Менделеевтің периодтық заңы, Менделеев кестесі

0

Менделеев кестесі деп аталатын мына кестеге қараныз:


Менделеевтің кестесі


Бұл кестеде барлық ашылған химиялық элемент бар. Әрбір химиялық элементтің реттік нөмірі бар, мысалы сутегінің (H) реттік нөмірі бірге ал оттегінің (O) реттік нөмірі сегізге тең. Оған қоса кестенің төменгі жағында, R2O сияқты жазбалар бар. Бұл осы химиялық элементтің оттегімен қосылыстарындағы валенттілігін көрсетеді. Оған қоса RH4 сияқты жазулар бар, бұл осы химиялық элементтің сутегімен қосылысының валенттілігін көрсетеді.


Осының көмегімен, кальцийдің оттегімен қосылыстағы валенттілігін білуге болады. Бұл CaO, себебі кальций орналасқан бағанның төменгі жағында RO деп жазылған.


Осы кестеден не байқалады? Бұл кестеден, химиялық элементтердің сутегі мен оттегімен қосылыстардағы валенттілігі, реттік нөмірдің өсуімен периодты түрде қайталынуында. Бұл заң химиялық элементтердің барлық қасиеттеріне орынды, осыны Д.И. Менделеевтің периодтық заңы деп атайды:


Химиялық элементтер және олар түзетің заттардың қасиеттері атом зарядына периодты түрде тәуелді болады.


Период


Литий сілтілік металл, осы химиялық элементтен бастап фторға дейін атомдардың металдық қасиеттері төмендейді. Бейметалдық қасиеттері жоғарлайды. Ал фтордан кейін неон орналасқан, бұл инертті газ. Период дегеніміз осы.


Период деп сілтілік металлдан инертті элементке дейін жалғасқан элементтер қатары. Менделеевтің кестесінде жеті период бар.


Кіші периодтар


Бірінші период сутегімен (H) басталып гелиймен (He) аяқталады.


Екінші период литийден (Li) басталып неонмен (Ne) аяқталады.


Үшінші период натрийден басталып аргонмен аяқталады (Ar).


Бірінші, екінші және үшінші периодтар кіші периодтар деп аталады.


Үлкен периодтар


Төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші периодтар үлкен периодтар деп аталады. Бұнда химиялық элементтердің саны (кіші периодтармен салыстырғанда) көп.


Топтар


Менделеевтің кестесінде қасиеттері ұқсас элементтер бірінің астында бірі орналасқан. Бұндай бағандарды топ деп атайды.


Мысалы неонның астында аргон, ал кейін криптон орналасқан. Бұлар инертті немесе салғырт газдар деп аталады. Бұлай деуінің себебі, осы газдар химиялық қосылыстар құруға бейім емес. Көбінесе бейтарап болады.

Пән: Химия