынын көрсетеді ?
-Ал , ұлдар көбінесе қандай ойыншықпен ойнайды ?
Балалар ; машинамен ойнайды .
Тәрбиеші ; Ал, машинаның түсі қандай?
-Кім машина туралы тақпақ біледі ?
Балалар ; Үлкенмін ғой міне мен ,
Ойыншықтарды жинаймын .
Машинаға мінер ем ,
Кабинаға сыймаймын .
Тәрбиеші ; Балалар ойыншықтар жасалуына байланысты бірнеше түрге бөлінеді .
1. Матадан жасалған .
2. Пластмассадан .
3. Резинадан жасалған ойыншықтар . Сипаттама беру .
ЖҰМБАҚТАР ШЕШУ ;
1. Аяғы бар , жүрмейді ,
Аузы бар , күлмейді .
Айнымайды бөпемнен ,
Тек сөйлеуді білмейді . ( қуыршақ )
2. Суға салсаң батпайды ,
Түскен жерге жатпайды . ( доп )
Дидактикалық ойын ; « Жалғасын тап » .
Ойын шарты ; Бастаушы бала сөйлемді бастап береді, балалараяқтайды .
-Менің ойыншығым …………. / әдемі /.
-Мен қуыршақпен ……………./ ойнаймын/ .
-Допты жоғары ……………….. / лақтырдым / .
Р . Тышқанбаевтың «Қуыршақ » өлеңін оқып беру .
Сөйлемейсің сен неге ,
Тілің жоқ па , қуыршақ ?
Жуынбайсың сен неге ,
Кірің жоқ па , қуыршақ ?
Аяғың бар , сен неге ,
Жүре алмайсың , қуыршақ ?
Жұмсағанда сен неге ,
Тіл алмайсың , қуыршақ?
Біз күлгенде күлмейсің ,
Аңқаусың ба , қуыршақ ?
Бізбен бірге жүрмейсің,
Жалқаусың ба ,қуыршақ ?
Сергіту сәті ;
Ұзын құлақ сұр қоян ,
Естіп қалып сыбдырды .
Ойлы – қырлы жерлермен ,
Ытқып –ытқып жүгірді .
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап ,
Көжегі екен өзінің .
Ойын ; « Ғажайып қорапша ». ( ішінде асық)
Ойын шарты ; көздеріңді жұмып қоржыннан кез -келген ойыншықты аласыңдар . Алған ойыншықтарыңның атын , түсін , қатты , жұмсақ екенін айтып , жақсы мейірімді тілек білдіресің . Мысалы ; мен асықты алдым, асық ойыны ұлттық ойын, асықтың түсі – қызыл, қатты және асықпен қалай ойнау керек екенін көрсеттім.
Мазмұнды — рольді ойын ; « Ойыншықтар дүкені ».
Мақсаты ; Сөйлемді толық құрауға үйрету , ойлау қабілеттерін дамыту .
Мамандыққа баулу , яғни дүкенші болуға ынталандыру және сыпайы сөйлеуге үйрету .
Ойын шарты ; 1- бала –сатушы , 2-бала – кассир , 3-бала –тексеріп , қарап алушы . Дүкенге барғанда тәртіп сақтауымыз керек . « рахмет ! » , « қош келдіңіз ! »деген сөздерді пайдалану ( 2 – 3 рет балалардың орындарын ауыстырып ойнату ).
Шығармашылық жұмыс.
Қорытындылау .
Күтілетін нәтиже ;
Біледі; ойыншықтардың түрлерін , түсін , пішінін білу .
Игереді; Толық сөйлем құрау .
Меңгереді ; Ойыншықтарға жанашырлықпен қарап , достарымен бөлісіп ойнау .
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!