Менің атым Қожа повесі слайд,презентация — Әдебиет
Менің атым Қожа повесі слайд,презентация
Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстыра
отырып мәтіндегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру.
Мәнерлеп оқу дағдыларын, қызығушылығын
арттыру, ойларын, пікірлерін еркін айтуға,
өз көзқарастарын дәлелдей білуге үйрету.
Дамытушылық: Жазушы шығармалары арқылы әр оқушының
өзіндік ой – қиялына ерік бере отырып, өзінше
ой түюге баулу, мәтінмен жұмыс істеу, көркем
шығармаға әдеби талдау дағдыларын дамыту,
ғылыми жұмысқа бейімдеу, ізденуге талпындыру,
шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Қожа бейнесі арқылы, оқушыларды адамгершілікке,
мәдениеттілікке, әдебиетті сүюге, үлгі — өнеге алуға
шақыру. Жағымсыз қасиеттерден аулақ болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: Жүйелеу, талдау, қайталау
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электрондық оқулық,
Б.Соқпақбаевтың “Менің атым Қожа” кітабы,
Еркін Рахышевтің “Менің де атым Қожа” фильмінен
үзінді, слайд арқылы кесте, тірек сызба, суреттер,
веен диаграммасы.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу;
ә) Оқушы мен сыныптың сабаққа дайындығын бақылау;
Білімді тексеру кезеңі
— Балалар, біз қандай ауданда тұрамыз?
— Райымбек ауданы.
— Ауданымыздан шыққан қандай ақын – жазушыларды білесіңдер?
Кім атап жібереді?
— Е.Ібітанов, М.Мақатаев, Б.Мұқаи, Б.Мәжитұлы, Б.Соқпақбаев т.б.
— Жақсы.
— Өткен сыныптарда қандай шығармасымен танысып едік?
— “Қамқорлық”.
— Кім мазмұнын еске түсіріп жібереді?
—
Мақсат қою кезеңі
— Бүгін біз Бердібек аталарыңның жаңа шығармасымен танысамыз.
Әңгіменің аты “Менің атым Қожа”. Әңгіме туралы естігендерің бар ма?
— Иә, киносын көрдік.
— Бұл киноны Абдолла Қарсақбаев аталарың түсірген.
Оқушыларды кітап мұқабасыиен таныстырып, оқуларын талап ету.
Жаңа білімді меңгерту кезеңі
а)Тақырыпты электронды оқулық арқылы меңгерту;
ә) Е.Рақышевтың “Менің де атым Қожа” фильмінен үзінді көрсету;
б) Слайд арқылы сызба, суреттер;
в) Қожа мен Жантасты “Веен” диограммасына түсіру;
г) Қожаның жағымды жақтарын әңгімеден теріп оқыту;
Білімді бекіту кезеңі
а) “Мынау кім?” сұрағына жауап іздету;
ә) Қожаның басынан өткен оқиға сенде болды ма?
Үйге тапсырма беру кезеңі
1) Әңгіменің мазмұнын оқып шығу.
2) “Менің атым Қожа” мен “Менің де атым Қожа” фильмін
салыстырып, ұқсастықтарын тауып жазып келу.