Менің қанатты достарым балабақшадағы ашық сабақтар

0

Күні:               Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы:Менің қанатты достарым
Мақсаты:      1.Балалар табиғатты құстарды аялап,баптап,күте білуге үйрету.
2.Балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қыс мезгілі,жаңа  жыл мерекесіне арналған  суреттер
Меңгерілетін сөздер:сақ,ұзақ,нәзік,тұмсық
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.

IV Мақсат қою
Қанатымызды сермеп-сермеп,самғап алысқа ұшамыз.Самғап келіп төмендеп қонамыз.
-Бүгін біздің тақырыбымыз «Менің қанатты достарым»-құстар жайлы әңгімелесеміз.
V Жаңа сабақ
Сурет бойынша жүргізілетін жұмыс:
-Суретте жылдың қай мезгілін көріп тұрсыңдар?
-Күн суыта бастады.Құстар қайда ұшып бара жатыр?
-Қыстап қалатын құстарды атап беріңдер.
-Құстарға қалай қамқорлық жасау керек?
-Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды.Құстар-табиғаттың бір бөлігі.Құстар өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.Біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек.
Жұмбақ: Шарлап келіп даланы
                Үйіме үйін салады (Қарлағаш)
-Қарлығаш қай уақытта ұшып келеді?
-Балалар күн жылынып,көктем мезгілі келгенде құстар жылы жақтан ұшып келеді.
Сергіту сәті: Ақ көгершін,көгершін.
                      Қолқанат құс сен едің
                       Бар кезіп қайт ел үшін
                       Кең дүниенің көлемін
VI Бекіту
Сурет бойынша жұмыс
-Суретте қандай құстар бейнеленген?
-Көгершін қандай құс?
-Бүркіт қандай құс?
-Құстар адамға ,табиғатқа үлкен пайда әкеледі,оларға қамқор болуымыз керек.

VII Қорыту
-Балалар қандай тақырып өттік?
-Ало, телефоны арқылы сұрақ-жауаппен сабақты қорыту.

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!