Менің мерекем. Заттарды өлшемі(биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы)бойынша салыстырамын.
Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады
Менің мерекем. Заттарды өлшемі(биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы)бойынша салыстырамын.
Автор: Иматаева Жұлдыз Сатыбалдиевна
Бағыты: Мектепалды даярлық Бөлімі: Сабақ жоспары Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-01-11
Материал туралы қысқаша түсінік
заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады.
-көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табады, оларды
өлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастырады.
Тақырыбы:Менің мерекем. Заттарды өлшемі(биіктігі, ұзындығы, қалыңдығы)бойынша салыстырамын. | ||
Мектепалды сынып/топ | Қатысушылардың саны: | Қатыспағандардыңсаны: |
Оқыту мақсаттары | 0.1.1.3.Заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырып,көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табу, олардыөлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастыру. | |
Күтілетіннəтижелер | Барлық тəрбиеленушілер:-заттарды ені, биіктігі, жуандығы бойынша салыстырады. | |
Көптеген тəрбиеленушілер:-көлемдерінің арақатынасы көрсетілген заттарды табады, олардыөлшемдерінің өсу (кему) ретімен орналастырады. | ||
Кейбір тəрбиеленушілер:—салыстыру үшін заттардың бірнеше нұсқасын ұсынады. | ||
Тілдік мақсаттар | Дағдыларын дамыту:-өзінің сұрақтарын қойғанда жəне педагогпен тəрбиеленушілердіңсұрақтарына жауап берген кезде лексика мен терминологияныпайдалана алады.Пəндік лексика жəне терминология:—көбірек, азырақ, сонша, кеңірек, биігірек, жіңішкерек.Пікір алмасуға арналған сұрақтар:–Заттарды көлемінің артуына қарай қалай бөлу керек екенінтүсіндір.–Қалай ойлайсың, қандай жағдайда салыстырудың қандайтəсілдерін пайдаланған қолайлырақ?–Заттардың көлемдерін салыстыру нəтижелерін сипаттау үшінқандай көмекші сөздер пайдаланылады?Жазу:Торкөздер бойынша салынған үзік сызықтарды бастырып жазу. | |
Алдыңғы білім | Заттардың көлемдерінің сипаты туралы алғашқы білім,геометриялық фигуралар мен денелердің атауы. | |
Жоспар | ||
Жоспарланғануақыт | Жоспарланған іс-əрекет | Ресурстар |
Басталуы 0–5 минут | Ынталандыру.Педагог тəрбиеленушілерден қаншаға дейін санайбілетіндерін сұрайды. Олар жауап береді.Өзектендіру.Педагог суреттегі заттарды санауды немесе ең үлкен, еңұзын, ең қысқа затты таңдауды ұсынады. | |
Ортасы6–15 | Мақсат қою (проблемалық жағдай).(Ұ) ҰОҚ-де балалар заттарды көлемі бойыншасалыстырады. Педагог балалардан: «Үлкен заттыкішкентай заттан ажырата аласыңдар ма?» – деп сұрайды.Егер балаларға «биік – аласа», «кішкентай – үлкен», «кең –тар», «ұзын – қысқа» деген ұғымдарды ғылыми тұрғыдантүсіндіруге тырыссаңыз, олар сізді тыңдамайды.Жаңалық ашу.(Ж) Балалардың қандай заттарды кішкентай, ал қандайзаттарды үлкен деп атайтынын түсінуі үшін педагог оларғамысалдар келтіреді. Мысалы, текшелерден мұнара салудысұрайды. Оның жанына көлемі кішірек тағы бір мұнарасалуды ұсынады. Педагог балалардан қайсысы үлкен, алқайсысы кішкентай екенін көрсетуді сұрайды. Əдетте,мектепке дейінгі жастағы балаларда жауап беруге қиындықтумайды.Осы ұғымның қалыптасуын бекіту үшін педагогбалалардан ермексаздан кішкентай жəне үлкен шар жəнет.б жасауды сұрайды.Педагог балаларға салыстыру тəсілдерінің ішінен ең тиімдітəсілді таңдауды ұсынады: көзбен салыстыру, беттестіру,ауыстыру, өзара бірыңғай сəйкестік.Электрондық жиынтық полотномен (№1-3) жұмысұйымдастыруға болады. Педагог (ал одан кейін балалар)геометриялық фигуралар мен заттарды өлшемі бойынша(ұлғаю, кему) орналастырады.Балалар əліппе-дəптердегі 1-тапсырманы орындайды.Оларға ең үлкен жəне ең кішкентай саптаяқтарды таңдап,салыстыруұсынылады. Орындықтардың, қораптардыңкөлемі бірдей ме? Ең үлкен сыйлықты көрсетіңдер?Келесі 2-тапсырмада балалар торттың өлшемі бойыншабір тіліміне сəйкес ыдыстарды таңдайды. Балалар бірыңғайсəйкестік амалын пайдаланып, алдымен ең үлкен жəне еңкішкентай көлемдегі жұпты таңдайды, содан кейін аралықсəйкестіктерді іріктейді.Сергіту сəті.Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудыңсоңын қараңыз.) | Əліппе-дəптер.Үлестірмеліматериалдар.№41-43 кесте
№1-3электрондықЖиынтықполотно. |
III. Тақырып бойынша жұмыс 16–25 | Жаңаны қолдану. (Ж) Əліппе-дəптердегі 3-тапсырма саусақтың ұсақмоторикасын дамытуға арналған.(Ұ) Электрондық жиынтық полотномен (№1-3) жұмыстыжалғастыруға болады. Балалар геометриялық фигуралармен заттарды өлшемі бойынша (ұлғаю, кему, салыстыру)орналастырады.Əліппе-дəптердегі 4-тапсырмада қораптарды үлкеніненбастап кішкентайына қарай қойып шығу керек. Балаларүлкенінен кішкентайына дейін қораптардың суреті баржапсырмаларды жапсырады. Педагог оларға салыстырудың неғұрлым тиімді тəсілін таңдауды ұсынады | Əліппе-дəптер.
Электрондықжиынтықполотно (№1-3). |
Рефлексия26–30 | Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды.Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылыбағалауды ұсынады.Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгісатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер азболса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады.Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе,жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады. | Əліппе-дəптер |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.