Менің Отаным — Қазақстан балабақшадағы ашық сабақтар
Менің Отаным — Қазақстан
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет
Білім беру саласы: Қатынас.Таным.
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Менің Отаным — Қазақстан.
Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Қазақстанның картасы, елбасының суреті, Қ.Р. рәміздері, «Менің Отаным-Қазақстан» презентация, глобус.
Әдіс-тәсілдер:аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.
Оқу іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балалар,бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасайық
Қуан шаттан алақай!
Қуантатын күн келді!
Қайырлы таң, қайырлы таң!
Күліп шықты күн бүгін!
Сәлеметсіздер ме қонақтар!
Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайы
Балалар келген қонаққа қарап амандасады.
Ұйымдасты-
рушылық-ізденістік
Рефлексиялық-түзетушілік
Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?
-Ал сары түс ше?
-Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?
-Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?
-Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстан елінде тұрамыз! Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық. Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі, жері кең, байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет. Сонда қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?
(Балалар жеке-жеке картадан көрсетіп қысқаша мағұлмат береді)
Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан туралы тақпақтарды айтып еске түсірейік.
1.Менің елім Қазақстан
Бар ғой онда бәрі де:
Өзен де бар, көл де бар,
Орман да бар, тау да бар,
Жайнаған сансыз қаласы бар,
Жайқалған жомарт даласы бар.
2.Байтақ дала – туған жердің
Қымбат маған әр тасы.
Өзен, көлі, самал желі
Асқар тауы, баршасы.
— Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?
« Отан –елдің анасы».
« Отан – оттан да ыстық»
« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».
« Отанды сүю отбасынан басталады».
« Жері байдың елі бай». т.б.
«Отансыз адам-ормансыз бұлбұл»
— Жарайсыңдар, балалар.
Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады? (Астана жайында қысқаша слайдтан суреттер көрсету.
Астана – арман қала
Астана – сұлу қала
Біз оны анамыздай
Сүйеміз шынында.
-Балалар, әр мемлекеттің өз президенті және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің елбасымыз кім?
Елімде бейбіт тыныш заман болсын,
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын,
Елімнің ел ағасы, елбасшысы
Нұрсұлтан Назарбаев аман болсын!
Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?
-Дұрыс, мемлекеттің рәміздері: елтаңба, ту, әнұран жатады.
Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін.
Ал Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев, әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.
-Кім осы рәміздер жайында толықтырып тақпақтар айтып береді? (ортаға рәміздер жайында білетін тақпақтарды айтады)
Сергіту сәті:
Көгінде күн нұрын төккен,
Жеріне гүл жұпар сепкен.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Алтын дәнді даласы бар,
Ақ күмістей қаласы бар.
Неткен сұлу, неткен көркем!
Осы менің туған өлкем!
Біздің Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Олар қалай тұрады екен?
Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін, мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.
Ал енді балалар. Қазақстан Күннен күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде тұрғанымызға бақыттымыз, балалар, біз бақыттымыз ба?
Еркін, ұшқыр тәуелсіз елім,
Сүйікті Республикам менің.
Гүлдене бер сен әрқашанда,
Бостандық елім- Республикам менің!
(Балалар кішкентай жүрекшелерді жер шарына жапсырады)
1. Еліміз аман болсын!
2. Әр қашан күн күлім деп тұрсын!
3. Көк туымыз биік болсын!
4. Аспанымыз ашық болсын!
5. Әрқашан соғыс болмасын!
6. Күніміз жарқырай берсін!
7. Елбасымыз жасай берсін!
8. Табиғатымыз сұлу болсын!
9. Суларымыз-мөлдір таза болсын!
10. Балабақшамыздың шаңырағы биік болсын!
11. Болашағымыз жарқын болсын!
12. Астанамыз көркейе берсін!
Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын!
Ендеші өзімідің тобымыздағы Жансая өлең шумағымен сабағымызды аяқтаймыз.
Қорытынды.Сұрақ-жауап
Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар.
-Дөңгелек шарға!
Мұхиттар, көлдер, өзендер.
Мемлекеттер мен елдер!-Германия, Америка, Қытай, Ресей, Жапония, Түркия, т.б.
-Қазақстан!
(Балалар жауабы)
-Астана қаласы
-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
Ту, Елтаңба, Әнұран
Мынау Қазақстан Республикасының туы. Мемлекеттік тудың түсі көгілдір.Ортасында алтын күн орналасқан.Күн астында қыран құс бейнеленген.Шетінде ұлттық өрнек бар Мемлекеттік туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы.
Көгілдір шеңбер ішінде, Алтын түсті дәл ортасында шаңырақ, уықтары, екі жақта қос қанатты тұлпар, қанаттарында бидай бейнелген. Елтаңба төбесінде бес бұрышты жулдыз бар.Елтаңбаның төмегі жағында «Қазақстан» деген жазуы бар.
Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер: Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.
— Олар бір- бірімен дос, тату тұрады.
Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік тандары
Бақ береді баршаға
Көк туымды қолыма
Бүгін берік ұстадым
Түсті бақыт жолыма
Менің Қазақстаным
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қазақстан Республикасының қазіргі жағдайы, өздері тұратын қалалары туралы әңгімелеп беруді.
Игереді: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы білімді.
Меңгереді: үлкен, кіші қалаларда тұратын бірнеше ұлт өкілдері туралы білімді.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!