Мен және менің құқығым тәрбие сағаты — Тәрбие сағаты
Мен және менің құқығым тәрбие сағаты
Тақырыбы: Мен және менің құқығым
Мақсаты: Оқушылардың өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру.
Көрнекілігі: Күй, Сауалнама «Мен және менің құқығым», суреттер, нақыл сөдер, «Балалар құқықтары туралы конвенциясы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы», эпиграф,
Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, Сауалнама жүргізу, пікір айту, ой толғау, топпен жұмыс, сурет салу.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.
— амандасу (оқушылармен)
1. Заң – бостандық кепілі.
2. «Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар- намысын құрметтеуге міндетті.»
(Қазақстан Республикасының Конституциясы, 34- бап)
— 1989 жыл, 20 қараша – «Балалар құқықтары туралы конвенцияның»
қабылданған күні.
1. Құқық дегеніміз не?
2. Біз білеміз бе?
— «Балалар құқықтары туралы конвенциясын» Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады. 1989 жыл, 20 қараша.
— «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңы»,
Алматыда 2002 жылы, 8 тамыз .
3. Сөзжұмбақ шешу: «Құқық»
Мен және менің
1 Қ
2 Ұ
3 Қ
Ы
5 Ғ
6 Ы
7 М
1. Конвенция қай айда қабылданған?
(Қараша)
2. Конвенцияны қай ұйымда қабылдады?
(БҰҰ)
3. Құқық бұзушылық деген не?
(Қылмыс)
4.ҚР-ғы балалар құқығы туралы Заңы қай айда
қабылданған? (Тамыз)
5. Заңның 34- бабы не туралы ?
(Бала және қоғам)
6. Конвенцияның қабылданғанына неше жыл?
(Жиырма)
7. Заң қай жерде қабылданған?
(Алматы)
4. Сауалнама өткізу.
Сауалнама : «Мен және менің құқығым»
1. Құқық туралы не білесіз?
2. Сіз неге құқылысыз?
3. Құқық бұзушы кімдер?
4.Құқық бұзылмау үшін не істеу керек?
5.Біреудің тарапынан құқығыңыздың
(ата – ана, мұғалім, құрбы –дос, туыс, т.б.) бұзылғаны болды ма? (болса жазыңыз)
6. Құқық бұзбауға қосар үлесіңіз қандай?
5. Қорытынды сөз.