Менің атым — Қожа слайд,презентация — Әдебиет
Менің атым — Қожа слайд,презентация
Сабақтың мақсаты:
1 Повестен алынған үзінді мазмұнын қайталап, Қожаның әрекетіне және кейіпкерлерге оқушылар өз бетінше сыни тұрғыдан ойлай отырып, талдау жасап,білім алуға дағдыланады.
2 Үзінді мазмұнындағы рольдерде ойнату. Оқушының қабылдауы мен ойлауы аралығын зерттей отырып, ой қорытқызу.
Повестегі тіл қарапайымдылығына назар аударту. 3 Адамгершілікке, әдептілікке, шыншылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау,оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, АКТ, көшбасшылық
Оқыту түрі:Сыныптан тыс диалогтық
Сабақтың нәтижесі: Шығарма мазмұнын өзара топта,жұпта талдап, жазушының ойын мақсатын анықтауды үйренеді. . Шығармадағы басты кейіпкердің іс-әрекетін өз бойларынан тауып, жақсы мен жаман жағын саралайды.
1 Білу
Б.Соқпақбаев өмірі жайлы айту.
Қожаның ролінде кім ойнады?
“Менің атым Қожа” повестінде қанша тараумен таныстық?
2 Түсіну (Зерттеушілік әңгіме жүргізу)
Ақкөңіл, аңғал, аңқау сөздеріне мазмұнды сызба даярлату
1. Бердібек Соқпақбаев Алматы облысы, Райымбек ауданы,Қостөбе ауылында дүниеге келген.1949 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген. 2. Қожаның рөлінде кім ойнады? Нұрлан Санжар. Н.Санжар актер, драматург, ғалым, педагог, философия ғылымдарының кандидаты. Қазір 63 жаста. Ш.Айманов атындағы «қазақ фильм» киностудиясында редактор қызметін атқарады.