Менің моншағым балабақшадағы ашық сабақтар

0

Менің  моншағым

 

Сабақ :  Мүсіндеу
Сабақтың  тақырыбы : Менің  моншағым
Сабақтың  мақсаты :
1.Ермексаздан көлемі  әр түрлімоншақжасау арқылы  қолдың  ұсақ  қимылдарын дамыту.
2.Байланыстырып сөйлеу  дағдыларын дамыту.
3.Еңбекқорлықа ,істі аяғына дейін жеткізе  білуге әрбиелеу.
Әдіс тәсілдері :Түсіндіру,көрсету,илеу,созу,шымшып тарту,домалақтау.
Керекті  құралдар  : Ермексаз,картон үлгісін,суреттер.
Сабақ барысы :
Ұйымдастыру кезеңі :
1.    Шаттық шеңбері
2.    Қайырлы таң,жер –ана.
3.    Қайырлы таң-көк аспан
4.    Қайырлы таң,достар.
5.    Қайырлы таң,апайлар.
–Бойымызды тік ұстап   әдемі болып отырамыз.
-Балалар,жылдың  қазір  қай мезгілі :
-Күз мезгілі.
— Күз мезгілінің  ерекшеліктері қандай?
-Күн салқын,жаңбыр жауады,жапырақтар  сарғайып,желмен ұшып жерге  түседі.
-Күз мезгілінің ай аттарын  атайық ?
-Қыркүйек,қазан,қараша.
-Қазір қандай ай ?
-Қазан.
-Аптаның екінші күні.
-Күн сейсенбі
-Бүгін бізде мүсіндеу іс -әрекетінен моншақ жасаймыз.
-Енді ,балалар  наларыңа сыйлыққа моншақ жасайық?
-Балалар мүсіндеу іс-әрекетінде заттарды мүсіндегенде,қандай әдістер қолданамыз.
— «Илейміз» екі алақанға салып.
-«Созу» тарту
-«Домалақтау» — екі алақанға салып,айналдыру.
-Бүгін  домалақтау  әдісімен  моншақ жасаймыз.
-Ескерту :  Балалар  ермексазды  ауызымызға  салуға болмайды. Онда зиянды заттар бар.
   -Енді,балалар,қандай моншақ жасадыңдар?
    -Арман анасына қызыл түстен үлкен моншақ жасапты.
    -Жансая  кішкене сары  моншақ жасапты.
     -Жарайсыңдар ,балалар !
     -Өте жақсы жасадыңдар

                   Сергіту  сәті
                Тербеледі  ағаштар,
                Алдымнан жел еседі.
                Кіп-кішкентай ағаштар,
                Үп-үлкен боп  өседі.
-Бүгін  мүсіндеу іс-әрекетінен  не жасадық?
-Моншақты  мүсіндеп  үйрендік !
 Қорытынды :
-Балалар,сендерге бүгінгі  мүсіндеу іс-әрекет  ұнады ма ?
-Біз не жасадық ?
-Анамызға  моншақ жасадық.
-Өте жақсы,балалар.
-Барлықтарыңа рахмет!
-Сау  болыңдар !

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!