Менің Қазақстаным балабақшадағы тәрбие сағаты
Умирбекова Гүлзат
Тараз қаласы №25 орта мектептің
мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі
Күні: 20.11.2013 жыл
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Қатынас. Денсаулық.
Бөлімі: көркем әдебиет
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Мақсаты:
Білімділік: балалардың патриоттық және адамгершілік сезімін ояту, «Отан» туралы түсініктерін кеңейту.
Дамытушылық: туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Тәрбиелік: туған жерін сүюге, қадірлеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету, ойын.
Сөздік жұмыс: Отан, туған жер.
Оқу іс-әрекетінің көрнекілігі: Қазақстан картасы, суреттер, электронды
оқулық, интерактивті тақта.
Блингвалдық сыңары: Менің Қазақстаным-Мой Казахстан, Отан-Родина.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті. |
Балалардың іс-әрекеті. |
Мотивациялық қозғаушылық. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, барлығы бірге қосылып айтады. Отан деген-атамекен, Отан деген-туған жер. Отан-ана, Отан-үлкен, Қазақстан-туған ел! |
Балалар қосылып айтады. |
Ұйымдастыру — іздестіру. |
Тәрбиеші:
Біздің Отанымыз Қазақстан.
Әліппе –дәптермен жұмыс Т.Молдағалиевтің «Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау. Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау, Бәрі сенің өз жерің, өз суларың батыр-ау, Туған жердің тынысын ұққын орман нуымен, Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан… Тәрбиеші баларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілейді. Балаларға электронды оқулықтан еліміздің картасын көрсету. әңгімелеу, тапсырмаларды орындау. Тыныштық сәті: Баяу музыка әуенімен балалар көздерін жұмады. Туған жеріміздің табиғатын, таза ауасын, әдемі гүлдерін, сайраған құстарын көз алдымызға елестетеміз. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша! Көзімізді ашамыз. Туған жеріміз туралы ойымызды әңгімелейміз. Сергіту сәті. Төскейден жел еседі, Төбемнен бұлт көшеді. Туған жерім мен үшін, Көк майсасын төседі. Дидактикалық ойын: «Қай қала екенін тап?» Ойынның шарты: ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланамыз. Балаларға Қазақстандағы бірнеше қалалардың аты беріледі. Үлгі: Астана –Бәйтерек, Алматы-Қазақстан қонақ үйі. т.б. |
Балалар тәрбиешіні тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Өлеңді тыңдайды, талдайды.
Әңгімелейді, тапсырманы орындайды.
Әуенді көздерін жұмып, туған жер туралы әңгімелейді.
Қимылмен көрсетеді.
Ойын арқылы тапсырманы орындайды. |
Рефлексивті түзетушілік. |
Қазақстан Республикасы біздің сүйікті Отанымыз! Қазақстан — өте үлкен, бай республика. «Жері байдың елі бай». Балаларды мадақтау. |
Оқу іс-әрекетін қорытындылайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: Қазақстанның байлығын білу керек.
Нені игерді: Қазақстанның картасын, өлеңді үйренді.
Нені білді: Отанымыздың байлығы мен Т.Молдағалиевтің «Қазақстан
картасы» өлеңініің мазмұнын түсінді.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!