Менің қалам слайд,презентация – Қазақ тілі

0
218

Менің қалам слайд,презентация

  Семей –1718 жылдан  бастап қала. Семейдің ежелгі аты- Доржынкит. Мұнда бұрын  бірнеше елді мекендер болған. Солардың бірі-Жетішатыр. 600 жылдан бастап белгілі болды. Сол Жетішатырдың сәл төмендеу жерден 1718 жылы  Семейдің іргесі қаланды. Семей қаласында өте көп зауыттар мен фабрикалар бар. Сондай-ақ, қалада халықтың ұлы пезенттері Абай Құнанбаев пен Шоқан Уәлиханов тұрған. Қазақстан Республикасы  Ғалым Академиясының  тұңғыш  президенті  Қаныш Сәтпаев өзінің еңбек жолын осында бастаған. Академик  жазушы  Мұхтар Әуезов  алғашқы шығармаларын Семейде жазған.
Ертіс өзені қаланы екіге бөледі. Ескі көпірден  машиналар ағылып жатады. Жапон  фирмасы жаңа көпір салды. Семейдің  мақтанышы-қарағай орманы, жаңа көпір.  Евразия континентінің кіндігі аталатын  Семей  шаһарына 2008 жылы 290 жыл толды. Алғашында қамал ретінде салынған  Семей талай  ғасырлардан  бері айтулы орталық ретінде танымал. Ұлылар мекеніне  айналған шаһар  тек саяси  оқиғаның ғана емес, өркендеген, өндірістің, сауда кешенінің орталығы.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!